Қазақстан Республикасының экологиясының ластануы



1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

А) Қазақстан республикасының экологиясының ластануы

Б) Экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары

3. Қорытынды
Қазіргі заманда жер шарындағы халық санының еселеп артуы заңды құбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез көбеюіне қолайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі біркелкі емес. Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ең маңызды факторлар - қоршаған ортаның сапасы. Бұл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, тұрмыс-салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде. Әсіресе әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуі жер шарының көптеген аймақтарында экологиялық дағдарыс, апат әкелуде. Әлемдік экологиялық проблемалардың құрылымы өте күрделеніп, барлық тіршілік орталарын қамти түсуде.
Қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына улы заттар, ауыр металдар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бұл заттар Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шекті рауалы мөлшерден асып кетуде. Кең таралған химиялық заттардың ішінде канцерогендердің өте қауіптісі – бензапирен.

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

А) Қазақстан республикасының экологиясының ластануы

Б) Экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары

3. Қорытынды

Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың
өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру;
Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

Қоршаған ортаның экологиялық ахуалы

Қазіргі заманда жер шарындағы халық санының еселеп артуы заңды
құбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез көбеюіне
қолайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі
біркелкі емес. Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық
жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ең маңызды факторлар - қоршаған
ортаның сапасы. Бұл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, тұрмыс-
салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде.
Әсіресе әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуі жер шарының
көптеген аймақтарында экологиялық дағдарыс, апат әкелуде. Әлемдік
экологиялық проблемалардың құрылымы өте күрделеніп, барлық тіршілік
орталарын қамти түсуде.
Қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына улы заттар, ауыр
металдар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бұл заттар
Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шекті рауалы мөлшерден
асып кетуде. Кең таралған химиялық заттардың ішінде канцерогендердің өте
қауіптісі – бензапирен . Бұл заттармен ластану әсіресе Алматы, Атырау,
Теміртау, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Қаратау қалаларында байқалып отыр.
Бұл заттар адам организміне ауаның құрамы, су және азық-түлік арқылы
түседі.

Қазақстан Республикасының экологиясының ластануы.

Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен
ластанғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы
адамдардың денсаулығы зардап шегеді. Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен
зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер жеміс-жидек арқылы адам
организміне нитрат ретінде түседі. Мерзімінен ерте піскен қөкөністерде
(қарбыз, қауық картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ, т.б.) нитраттар көп
болады. Мысалы, май айларында піскен көкөністерде көбінде зиянды заттардың
шекті рауалы мөлшері 2-3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте піскен
көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың мөлшері базарларда
сан-эпидемиялық лабораториялар арқылы тексеріліп отырады. Экологиялық таза
өнімдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі.
Соңғы жылдары азық-түлік құрамына химиялық бояғыш заттардың қолданылуы
көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі байқалуда. Сондықтан бояғыш заттардың
мөлшері және құрамына қатаң бақылау жасалып отыруы керек.
Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік проблема
деңгейінде қалып отыр. Сынап, кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-
түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі. Мысалы,
организмде Жапонияда камдий көбейген жағдайда кең тараған итай-итай ауруы
болды. Оның негізгі белгілері - бүйрек қызметінің бұзылып, сүйектің
майысып, кейде қисайып кетуі де мүмкін. Бұл аурумен бір жылдары Жапонияда
3000 адам ауырғаны тіркелген.
Жапонияның Минамата өзені бойындағы тұрғындардың 1956 жылы сынаппен
уланғаны белгілі. Соның әсерінен пайда болған ауру түрін жергілікті жердің
атымен "минамата" деп аталған. Аурудың белгілері -есту, көру және сөйлеу
мүшелері қызметінің бұзылып, адамдардың халінің нашарлап, тіпті өлімге
душар болуы. Оның пайда болу себебі - өндіріс қалдықтары арқылы сынаптың
өзенге көп мөлшерде түсуінен екендігі анықталған.
Этилдендірілген бензинді пайдалану кезіндс адам организіміне түсетін
қорғасын да өте қауіпті.
Қазақстан жағдайында жоғарыдағы ластағыш заттармен қатар радиациялық
ластану жиі байқалады. Радиациялық ластану әсірссе уран шикізатын
өндіретін орындарда болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Қызылқұм мен Созақ аудандарында су құрамында шекті рауалы мөлшерден торий
2-400 есе, радий 30 есе артық екендігі тіркелген. Сол сияқты
радионуклеидтердің көбейіп, кетуі Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы уран кенін
өндіргенде бөлінетін радиактивті қалдықтардың көп жинақталуынан.
Аталған фактілердің бәрі Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыпты
емес екендігін көрсетеді. Оның залалдары тұрғындардың денсаулығының
нашарлауынан көрінеді. Жергілікті жердегі өнеркәсіп орындарының шоғырлануы,
зиянды заттардың шектен тыс көбеюі, атмосфераның ластануы, т.б. экологиялық
жағдайларды нашарлатады.
5.8-кесте
Экологиялық жағдайы нашар аумақтардағы халықтың денсаулығы туралы
деректер
Аймақтар Ауру түрлері
1. Арал өңірі (Қызылорда, Оңтүстік Жүрек, қан қысымы, жұқпалы аурулар,
Қазақстан облыстары) жүйке аурулары, тері аурулары
2. Семей ядролық полигоны аймағы Қатерлі ісік, қаназдық, сәулелік,
(Шығыс Қазақстан, Павлодар, жүйке, сезім, мүшелері, өкпе-тыныс
Карағанды облыстары) жолы аурулары, ақыл-естің ауысуы
3. Солтүстік Қазақстан Жұқпалы аурулар, жүйке аурулары, қан
қысымы, өкпе-тыныс жолдары аурулары
4. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан Жұқпалы аурулар, жүйке аурулары,
облыстары түсік тастау, сүйек, бұлшық ет, туа
біткен кемістік
5. Атырау, Маңғыстау облыстары Жұқпалы өкпе-тыныс жолдары аурулары,
тері жаралары, кембағал балалардың
тууы

Арал теңізінің экологиялық жағдайы мен Каспий теңізі деңгейінің
көтерілуі осы аймақтарда қатерлі ісік, жұқпалы, жүйке, тері, ақыл-естің
ауытқуы сияқты ауруларды өршіте түсуде. Ал полигондар болған жердегі халық
қан аздық, сәуле ауруларынан және қатерлі ісіктен зардап шегіп отыр.
Республиқамызда адам денсаулығын жақсарту мақсатымен қоршаған
ортаның сапасына көңіл бөлініп, көптеген шаралар жүргізілуде. Ең
алдымен, ауаның, судың және азық-түліктің сапасына бақылау жасауды
күшейту іс-шараларынан мемлекеттік мониторинг жүйесі жұмыс істеуде. Оның
мақсаты - адамға қатысты барлық заттардың құрамын сапасын анықтап, баға
беріп, бақылау жасау.

Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны
шешу жолдары

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-
қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел
өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін
ықпалын күшейіті. Әсіресе, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам
мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек
шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен
мұхит байлығы жедел игеріле бастады. "Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз
игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз" деген қөзқарас
қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері
табиғаттың өзіне тән құбылыстардан - табиғи өзгеріс пен жел, су
тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық
өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем
елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін
дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен
индустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер
қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын
күшейтті. Екіншіден, бұл жылдарды дүниежүзіндегі демографиялыкқ жағдай
да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті.
Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап
отырсаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық
болса, 1850 жылы ол екі есе өсіпті (1.200 млн), яғни халықтың екі есе
көбеюіне бұл тұста 150 жыл керек болған екен. Ал, бұл сан со дан кейінгі
100 жылдықта екі есеге көбейген (2.500 млн.). Ендігі кезекте екі есе өсу
үшін не бәрі 40-ақ жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген
"тұтыну қысымын" өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына
келтіріп отыратын уақытының мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен
қалпына келуін күтпей-ақ оны жеделдете "қанау" оның жүдеушілігін тудырады.
Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халык саны артты. XX ғасырдың
басында жалпы халықтың 10 %-і ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50 %-
ке жуықтады. 2001 жылы Қазақстандағы қала халқы 54 %-ке жетті. Осынша көп
адамның шағын аумаққа жиналуы жерге түсетін салмақты күшейтті, қала мен
қала маңының ластануы ұлғайды.
Адамзаттың өмір сүру жағдайларының жақсаруы, ғылыми-техникалық өрлеу
табиғат пен қоғам арасындағы "алмасусыз" іске асу мүмкін емес. Бұл "алмасу"
сөз жоқ табиғатқа зиян келтіреді. Ал, бұл өз кезегінде адамның
денсаулығына, жер бетіндегі тіршілік дүниесіне келетін зиянға ұласады.
Мәселе - осы зиянды болдырмау, мүмкіндігінше азайта білуде, табиғаттың өз
тіршілігін сақтап, қалпына келтіруіне жағдай жасауда болып отыр. Экология
туралы ғылымның көмегі де осы жерге керек.
Бізде материалдық өндіріске баға берудің екі өлшемі (әлеуметтік,
экономикалық) қалыптасқан. Ал, қазіргі өмір осы өлшемге экологияны да
қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын әлеуметтік,
экономикалық жағынан дәлелдеумен қатар, оның экологиялық жағдайларын
(келетін зардаптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеріп негіздесе,
бұл салада - қазір орын алып отырған қателікке жол берілмес еді.
Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің
біріне айналып отыр.
Қазақстанның жері қаншалықты ұланғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи
байлық та соншалықты мол, әрі алуан түрлі. Ұлан байтақ өлкенің қысы
Сібірдің кақаған аязындай бет қарыса, жазы орта Азияның аптап ыстығындай ми
қайтнатады. Жер бедері бірде тайгаға ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде
жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-
жал құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан
көз тартады. Республиканың солтүстігінен басталатын шетсіз, шексіз
жазық дала Орталық Қазақстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына
ұласып, одан әрі оңтүстік пен оңтүстік шығысқа қарай Алтай, Сауыр,
Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғарлар Алатауы мен Тянь-Шаньға иек
артады. Республика аумағын төрт аймаққа - орманды дала, дала, шөлейіт
және шөл – бөлуге болады.
Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз жайылымдарды
маусымның өзгеруіне қарай сауатты пайдаланған. Өмірлік тәжірибе оларды
табиғатты сақтауға үйреткен. Жайлауды тақырлап көшкен ауыл келесі жазда жер
қалпына келіп, шөп жетілгенде ғана қайтып келген. Сондықтан-да ұзақ
ғасырлар бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Маңғыстау экологиясының тіршілікке әсері.
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
ХIX ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар
Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар. Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі
Қазақстанда қалыптасқан су экологиясының ахуалдары
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар және оны шешу жолдары
Қоршаған ортаның экологиялық ахуалы
Пәндер