Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде


Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде.
Кәсіпкерлік: субъектілер мен түрлері.
Экономикалық іс-әрекетінің ең белсенді түрінің бірі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік - бұл азаматтардың, барлық жауапкершілікті өздеріне алып, өзінше ынталанып табыс табу үшін жеке іс-әрекетпен айналасуы.
Кәсіпкерліктің субъектісі бола алады:
-Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттің азаматы, өзінің іс-әрекетімен белгіленген заңға шектелмейтін;
-заңмен бекітілген шет мемлекеттің азаматы және өкілдік шеңбердегі азаматтығы жоқ тұлға;
-азаматтардың бірігуі (партнеры) .
Заңды тұлға ретінде кәсіпкерлік статусты кәсіпкерлік мекемені мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ғана алады. Егер кәсіпкерлік іс-әрекет басқа адамның еңбегін пайдаланбай жүргізілсе, онда ол жеке еңбектік іс-әрекет болып тіркеледі, ал егер басқа адамдардың еңбегі пайдаланса, онда мекеме болып тіркеледі.
Кәсіпкер болуы керек:
-қандай бір болмасын іс-әрекеттерге шешім қабылдағанда, кәсіпкер тәуелсіздік және батыл болуы керек;
-жұмыс нәтижесінің экономикалық жағына көңіл қоюы керек, яғни барынша жоғары табыс түсіруге есеп жасау керек.
-өзіне жауапкершілікті алып, қауіптен қорықпай, тәуекелге баруы керек. Қауіпті төмендетудің әдістері: сақатндыру, нарықтың дамуын болжамдау, қауіпті іскер әріптестерімен бөлісу, ойламаған шығынды өтеу үшін қаражат қорын жасау ж. т. б.
-іске әр уақытта инновациялық жағымен келу керек.
Кәсіпкер нарықты, экономикалық жағдайларды, фирманың сыртқы және ішкі ортасын өте жақсы білу тиіс.
Мекеме (фирма) заңды жеке кәсіпкерлік бірлік: түсінігі, сипаттамасы, мекемелер классификациясы. Коммерциялық және коммерциялық емес мекемелер.
Мекеме құрылымы.
Мекеме (ұйым, фирма, концерн) - бұл қоғамдық тұтынушыларды қанағаттандыру мақсатымен өнім өндіріп, жұмыс істейтін және қызмет көрсетіп табыс табатын өз басына жеке бір шаруашылық субъектісі. Заңды тұлға ретінде, ол елдің белгілеген заңдылық белгісіне сәйкес келуі керек: қабылданған жағдайларға, жауапты, банк несиелерін ала алады, келісім-шартқа отырады.
Фирма - заңды жеке кәсіптік бірлік. Қазіргі фирма, әдетте бірнеше мекемелерді біріктіреді. Егерде фирма бір ғана мекемеден тұратын болса, онда екеуінің бір ғана аты болады.
Мекеменің (фирманың) ішкі ортасы - бұл адамдар, өндірістік құралдар, ақпарат көздері және қаражат.
Сыртқы ортасы - бұл өнімдерді пайдаланушылар, өндірістік компоненттерді жеткізушілер, сонымен қатар мекеменің айналасында тұратын халықтар мен мемлекеттік органдар.
Мекеменің (фирманың) маңызды міндеттеріне жататыны:
-мекеменің иесіне табыс түсіру;
-мекеменің өнімдерімен тұтынушыларды қамтамасыз ету;
-жұмысшыларды еңбек ақымен, жұмыс жағдайымен және кәсіби өсуімен қамтамасыз ету;
-қоршаған ортаны сақтау - жерді, ауа және су бассейіндерін;
-мекеменің айналасында тұратын адамдарға жұмыс тауып беру;
-мекеменің жұмысын тоқтатпау.
Мекеменің міндеттері анықталады:
-иесінің талабымен;
-капиталдың мөлшерімен;
-мекеменің ішкі жағдайларымен;
-сыртқы ортамен.
Коммерциялық мекеменің (фирманың) мақсаты - капиталдың тиімділігінің жоғары болуы, яғни өндіріске жұмсаған әрбір теңгесіне ең жоғары табыс алу.
Мекеменің саласына жататынның белгілері: өнімдерді шығаруға қолданылатын шикізат түрлері; дайын болған өнімдердің сипаты; өндірістің техникалық және технологиялық бірлестігі; жыл мезгіліндегі жұмыс уақыты.
Қолданылатын шикізат түрлеріне қарай өндірістік мекемелер өндіруші және өңдеуші мекемелер болып бөлінеді.
Дайын өнімнің арналуына қарай барлық мекемелер екі топқа бөлінеді: өндіріс құралдарын шығарушы және тұтынушы заттарын шығарушы болып.
Технологиялық жалпы белгілеріне қарай мекемелерді үзіліссіз және дискретті үрдістегі өндірістерге бөледі, механикалық немесе химиялық үрдістерінің басымдылығымен.
Жыл мезгіліндегі жұмыс уақытына қарай жыл бойы және мезгілдік мекемелер болып бөлінеді.
Көлеміне қарай мекемелер ірі, орташа және шағын болып бөлінеді.
Бір түрлі өнім өндіру масштабына және мамандандырылған және аралас болып бөлінеді.
Іс-әрекетіне қарай мекемелер өндірістік, сауда, инвестициялық, көліктік, қызмет көрсету сферасы болып бөлінеді.
Азаматтық кодексте мекемелер классификациясы заңды тұлға ретінде үш негізгі критериямен негізделген:
-мүлікке немесе заңды тұлғалыққа ортақ құқықта;
-заңды тұлғалардың экономикалық іс-әрекетінің мақсатында;
-заңды тұлғалардың ұйымдастырылу-құқықтық түрлерінде.
Заңды тұлғалар үш топқа бөлінуі мүмкін:
1) қатысушылардың міндетті түрде құқықтары бар заңды тұлғалар. Ондайға жататындар: шаруашылық серіктестер және қоғамдар, өндірістік, тұтынушы кооперативтер.
2) қатысушылардың мүліктеріне меншіктік құқығы бар заңды тұлғалар. Оған жататындар: мемлекеттік және муниципальдық жекеленген мекемелер.
3) қатысушылардың мүліктеріне меншіктігі жоқ заңды тұлғалар. Оған жататындар: қоғамдық және діни ұйымдары, қайрымдылық және басқа да қорлар, біріккен заңды тұлғалар (ассоциациялар және одақтар) .
Заңды тұлғалардың бұл классификациясының үлкен практикалық маңызы бар. Іс-әрекетінің мақсатына қарай қандай бір заңды тұлға болмасын ол төмендегідей екі категорияның біреуіне жатады:
1. коммерциялық ұйым
2. коммерциялық емес ұйым
Коммерциялық ұйымдардың іс-әрекетінің негізгі мақсаты табыс табу. Коммерциялық емес ұйым тапқан табысын өзара оған кіретіндермен бөліспейді, оның ондай мақсаты жоқ.
Мекемелердің құрылымы: жалпы, өндірістік және ұйымдық
Мекеменің құрылымы - бұл ішкі бөлшектердің құрамы мен өзара қатынастары: бөлімшілер, цехтар, зертханалар және басқа да компоненттері бүтін бір шаруашылық объектіні құрастыратын.
Мекеменің (фирманың) жалпы құрылымын мекемені басқаратын ұйымдар мен өндірістік бөлімшілері құрайды.
Мекеменің (фирманың) өндірістік құрылымын оның өндірістік бөлімшілері құрайды: цехтар, қызмет жасайтын орындары жүйелері.
Мекеменің (фирманың) ұйымдық құрылымы өндірістік орындардың реттеу жүйелерін анықтар, жүргізеді.
Басқару жүйесінде үш негізгі бағытты бөледі:
Бірінші бағыт - инвестиция мен технологияны басқаруға бағытталған техникалық жағынан жабдықтау.
Екінші бағыт - адамдардың бірігіп жұмыс істеуін ұйымдастыруға бағытталған.
Үшінші бағыт - жүйенің жұмысын әсерлі қамтамасыз ететін әлеуметтік жағы. Ол жұмысшыларды таңдау, жетілдіріп ілгері көтеру, шешімдер қабылдағанда жауапкершіліктің тиімді жүктелуін қамтамасыз ету, еңбегіне қарай ақы төлеу ж. т. б.
Заңды тұлғалар: түсінігі, сипаттамасы және орындаушылық (құқықтық) қабілеті
Заңды тұлға деп меншігінде өзіне тиісті мүлігі бар ұйымды айтады.
Заңды тұлғаның белгілерінің санына жататындар:
-меншікті мүлкінің болуы;
-мүлікке өзінің жауапкершілігі;
-меншігің пайдалануға, толықтыруға және басқаруға құқығының болуы;
-сотта өз атынан жауап беруі;
-банкіде өзінің есеп шотының, балансының болуы.
Заңды тұлғаның құқықтық қабілеті заңды түрде ашылған шақтан басталып, жойылған кезде (заңды түрде) тоқталады.
Заңды тұлға заң оргадарында мемлекеттік тіркеуден өтуі керек.
Заңды тұлға істі уставтың негізіне сәйкес немесе қатысушылардың келісім-шарты бойынша жүргізеді.
Заңды тұлғаның келісім-шарты жасалынады, оны қатысушылар уставта бекітеді. Заңды тұлғаның өзінің аты болады.
Өкілеттілік - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс жердегі, жеке бір бөлімшесі соның атынан сөйлеп, соның мүддесін қорғайтын.
Филиал - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс жердегі бөлімшесі, оның барлық қызметтерін жүргізетін.
Өкілеттелік пен филиал заңды тұлға бола алмайды.
Заңды тұлға: жауапкершілік, қайта құрулуы және жоюлуы
Заңды тұлға қатысушылардың өз қаражатымен басқалары, өзінің міндеттемелері бойынша қарауындағы барлық мүлікке жауап береді.
Заңды тұлғаның қайта құрылуы (қосылу, бөліну, бөліп шығару, қайтадан жаңару) барлық қатысушылардың шешімі бойынша іске асрылады:
-біреу қосылғанда немесе бөлінгенде әрқайсысының басқару міндеті жаңадан болған заңды тұлғаға өтеді.
-құрамнан шығып, қайтадан бір немесе бірнеше заңды тұлғалар құрылса, олардың әрқайсысына басқару міндеті жүктеледі.
Заңды тұлға келесі жағдайларда жойылуы мүмкін:
-барлық қатысушылардың шешімі бойынша немесе өкілеттілігі бар заңды тұлғаның органдарының шешімі бойынша, сондай-ақ белгіленген уақыты өтіп мақсаттары орындалса, немесе тіркеуден өткенде заңды бұзғандығы туралы сот анықтап жабуға шешім шығарса;
-сот шешімімен, егер лицензиясы болмаса немесе заң бойынша рұқсат етілмейтін іс-әрекетпен айналысса.
Шаруашылық қоғамы: мәні, құрылу ерекшеліктері мен қызметі
Шаруашылық қоғамының негізгі түрлері: жауапкершілігі шектелген қоғам, қосымша жауапкершілігі бар қоғам, акционерлік қоғам.
Жауапкершілігі шектелген қоғам (ТОО) - ол бір немесе бірнеше адаммен құрылған қоғам, оның устав капиталы оған кірушілердің үлесіне бөлініп құжаттарында мөлшері көрсетілген; қоғамның іс-әрекетімен байланысты шығындарды, оған кірітіндер өзінің салған ақшасының (капиталы) мөлшерінде көтереді. Міне сондай ойменен қоғамның жауапкершілігі шектелген.
Акционерлік қоғам, мәні мен қызмет ерекшеліктері
Акционерлік қоғам (АҚ) деп устав капиталы белгілі бір санды акцияларға бөлінген қоғамды айтады.
АҚ, оған кірушілер өз акцияларын басқа акционерлердің келісімісіз өз еркімен беретін немесе сататын болса, ондайды ашық акционерлік қоғам дейді.
АҚ, оның акциялары тек оған қатысушылардың арасында ғана бөлінетін болса, өздерінің шеңберінде ғана болса, басқаларға сатуға рұқсат болмаса, ондайды жабық акционерлік қоғам дейді.
Акция - мекеме иесінің АҚ-ға белгілі бір мөлшерде капитал салғандығын және жыл сайын табыс алып тұру құқық беретінін куәлайтын құнды қағаз.
Акционерлік қоғамның жоғарғы басқару органы - акционерлердің жалпы жиналысы. Акционерлерінің саны өте көп қоғамда директорлар кеңесі құрылуы мүмкін (бақылаушы кеңес) .
Қоғамның атқарушы органы әріптестіктер арқылы (басқарма, дирекция) немесе жеке адам (директор, бас директор) арқылы жүргізілуі мүмкін.
Өндірістік кооперативтер (артель) : мәні, құрылу ерекшеліктері,
қызметі және жойылуы
Өндірістік кооператив - бұл өндірістік немесе басқа да бір шаруашылық іс-әрекеттерді атқаруы үшін (өндіріс, өңдеу, өндірістік, ауылшаруашылық және басқа да өнімдерді өткізу үшін, сауда, тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету үшін) адамдардың мүшелік негізінде ерікті бірігуі.
Кооперативтің фирмалық аты оның мазмұнына сәйкес келуі керек және қосымша "өндірістік кооператив" немесе "Артель" деп жазылады.
ӨК-ті құрайтын құжат, мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген, оның уставы. Кооператив мүшелерінің саны бестен кем болмауы керек.
Кооператив мүшесі тіркеуден өтер кезде 10% кем емес взнос (салым) салуы керек, ал қалған бөлігін тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде өтеуі керек.
Кооперативтің акциялар шығаруға еркі жоқ. Кооперативтің табысы оның мүшелеріне бөлінеді. Кооперативтің жоғарғы басқару органы болатыны мүшелерінің жалпы жиналысы. Мүшелері көп, 50-ден асатындай болса онда бақылау кеңесі құрылады. Атқарушы органы оның басқармасы немесе төрағасы.
Мемлекеттік және муниципальдық жекеленген мекеме: мәні,
құрылу ерекшеліктері, қызметі және жойылуы
Жекелендірілген мекеме деп мемлекеттік және муниципальдық коммерциялық ұйымды атайды, оған берілген мүліктерге меншігі жоқ. Мекеменің мүліктері оның үлесіне кіргендерге және онда істейтін адамдарға бөлініп берілмейді. Мекемені құрастыратын құжат оның уставы. Жекелендірілген мекеменің қызметтерінің негізгі сипаттары мен принциптері:
-бұндай мекемені мемлекеттік органнан өкілдік шешімі бар немесе жергілікті өзін-өзі басқаратын орган құрайды;
-мекеменің негізгі құжаты оның уставы;
-устав қорының мөлшері, мемлекеттік және муниципальдық жекелендірілген мекемелер туралы заңда көрсетілген соммадан төмен болмауы керек;
-мемлекеттік тіркеуден мекемені өткізгенге дейін уставта көрсетілген қорды меншіктенуші толығымен төлеуі керек.
Коммерциялық емес ұйымдар
Коммерциялық емес ұйымдар мынадай түрде құрылады:
-тұтынушылық кооператив;
-қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер) ;
-қорлар;
-мекемелер;
-біріккен заңды тұлғалар (ассоциациялар және одақтар) .
Тұтынушылық кооператив мүшелік негізде, заңды тұлғалар мен азаматтардың еркімен бірігуінің арқасында оған кірушілердің материалдық қажеттілігін өтеу мақсатымен құрылады.
Қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер) азаматтардың еркімен бірігуінің арқасында белгіленген, заңға сәйкес мүдделерінің жалпы негізіне қарай рухани немесе басқа да материалдық емес қажеттілігін өтеу үшін құрылатын ұйым.
Қор, мүшелері жоқ, жеке азаматтың немесе заңды тұлғаның өз мүліктерін еркімен, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру немесе басқа да пайдалы қоғамдық мақсаттар үшін салып ашылған коммерциялық емес ұйым.
Басқарушылық, әлеуметтік- мәдени немесе басқа да коммерциялық емес қызметтерді жүргізу үшін меншіктермен құрылған ұйымды мекеме дейді.
Коммерциялық емес ұйымдар кәсіптік іс-әрекеттерін реттеу үшін, сонымен қатар жалпы мүдделерін қорғау үшін өзара келісім-шарт жасап бірігіп ассоцияация немесе одақ құруы мүмкін.
Ассоцияация (одақ) құрудағы басты принциптер:
-бірігудің еркімен болуы;
-оған кіргендердің тең болуы;
-ұйымдар түрін еркімен таңдау;
-қатысушылардың еркіндігі;
-бірлестікке кіргендегі алған міндеттемесі бойынша жауапкершілік.
Кәсіпкерлік іс-әрекетінің түрлері
Холдингтер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz