Көмірдің халық шаруашылығындағы рөлі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе бөлім
  2. Негізгі бөлім

2. 1. Көмірге жалпы сипаттама

2. 2. Көмір кені

2. 3. Көмір өнеркәсібі және оның Қазақстанның халық шаруашылығындағы орны

  1. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер тізімі

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Көмірдің халық шаруашылығындағы рөлі

ОРЫНДАҒАН:

ТЕКСЕРГЕН:

Кіріспе

Көмір - өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50 пайыздан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Күлділігі жоғары түзілімдерді көмірлі кен жыныстар деп атайды.

Көмірдің генетикалық жіктелімі көмір түзілудің алғашқы сатысындағы органикалық заттар түрленуінің бастапқы процестерін ескере отырып жасалады. Жіктелімде көмір үш генетикалық топқа бөлінеді:

  • гумолиттер;
  • сапропелиттер;
  • сапрогумолиттер.

Олардың біріншісі - тек жоғары сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, екіншісі - негізінен, төменгі сатыдағы өсімдік қалдықтарынан, ал сапрогумолиттер аралас өсімдік қалдықтарынан тұрады.

Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады:

1. Антрацит - қазба көмірлердің ескісі, тығыз, жылтырап тұрады, құрамында 96%-дай көміртек болады.

2. Тас көмір - қазба көмірлердің ең көбі, тығыз, қара түсті, құрамында 75-91% көміртек болады.

3. Қоңыр көмір - көмірлердің жасы, күлі көп (7-38%) құрамында көміртек 65-70% ғана, сондықтан өндірілетін жерінде қолданылады. Соңғы кезде қоңыр көмірді катализатор қатынасында сутекпен араластырып қысып, қыздырып - г идрогендеп(сутектендіріп) бензинге, керосинге айналдыратын болады.

Шымтезек көміртек түзілу процесінің бірінші сатысында түзілетін өнім. Шымтезек шалшықты жердің жердің өсімдіктерінен (мүк) түзіледі. Шымтезекте көміртек 65%-дан артпайды. Шымтезектің кемістігі - күл көп қалады. Шымтезек те жергілікті отын. Шымтезекпен істейтін бірнеше ірі электр станциялары бар.

Шымтезекті құрғақ айдаса, бірнеше бағалы химиялық өнімдер бөлініп шығып, шымтезек коксы қалады, мұнда күкірт аз болғандықтан, оны жоғары сапалы шойын қолдануға қорытады.

2. 1. Көмірге жалпы сипаттама

Көмірдің қасиеттері оның петрогрологиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады.

Көмірдің тығыздығы 0, 92 - 1, 7 г/см 3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; каттылығы Мосс шкаласы бойынша 1 - 3 аралығына. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1% дейін) және сутек (6-дан 1 % дейін) мөлшерімен сипатталарды. Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері - ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі.

Көмір - бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады. Көмір бітімі қатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырайды. Көмір әлемнің барлық жерінде кең тараған пайдалы қазба. Қазақстандағы аса ірі көмір кендері: Қарағанды көмір алабында, Екібастұз көмір алабында орналасқан.

Қатты отын. Қазба көмірлер - отынның ең көп тараған түрі. Бұл - ерте замандағы ағаштардың ауаның қатынасынсыз айырылғанынан түзілген заттар. Мұндай айырылу кезінде оттек пен сутек бөлініп шығады, демек, қалдығында көміртек көбейеді. Көмір неғұрлым ерте түзілсе, соғұллым ішінде көміртек көп болады. Қазба көмірлерді тікелей жағуға да, әрі отынның бағалырақ түрлерін - кокс, сұйық отын, газ түріндегі отын да алуға да пайдаланылады.

Жер жүзінде қазба көмірдің әзірге белгілі - 8000 млрд. тонна. Қазба көмірдің қоры жағынан ТМД жер жүзінде бірінші орын алады.

Патшалық Ресейде өнеркәсіп қаншалықты нашар болғанымен, соның өзін қанағаттандырарлықтай көмір өндірілмейтін, көмірді шет елден сатып алатын.

Көмірдің, оның ішінде ағаш көмірінің, абсорбациялағыш қабілеті өте күшті, өйткені ол кеуек, екінші жағынан оның құрылымы графиттің қираған алты бұрышы сипатты болғандықтан ондағы көміртек атомдарының бос тұрған валенттіктері болады.

Жай көмірден активтелген көмірдің адсорбациялағыштығым күшті болады. Көмірді активтеу дегеніміз оның кеуек, қуыс саңлауларын тазалау; оған су буын, не көміртек диоксидін үрлейді.

Активтелген көмірді көп жерлерде қолданады, мысалы, ауаға араласқан еріткіштердің буын, табиғи газбен бірге шығатын бензин буын бойына сіңіретіндіктен тазалау жұмыстарында қолданылады. Сондай-ақ катализатор ретінде де қолданылады.

Бірінші дүниедүзілік соғысы кезінде, 1915 жылы, немістер қолдана бастаған улы газдан (хлордан) қорғану үшін академик Н. Д. Зелинскийдің ұсынысы бойынша, автивтелген көмір қолданды. Содан бастап активтелген көмір газ тазалағыштарда (противогаз) қолданылады.

1 г активтелген көмірдің абсорбациялай алатын беті 300 - 1000 м 2 болады.

10 г автивтелген көмір 50 г хлор сіңіріп алады; 50 г хлор қалыпты жағдайда 50 л орын алады. 2-кестеде 1 г автивтелген көмірдің 15°С және қалыпты қысымда, түрлі газдардан қанша сіңіре алатыны көрсетілген.

Көмірдің түрлі газдарды абсорбациялауы 2-кесте

Газдар
SO 2
NH 3
H 2 S
CO 2
O 2
N 2
Газдар: Абсорбац. газ мөлшері
SO2: 380
NH3: 181
H2S: 98, 9
CO2: 47, 6
O2: 8, 2
N2: 8, 0
Газдар: Газдың t к , °С
SO2: -10, 0
NH3: -33, 4
H2S: -60, 2
CO2: -78, 5
O2: -183
N2: -195

Кестенің соңғы жолының қайнау темературасы жоғары газдардың, демек сұйылуы оңай газдардың, абсорбациялануы да жақсы екені көрінеді.

2. 2. Көмір кені

Көмір кені - көмір қоры өндірістік пайдалануға жарамды әрі тиімді дәрежеде шоғырланған кен орны. Үлкен ауданда қамтитын (мыңдаған км 2 ) көмір кендері көмір алаптарын (бассейндерін) құрайды. Мысалы, Тунгус көмір алабы (1 млн. км 2 ), Кузнецк көмір алабы (260 000 км 2 ), Қарағанда көмір алабы (3000 км 2 ) . Бірнеше көмір кендері көмірлі өлкелер (провинциялар) мен облыстарды құрайды. Алаптар көмірлі аудандарға, ал көмірлі аудандар телімдер мен шахта өрістеріне жіктеледі.

Іргетас (платформа) жағдайында түзілген алаптарда (мысалы, Мәскеу қоңыр көмір алабы) көмір қабаттарының саны 1 - 7, бөктерлік және ішкі ойпаңдардағы алаптарда (мысалы, Донецк көмір алабы, Қарағанды көмір алабы) ондап, жүздеп есептеледі. Көмір қабаттарының қалыңдығы бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін, әдетте, 1 - 2 метр шамасында болады. Қарағандыда көмір қабатының қалыңдығы 8 метрге, ал Екібастұзда 160 метрге дейін жетеді.

Көмір кендері үш топқа бөлінеді:

1-топ. Көмір қабаттары горизонталь немесе сәл еңіс болса, оларды 1-топқа (Мәскеу, Иркутск, Майкүбі, т. б. көмір кендері) ;

2-топ. Арапайым қатпарлы құрылымдыларын 2-топқа (Донбасс, Қарағандының промышленная телімі) ;

3-топ. Көмір қабатының құрылымы күрделі қатпарлы әрі шытынап жарылған болса, олар 3-топқа (Қарағнаы алабының оңтүстік, Кузнецк алабының солтүстік бөліктері) жатқызылады.

Көмір қабаттарының қалыңдығына қарай көмір кендер:

  • тұрақты
  • тұрақсыз болып бөлінеді. Барлау дәрежесіне қарай көмір кендерінің қорлары А, В, С1және С2категорияларына бөлінеді.

2. 3. Көмір өнеркәсібі және оның Қазақстанның халық шаруашылығындағы орны

Көмір өнеркәсібі - елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

Қазақстанда көмір өнеркісібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. 1833 жылы қойшы Байжанов Аппақ Қарағанда мекенінен «отқа жанатын қара тасты» кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарақанда кенінен алғашқы 30 жылда (1857 - 1887 жылдары) 303 мың тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілген. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 - 1920 жылдары) мұнда 860 мың тонна көмір қазылды. 1905 жылы Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен «Кариб», «Карно», «Герберт» секілді шағын шахта-кәсіпорындарында қазылды. Мұнда небірә 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған үш үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болған. 1920 жылы кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 тоннадан көмір өндірді.

19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың тоннадай ғана болды. Қазақстанда кеңестік көмір өнеркісібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қазақстанда алғашқы төрт шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді. 1937 жылы Қарақанды көмір тресі 3, 5 млн. тоннадан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10, 1% артық еді. Екінші дүниежүзілік соғысқа (1941 - 1945 жылдары) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың тонна көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ін берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42, 6 тоннаға дейін жетті. Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. тоннаға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды. 1945 жылы 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді. Соғыстан кейінгі он жылда (1946 - 1955 жылдары) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру екі еседей артып, жылына 28 млн. тоннаға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті эксковаторлардың орнына, сағатына 5 маң тоннадан астам көмір өндіретін көп шөмішті роторлы эксковаторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды. 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі - жылына 50 млн. тонна көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі «Богатырь» тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. тонна) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 метрге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады.

Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 жылы 115 млн. тонна, 1985 жылы 131 млн. тонна көмір өндірді. Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 жылы қол жеткізілді (143 млн. тонна) . Экономикалық реформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. тонна көмір өндірілген) азая бастады. 1990 жылы республикада 131 млн. тонна көмір өндірілген болса, 1997 жылы өндірілген көмірдің көлемі 72, 6 млн. тонна болды. 1990 - 1997 жылдары елде көмір өндіру көлемі 44, 6%-ға құлдырады.

Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды:

1) отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді;

2) отын-энергетика кешенінің жаппай мемлекетті меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемлекеттік, аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды;

3) кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабылетті сұранымның ықпалы күшейді;

4) отын-энергетика кешенінің өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады;

5) саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды;

6) энергетикалық саясатта және тиісінше отын-энергетикалық балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергетикалық баланта жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланбаған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне жете назар аударылмады. Саланың жағдайы 1997 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады. Көмір өндіру көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен (58, 2 млн тонна) салыстырғанда 2000 жылы (74, 8 млн. тонна) 28, 5%-ға өсті. 1995 - 2000 жылдар кезеңінде Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңде Екібастұз көмір алабының рөлі артты. Қазір республикада өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. Нарықтық экономика жағдайында «Богатырь Аксес Көмір» Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, «Богатырь» кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түсті, осыны ескере отырып, Үкімет «Екібастұз көмірі» бағдарламасын бекітті, ал, Энергетика және минералдық қорлар министрлігі «Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасын» әзірледі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған. 2001 жылы көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. тоннадан асып түсті. Көмір өнімін шет елдерге шығару географиясы кеңейтілді, Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Көмір өнеркәсібі саласының өндірістікәлеуеті республиканың қазіргі кезде шет елге шығарылатын көмір көлемін 30 - 35 млн. тоннаға жеткізуіне мүмкіндік береді. Соңғы жалдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан пайдалы қазбалары
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Көмірдің молекулалық құрылымы
Көмірлердің түзілу теориялары мен сатылары
Дамыған капиталистік елдер
Дүние жүзінің отын - энергетика кешеніне сипаттама
Қазіргі таңдағы көмірдің жаңа әдістері мен қолдану бағыттары
Қазақстандағы дәстүрлі емес энергия көздерінің күйі және ресурстарын бағалау
Зиянды тастамалар және олардың әсерлерін табуға бағытталған өнеркәсіптегі технологиялық процестерге анализ жасау
Атмосфералық ауаның ластануы және оны қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz