Шарт



Шарт екі жақтың қарым-қатынастарын жасап, оны реттеп отыру мақсатында жасалатын құжаттың түрі. Шарт мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындардың арасында, сондай-ақ жеке адамдардың арасында жасалады. Егер шарт жеке адам мен мекеме арасында жасалса, онда шарттың мұндай түрін еңбек келісімі дейді.
Еңбек келісімі – мекеме мен сол мекемеде істемейтін адам арасында жасалатын шарт.
Мекемеде керекті маман болмаған жағдайда, еңбек келісімін жасауға рұқсат етіледі. Кейбір жағдайларда өндірістік қажеттілікке байланысты сол мекеменің адамымен де келісіліп жасалады. Бұл келісім бойынша жұмыскер өзінің негізгі қызметі бойынша міндеттеріне енбейтін жұмыстарды істеуге тиісті.
Шарттың мазмұндары әртүрлі болып келеді. Шарттар бірнеше (2-4) данада жасалады да, жауапты адамдар қолдарын қояды, мөр басылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Шарт

Шарт екі жақтың қарым-қатынастарын жасап, оны реттеп отыру мақсатында
жасалатын құжаттың түрі. Шарт мемлекеттік немесе қоғамдық кәсіпорындардың
арасында, сондай-ақ жеке адамдардың арасында жасалады. Егер шарт жеке адам
мен мекеме арасында жасалса, онда шарттың мұндай түрін еңбек келісімі
дейді.
Еңбек келісімі – мекеме мен сол мекемеде істемейтін адам арасында
жасалатын шарт.
Мекемеде керекті маман болмаған жағдайда, еңбек келісімін жасауға
рұқсат етіледі. Кейбір жағдайларда өндірістік қажеттілікке байланысты сол
мекеменің адамымен де келісіліп жасалады. Бұл келісім бойынша жұмыскер
өзінің негізгі қызметі бойынша міндеттеріне енбейтін жұмыстарды істеуге
тиісті.
Шарттың мазмұндары әртүрлі болып келеді. Шарттар бірнеше (2-4) данада
жасалады да, жауапты адамдар қолдарын қояды, мөр басылады.
Текстің әр бөлімі, арап сандарымен нөмірленуі керек. Шарттың
реквизиттері:

Құжаттың түрінің аты ШАРТ,

датасы,
индекс,
жасалған жері,
текстің тақырыбы,
текст,
текстің кіріспе бөлімі, шарт жасайтын екі жақтың аттары, қызметтері,
аты-
жөні, фамилиялары, (тапсырыс беруші, орындаушы):
шарттың мазмұны,
шарт жөнінде туған даудың шешілуі тәртібі,
шарттың жалпы ақысы,
шарттың орындалу мерзімі,
екі жақтың заңды мекен-жайлары
қолдары мен мөрлері,
еңбек келісімінің реквизиттерінің құрамы-тура шарттың
реквизиттеріндей,
құжатың аты ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ.
Жиі шарт жасайтын немесе еңбек келісімін жасайтын мекемелерге алдын-
ала шарттардың үлгіқалпын жасап қойған ыңғайлы.

Еңбек келісімі

Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа
тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады.

Еңбек шарты заңымен рәмізделген екі жақтың (әжетте “әдетте жұмыс
беруші” және “жұмысшы” деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті
түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.

Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың
белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяандалыды. Басқа кез-
келген секілді еңбек келісімінде де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу
ережелері бар.
Еңбек келісім жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған
келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс
жағдайы т.б.) өзгерген жағадайда жасалады. Келісім жасауға ұйым
әкімшілігінде белгіленген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз
болады.

Еңбек келісімі мыналардын тұрады:
1) құжат аты;
2) келісімнің жасалған орны;
3) екі жақтың толық және шартты атауы;
4) жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация
дәрежесі;
5) келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс ;
6) келісім түрі (шектеулі мерзімге мен әлде ұзақ уақытқа ма ;
7) келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім
шарт) ;
8) сынау мерзімі;
9) жұмысшының міндеттері;
10) еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі
міндеттері
көрсете отырып жазылған жұмыс міндеттері;
11) жұмысшының еңбек құнын қорғауға қосымша кепілдік беретін
мағұлмат;
12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
13) ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен төлеу тәртібі туралы мәлімет;
14) демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;
15) келісім бойынша жасалатын басақа да жағадайла мен шарттар;
16) келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім
бұзылуы немесе қайта қаралуы мүмкін);
17) келісім тоқтатылатын жағдай атлып көрсетіледі;
18) екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері;
19) екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура);
20) шартқа қол қойылған күн;
21) келісім қосымшасы (егер бар болса) ;

Еңбек келісімін безендірудің қызметтік құжаттарды безендірудің жалпы
талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А-4 форматты қағазда
таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.

Еңбек келісімнің жазылуына нақтылай тоқталайық.

1. Құжат аты

Құжаттың толық аты мен нөмірі парақтың жоғарғы шетінен 3-5 интервал
қалдырылып, орта тұсына үлкен әріптермен жазылады. Мысалы, ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ
2. Келісімнің жасалған орны мен күні

Елді мекеннің аты мен типі, келісім жасалған күн, ай және жыл
көрсетіледі. Құжат атынан 1 интервал төмен елді мекен аты – сол жаққа, дата
– оң жаққа жазылады.
Мысалы,
Алматы қаласы
23 қазан 2003 жыл

3. Екі жақтың толық және шартты атауы

Келісім жасаушы екі жақтың әрқайсысының ресми аты және келісімде
алынған шартты атауы жазылады. Мысалы, “Абай атындағы Алматы мемелекеттік
университетіатынан университет ректоры профессор Т.С. Садықов, бұдан былай
қарай келісімде “жұмыс беруші ” деп аталады, екінші жақтан филологыия
ғылымының кандидаты Б. Сағындықов бұдан былай қарай келісімде “жұмысшы”
деп аталады.

4. Жұмыстың сиапты мен мазмұны, квалификация дәрежесі. (Базалық
шарттар)

Мұнда жұмыстың сипаты мен мазмұны оны атқаруға қажетті калификация
дәрежесі атап көретіледі. Жұмысшының мекеменің қай бөлімінде, кім болып
істейтіндігі анық жазылады. Мысалы,
Жұмысшы Сағындықов Бекен Сағындықұлы қазіргі қазақ тілі кафедрасына
доцент болып қабылданады.

5. Келісім типі

Мұнда жұмысшының негізгі жұмыс орны ретінде істейтіндігі я болмаса
басқа жердегі негізгі жұмыс орнына қосымша істелетін жұмыс
орны ретінде кіріп, келісім жасап отырғаны анық жазылады. Мысалы,
“Бұл еңбек келісімі негізгі жұмыс келісімі қосымша істейтін жұиыс
келісімі” (керектісінің асты сызылады).

6. Келісім түрі

Мұнда жұмысшы уақытша әлде тұрақты жұмысқа қабылданғаны жөнінде
жазылады. Келісім уақытша жасалса, себеі көрсетіледі. Мысалы, “Жқмысшы
уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан, келісім шетеулі
мерзімге жасалады”.

7. Келісім мерзімі

Мұнда келісімнің күшіне енетін күні мен аяқталатын күні көрсетіледі.
Даталар цифрмен де жазбаша да, я болмаса 2 вариантта да көретіледі.
Мысалы,”Келісім 2000 жылдың 20 мамырында екі мыңыншы жылдың жиырмаснышы
мамырында күшіне енеді ”. “Келісім 2001 жылдың 20 мамырында екі мың бірінші
жылдың жиырмасыншы мамырында өз күшін жояды”.

8. Сынау мерзімі

Егер жұмысшы сынау мерзімінен қабылданатын болса, онда оның мерзімі
көрсетіледі. Бірақ сынау мерзімі келісім жасалған күнді қоса есептегенде 1
айдан аспауы керек. Сынау мерзімі күнмен де аптамен де көрсетіле беоеді.
Мысалы, “Жұмысшыға екі апта сынау мерзімі белгіленеді”.

9. Жұмысшының міндеттері

Мұнда жұмысшынің кәсіби міндеттері айтылады. Ол қандай құжат (бұйрық,
нұсқау т.б.) негізінде жүзеге асырылатындығы атап көресетіледі. Мысалы,
“Жұмысшы
- өз міндеттерін мезгілінде және сапалы атұаруға;
- келісімнің 1.3 пунктінде айтылған еңбек және өндірістік тәртіпті
сақтауға;
- техника қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
- мемлекеттік құпияны жария етпеуге;
- ішкі еңбек тәртібі ережесіне бағынуға міндетті;”

10. Жұмыс беруші міндеттері

Бұл бөлікте жұмысшыеы қалыпты еңбе жағдайымен қамтамасыз ету, еңбекақы
төлеу мерзімі, медициналық сақтандыру, пенсиямен қамтамасыз ету сияқты
әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттері айтылады. Мысалы, “Әкімшілік
Қазақстан Республикасың Еңбек туралы заң кодексіне сәйкес қалыпты еңбек
жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Пенсиямен қамтамасыз ету және
медициналық сақтандыру жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ
негізде жүргізіледі”

11. Жұмысшының еңбек құқығы қорғауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарттың елеулі ережелері
Құрылыс салуға жасалған шарттар
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт
Шарт түсінігі және оның азаматтық құқықтағы орны. Шарттың түрлері және оларды жасау жолдары
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт
Шарттар туралы жалпы ережелер
Шарт ұғымы
Шарт еркіндігі қағидасы
Қазақ тіліндегі шарт қатынасындағы құрмаластық құрылымдардың функционалдық-семантикалық табиғаты
Шарт туралы жалпы ережелер
Пәндер