Экономика ғылымы туралы жалпы мәлімет


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Экономика ғылымы туралы жалпы мәлімет

ІІ. «Меркантилизм» ілімі жөнінде

ІІІ. «Классикалық» идеялар

IV. «Марксизм» атты теориялық тұжырымдар

V. «Маржинализм» теориясы

VI. Экономикалық теорияның төрт ағымы

Экономикалық мектеп өкілдері

Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия» («ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылары Ксенофонт (б. з. б 430-355жж. ) және Аристотель (б. з. б. 384-322жж. ) еңбектерінде пайда болды.

«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде - (үй, шаруашылық) Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір талаптарға сүйене отырып, феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды.

Экономикалық (тауарлы - ақша) байланыстарының дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсер етті. Сол кездері жеке иеліктерді жүргізумен шектелмеді және мемлекеттегі (мемлекет грекше - «полис», «политейя» деген сөз) барлық шаруашылықты жүргізудің жалпы ұлттық ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Алғашқы рет «саяси экономия» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Монкретьен қолданды. Ол «Саяси экономия трактаты» (1615 ж. ) кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны ғылым деп айтуға ерте болатын. Экономикалық теория ғылым ретінде XVI-XVII -ші ғасырлар тоғысында пайда болды. Осы кезде тауарлы - ақша қатынастары кең дамыды. Оның өзі экономиканың даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылды.

«Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны мынады: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы, материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-ауқаттылығына, сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) жинақталуы арқасында қол жеткізіледі. Меркантилистік саясат елге барынша көп мөлшерде алтын мен күмісті жинауды көздеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вильям Стаффорд (1554-1612 жж. ) және Томас Мен (1571-1641 жж. ) болып табылады.

Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғаш рет физиократтар («физиократ» гректің: «физис» - табиғат, «кратос» - өкімет деген екі сөзінен шыққан) мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы - Франсуа Кенэ (1694-1774 жж. ) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі - ауыл шаруашылығындағы еңбек деп есептеді. Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти (1623-1687 жж. ), Адам Смит (1723-1790 жж. ) және Давид Рикардо (1772-1823 жж. ) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығы еңбегі арқылы емес, барлық еңбек саласындағы еңбектерде (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) көрінетіндігін айғақ етті. Осы идеялар «классикалық» (үлгілі) деген атқа иеленді, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.

Классикалық мектеп саяси экономияның тұжырымдамасын тереңдете отырып, Ульям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Карл Маркс (1818-1883 жж. ) және Фридрих Энгельс (1820-1895 жж. ) теориялық тұжырымдаманы жасады, ол жинақталып - «марксизм» деген атқа ие болды. К. Маркстың ашқан басты жаңалықтары: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің (коммунизм) жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды; абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін ашты. К. Маркстың басты еңбегі - «Капитал» (1867-ші жылы 1-ші, 1885 жылы - 2-ші, 1894 жылы - 3-ші томдары жарыққа шықты) деген атпен белгілі және осы еңбек оны әлемдегі ұлы экономистер қатарына қосты.

Бұл ілімінде жеке олқылықтар да бар. Тарих К. Маркстың капитализм кезеңіндегі пролетариаттың абсолютті кедейленуі туралы қорытындысын қоғам толық мақұлдамады, капитализмді таза қанаушы қоғам деген пікір де қателеу көрінді. Әлемдік экономикалық ғылым марксизмді қатты сынай отырып, осы ілім экономикалық теорияны дамытудағы ерекше дәуір болатындығын мойындады. Экономикалық теорияны дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі американ ғалым-экономисі, «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон (1915 ж. ) ұлы үш ойшылды ерекше бөліп қарайды. Олар А. Смит, К. Маркс және Дж. Кейнс. Американың көрнекті ғалымы Дж. Гэлбрейт былай деген: К. Маркстың ілімі өте құнды, сондықтан оны толық марксистерге беруге қимайды. К. Маркстың еңбектерінде баяндалған идеялар шет елдер мен Ресейде де өзінің кейбір ізбасарларын тапты. Ресейде К. Маркс пен Ф. Энгельстің идеяларын В. И. Ленин (1870-1924 жж. ) белгілі дәрежеде толықтырып өңдеді. В. И. Ленин К. Маркстың қоғамдық капиталды ұдайы өндіру және экономикалық дағдарыстар туралы теориясын талдауға ерекше мән береді. Ол туралы оның «Ресейдегі капитализмнің дамуы» (1899 ж. ), «Нарық деп аталатын сұрақтар» (1893 ж. ) және басқа еңбектері куәландырады. Бұл еңбектерінде В. И. Ленин ірі өнеркәсіп үшін ішкі нарықтың қалыптасу поцесін таңдауды көрсетіп, нарықтың ұйымдастырушылық пен біріктірушілік күшінің экономикалық заңдылығын ашты. Осы айтылған экономикалық ойлар қазіргі жағдайда ТМД елдерінің нарыққа көшуінде өзекті мәселелер болып табылады.

ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» (ағылшынның «marqinal» - шекті деген сөзі) теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921 жж. ), Фридрих фон Визер (1851-1926 жж. ), Эйген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж. ), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 жж. ) және басқалары қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды. Математикалық мектептің өкілдерінің бірі, швейцар-экономисі Леон Вальрас (1834-1910 жж. ) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, оның негізі сұраным мен ұсынымға талдау жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Қазақстан Республикасындағы менеджменттің ролі
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджменттің дамуы
Менеджмент теориясы туралы
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Экономикалық ілімдер тарихы пәні жөнінде жалпы мәлімет
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Қарым қатынас психологиясы. Қоғам коммуникативтік процесс ретінде.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz