Сәкен Сейфуллинның өмірі мен шығармашылығы


Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
Ғасыр басында, Ұлы Октябрь революциясы таңына ұласа шыңдалған, қағамдық, әлеуметтік, идеялық, әдеби-мәдени өмір майданында саналы күрескер болып, революционер ақын ретінде қалыптасқан Сәкен Сейфуллин -қазақ тарихындағы аса бір ғажайып тұлға
Сәкен (Садуақас) Сейфуллин (1894-1938) Ақмола уезі Нілді болысы, бірінші ауылда (қазіргі Жезқазған облысы Ақадыр ауданында) орта шаруаның семьясында дүниеге келген. Алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан ол Нілді мыс заводындағы орыс-қазақ мектебінен білім алады. 1908-1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, кейіннен екі класты училищеде оқиды. 1916жылы Омскінің мұғалімдер семинариясын бітіріп, оқытушы болады.
С. Сейфуллиннің әдеби қызметі Ұлы Октябрь революциясына дейін басталған. «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1914 жылы Қазанда жарық көреді.
Бұл жылдардағы өлең-жырларында ақын қарапайым еңбекшілер, мал баққан кедей-батырақтарды аяусыз қанауға ұшыратқан қазақ байлары мен патша әкімдерін сынға алады. Патша өкіметіне қарсы 1916 жылғы халық көтерілісті тұсында -С. Сейфуллин қалың бұқара жағында
1917 жылы С. Сейфуллин қазақ топырағында алғашқылардың бірі болып қоғам қайраткері ретінде қалыптаса бастайды. 1918 жылы Коммунистік партия қатарына енед. Бұл кездерде С. Сейфуллин революция жауларына қарсы бұрынғыдан да саналы түрде белсенді күрес жолында. Ақ гвардияшылар мен алашордашылардың ел ішінде кескілескен ұрыс, қақтығысты үдетіп тұрған шағы, ол осы қайнаған қызу майданның бел ортасында. Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы ауыр күрес мезгілінің бірінде ол ақ гвардияшылардың қолына түсіп, атаман Анненковтың азап вагонында, Колчак түрмесінде жеті ай болып, сан алуан қорлық, зұлымдық тозағын бастан кешіреді.
Ұлы Октябрь революциясына кезеңінде С. Сейфуллин қазақ еңбекшілерін тізе қоса топтасуға, Совет өкіметін нығайту үшін күш салуға үндейтін жалынды жырларын жазды. «Жас қазақ марсельезасы, Кел, жігіттер», «Асығып тез аттандық», «Жолдастар» сияқты, т. б. өлеңдері-осындай өршіл сипаттағы дүниелер.
С. Сейфуллин жиырмасыншы жылдары жас Қазақ Совет Республикасының саяси-қоғамдық, мемлекеттік өміріне тікелей араласады. Ол ВЦИК пен ҚазЦИК-тің мүшесі, республика халық ағарту комиссарының орынбасары, Қазақстан халық комиссарлары Советінің председателі болады. Отызыншы жылдары ол республиканың мәдени-ағарту, оқу-педогогикалық, көркем әдебиет істерімен айналасатын мекемелерінде қызмет атқарады.
Сәкен Сейфуллиннің өзгеден өзгеше, айырықша ақындық белгісі-асқан жаңашыл-өнерде де, өмірде де-жаңаға құмар ақын болып қалыптасуында.
Сәкен Сейфуллиннің поэзиясының жаңашыл мәнін ақынның Ұлы Октябрь революциясының от-жалынында шыңдалған ғаламат күрескерлік бейнесінен бөліп алып қарау қиын. Кереғар екі идея, екі дүние белдескен ғасырдың қиын асуында тәуекел сапарға аттанған алды да, биік асуға қарай өр кеудесімен қасқая қарсы жүрді. Оның жаңашыл келбетінен қайрауы жеткен, қайнары мол халық қуатын танисыз. Өмірде де өзгеше Сәкен поэзияда мүлде соны, революциялық өлең туын көтерді. Қазақ поэзиясының үздік дәстүрлерін бойына сіңірген ақын ендігі жерде ұлттық өнерді тың мазмұнмен байытты. Біз осы дәуірлерден алыстаған сайын Сәкен поэзиясның қызыл алауын, отты жылдардың ыстық лебін неғұрлым айқын сезіне түсеміз. Сәкен Сейфуллин поэзиясы біздермен бірге еңбек етіп, коммунистік қоғамның бақытты келешегіне бастар жолдағы аршынды адымымызға екпін қосып, тыныс бермек.
Әлемдік дамудың ұлы бетбұрыс шағында өтіп жатқан тарихи істермен байланысы аз, соқа бастың қамынан аса алмаған адамнан жаңашыл ой күтуге болмас еді. Нағыз революциялық дәуір перзенті болған Сәкен Сейфуллин қазақ ауылына дүбірлі заманның революциялық идеяларын алғаш таратушылар тобынан табылады. Не егіншілік мәдениетінен, не ірі цивилизация құрылыстарынан кенеулі үрдіс сақтай алмаған, қаймағы бұзылмаған көне феодалдық салтсана құшағындағы ұлан-байтақ қазақ даласы революциялық идеялар жедел өріс алып кете қоятындай қолайлы орта емес еді. Алайда Октябрь дабылы ұйқыдағы сахараны дүр сілкіндірді де, қазақ халқын қасиетті революциялық күреске бастады. Осы күрестің поэзия майданындағы дауылпаз жаршысы Сәкен Сейфуллин болды. Дауылға қарай аспандай ұшатын тәкаббар альбатрос сияқты алып ақын: бәрің де бәріне жету үшін жаңа өмір, жаңа дүние күрескерлерінің қатарына тұрыңдар деген тегеурінді ұран тастады.
Жаңа дәуір халық таланттарының сарқылмас көзін ашты. Өз тағдырының кілтіне қолы жеткен халықтың ашық үнін революция дауылы кең далаға таратты. Сәкен Сейфуллин жырларының әуеніне, ырғағына құлақ салсаңыз, сол ауыл, сол далаға тараған жаңашыл сарынды айқын аңғара аласыз
Ғылыми мәні жағынан жаңашыл бастама, жалпы алып қарасақ, шексіз көп творчестволық, теориялық мәселелерді қамтиды. Әдетте, біз мазмұн жаңашылдығы, пішін жаңашылдығы деп айтамыз. Алайда, оларды бөлек алып, жіктеп қарау қиын. Қайта өрлеу дәуірі, кейінгі романтизм дәуірінің классиктері, реализмнің барша бағыт, ағымдарындағы озық қаламгерлер, әрине, бәрі де жаңашыл болды. Олар жаңашыл болмаса, өздері де шынайы талант ретінде танылмас еді, тұтас мектеп жасап, өмірді көркем бейнелеу әдістерін де қалыптастыра алмас еді. Леонардо да Винчи, сөз жоқ, жаңашыл суреткер, өйткені ол Джоконданы дүниеге әкелді, адам дүниесін, оның рухани байлығын дәріптеді, Рафаель де жаңашыл, өйткені ол діни тақырыптағы сюжеттермен әуестенген сияқты көрінсе де, жер басқан адамдардың ұлылығы дәріптеді.
Совет өнерінің жаңашылдығы ескі, кейін тартатын ұғымдарды жойып, адамды қайта тәрбиелейтін жасампаздық қасиетінде.
Жаңа заманда поэзияның мәні мен қызметі өлшеусіз өсе түсүі қажет ті. Ол жаңа идеологияның жаршысы, әрі насихатшысы бола жүріп, бұрыннан бар реалистік дәстүрлерді мейлінше ұштай беруі керек еді. Дәл осындай мол сырлы поэзия Сәкен Сейфуллин сынды Ұлы Октябрь революциясымен бірге есейген өршіл ақынның қаламынан туды.
Жаңа поэзияның табысы да, олқы соғатын жері де жаңаны іздеп табу, немесе таба алмау жайына тәуелді. Жаңашыл поэзия ақынның жаңа өмірдегі барша тың мағына мен сан алуан көріністерді неғұрлым жіті көріп, толық жинақтай білуі нәтежиесінде тумақ.
Бастапқы кезеңде мазмұн мен форманың арасындағы кейбір алшақтық ақындарға едәуір қиындық әкелді. Тек Сәкен Сейфуллиндей әрі батыл, әрі бүкіл болмысымен соныдан сурлеу салуға қумар кесек дарын иелері ғана жаңа мазмұнға сәйкес пішіндік бітімді дер кезінде тапқырлықпен үйлестіріп отырды.
Қазақ поэзиясының жаңашыл бай қорынан Владимир Маяковский сияқты, Ұлы Октябрь революциясынын менің революциям деп жар сала қарсы алған Сәкен Сейфулин творчествосы бүгінгі әдебиетіміздің бай қазынасы. Екі бірдей дауылпаз қаламгердің өмірі де, өнері де ұқсас өрнектерге бай. Сәкеннің азаттық күресіндегі қаһармандық істері мени теңдессіз ерлігі тіпті ересен. Жалын жүректі оқшау азамат барша әлемді қайран қалдырған ғаламат төңкеріс рухын сүйсіне, аңсай, шатттана жырлауға әбден хұқықты еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz