Әйел жыныс мүшесінің жарақаттары



1. Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты.
2. Жатыр жарақаты
3. Жатырдың жыртылуы, этнологиясы, патогенезі, клиникасы
4. Жатыр тыртығынан кейінгі жыртылу ерекшеліктері
5. Қынаптың жыртылуы, себептері, клиникалық белгілері, емі
6. Сыртқы жыныс мүшедерінің және қынаптың гематомасы
Пайдаланған әдебиеттер
Әйел жыныс мүшесінің жарақаттарын бірнеше топқа бөлінді; 1/ сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты; 2/ жатырдың жарақаты /мойны мен денесі/, 3/ жыланкөз /қуық-жынысты және ішек-жынысты/.
Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты.
Оған шошақай, қыздық перденің, кіші жыныс ернеуінің, шат аралық жердің қынап қабырғасының, соның ішінде қынап күмбездерінің жарақаттары жатады. Осы аталған жарақаттар жиі босану, құлау, жаралану, соғылу, зорлау кезінде пайда болады. Соғылу, құлау кезінде - гематома - қан ұйығы, ал босану кезінде - тіндер жарақаты, кейде қоршаған тіндердің кең көлемдегі қан ұйығы немесе кең түрдегі қан кету байқалады. Әсіресе, өте күшті қан кету шошақай жарақатында болады.
http://mail.ru/
http://www.sexopedia.ru/
http://nix.ru/

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕСІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

Жоспар

1. Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты.
2. Жатыр жарақаты
3. Жатырдың жыртылуы, этнологиясы, патогенезі, клиникасы
4. Жатыр тыртығынан кейінгі жыртылу ерекшеліктері
5. Қынаптың жыртылуы, себептері, клиникалық белгілері, емі
6. Сыртқы жыныс мүшедерінің және қынаптың гематомасы

ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕСІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

Әйел жыныс мүшесінің жарақаттарын бірнеше топқа бөлінді; 1 сыртқы
жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты; 2 жатырдың жарақаты мойны мен
денесі, 3 жыланкөз қуық-жынысты және ішек-жынысты.
Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты.
Оған шошақай, қыздық перденің, кіші жыныс ернеуінің, шат аралық жердің
қынап қабырғасының, соның ішінде қынап күмбездерінің жарақаттары жатады.
Осы аталған жарақаттар жиі босану, құлау, жаралану, соғылу, зорлау кезінде
пайда болады. Соғылу, құлау кезінде - гематома - қан ұйығы, ал босану
кезінде - тіндер жарақаты, кейде қоршаған тіндердің кең көлемдегі қан ұйығы
немесе кең түрдегі қан кету байқалады. Әсіресе, өте күшті қан кету шошақай
жарақатында болады. Шат аралық жердің жарығы көтеншек және оның сфинктеріне
де жалғасады, қынап күмбезінің жарығы сирек жағдайда іш қуысына да өтуі
мүмкін. Жыныс мүшесінің жарығы жамбас сүйектерінің сынығында кездеседі. Бұл
жағдайда жарақат, көп жерде болады, қуыққа, несеп ағар түтігінің,
көтеншектің жарақаттануы да мүмкін.
Клиникалық суреттемесі. Ауру белгісі мен қан кеш байқалады. Өте
көлемді жарақаттарда науқас есінен танады, терісі мен шырышты қабаты
бозарады, тамыр соғысы әлсіреп жиіленді. Жарақаттанған тіндерден өте көп
қан кетуде қан аздық дамиды, қан қысымы төмендеп, терісі мен шырышты
қабатының реңі бозарады, тамыр соғысы бәсеңдейді Көрші мүшелердің
қосымша жарақатында үлкен, кіші дәреттің өздігінен шығуы, газдың кетуі
байқалады. Қан ұйығы болғанда, әсіресе кең көлемді қан ұйығында қатты ауру
байқалады.
Анықтау жолдары. Анықтау анамнез және обьективтік тексеру мәліметтері
негізінде жүргізіледі. Сыртқы жыныс мүшелерін, қынапты айнамен қарайды.
Көрші мүшелердің жарақатына күмән болса, қуықты катетерлеу, цистоскопия
жасау, сияқты қосымша тексерулер жүргізіледі.
Емі: Науқасты емдеу жарақаттың дәрежесі мен орналасу орнына және
науқастың жалпы жағдайына байланысты. Есінен тану шоқ және қан аздықта
қан, қан орнына жүретін сұйықтар құйылады, ауру белгісін жеңілдететін дәрі-
дәрмектер беріледі. Жарақатанған тіндерге тігіс салынады, қан ұйығы өссе
оны жарып, қансыраған тамырды байлайды. Дәрігерге дейінгі көмекті мейірбике
көрсетеді. Қансыраған жерді басып қысатын танғыш, қынапқа тампон-тығын
қояды, сіреспесе қарсы сарысу, көк қан тамырына қан орнына жүрегін сұйықтар
қояды.
Жатыр жарақаты денесі мен мойын жарақаты. Жатыр мойнының жарақаты жиі
босану кезінде пайда болады. Кейде жасанды түсік кезінде де жарақаттанады.
Жатырдың жарақаты тесілуі жасанды түсік кезінде жиі болады, кеңейткіш,
зонд, кюретка, абортцанг, вакуммэкскохлеатор құралдарымен жарақаттануы
мүмкін.
Тесік пайда болуының себептері.
1. Босану жарақаттары патологиялық босану кезінде.
2. Операциялық жарақаттар акушерлік және гинекологиялық операциялар
кезінде.
3. Жатыр қосалқысы қабыну процсетерінің асқынулар іріндіктердің
жарылуы.
4. ЬІдыраған қатерлі ісіктер.
5. Көрші мүшелердің сәулелі жарақаттары.
6. Жарақаттар босану мен операцияға байланысты емес.
Акушерлік тәжірибеде тесіктің пайда болу себептеріне жамбас
жазықтығының біреуінде бала басының ұзақ тұруы және жамбас сүйектеріне
жұмсақ тіндердің қысылып қалуы болып табылады. Бұл - тар жамбас, ірі бала,
босану күштерінің әлсіздігінде кездеседі. Акушерлік операциялар қысқаштар
салу эмбриотомия, вакуум-экстракция, баланың жамбасынан тартып шығару
жұмсақ тіндердің және көрші мүшелердің кең түрде жыртылуымен, сонан кейін
тесіктің пайда болуына әкеліп соқтырады.
Кей кездері бұл жарақаттар байқаусыз болып қалуы мүмкін ал бірқатар.
жағдайларда жарақатты орнына келтіргенмен толық жазылмауы мүмкін.
Пиосальпинкс іріндік қуыққа не ішек жарылса, іріндіктің босауы және
қабыну белгілердің жойылуы байқалады, кейіннен жатар түтікшесі мен ішек, не
қуық арасында тесік пайда болады. Қатерлі ісік кезінде тесіктер осы
процестің көрші мүшелерге тарауы және ісіктің ыдырауы нәтижесінде пайда
болады.
Клиникалық суреттемесі: Тесіктің клиникасы оның орналасуына байланысты.
Кіші дәрет, нәжістің өздігінен қынап арқылы бөлінуі, газдың шығуына басты
клиникалық белгісі болып табылады. Ұзаққа созылған тесік сыртқы жыныс
мүшелері маңайында тітіркену, қышу, ауру белгілерін туғызады. Тесіктің
асқынуына несеп ағар жолдарының, сонымен қатар жатыр, қынап, жатыр
қосалқысының жоғары өрмелеу инфекциясы жатады. Үнемі іріңді бөліндінің,
зәрдің, нәжістің газдың бөлінуі науқасты тежлтіп күйзелтеді, еңбек ету
бейімділігінен арылтады. Кей жағдайларда етеккір қызметі бұзылады.

Анықтауы Диагноз қою науқастың шағымы, анамнез сыртқы жыныс
мүшелерінің қарау мәліметгеріне негізделеді.
Ісіктің орналасуын анықтау мақсатында цистоскопия, нистография,
экскреторлы урография, фистулография контрасты затты тесік жолына жіберу
тәрізді қосымша зерттеу әдістері қолданылады.
Алдын-алу. Тесіктер босану жарақаты кезінде жиі пайда болады. Содықтан
алдын-алу шаралары ішінен ең негізгісі босануды дұрыс өткізу, бсану процесі
кезінде көрсетілетін акушерлік көмекті дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Бұл арнаулы орта медицина қызметкерлерін дайындай мәселесімен тікелей
байланыста. Операциядан кейінгі тесікті алдын-алу -операция кезінде
тіндерге ұқыптылықпен қарау, мүшелердің натомиялық өөара қарым-қатынасын
дұрыс бағалауға байланысты. Қатерлі ісік кезіндегі тесіктің алдын-алу -
ісіктерді ерте анықтап, оның алдын-алу шараларын жүргізумен тығыз
байланысты.
Емі. Ішек-жынысты және қуық-жынысты тесіктерді емдеу қиын мәселелердің
бірі. Босану не гинекологиялық операциялар өзіндегі көрші мүшелердің жедел
жарақаттары - оны жеңілдетіп қалпына келтіруді талап етеді. Егер тесік
пайда болса, оны консервативті емдеуге тырысады. Кіші өлшемдегі тесіктер
өздігінен жазылады. Қуық-жынысты тесіктер де несеп ағар түтігіне тұрақты
катетер қояды. Тесіктің орналасуына байланысты науқасты ішіне не арқасына
жатқызады. Жарақаттанған жерге Вишневский не 5%-тті синтомицин имулсиясына
батырылған тампон қойылады.
Сыртқы жыныс мүшелердің маңайы тітіркенген жағдайда түймедағы ромашка
не калий перманганат 1:10 000 тітінділерімен жылытылған отырғыш булаулары
жасалады. Науқасты осылай емдеу тесіктің жазылуына және айнала гендердегі
қабыну реакцияларын шешуге мүмкіндік береді. Түйсікті хирургиялық әдіспен
де жабуға болады. Мұндай операцияларды жасау қиындау. Науқасты операцияға
дайындайды, диета сақталынады ащы тағамдар жеуге болмайды, көп мөлшерде
сұйық ішіледі, сыртқы жыныс мөлшеріне күтім жасалынады, зарарсыздандырылған
өтінділермен қынапты жуып шаяды, антибиотиктер қолданылады. Тесік жолдарын
тіндерді ыдырату және қабат бойынша тігу арқылы жабады. Операцияның
жетістігі операциядан кейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу
Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама
Науқасты қарап тексеру және курациялық қағаз толтыру
Предукция мен жыныс мүшесінің механикалық зақымдануы
Халі ауыр науқастар күтімі принциптері
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ
ГИПОФИЗ АУРУЛАРЫ
Гипопитуитаризмнің клиникалық көріністері
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Әйелдерді зорлау қылмысымен күресу
Пәндер