Экологиялық саясат



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Экологиялық саясат туралы.
Cаясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар
Экологиялық қауiпсiздiк . ел құндылығы.
Экологиялық саясат ҚР заңнамасы бойынша.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамта¬масыз етуді басқару мақсатында мем¬лекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі.
Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әске¬ри, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды.
Кез келген мемлекеттің экологиялық саясатының негізін ресми қабылданған экологиялық мәселелерді шешудің жал¬пы тұжырымдамасы құрайды. Бұл тұжырымдама тікелей мемлекеттік экологиялық саясаттың сипатын және билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенінің экологиялық қырларына тәсілін айқындайды.
1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
2.Егемен Қазақстанның” апталық қосымшасы
3.Ел байлығы \жеріміз\ Экология әлемі газеті 2004 жыл

Экологиялық саясат

Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи
ресурстарын ұтымды жұмсауды қамта¬масыз етуді басқару мақсатында
мем¬лекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге
де шаралардың жүйесі.

Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның,
табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық
саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әске¬ри,
мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған
елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында
дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды.

Кез келген мемлекеттің экологиялық саясатының негізін ресми
қабылданған экологиялық мәселелерді шешудің жал¬пы тұжырымдамасы құрайды.
Бұл тұжырымдама тікелей мемлекеттік экологиялық саясаттың сипатын және
билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенінің
экологиялық қырларына тәсілін айқындайды.

Негізгі принңиптері

Экологиялық саясаттың негізгі принңиптері, міндеттері және шаралары
заң¬намалық актілер, "қоршаған ортаны қорғау туралы заң", үкімет
бағдарламалары және т.б. анықталады.

Cаясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар

Экологиялық саясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін
жағдайлар:нақтылы мемлекеттің аумағындағы экологиялық мәселелердің
ұшығуы;эко¬логиялық жағдайлардың ушығуынан туындайтын әлеуметтік-
экологиялық мәселелердің сипаты;экожүйе қызметінің бірқатар аса маңызды
мәселелерін шешуде ғылыми екіүштылықтың болуы; ресурстық, оның ішінде
қаржылық шектеулер;ресурс жинақтаушы және табиғатты қозғаушы
технологиялардың, оның ішінде, қалдықтарды жою мен қайта өңдеу
мәселелерінің нақ¬тылы шешілу деңгейі;өндірістің эко¬номикалық тиімділігі
және экологиялық таза өнімнің бәсекеге қабілеггілігі,халықтың әлеуметтік
жауабы;халықаралық міндеттемелер.

Экологиялық қауiпсiздiк – ел құндылығы

Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап экологиялық
мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылығымен дүние
жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал
теңізін сақтау және Каспийді қорғау бағдарламаларын халықаралық деңгейде
ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын
алатын қоршаған ортаны залалды әсерлерден қорғауға арналған тәжірибелі
еңбектері соның бірден-бір айғақтары болып табылады.Елбасымыздың жыл
сайынғы жолдаулары әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді
бағдарлауға, ең бастысы, баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын
бірлесе айқындауымызға бағытталып отыр.

Жарқын болашаққа қадам басу жолында Еуразияның жүрегінде орналасқан
Қазақстан Рио-92 декларациясына, Йоханнесбург декларациясына (2002 ж.) қол
қойып, экология мен даму салаларындағы 25 халықаралық конвенцияны және
Киото хаттамасын ратификациялады. Сондай-ақ, Еуропа және Азия елдерінің
жаһандық үдерістерінің орнықты дамудағы белсенді қатысушысы болып
белгіленді.Елбасының халыққа Жолдауында табиғи ресурстарды тиімді және
ұтымды пайдаланудың технологиялары мен бағдарламаларын ендіруде
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үдерістердің үндестігін
сақтауымыздың тиістілігі айтылған болатын. Яғни, экономика мен экология
арасында теңдікті қалыптастыра алмаған мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр
болатыны сөзсіз. Өйткені, бүгін қайтсек те экономикалық көрсеткіштерді
арттырамыз деп, ертеңгі күні соның салдарынан келетін залалды жою үшін
тапқан пайдамыздан он, тіпті, жүз есе артық қаражат жұмсауымызға әкеп соғуы
мүмкін. Сондықтан, Қазақстан даму жолында өзін орнықты дамудың
қажеттілігімен ұштастырып келеді.Елбасымыздың Халықаралық стандарттарға
сәйкес қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету деген сөзі Қазақстан Республикасының экологиялық саясатын дамытудың
негізі болып қалыптасты.Дүниежүзілік қауымдастық дамуын соңғы 60 жылда
экономикалық және келесі 60 жылда жасыл деген идеологияға бөліп қарауға
мүмкіндік беретін Жасыл даму – бұл қазіргі таңдағы халықаралық стандарт.

Климаттың өзгеруі – жаңа мыңжылдықтағы адамзат алдында тұрған ең үлкен
көкейтесті мәселелердің бірі. Климаттың өзгеруіне байланысты туындаған
қоршаған ортаның тозу қарқыны, сондай-ақ, олардың теріс зардаптарымен
күресу үшін адамзат қолданып жатқан шаралар Қазақстанның алдына әсер етудің
қағидатты шараларын талап ететін жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай,
1995 жылғы мамырда БҰҰ-ның Негіздемелік конвенциясы ратификацияланды. 1999
жылғы наурыз айында Киото хаттамасына қол қойылып, оны 2009 жылғы мамыр­дан
бастап іске асыру үшін құжат қабылданды. Қазақстан Үкіметі пост-Киото
кезеңінде 1992 жылмен салыстырғанда 2020 жылға дейін парниктік газдардың
шығарындыларын 15 пайызға, ал 2050 жылға дейін 25 пайызға азайтуға шешім
қабылдады.

Сонымен қатар, Елбасы бізге Қазақстандағы парниктік газдар квотасын
саудалаудың тетіктерін пысықтауды тапсырды. Қазіргі кезде Киото
хаттамасының мақсаттары үшін 1-қосымшаның тарабы болып табылатын Қазақстан-
Киото хаттамасының тарабы ретінде бірлескен тетіктерді жүзеге асыру және
парниктік газдар саудасын жүргізу үшін Киото хаттамасының Б қосымшасына
қосылуға өзінің ниетін білдірді.Қазақстанда квота саудасын қамтамасыз ету
мақсатында нормативтік-құқықтық база қалыптастырылуда. Министрлік
Экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы заң жобасын
әзірледі.Атмосфераға шығарылатын парниктік газдарды азайту мақсатында, яғни
жобаның қатаң мақсатты қаржыландыруын қарастыратын жасыл инвестиция
сұлбасы енгізілді. Ол парниктік газдардың шығындыларынан республикалық
бюджетке түскен қаражат есебінен ескірген технологияларды жаңартуға, жаңа,
энергия үнемдеуші қондырғыларды, сондай-ақ баламалы энергия көздерін
енгізуге жұмсалатын болады.Министрлік БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен
Экономиканың төмен көміртекті дамуының тұжырымдасын әзірлеуде. Тұжырымдама
төмен көміртекті дамуға көшу есебімен салалық экономиканы стратегиялық
жоспарлаудың негізгі бағытын анықтады – стратегиялық шаралар, салалық
шаралар анықталды, дамудың түрлі нұсқалары әзірленді. Сондай-ақ,
экономиканың негізгі са­лаларында табиғи өзгерулер жағдайына бейімделуге
мүмкіндік беретін Табиғаттың өзгеруіне бейімделушілік туралы тұжырымдама
әзірленуде.Қазақстанның энергиялық тиімді және төмен эмиссиялық
технологияларды қолдану арқылы Жасыл даму жолын таңдауы қоршаған ортаға
антропогендік әсерді азайтады, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік және
экономикалық дамуының жаңа сапалық деңгейіне шығуға өз септігін
тигізеді.Парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға бағытталған
жобаларды іске асыру мақсатында Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру
және даму банкі және халықаралық қаржы корпорациясы өкілдерінен тұратын
Таза технологиялар­дың халықаралық қоры 1,1 млрд. АҚШ доллары көлемінде
бағыт бойынша Қазақстанда таза технологиялар бойынша
жобалардыбағдарламаларды қаржыландырудың өтінімін қарады. Олар:
жаңартылатын энергия көздерін дамыту; энергия тиімділігі;
орталықтандырылған жылумен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту.

Әлемдік дағдарысты ескере отырып, бағдарламамыздың негізгі тірегі
ретінде біз экономикалық құралдарды табиғат қорғауға пайдалану, экологиялық
стандарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатына
оңтайластыруды қарастырдық. Бұл бағыт 2006 жылы 14 қарашада республика
Президентінің Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2007-2024
жылдар аралығында орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес орын­далды.
Осы бағдарлама шеңберінде күрделі экологиялық мәселе – қалдықтарды өңдеу
мен тұтыну мәселесін шешудің жолдары қарастырылды.

Жыл сайын елімізде 700 млн. тонна шамасында өнеркәсіптік және 3 млн.
тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар пайда болады. Қазіргі таңда жыл сайын
пайда болатын қалдықтардың кәдеге жаратылған көлемі шамамен 134 млн.
тоннаны немесе 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы кәдеге жаратылатын
қалдық­тардың көлемі 139 млн. тонна шамасында немесе 20,7 пайызды құрайды
деп күтілуде.

Қазақстан 2007 жылы Стокгольм конвенциясын бекітіп, 200 мың тоннаға
дейін жинақталған берік органикалық ластаушыларды жоюды өз міндетіне алды.
Премьер-Министр К.Мәсімовтің тапсырмасы бойынша түрлі саладағы қалдықтармен
жұмыс мәселесін реттейтін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қолданыстағы
нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізілді және қалдықтарды өңдеу
бөлігі бойынша қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге ұсыныстар
әзірленді.

Сонымен қатар, барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы
қалаларының коммуналдық тазалау құрылыстары құбырларының ағысын тазалау
мәселесі де күрделі жағдайда. Еліміздің көптеген аймақтарында су
шаруашылығы жағдайы қиын кезеңді кешуде. Себебі, көптеген су нысандары
өздігінен тазару және өздігінен қалпына келу сияқты табиғи қасиеттерін
жоғалтқан.

Осы мақсатта Үкімет 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму
бағдарламасын бекітті. Бағдарлама жасыл экономиканы дамытуға, қоршаған орта
мен денсаулыққа зиян келтіретін антропогендік ықпалды азайтуға, табиғи
экожүйені қалпына келтіру мен сақтауға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуды
басқару жүйесін дамытуға бағытталып отыр.

Жасыл даму бағдарламасы шеңберінде шешілетін тағы бір мәселе –
Каспий теңізінен өндірілетін мұнайдың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету. Бұл Мексика шығанағындағы соңғы жаңалықтармен өзекті екендігі
баршамызға мәлім. Осындай мәселелер көп елдердің қызығушылығын танытып, оны
бірлесіп шешуге мүмкіндік тудырады. 2007 жылы барлық Каспий жағалауындағы
мемлекеттермен арадағы Каспий теңізінің су айдынын қорғау жөніндегі
Негіздемелік конвенция күшіне енді. Осы Конвенция Каспий теңізіне
антропогендік ықпалды реттеудің негізгі бағытын анықтау, Каспий теңізінің
биологиялық және басқа коммерциялық ресурстарын қалпына келтіру, сонымен
қатар, Каспий бойы мемлекеттерімен бірлесіп, кешенді мәселелерді шешу
мақсатында қабылданған бірінші аймақтық конвенция болып табылады.
Халықаралық ұйымдар мен донорлардың қолдауы­мен барлық Каспий бойы
мемлекеттерімен Каспий экологиялық бағдарламасы жұ­мысын бастады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құрылымындағы мемлекеттік саясат
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Исо 14001:2004 "экологиялық менеджмент жүйелері. талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық"
Аймақтық саясат туралы
ИСО 14001 2004 Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық туралы ақпарат
ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық жайлы
Экологиялық мәселелерді шешудегі шетелдік тәжірибе
Экологиялық саясат туралы ақпарат
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
Аймақтық саясат құрылымы
Пәндер