1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы



І. Кіріспе.
1. Көтерілістің басталу себептері, сипаты және қозғаушы күштері.
2. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Көтерілістің Жетісу және Торғай облысындағы орталығы
2. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде . Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және «Алаш» партиясының құрылуы.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. Қозғалыстың жеңілу себептері және тарихи маңызы.
ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды,сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болған. Бұл кезде егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, қырғыз, өзбек және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп ешқандай жері жоқ қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90% тен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс
жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы
Жоспар:

І. Кіріспе.
1. Көтерілістің басталу себептері, сипаты және қозғаушы күштері.
2. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Көтерілістің Жетісу және Торғай облысындағы орталығы
2. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде . Ұлттық
интеллигенцияның қалыптасуы және Алаш партиясының құрылуы.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. Қозғалыстың жеңілу себептері және тарихи маңызы.

1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс
жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы

ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Азияның шығыс аудандарын
отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның
Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2млн 400 мың адам келіп қоныстанды.
Әсіресе Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде
патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға
дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды,сөйтіп
жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл
жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа
мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болған.
Бұл кезде егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, қырғыз,
өзбек және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп ешқандай жері жоқ
қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында
көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90% тен астамы қазақ кедейлерінің
жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті
халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды
шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен
тарады.
1914 жылы патшалы Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші
дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде
Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен
жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын
күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық
өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді,
шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының
бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.
Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі
Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші
бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Соғыс жылдары тек Түркісианнан майдандағы әскерлердің қажеті үшін
40.899.044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт майы, 229 мың пұт
сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп
алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруларын кәсіпорындарға кулак
шаруашылықтарына жалдап жұмыс істеу күшейді.
Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл
шаруашылығының тоқырауына, халық арасында аштыққа алып келді. Жергілікті
жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті,
халықтар арасындағы ұлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы
ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.
Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының
өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір
кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде Орынбор-Ташкент темір жолында
жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққы қарсы
қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың
әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай толқулар Верный,
Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу
облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен
әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін
талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама-қарсылық,
бір-біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық-
зомбылығы 1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің Бұратана халықты
мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже
қабылдануына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік
ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге
отырғызуға немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға кесетін болды. Азық-
түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.
Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916
жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау
езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық
бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның
ішінде Қазақстанның 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы
куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары
жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа
алынатын қара тізіиге қосты, ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше
үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап
бақты. Мәселен 60 жастағы шалдарды 30 жаста болып, 25-30 жастағы бай
балалары 50 жастағы балалары болып жазылды.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор
наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл
старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодардардың иеліктеріне шабуы
жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым салық қағақдардың т.б. жойып
жіберу секілді ашу-ыза әрекеттері кең лрын алды. Сойыл, кетпен, шалғы,
мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп малдарын
әкету жиілей түсті.
Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта
болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті
жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал-байларға қарсы
бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші қалықтың өкілдері басқарды. Торғай
қаласындағы қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал
облысы мен Бөкей ордасында Сейтқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев,
Маңғыстауда Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында Әділбек Майкөтев, Жетісуда
Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.
Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол 1916 жылы қазақ
интеллигенциясының көсемдері, яғни ұлт-азаттық қозғалысты бастаушылар,
халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті
жақтаған жоқ. өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай
қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай, тағы да қырғынға ұшырайтынын
сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны-халық
көтерілісін тоқтатуда мүмкін болмады. ”Қазақ” газетінің ашық көтерілу
қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық,
ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың
құлағына кіре қоймады.
Бір сөзбен айтқанда,стихиялық халық көтерілісінен ұлтазаттық
қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды.Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін
дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жылы 27
ақпанда бас-аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады.осындай
жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ Алаш партиясының
өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген
де үщқары жалған сөздер айтылды. Олардың көтеріліс кезіндегі тактикасын
түсінбеді.
Ал көтеріліс басылып,қазақ жігітттері майдандарға окоп қазуға жіберіле
бастаған кезде, оларға бас-көз болып, кейін аман-есен оларды ауылға жеткізу
қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары
\оқытушылар, аңгерлер т.б.\ серіктерімен майдандарға
\реквизацияланғандармен \ бірге аттанды. Бұл шын мәніндгі патриотизм деп
түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ
жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді.
1919 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын
қамтыды. Оны басу үшін патша үкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның
құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак-орыс шоғырлары болды.
Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі “бөліп ал да билей бер”
деген тактикасында кеңінен қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан
генерал-губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына
шақырылудан қанаушы таптардың бір қатар өкілдері босатылды. Олар:Басқару
органдарының қызметкерлері, жергілікті халықтың төменгі полицияда істеп
жүргендері,имамдар, молдалар, медресседе істейтіндер,мекемелерде қаражат
мәселесімен айналысатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік және
жекелеген оғары және орта білім беретін оқу орындарында оқып жүргендер,
мемлекеттік мекемелерде қызмет істеп жүрген бұратана халықтың өкілдер.мұның
өзі патша үкіметіне жалпы халықтық қозғалыстан бүратана әкімшілігінің,
байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүмкіндік
берді.
1916 жылғы қазақ халқы көтерілістің болған басты аудандарының бірі –
Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент-Тараншы
болысының Городское селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің
тізімдерін жасауға қарсылық көрсетумен басталды. Сол жылғы 7 және 8 шілдеде
Верныйдан (Алматы) шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі
болыстардағы қазақ халқының өкілдері съезге жиналды. Онда жігіттер әскерге
жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу шаралары
қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын
адамдардың тізімі жойылсын деген шешімдер қабылданды.
10 шілдеде Ұзынағаш болысының Үлкенсаз деген жерінде де дәл осындай,
бірақ құрамы жөнінен көп адам қатысқан съезд болып, оған Жетісудың он бір
болысынан 5 мыңдай адам қатысты. Съезге қатысушылар да оқтың астына
барғанша осында өлген артық деген қаулы қабылдады. Бұл кезде Верный және
Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер болды. Лепсі
және Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.
1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек,
Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса стснциясы маңына біріккен
бас көтеруі басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный-
Қордай жолының бойындағы барлық почта бекеттері өртелді. Ташкентпен,
Пішпекпен және Пржевальскімен телеграф байланысы үзілді. Тамыздың орта
шенінде Жетісу облысының барлық болыстары дерлік толқыды.
Жетісудағы көтеріліс басшылырының және қазақтың демократияшыл
зиялыларының бірі – Тоқаш Бокин. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына
басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, үстем феодал-
байлар тобының сатқындық рөлін әшкерлеп, патша жарлығын орындамауға
шақырды. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде революциялық қызметі үшін ол
қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін
отырды. Жетісу жеріндегі отрядтарға сонымен бірге Бекболат Әшекеев, Нұрке
Сатыбеков, Жәмеңке Мамбетов, Ұзақ Саурықоы Қарқара, Ақкөз Қосақов Мерке
және басқа да көптеген адамдар басшылық етті.
Жетісу облысындағы, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азияның басқа да
облыстарындағы көиеріліс патша әкімшілігін қатты абыржытты. Түркістан
өлкесі соғыс жағдайында деп жатияланды. Түркістанның генерал-губернаторы
Куропаткин ешқандай амалдардан тартынбай, көтерілісшілерді дереу
тыныштандыруды талап етті. Ол сондай-ақ жергілікті әкімшілікке
көтерілісшілерге қарсы күресу үшін тұрғылықты халық арасындағы рулық және
тайпалық қайшылықтарды да пайдалануды ұсынды.
Көреілісшілерге қарсы зеңбіректермен, пулеметтермен жарақтандырылып,
арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір
жолдарды күзету күшейтілді, әскери-далалық соттар ұйымдастырылды. Түркістан
өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына үш әскери жасақ, жеті атқыштар
ротасы, қазақтардың бес жүздігі және он төрт зеңбірек жеткізілді,
майдандағы армиядан казак-орыс батареясы және екі пулемет орыс-казак полкы
келтірілді.
Көтерілісшілерге қарсы әскерлер жіберілгеніне, ауылдар мен қалаларда
күдіктілердің бәрін жаппай тұтқынға алуға, ал әскери-дала соттарының өлім
жазасына кескен үкімдер шығарғанына қарамастан, патша әкімшілігі
көтерілісшілердің жауынгерлік рухын жасыта алмады. Көтерілісшілер қорғанып
қана қоймай, кейбір жерлерде шабуыға да шығып отырды. Тоқмақ қаласы
төңірегінде, Жаркент уезінің кейбір селоларында Таврическое,
Владиславское, Мещерское, Красноярское, Новокиевское күшті шайқастар
жүрді. Ұзынағаш селосынан тауға жақын жерде Жайылымыс болысының
көтерілісшілері мен подполковник Вазилевичтің жазалаушы отрядтарының
арасында шайқастар жүрді. Алайда, көтерілісшілер саны көп және техникалық
жағынан басым патша әскерлерін жеңе алмады.
Жазалаушылармен соңғы ұрыс 1916 жылғы қыркүйектің аяғында Қапал
уезіндегі Вежа өзенінің маңында болды. Көтерілісшілердің жасақтары
жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға кетті. Жетісудағы көтеріліс 1916жылғы
қазанда басып-жаншылды.
Патша жендеттері көтерілісшілері ғана емес, бейбіт халықты да жазалады.
Ондаған қазақ және қырғыз ауылдры қиратылды. Олардың малын айдап әкетті,
мүлкін талам-таражға салды. Патша әскерлері қудаланған 300 мыңнан астам
қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр
болды. Көтерілістің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы туралы
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Торғайдағы көтеріліс орталығы
Қарқара көтерілісі
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
ҒАЛЫМНЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ
Қазақ зиялыларының қазақ халқына сіңірген еңбектерімен танысу
Пәндер