Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы


Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 7 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
(1894-1938)

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық
әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы,
көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік
мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына
қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды
толғайды.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (
қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай
тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды,
тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі
қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір
анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп,
тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық
мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен
жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.
Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс
біраз уақыт Карағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр
түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа
күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып катеді.
Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның
жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды.
1920 ж. Ілияс Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.
Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді
курсте бес-алты ай оқығаннаң кейін, денсаулығының нашарлауына байланысты
аулына қайтады.
Дауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына
тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде
губерниялық оқу бөлімінде, Тілшігазеті редакциясында қызмет істеу,
экспедицияға шығып фольклор үгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып
шыңдайды. Жас азаматтың кызметтен өзге уакыты түгелдей кітап, газет-журнал
оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы
өлеңдері Тілші, Кедей еркі, Лениншіл жас газеттерінде, Жаңа мектеп,
Әйел теңдігі журналдарында жарияланады. 1927 жылы Беташар атты үгіт
өлеңі, 1928 жылы Сағанак деген тұңғыш кітабы шығады.
1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма
салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мүра
қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, Дала, Күй, Күйші, Құлагер
поэмалары, Жолдастар романы, Кек, Турксиб, Исатай-Махамбет
пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он
жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы
ғажап.
1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс
Жансүгіров Еңбекші қазақ газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ
баспассөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет
қайратқері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет
баспасында поэзия бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының I съезінде сөз
сөйледі, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазашының
М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен
достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.
Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері
атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат
болды.
Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып,
елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты
суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің
мақтанышына айналған туындылар берді.
Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама
кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық
өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді.
Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып
жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына
жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез
жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы
мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және
әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен
қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға,
әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық
көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі
дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты
кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық
шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін,
ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Өмірбаяны. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды
ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен
көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады,
екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де
ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән
намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең
тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте,
үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен,
жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы
маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ
айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық
бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің
құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза
мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын
айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.
Болашақ ақын жерінің бетін жеті өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке
сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі -бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу
бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке
бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі-
жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең-дастандарды, арғы-бергінің
неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін кісі болыпты. Оның үстіне
домбырашы, ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына
— әке, шеше орнына — шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген.
Ілияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл
молдасының алдын көріп, медресе үлгісіндегі мектепте де оқиды. Бұдан кейін
біраз жыл ауылда тұрып, үй шаруасымен айналысады. Қара танысымен, кітапқа
құмартқан Ілиясқа үлкен кісілер қиссалар оқытып, баталарын береді екен.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, далалық мекені
Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен
жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Тұтқыр зерделі,
тумысынан өнерге бейім, зерек жас өспірім домбыра тартып, ән үйреніп,
алдымен жаттап, соңынан жанынан шығарып, өлең айтатын болады. Келе-келе,
бір өңірдің "жарып той бастап, таңдап әріптес алып" айтысатын, "түнгі тойды
таңға таратпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан" өлеңшісіне айналады. Сол
шамада өлең де жаза бастайды. Бұл кезді талапкер ақынның елдің тарихын,
өткен-кеткеннің қызықты хикаяларын, көне әдебиеті мен салт-дәстүрін біліп,
халық ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Іліяс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
І. Жансүгіровтің шығармашылығы
Ілияс Жансүгіров шығармашылығы
Ілияс Жансүгіров өмірі
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Хафиздің өмірі мен шығармашылығы
Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
Қaсым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь