Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері



I. Кіріспе бөлімі

Негізгі бөлім
1. Азаматтық . құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері
2. Азаматтық . құқықтық қатынастардың пайда болуы негіздері
3. Азаматтық . құқықтық қатынастардың субъектілері

Қолданылған әдебиеттер
Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс - әрекет жасасу кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас – құқық нормалары мен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі . Қоғамдық қатынасты азаматтық – құқық нормалары арқылы реттеу нәтижесінде заңды сипат алып , азаматтық – құқықтық қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық – құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдық қатынас.
Азаматтық – құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынаста болса , онда тараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге тепе – тең ие.
Е.Ш.Дүсіпов, О.К.Қағазов.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқық (Жалпы бөлім)
Алматы 2006 жыл

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе бөлімі

Негізгі бөлім
1. Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері
2. Азаматтық – құқықтық қатынастардың пайда болуы негіздері
3. Азаматтық – құқықтық қатынастардың субъектілері

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс - әрекет жасасу
кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі.
Құқықтық қатынас – құқық нормалары мен реттелу
нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі . Қоғамдық
қатынасты азаматтық – құқық нормалары арқылы
реттеу нәтижесінде заңды сипат алып , азаматтық – құқықтық
қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық –
құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдық қатынас.
Азаматтық – құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас
сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда
кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не
құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты
құқықтық қатынаста болса , онда тараптардың әрқайсысы құқықтар
мен міндеттерге тепе – тең ие. Азаматтық – құқықтық
қатынастар азаматтар өз еркін білдірмесе де пайда болады . (
Мысалы , зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші
мен зиян шегуші мұндай құқықтық қатынастың пайда болуын
қаламаса да құқықтық қатынас пайда болады . Мұндай жағдайды
тараптар , құқық пен міндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге
асырады ).

Азаматтық – құқықтық қатынастың
мазмұны және түрлері

Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұнын оның
қатысушыларының құқықтары мен міндеттері құрайды . Қоғамдық
қатынастарды азаматтық – құқықтық реттеуді жүзеге асыру кезінде
қатысушылары кейін олардың әрекеттерін анықтайтын субъективтік
құқықтар мен міндеттерге ие болады . Құқықтық қатынастар өзара
әрекет, қатысушылардың субъективтік құқтары мен оларға жүктелген
міндетттерге сәйкес жүзеге асырылады.
Субъективтік құқық дегеніміз – құқыққа ие тұлғаның
заңмен белгіленген әрекеті болып табылады . Құқыққа ие
тұлға белгілі әрекеттерді өзі жүзеге асыруы мүмкін .
Азаматтық заңға байланысты меншік иесі өз мүлкін иелену ,
пайдалану және оған билік ету құқығына ие. Сондықтан
, азамат өзіне тиесілі мүлікті қалай пайдалануды
өзі шешеді . Құқыққа ие тұлға белгілі бір әрекеттерді
орындауды немесе орындамауды екінші тұлғадан талап
етуге құқылы . ҚР АҚ 224- бабына сәйкес сатып
алушыдан сатылған затты беруді талап етуге құқылы . Бұдан көріп
отырғандай , құқыққа ие тұлға белгілі бір әрекеттерді екінші
тұлғаның орындауын талап етеді , бірақ бұл олардың арасындағы
шарттың негізінде болуға тиіс.
Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті тұлғаның заңда
көрсетілген тиісті әрекеттері болып табылады . Мысалы ҚР АҚ
239-бабы бойынша жеткізіп беруші сатып алушыға шартта
көрсетілген өнімді әкеліп беруге міндетті.
Азаматтық – құқықтық міндет дегеніміз – азаматтардың
әрекеттері реттейтін амал болып табылады . Ол азаматтық
құқық нормасымен құқыққа ие тұлғаның мүдделерін
қанағаттандыру мақсатында міндетті тұлғаның
белгілі әрекеттерді орындауын
қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
Субъективтік – азаматтық құқық пен азаматтық – құқық
міндеттері тікелей азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұнын
құрайды . Олар бірлесіп азаматтардың әрекеттерін реттейтін
бірден – бір әдіс ретінде, азаматтардың мүдделерін
қанағаттандыруды азаматтық құқық нормаларына сәйкес
жүзеге асырады.
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны мен нысан
бірімен – бірі тығыз байланысты .Азаматтық – құқықтық қатынастың
қатысушыларының субъективтік құқықтар мен міндеттері, оның құқықтық
нысанын құрайды . Бұдан біз мазмұн нысансыз өмір сүрмейтінін
және керісінше, нысан мазмұнсыз болмайтынын көріп
тұрмыз . Қандай да болмасын мазмұн белгілі нысаннан тыс өмір
сүре алмайды, ал нысан әрдайым белгілі мазмұнның
нысаны болып табылады .Сол сияқты құқықтар мен міндеттер
құқықтық қатынастан тыс пайда болмайды , ал құқықтық қатынас ,
өз кезегінде қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін
білдіруге уақытқа дейін өмір сүреді.
Субъективтік құқық пен оған жауап беретін
субъективтік міндеттер субъектілердің мүмкін және тиісті
әрекеттерінің сипатына байланысты ажыратылады . Құқыққа ие тұлғада
белгілі әрекеттерді өзі жасау мүмкіндігі болған жағдайда ,
оған ешкім кедергі жасамау керек , яғни міндетті тұлға
пассивтік жағдайда , әрекетсіздікте болды . Егер құқыққа ие
тұлғаның құқығы белгілі бір әрекетті талап ету
мүмкіндігінен туса , міндетті тұлғаның міндеті сол әрекетті
орындау , яғни оның белсенді әрекетінде. Барлық жағдайда да
құқықтарды жүзеге асыру міндеттерді орындау құқықтық қатынаста
құқыққа ие субъектінің құқықтық мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталады .
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық – құқықтық қатынастарды
әртүрлі белгілеріне байланысты бірнеше түрлерге бөледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің жалпы
бөлімінде , азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар көрсетілген
, яғни азаматтық заңдармен қатысушылардың теңдігіне негізделген
мүліктік қатынастар , сондай – ақ мүліктік қатынастарға байланысты
мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес
жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі ,
өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік
емес жеке қатынастар мәнінен өзгеше туындамайды.
Барлық азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілердің
арасындағы құрылымдық байланысқа байланысты салыстырмалы
және абсолюттік болып екіге бөлінеді. Салыстырмалы құқықтық
қатынаста құқыққа ие тұлғаға нақты анықталған міндетті тұлғаға
қарсы тұрады . Бұл бір немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін .
Мысалы, үлесті меншіктің қатысушыларының арасында салыстырмалы
құқықтық қатынас пайда болады , себебі осы құықтық қатынас
субъектілік құрамы анықталған . Абсолюттік құқықтық қатынаста
құқыққа ие тұлғаға міндетті тұлғалардың анықталмаған саны
қарсы тұрады . Мысалы , авторлық құықтық қатынаста міндетті
тұлға ретінде шығарманың айналасындағы барлық тұлғалар
танылады.
Азаматтық – құқықтық қатынастарды мұндай топқа бөлудің
практикалық маңызы мынада , құқыққа пе тұлғаның құқығын
абсолюттік құқықтық қатынасқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮСІНІГІ
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы
Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері
Құқықтық қатынастардың объектісі
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны және түрлері туралы
Пәндер