Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен өзара байланысы



Кез келген қоғам өзін-өзі реттегіш жүйе ретінде танылатыны баршамызға мәлім. Өйткені, қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен реттеп отырады. Мемлекет пайда болғанға дейінғі аралыкта тәртіпті рулық тайпалықк әдет-ғұрып нормалары арқылы реттеп отырған. Сондықтан да болар оларды орындау әр рудың, тайпаньщ азаматтық борышы боп қалыптасқан. Орна-тылған тәртіпті орындамағандарға өте катаң жаза колданылып отырған, ен ауыры - рудан, тайпадан қуып жіберу, мұның өзі өліммен пара-пар болатын, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі о кезде күмәнді, сезік тудыратын. Бертін келе өндірғіш күштердің күрделенуіне байланысты қоғамның әлеуметтік күштерінің де күрт өзгерілуіне душар болды. Сөйтіп, бара-бара алғашқы қауым ыдырап, мемлекеттің пайда болуына әкеп соқтырды. Ендіғі жерде бұрынғы тайпалық, рулык әдет-ғұрыптар арқылы қоғамдағы тәртіпті сақтап тұру мүмкін еместі. Сөйтіп, қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-сезіміне байланысты емес туындайтын катынастарды реттеу - құқықтық ережелер болып табылады. Мұндай объективтік қажеттіліктің жаңа түрін құқық нормалары немесе құқықтық нормалар деп атаймыз.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен өзара байланысы
2. Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен өзара байланысы
Кез келген қоғам өзін-өзі реттегіш жүйе ретінде танылатыны баршамызға
мәлім. Өйткені, қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен реттеп
отырады. Мемлекет пайда болғанға дейінғі аралыкта тәртіпті рулық тайпалықк
әдет-ғұрып нормалары арқылы реттеп отырған. Сондықтан да болар оларды
орындау әр рудың, тайпаньщ азаматтық борышы боп қалыптасқан. Орна-тылған
тәртіпті орындамағандарға өте катаң жаза колданылып отырған, ен ауыры -
рудан, тайпадан қуып жіберу, мұның өзі өліммен пара-пар болатын, өйткені
жалғыз адамның өмір сүруі о кезде күмәнді, сезік тудыратын. Бертін келе
өндірғіш күштердің күрделенуіне байланысты қоғамның әлеуметтік күштерінің
де күрт өзгерілуіне душар болды. Сөйтіп, бара-бара алғашқы қауым ыдырап,
мемлекеттің пайда болуына әкеп соқтырды. Ендіғі жерде бұрынғы тайпалық,
рулык әдет-ғұрыптар арқылы қоғамдағы тәртіпті сақтап тұру мүмкін еместі.
Сөйтіп, қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-
сезіміне байланысты емес туындайтын катынастарды реттеу - құқықтық ережелер
болып табылады. Мұндай объективтік қажеттіліктің жаңа түрін құқық нормалары
немесе құқықтық нормалар деп атаймыз. Бұлардың алғашқы тапсыз қоғамдағы
әдет-ғұрып ережелерінен өзгешелігі олардың мемлекетпен тығыз
байланыстығында. Құқық нормалары - бұл экономикадан туындайтын әдет-ғұрып
сияқты өздігінен стихиялы түрде пайда болмайтын, кұкыкшығармашылык деп
аталатын мемлекеттің айрыкша органдарының арнайы тағайындайтын қоғамдағы
адамдардың мінез-құлық (тәртіп) ережесі, өйткені олар құқық нормаларын
шығарады. Сөйтіп, мемлекет өзіне қажетті құқық нормаларын тудырады. Бұл
ережелер сол мемлекет аумағын-дағы адамдардың, мекеме, ұйым,
кәсіпорындардың, олардың жоғарғы орғандарын коса алғанда, тұрақты
тұрғандары, тұрмағандарына, қандай руларға бөлінетіндеріне қарамастан
барлығына міндетті болып табылады, оны орындату, әрине, мемлекеттің
семсерлі күшіне байланысты. Көбінесе, мемлекет тағайындаған нормаларды
адамдар және өзге де құқық қатынастарының субъектілері еркін орындайды.
Бірақта, олардың ішінен құқықбұзушылық, теріс іс-әрекеттер кездесіп те
қалатыны сөзсіз. Ондай адамдарды жолға қою құқыққорғаншы делінетін мемлекет
аппаратының қызметі (полиция, прокуратура, милиция, ұлттық кауіпсіздік
органдары, сот т.б.).
Мемлекет тағайындаған барлық құқық нормаларының жиынтығы біріге келе
белгілі бір жүйені құрайды. Олардың барлық элементтері бір-бірімен қабысып,
бірінің ішіне екіншісі еніп, ажырамастай тұтасып іс-қимыл жасайды. Міне,
мұны біз құқық дейміз. Мұны тағы да позитивтік құқық немесе объективтік
сипаттағы құқық деп те атайды.
Ендігі жерде объективтік құқық дегеніміз не, соны анықтауымыз қажет.
Біздің құқық туралы жалпы түсінігіміздің бар екендігін білеміз - бұл жеке
тұлғаның айрықша өзі. Адамның ешқандай табиғи құқықтарын бұл теория
танымайды, адам тек өкімет "сыйға" берген құқыққа ғана иелі, өйткені
мемлекетті құдайдың еркін іске асырушы ретінде санады. Ал енді кеңес
заманына келетін болсак, онда заңгерлер теориянын мынадай вариантын жасады;
құдайдың еркінің орнына "үстем таптың еркі" қойылды. Құқық - бұл заң
деңгейіне дейін көтерілген үстем таптардың еркі. Демек, кенес заманындағы
Коммунистік партияның еркіндігінің үстемдігінің кесірінен зардап шеккендер
туралы айтпасақта баршаға аян. Өз халқына жасаған оның террорлық шаралары
да кезінде заңдарға айналдырылып, оның іс-әрекеттері құқыққа сай дұрыс деп
табылды. Мысалы, шешен халқын өзінің тұрғылықты жерінен еріксіз қозғап,
баска аумаққа қоныстандырылғанына тарих куә.
Бірақта, ерте заманнан бізге келген құқықтың баска түрдегі түсінігі -
бұл өділетті жолмен істі асыру тұжырымдары. Бұл процесте олардың мүдделері
тұрақты қақтығысуда болған. Осы қақтығысулар үнемі болып тұратындықтан,
оларды шешу ережелері біртіндеп жасалынды, ал қажет болған жағдайда олар
күшпен басып тасталынды.
Бірақта, мүдделердің қақтығысуын қалай шешуге болады, адамдардын карама-
қайшы мүдделерін калайша үйлестіру ке-рек? Ол үшін тараптардың әрқайсысының
мүдделерінің шегін аныктауымыз қажет, сөйтіп, осыдан кейін бұл мүдделерді
қанағаттандыратын еркіндіктің шарасын белгілеген жөн. Қазіргі кездегі
біздің ғылымымыздың "құқық - бұл еркіндіктің шегі" деп айтуы кездейсоқтық
емес. Демек, құқықтың ең алғашқы функциясы - бұл әркімге еркіндікті
үлестіріп өлшеп бөліп беру, оның шегін, егерде еркіндік пен мүдделер бір-
біріне қайшы келген жерінде, оның шегін тағайындау. Мысалы: қазірдің өзінде
қоршаған органы қорғау туралы көптеген заң жене ведомстволық актілер бар.
Соған қарамастан ірі қалалардағы жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіп
басшыларының арасында келіспеушіліктер мен даулар қойылар емес, өйткені
өнеркәсіп болса ауаны ластауына тыйым салатын шараларды қолданбай-ақ
келеді. Осының негізінде қала тұрғындары өнеркәсіптің жұмыс істеуін
тоқтатуын талап етсе, ал басшылар болса, оған қарсылық көрсетуде. Осыдан
барып жаңадан ереже пайда болады. Қандай актіде бұл норманы түжырымдауға
болады. Біздіңше, келісім-шарт та болуы мүмкін. Онда тараптардың өзара
құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс. Айталық, жергілікті өкімшілік
әрбір кәсіпорынмен шарт жасасқан кезде экологиялық қорғау шараларымен қатар
оны орындамағандарға жаза түрлері де қамтылады делік. Бірақта, әрбір қалада
көптеген кәсіпорындардың бар екендігін ескерсек, онда олардың санын
еліміздегі қалалардың санына көбейтуіміз қажет. Демек, бұл жерде шарттық
нысанның қауқары жеткіліксіз, мардымсыз болады. Сондықтан, заңгерлердің
белсенділігі, бұл мәселе төңірегінде, тиімді нәтиже беруі тиісті. Сөйтіп,
болашақ заңда қоршаған органы қорғау ережесі бекітіліп, гиісті шаралар
нақтыланғанда ғана жауапкершілік артылып, ендігі жерде оны бұзушылар бірте-
бірте жойылуы мүмкін.
Сөйтіп, заң ғылымындағы объективтік (позитивтік) құқық дегеніміз кез
келген адамға байланысты емес, мемлекет мақұлдаған немесе бекіткен (яғни
қорғайтын, танитын) мінез-құлық (тәртіп) жүйесі немесе оның жиынтығы.
Ертеде қалыптасқан ру, тайпа қауымының мінез-құлық (тәртіп) ережесі ауызша
дәстүрде болатын. Бертін келе әр қилы тайпалық халықтың түсінікті түрдегі
жазбалы бірыңғай ережесі дүниеге келгенін біз білеміз (мысалы "Русская
правда", Тәуке ханның "Жегі жарғысы", т.б.). Қазіргі кездегі заңдар,
қаулылар, жарғылар, бұйрықтар, т.б. осылардың қатарына жатады. Құқықтың
басты белгісі - бүкіл халықтың жалпы міндеттілігі. Мұның өзі бүгінгі күнге
дейін сақталынып келді, бірақ оның әлеуметтік мәні өзгерді, адамгершілік
жағы басымдау келеді.
Құқық терминінің екінші жағы "субъективтік құқық" деп аталады. Демек,
құқық жұртшылықка бейімделген жалпы норма ғана емес, ол әрі жеке адамға
тиесілі "өзіндік құқығы" ретінде де қолданылады, яғни адамның және
азаматтың қызметке (жұмысқа) кіру, оқу мекемесіне оқуға қабылдану, білім
алу мүмкіншілігі, азаматтықты алуға құқылығы, т.б. Бұл сөздің мәнісі жеке
түрдегі ("менің құқығым бар") және көпшілік түрдегі ("біздің құқығымыз
бар"), "өзіміздің құқықтарымызды қорғайық". Бірақта субъективтік құқық
адамнан (немесе ұйымнан) бөлінбейді, яғни осы құқыққа иелі субъектімен
үнемі тығыз байланыста болады. Сөйтіп, заң, ереже, т.б. түжырымдары жеке
адамға немесе құқықтың жеке адамға немесе құқықтың өзге де субъектілеріне
құқықтар бере отырып, мұндай құқықтарды мемлекет жариялайтындығы және
арнайы құқықтың ықпал ету шараларымен қорғалып, қамтамасыз етілетіндігі
жағынан талап болып қалады. Сонымен бірге кез келген құқыққа басқа тұлғалар
мен органдарға қатысты өз іс-әрекетімен (немесе ондай іс-әрекетке бармай)
осы құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге берілген билік органның
нұсқауы сай келеді. Сондықтан, құқық нормаларының жүйесі ретіндегі
объективтіқ құқықтан субъективтік құқықты ажыратуымыз қажет. Сөз жоқ,
жоғарыда сөз етілген нақтылы, жеқе адамның (тұлғаның) немесе органның заңда
негізделген яғни объективтік құқықтың нормаларында көзделген қандай да
болмасын іс-қимылдарды жасауға мүмкіншілігі.
Аталған ерекшеліктерді барынша нақыштау үшін мынадай мысалдарды
келтіргенді жен көрдік. Қазіргі қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы
Конституциясының II бөлімінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
берілген. Оның 33-бабынын 2-тармағында: "Республиқа азаматтарының
мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға
және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы
бар'', - делінген. Бұл ереже, өзіміз көріп отырғандай, объективтік құқықтың
нормалары болып табылады, өйткені мұнда бүкіл азаматтардың құқықтары сөз
етіліп, жалпы ереже түрінде беріліп отыр. Осы жалпы ережеге сүйене отырып,
нақтылы жеке азаматтың субъективтік (өзіндік) құқықтарын нақтылауға болады,
яғни сайлауға не сайлануға болатын құқығы, оның өзіне байланысты. Былайша
айтқанда, жеке азамат сайлауға қатысуы да мүмкін, не қатыспауы да мүмкін.
Сондықтан, жеке азаматтың сайлауға қатысуға құқылығы дегеніміздің өзі оның
субъективтік құқығын айқындайтындығы.
Құқықтық норма өзінің әлеуметтік қызметі мен мазмұны жөнінен де талап
болып табылады. Олай дейтініміз ол арқылы қоғамда құқықтық тәртіп орнығады
(құқық негізіндегі тәртіп). Өйткені, құқықтық норманы мемлекет
тағайындайды, сөйтіп өзіне қажетті тәртіпті сақтауға міндетті. Әрине,
мемлекеттің өз мүддесін көздеуі сөзсіз. Сондықтан да болар құқық, ең
алдымен, жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Құқық ұғымы туралы
Құқық пен мемлекеттің арақатынасы
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Тұлға туралы ұғым. Заңды тұлға
Азаматтық мәселесі жөніндегі халықаралық шарттар
Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі
Пәндер