Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі



Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.
1. жер;
2. үйлер;
3. ғимараттар;
4. машиналар мен жабдықтар;
5. табыстау қондырғылары;
6. көлік құралдары;
7. басқа да негізгі құралдар;
8. бітпеген құрылыс.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі

Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы
ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық
қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі
құралдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-
қызмет аясына байланысты жіктеледі.
1. жер;
2. үйлер;
3. ғимараттар;
4. машиналар мен жабдықтар;
5. табыстау қондырғылары;
6. көлік құралдары;
7. басқа да негізгі құралдар;
8. бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды,
өйткені олар;
• тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) –уақытша қолданылмайды;
• қоймада тұрады (қорда) – жөнделген, жоқтатылған, апат
жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор
құрайды;
• жалға берілген немесе алынған – басқа ұйым тапсырған немесе
басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі
құралдар.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға
бірыңғай қарау қажеті шарт болып табылады. 6 Негізгі құралдар есебі БЕС
мен 16 Негізгі құралдар ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша
бағаланады:
• бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты
алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе
төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;
• ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға
бойынша негізгі қаражаттық құны;
• өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар
тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті
ауыстыруға болатын сома;
• жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында
ұйым актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған
қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
• амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік
құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің
өзіндік құны;
• баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған
залал сомасын алып тастағанда бухгалтерлік баланста актив
мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық
құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.
Негізгі құралдар қозғалысының есебі. Негізгі құралдар құралына
объектілердің есепке алу пайдаланудың нормативтік мерзімі көрсетілетін
негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісімен (№НҚ-1 ф.) рәсімделеді.
АЭСА мекемесі пайдалы қызмет ету мерзімін (негізгі құралдарды қолданудан
экономикалық пайда алу көзделетін кезең нормативті қызмет мерзімін) ұйым
белгілеген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуы есептелетін кезең
және жойылу құнын ( пайдалы қызмет мерзімі біткен соң, күтілген шығыны
істен шыққан соң есептеп шығарылып, негізгі құралдарды жоюда пайда болатын
қалдықтар, қосалқы бөлшектердің болжанатын бағасы) өз бетінше белгілейді.
АЭСА мекемесінде негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізінде
бухгалтерия мүліктік карточка ашылып, негізгі құралдардың таңдамалы есебі
жүргізіледі. Негізгі құралдардың әрбір объектісіне мүліктік нөмір беріледі.
Нөмірлеу әдетте реттік нөмір беріледі. Нөмірлеу әдетте реттік-сериялық жүйе
бойынша жасалынады. Мүліктік нөмір негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру
актісінде келтіріледі және ол пайдалануда тұрған уақыт бойы объектіде
сақталады, ал істен шықққанда қайта түскен объектіге ұзақ уақыт бойы
берілмейді. Толтырылған мүлік карточкалары әрбір жіктеуші топ бойынша бір
данада жүргізілетін Негізгі құралдарды есептеу мүлік түгендеу
карточкаларының тізімдемелерінде (№НҚ-6) тіркеледі. Істен шыққан негізгі
құралдар бойынша категорияларды Архив картотекасы бөліміне қояды.Негізгі
құралдарды тұрғызу, салу немесе алу жөніндегі барлық нақты болған қажетті
шығындар, соның ішінде сатып алынғанда өтелмеген салықтар мен алымдарды
төлеу (үйлер мен жаңа автомобильдерді алу кезінде төленген ҚҚС, сатып алу
келісім-шартты жасаған кезде төленетін мемлекеттік баж салығы және т.б.),
жеткізу, монтаж, пайдалануға беру, құрылыс кезінде берілген кредит үшін
проценттер, белгілеуі бойынша қолдану үшін жұмыс істейтін жағдайға
келтіруге тікелей байланысты басқа да кез келген шығындар кіретін бастапқы
баға бойынша кіріске алу сәтінде негізгі құрал-жабдықтар кіріске алынады.
АЭСА мекемесінің жер учаскесінің бастапқы құнына шотта көрсетілген
сатып алу бағасы, жылжымайтын мүлік бойынша агенттерге комиссиялық
сыйақылар, сатып алу-сату шартын рәсімдеу жөніндегі заңгерлердің қызметіне
төлеу, мұндайда туындайтын салықтар мен алымдар, жерді мақсатты пайдалану
үшін дайындауға кететін шығындар (үйді бұзу кезінде алынған материалдарды
өткізуден түскен кірістерді шығарып, шегеріп, ескі үйлерді бұзу, тазалау,
тегістеу және т.б.) кіреді; сатып алынған жабдықтың бастапқы құнына алу
бағасы, тасу шығындары, соның ішіндегі тасымал кезіндегі сақтандыру,
монтаж, пайдалануға берілетін жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатымен
сынақ өткізу кіреді, үйлер мен ғимараттарды салғанда бастапқы құнға құрылыс
жөніндегі шығындар: материалдар, еңбекті төлеу, қосымша шығындардың тиісті
үлесі, архитекторлардың, заңгерлердің қызметіне төлеу, құрылыс кесінде
сақтандыруға жұмсалатын шығындар, құрылысқа берілетін кредиттер бойынша
проценттер, құрылысқа рұқсат алу үшін шығатын шығындар.
АЭСА мекемесінде қажетті болып саналмайтын шығындар (тасымал кезінде
алынған зиянды жоюға кеткен шығындар, монтаж кезінде жабдықты бүлдіру
салдарынан жасалған жөндеу және т.б.) бастапқы құнға кірмейді, ал ағымдық
шоттағы шығындар ретінде ескеріледі.
АЭСА мекемесінде негізгі құралдар қоймада резерв ретінде тұрады,
белгіленген тәртіппен тоқтатылып қойылады. Баланста саналатын негізгі
құралдар тәртібін іс жүзіндегі заңдарға сәйкес ұйымның басшысы белгілейді
және бекітеді.
Негізгі құралдардың істен шығуы. Негізгі құрал объектілері АЭСА
мекемесінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен
шығарылады:
• физикалық немесе сапалық тозу;
• шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
• басқа ұйымдарға негізгі құралдарды жарғы капиталына салым түрінде
беру;
• басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;
• объектілерде ұзақ мерзімді (қаржыландыратын) жалға беру;
• кем шығу, табиғи апат және басқа себептер.
АЭСА мекемесінің негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім
ұйымға қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
АЭСА мекемесінің негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына
келтіріп, жөндеудің мүмкін еместігін және тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-
ақ есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдеу үшін ұйым басшысының
бұйрығы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.
Комиссия объектіні қарайды, есептен шығарудың нақты себептерін белгілей
ді, мерзімінен бұрын істен шығаруға кінәлі адамдарды табады, пайдалану
мүмкіндігін анықтайды және жарамды материалдық құндылықтарды бағалайды.
Есептен шығаруды Негізгі құралды есептен шығару актісі (№НҚ-3 ф.) және
Автотранспорттық құралды есептен шығару актісімен (№НҚ-4 ф.) екі данамен
рәсімделеді.
Объектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана
кіріседі.
Жарамсыз болған және заттай, сапалық жағынан тозу, апат, стихиялық
апат, пайдаланудың нормативті шарттардың бұзылуы, сондай-ақ құрылысқа,
кеңеюге, қайта құруға және тағы басқа себептер салдарынан жойылуға тиісті
негізгі құрал-жабдықтарды ұйым балансынан есептен шығарылады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оның қалпына келтіретін жөндеудің
мүмкін еместігін немесе экономикалық тиімсіздігін АЭСА мекемесінің басшысы,
бас бухгалтер, қызмет мамандары құрамына кіретін, тұрақты жұмыс істейтін
комиссияның қызмет нәтижесі болып негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару
актісі (ф. №НҚ-4) табылады, оның негізінде бухгалтерияда тиісті бухгалтерік
жазбалар жасалады. Актіде объектінің бастапқы бағасы, бухгалтерлік есеп
бойынша есептелген тозу сомасы, объектіні бөлшектегенде алынған материалдық
құндылықтардың құнын, тарату бойынша шығындар (бөлшектеу, демонтаж және
т.б.) мөлшерін, өткізудің ықтималдағы мен тартудың жалпы қорытындысы
бағасын көрсетеді.
Стихиялық апат пен апат (авария) салдарынан таратылатын негізгі құрал-
жабдықтар бойынша актіде құзырлы органның стихиялық апат туралы анықтамасы
не болмаса себептері мен айыптылары көрсетілген авария туралы актінің
көшірмесі тіркелуі тиіс. Материалдық құндылықтарды сатудан түскен сома,
сондай-ақ бөлшектеуден немесе түскен материалдар пайдаланылуы ықтимал
бағамен кіріске алынады.Сатудан түскен қаржы ұйымның қарауында қалады.
Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім ұйымға
қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.
Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозу есебі.
Амортизация – тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған
құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне
қарай құнын бірте-бірте төмендету). Амортизацияланатын құн дегеніміз –
бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы
бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың түскен кезде болжанатын бағасы
арасындағы айырма. Амортизация лық аударымдар мөлшер бойынша атқарылады
және әрбәр есепті мерзім үшін шығын есебінде мойындалады, табылады.
Мөлшер (норма) – амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың
орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.
Негізгі құралдар бойынша есептеу қайтадан пайдалануға берілгендеріне
байланысты, ал істен шыққандары бойынша – бұл қорлардың құны өнімнің
(жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толықтай көшіріліп,
берілген айдан кейінгі немесе соңғы айдың алғашқы күндерінде доғарылады.
Қайта құру мен техникалық қайта жарақтану уақытында олар мүлдем
тоқтатылған және негізгі құрал-жабдықтарды тоқтатып қойған жағдайда
амотизацияны есептеу жүргізілмейді.
Жалға алынған неггізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеуді жал
шарты формасына және шарт талаптарына сәйкес жалға беруші немесе алушы
атқарады.
6 БЕС пен 16 ҚЕБХС Негізгі құралдар сәйкес амортизацияны есептеу үшін
мынадай тәсілдер ұсынылады.
Құнды біркелкі (тура сызықты) тәсілмен есептен шығыру тәсілі – объект
құны ай сайын тең сомамен есептен шығарады.
Өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктер енгізу түзету мен негізгі құрал-
жабдықтарды жаңартуға қызығушылықты арттыру үшін қаржылық жағдай жасау
мақсатымен ұйымдар амортизацияны тездетіп есептеу, сандар (кумулятивті
тәсіл) сомасы бойынша құнды есептен шығару, кемітілген қалдық тәсілдерін
қолдана алады.
Сандар сомасы бойынша (кумулятивті тәсәл) құнды есептен шығару тәсілі
есептік коэффициентті табудан тұрады. Коэффициент бөлгіші қорытындысы
пайдалы қызмет мерзімі сомасына, ал алым қызмет ету мерзімінің соңына дейін
қалған жыл соңына тең болады.
Амортизация сомасы кейінгі жылдарға қарағанда пайдалануға берілген
алғашқы жылдары жоғары болады.
Амортизацияны кемігіш қалдық тәсілімен есептеу бойынша амортизация
сомасы объектіні бірінші жыл қолданғанда бірден көбейеді және соңғысында
төмендейді.
Кемігіш қалдық тәсілінде амортизацияны есептеу бастапқы емес, баланстық
құннан жасалады.
Түзу сызықты тәсілде амортизация мөлшері екі есе өсіріледі.
Амортизацияны есептегенде жойылу құны ескерілмейді, бұған жойылуға дейінгі
қалдық құнды кеміту үшін қажетті шамамен амортизация сомасышектелетін соңғы
жыл кірмейді.
Өндірістік тәсіл (амортизацияны орындалған жұмыс көлеміне
пропорциональды есептеу) амортизация объектісі пайдалану нәтижесі ғана
болуына, уақыттың бір бөлігі оны есептеу барысында ешқандай роль
атқармайтынына негізделген.
Бұл тәсілді пайдалану мерзімі техникалық көрсеткіштермен не болмаса
ұйымның шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен шектелген жағдайда қолдануға
болады.
Пайдалануға алғаш берілген кесімді белгіленген активтер бойынша
пайдаланудың алғашқы салықтық кезеңінде амортизациялық аударымдар кесімді
белгіленген активтер мәліметтерін кемінде үш жыл (Салық кодексінің 110 б.
2.) жиынтық жылдық табыс алу мақсатында қолданған жағдайда амортизацияның
қос мөлшері бойынша атқарылады.
Негізгі құралдар объектілерінің салықтық есебі есепті жыл қорытындылары
бойыншасалық мақсаттары үшін негізгі құралдардың амортизациясын есептеу
тізімдемесінде жүргізіледі.
Негізгі құралдардың әр түрлеріне сан түрлі тәсілдерді қолдануға болады.
Ұйым таңдаған амортизацияны есептеу тәсілдерін есеп саясаты белгілеуге тиіс
және бір есепті кезеңнен екіншісінде дәйектілікпен қолданылады.
Толық амортизацияланған негізгі құралдар бойынша тозу сомасы
есептелінбейді.
Негізгі құралдарды түгендеу. АЭСА мекемесінде негізгі құралдарды
түгендеу олардың сақталуын бақылау мен нақты бар екендігін анықтау
мақсатымен №6 Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына
сәйкес жүргізіледі.
Түгендеу басталмас бұрын техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері
«Green House» ЖШС-тің өндірістік шаруашылық қызметі
Ұйымның негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің аудиті
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ іс-тәжірибе бойынша есеп беру
«Материалдық емес активтердің есебі мен аудиты»
Қаржылық есептілікті талдау
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ
Активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу
Сатуға арналған айналымнан тыс активтер
Пәндер