Меншік құқығы туралы түсінік



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Меншік құқығы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Меншік құқығының пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ... ... ... ... ... ... ...8
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болуы керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
1 Баққұлақов С. «Құқық негіздері».Алматы2004.
2 КР Конституциясы. Алматы 2004.
3 Сапатғалиев Ғ. « Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» Алматы 1996.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
Меншік құқығы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Меншік құқығының пайда болу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 4
Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығы ... ... ... ... ... ... ...8
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Меншік құқығы туралы түсінік

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та,
негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болуы керек,
меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден, экономикалық
категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық
тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету
жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі,
яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы
қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде
санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық
қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар
отырған біздің экономикалық заңдарымыз
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет.
Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге
бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы
субъективті мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың
қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету
құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген
қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн
болар.
Азаматтық Кодекстің 188 – ші бабында анықталғандай, меншік құқығы
дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және
тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды
заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке
ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. мысалыЖ азамат ұзақ командировкаға кеткенмен
өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол
сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы
басқа субъектіге берілуі де ықтимал. мысалыЖ жалға беру және т.б. шарттар.
Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де
болуы мүмкін.
Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін
алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда
кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін.
Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық
және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат
өз автомабилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға арқылы
пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа
субъектіге берілуі мүмкін. мысалыЖ жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану
құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік
иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектігі мүлікті
иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса,
пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.
Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын
белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз
мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге
асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып
жіберу және т.б. Сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты
өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және
заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбау тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге
асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі
мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез –
келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың
меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесыі болып қала отырып,
оларға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да өкілеттігін тапсыруға,
мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге,
лоарға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңмен
анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншік құқығының пайда болу негіздері

Меншік құқығының пайда болу негіздері дегеніміз азматтық құқық
субъектілерінің белгілі затқа (мүлікке ) байланысты меншік құқығың алуын
заңды түрде байланыстыратын заңды айғақтар. Заң әдебиеттерінде қалыптасқан
көзқарастар бойынша оларды екі топқа бөлуге болады: бастапқы және туынды.
Бастапқы тәсіл негізінде мүлікке меншік құқығы бірнеше рет пайда
болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету
құқығында болмаған. Сондықтан да бастапқы тәсіл бойынша меншік
құқығыныңпайда болуына мына негіздерді атап көрсетуге болады: жаңа затқа
меншік құқығы (273 - бап); иелену мерзімі (244 - бап); (245 - бап);
қараусыз жануарлар (246 – бап ) және т.б.
Туынды тәсіл дегеніміз – мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту
нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі. Аталған негіздің
ерекшелігі сол, мүлік басқа біреуге өткенге дейін алғашқы иесінің
иеленушілігінде болуы, ал мүлікті иеліктен шығарушыда оның тоқтатылуы.
Туынды тәсілінің негізінде меншік құқығының пайда болуына көбінесе
азаматтық – құқықтық келісімдердің ықпалы әсер етеді (мысалы, сатып алу –
сату, қарыз немесе несие шарты, жекешелендіру және т.б.).

Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны

Сотта азаматтық іс: 1) өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша; 2) прокурордың
арызы бойынша; 3) заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару,
жергілікті өзін - өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің,
ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (Азаматтық іс
жүргізу кодексінің 8, 56, 57 баптары).
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152 бабына сәйкес азаматтық іс
бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа
түскен күннен бастап бес күннің ішінде судъя істі қозғау жөнінде ұйғарым
шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатын немесе
бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.
Құқықты сот қорғауының маңызды кепілдігі Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 153 бабында арызды қабылдаудан бас тарту үшін негіздердің бәрін
қамтитын тізбесі көзделген. Судъя арызды қабылдаудан бас тарта отырып, бүұл
туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Ұйғарымда судъя, егер іс соттың қарауына
жатпаса, арыз берушінің қандай органда жүгінуі керек екенін не істің пайда
болуына кедергі жасайтын мән – жайларды қалайжоюға болатынын көрсетуге
міндетті. Заңда судьяның арызды қабылдаудан бас тарту ұйғарымына жоғарғы
тұрған сотқа шағым жасауға немесе прокуродың наразылық келтіруіне жол
береді.
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап – арыз, шағым
(арыз ) береді.
Талап – арыздың берілуімен талап бойынша іс қозғалады. Талап бойынша
іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқық
қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде
туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу
құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Мүдделі адамның бұзылған немесе дау туғызған субъективті құқығын
немесе заңмен қорғалатын мүддесін құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды
талап етіп сотқа жүгіну талап – арыз деп алады.
Талап қоюшының қандай талап қоюына қарай талаптар беру туралы (өндіру
немесе орындау), тану (анықтаушылық) және өзгергіштік туралы (мысалы,
некені бұзу туралы) талап қою болып бөлінеді. Талаптардың көпшілігі өндіру
туралы (алимент өндіріп алу туралы, денсаулыққа немесе мүлікке келтірілген
залалды орнын толықтыру, көшіріп жіберу және басқалары туралы) болады. Тану
туралы талап қою соттың өз шешімімен талап қоюшы мен жауапкер арасында
құқық қатынастары бар – жоғын анықтап, айқын емес, күмәнді жәйттерді жоюына
бағытталған (мысалы, әке болуын анықтау туралы, өсиетті жарамсыз деп тану
туралы).
Талап – арыз оның нысанасы мен негіздемесіне бөлінеді. Олар талаптың
элементтері, оның құрамдас бөліктері деп аталады. Практикада бір талап арыз
екіншісінен солар бойынша ерекшеленеді. Заңда сотқа қайталап ұқсас талап
қоюға жол бермейді. Ол сотта қағазбастылық туғызады, соттың беделін
түсіреді және сот қаулыларының тұрақтылығын бұзады.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің
150 бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде қойылған, яғни
азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар арыз беру арқылы қозғалады. Егерде
арызды өкіл (адвокат, юрисконсульт) берсе, оған заңда белгіленген
тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын
өзге құжат қоса табыс етілуі қажет.
Талап қойылған арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен
үшінші жақтың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің
қиындығы мен сипатына қарай талапкерді талап қойылған арызға қосылған
құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (Азаматтық іс
жүргізу кодексінің 151 бабы). Талап қойылған арыз бен құжаттардың көшірмесі
жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына
мүмкіндік береді.
Істі сотта дербес жүргізу үшін мүдделі адамның іс жүргізу қабілеті
болуға тиіс (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 46 бабы). Бұл – сотта өз
құқықтарын тікелей өзі жүзеге асыруға және істі жүргізуді өкіліне тапсыруға
қабілеттілік деген сөз.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай – ақ
әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен
мүдделерін сотта олардың ата – аналары, асырап алушылары немесе
қамқоршылары қорғайды, алайда сот мұндай істерге қатысуға кәмелетке
толмағандардың немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың
өздерін де тартуға міндетті.
Еңбек қатынастарынан және алатын табысына, стипендиясына, өзге
кірісіне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік
етуге байланысты мекемелерден туындайтын істер бойынша кәмелетке
толмағандардың сотта өзқұқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін тікелей
өзіқорғауға құқығы бар. Мұндай істерге қатысу үшін кәмелетке толмағандарда
көмек көрсетуге олардың ата – аналарын, асырап алушыларын тарту соттың
ұйғаруына байланысты болады.
Азаматтық іс бойынша айғақтар сот заңмен белгіленген тәртіппен
негізге алып, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән –
жайлардың бар – жоғын анықтайтын кез – келген нақты деректер мен істі дұрыс
шешу үшін маңызы бар өзге де мән – жайлар болып табылады.
Бұл деректер мынадайамалдармен: тараптардың және үшінші тұлғалардың
түсініктемелерінмен, куәлардың көрсетуімен, жазбаша айғақтармен, заттай
айғақтармен және сарапшылардың қорытындыларымен анықталады.
Дәлелдеу міндетін заң тараптарға (талап қоюшы мен жауапкерге)
жүктеледі. Дәлелдеу процесіне іске қатысатын басқа да тұлғалар (үшінші
жақтар, прокурор, мемел. басқару органдары және басқалар қатысады).
Істі мәні бойынша шешу байланысты болатын фактілер дәлелдеу заты деп
аталады. Іс үшін маңызы бар, дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер болатынын
атап өткен жөн.
Олардың қатарына мыналар жатқызылған : 1)сот таныған жалпыға мәлім
фактілер; 2)преюдициялық фактілер, яғни бір азаматтық іс бойынша соттың
шешімімен заңды күшіне енген анықталған фактілер нақ сол тұлғалар қатысатын
басқа да азаматтық істерді қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
Талаптардың сипатына, істің қарапайымдылығы мен қиындығына
қарамастан, судья істі сотта қарауға дайындық жүргізуге тиіс, өйткені
азаматтық процесте алдын ала тергеу сатысы болмайды. Істі тындай
белгіленген бір сот отырысында қарау дайындықтың жүргізілу сатысына
байланысты.
Судьяны істі дайындау мен сотта қарау жөніндегі іс жүргізу
әрекеттерінің тізбесі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 170 бабында берілген,
іс жеткілікті дәрежеде дайындалған деп таныған соң судья оның қаралуын
белгілеу туралы ұйғарым шығарады.
Сотта қарау – бірінші сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау мен
шешу. Істің қозғалуын сот міндетті түрде қарауға тиіс. Процесті бұл
сатысында азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері мейілінше толық
көрінеді.
Диспозитивтік құқықтың бұл саласының сапалық ерекшелігін білдіреді,
ерекше салалық принцип болып табылады. оның мәнімынада:азаматтықістің
қозғалуы, оның жүруі және процестің тоқталуы тараптардың қалауына
байланысты. Тараптар процесті қозғаушы, бастаушы деп аталды.
Диспозитивтілік азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларына өтеді.
Диспозитивтіліктің мазмұнын тараптардың арнайы құқықтары, атап айтқанда,
сотта қорғану, талап қоюшының талап – арыздан бас тартуы, талап – арыздың
нысанасын немесе негіздемесін өзгерту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік меншікке түсінік
Меншік құқығы туралы ақпарат
Жер құқығы қатынасындағы мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскесін иеліктен шығарудың қағидалары
Патент құқығы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Нарықтық экономикадағы меншік
ЖЕРГЕ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕНШІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері,оны жүргізу әдістері жайлы
Мұрагерлiк құқық жайлы
Пәндер