Қазақ жазу тарихына шолу


«Бұрынғы ССРО деп аталатын елдегі ана тілін ең алдымен жазуға түсірген халық қазақтардың арғы аталары - ежелгі түріктер болған. Түріктердің жазуы тарихшылар мен тіл мамандарының деректі зерттеулерінде біздің жыл санауымыздан 3-5 ғазыр бұрын пайда болғанын көрсетеді. Орыс жазуының негізі болған славян-кирил жазуынан 12-15 ғасыр бұрын, грузин, армян жазуынан 8-10 ғасыр бұрын шыққан осы түркі жазуы. Сол ертедегі «руникалық» деп аталып кеткен жазу жүйесі қазіргі Монғолиядан бастап Алтай, Талас, Кавказ, Дунай маңдарында - араб шапқыншылары мен мұсылман діні онша жете алмаған аймақтарда көбірек сақталып қалған. Сол жазуды арғы аталарымыз мың жарым жылдан аса қолдаған. Ерте кездерде түріктер басқа да жазуларды қолданған: көне ұйғыр жазуы, манихей жазуы, сирия жазуы, т. б. Сегізінші ғасырда туркі халықтары мекендеген жерлерді арабтар жаулап ала бастады да, бағындырған жерлерінде түркі халықтарының мәдениетін, тілін, көне жазуын жоюға ат салысты. Түріктердің бұрын қолданып жүрген жазу жүйесін мүлдем құртып жіберді де оның орнына VII ғасырда, түркі жазуынан мың жылдан кейін пайда болған, араб тілі үшін жасалған жазуын күштеп енгізді. Осы араб жазу жүйесі қазақ тілінде де, басқа түркі тілдеріне де қолайлы болмады мұны жақсы түсінген Ахмет Байтұрсынұлы 1924 жылдарда оған қазақ тіліне бейімдеп біраз өзгеріс енгізді.
Дегенмен, қазақтар араб әліппесінің қиындықтарынан арыла алмады, соған байланысты, тағы большевиктердің түркі халықтарын басқа мұсыомандардан бөліп тастау саясатына байланысты 1929 жылы қазақ жазуы латын алфавитіне көшірілді.
20-30 жылдардағы түркі халықтары тілдеріне арнап жасалған латынша жазу тарихта дүние жүзінде жасалған алфавиттердің ішінде ғылыми жетістіктерді мол пайдаланған ең қолайлы алфавит болатын. Ол жазу көп жылдар бойы қосып ақылдасуының, мамандардың жанжақты тәжірибеде тексеруі, көп сынауы нәтижесінде туған, жазуды мұнша алдын ала талқылау тарихта бұрын-соңды болған емес. Ол ССРО-дағы барлық түркі халықтарына ортақ, бір ізге келтірілген жазу еді. Бұл жазуға Туркия Түріктері де араб әліппесіне сол кездегі бірінші президент Ататуріктің ұсынысымен көшті. Осы жазумен қазақтар 1941 жылға дейін пайдаланды. Сөйтіп, қаны бір түркі халықтары ортақ жазу жүйесін пайдаланып, бірін-бірі сөйлеу тілінде ғана емес, жазба түрде де түсінісетін халге келіп еді. Ол жазуды ССРО-ның басқа да көптеген халықтары қабылдаған болатын.
Бұл жағдай колониялық бөліп-жарып билеу, халықтарды орыстандырып ассимиляция жасау саясатына қайшы екенін большевиктер кейін білді. Осыны жақсы түсінген орталықтағы бастықтар бір-біріне өте жақын туыстас түркі халықтарының басы бірікпес үшін жазудың жаңа төңкерісін жасады. Тәурәттағы Бабилон мұнарасын құрған халықтардың тілін шатыстырып жіберген әдісті пайдаланды. 1936 жылдан бастап түркі халықтарының жазуы олардың «өз еркімен» деп алдаған жоғардан келген нұсқаулармен орыс - кирил жазуына көшіріле бастады. Қазақтар оған 1940 жылы көшуге мәжбүр болды.
Орыс жазуына көшірілгендегдегі көздеген тағы бір мақсат - түркі халықтарын тек орыс тіліне таңып қойып, басқа қазіргі дүниедегі озық халықтармен тікелей байланыс жасай алмайтын халге келтіру. Осы мақсатты неғұрлым тиянақты іске асыру үшін барлық түркі халықтарының арасында мекиептерде, басқа да оқу орындарында Ресей малайларының «екінші ана тілі» деп атап кеткен орыс тілін оқыту міндетті түрде үкіметтің қаулысымен жүргізіліп отырды, бұл да инфориациялық қамаудың тағы бір күшті құралы болды.
Әрине, кеңес дәуірі кезінде қазақ халқы да, басқа ірі түркі халықтары да Ресей отаршылдығы мен салыстарғанды тілін дамытуға мүмкіндік алды. Бірақ бұл мүмкіндік Ресейден бостандық алған басқа халықтардың дамуымен салыстыруға да болмайтын өте төмен дәрежеде болды. Басқа ірі халықтарды атамай-ақ, 1918 жылы Ресейден тәуелсіздік алған шағын халықтың елі Финляндия мен (қазір - 4 млн) қазақтардың (11 млн) елін, жағдайын, шаруашылығын, тілінің дамуын салыстырып көріңізші, қанша артта қалғанымызды сонда көресіз.
Түркі халықтарына ортақ болған басқа бұрынғы жазулаға, мәселен, ертеде Орхон, Енесейдегі жазуға немесе арабшаға көшу керек деген ұсыныстар да болып жатыр.
Бірақ қазіргі жағдайға шолу жасасақ, болашақты ойласақ, қазақтар үшін, басқа да түркі халықтары үшін ең тиімдісі латынша жазу.
1930 жылдарында қолданылған латынша жазуымызда барлық түркі тілдері үшін 39 әріп жеткілікті болды, ал қазіргі олардың орысша жазуында 73 әріп бар, әр елде орысшаға қосылған ерекше ұлттық әріптерді әркім өзінше басқаша жасаған. Оның үстіне, қазақ және басқа түркі тілдеріне еш керегі жоқ, оларға жат алфавитті ауырлатып жүрген оннан астам орыс әріптері бар. Мысплы, қазақ алфавитінде қазақ тіліне керегі жоқ 14 орыс әріпі бар, оларды тек орысша сөздері айнытпай жазамыз деген принциппен ғана қабылдаған. Егер әр халық өз бетімен латыншаға қайта берсе, орысша жазуға көшкендегідей бірімізді-біріміз түсінуден қаламыз. Сондықтан латын жазуына қайтудың алдында барлық түркі елдерінің жазу мамандары жиналып, бір қонымды келісімге келгені жөн.
1940 жылға дейін қолданылған латын жазуына негізделген қазақ әріптері мыналар: A, Ә, В, С, Ç, D, E, G, H, I, Ь, J, K, Q, L, M, N, N 1 , O, Ө, Р, R, S, T, U, Ü, Y, Z. Кейіннен орысшадан келген сөздері жазамыз деп қазақ тіліне жат дыбыстарды беретін F, V, X әріптері қосылған.
Қазір сол латынша алфавитті негізге алып пайдалану үшін мына жобаны оқырмандардың алдына саламыз. Жоғарғы қатарда жоба, төмендегі қатарда сол әріптердің қазіргі баламасы.
29 әріп қазақ тілінің барлық дыбыстарын дұрыс бере алумен қатар оның өзіндік ерекшелігін бұзудан сақтайды. Орыс және басқа тілдерден келген сөздерді сол күнде жазамыз деп талаптанып енгізген әріптер қазақ тілін бұзу жолына салды, олардың қазақ тіліне еш қажеті жоқ. Дүниеде басқа тілдерден енген сөздері жазу үшін қосымша әріптерді алфавитіне қосқан Ресей қолатындағы халықтар. Қосымша таңбаларды, мысалы, Қ, Ғ, Ң, т. б. әріптерді алмай алфавтті үнемдейміз деп тілдерін бұзып алған түркі халықтары «Қара теңіз» деген сөзді «Кара тениз» деп бұзып айтатын болды.
Ұзын сөздің қысқасы - түркі халықтарымен бірге сол бәріміздің басымызды қосып, тілімізді біріктірген болашақта өрлеуге даңғыл жол ашатын латынша жазуымызға қайтайық». 1
1 Кеңесбай Мұсаұлы. Латынша әліпбиімізге қайтайық, - ZAMAN- Қазақстан, 15. 12. 95.
1990-96 жылдары кириллица негізіндегі қазақ әліпбиін ауыстыру туралы төрт түрлі пікір болды. Біріншісі, Ахмет Байтұрсынұлы жасаған төте жазуға немесе араб графикасына көшу. Төртіншісі, қазақ халқының ұлттық жазуына, яғни көне рун жазуына көшу.
Ол туралы А. Сейдембеков былай дейді: «Әңгіме әріп туралы болғанда, көне рун жазуы еріксіз еске түседі. Қазақ халқы өзге түркі тілдес халықтар секілді көне түркі руникасын өзінің төл әрпі, ұлттық жазуы ретінде орынды мақтан тұтады. Осыдан мың жарым жылдай бұрын тасқа қашалған «Ата- бабымыз тұтынған жер-су иесі болмасын » деген сөзді бүгінгі қазақ сол түп нұсқа нұсқа дыбысталуы бойынша түсінеді.
Рун әрпі өзінің сұлу бітімімен де, тілімізге фонологиялық сәйкестігімен де, фонетикалық іштілігімен де (24 әріп) әлі күнге дейін қайран қалдырады. Егер, күндердің күнінде қазақ халқы басқа жазуға көшер болса, онда тек қана руниканы таңдауымыз қажет. Әрине, бұл жузеге асуы армандай қиын шаруа.
Осы орайда, Ахмет Байтұрсынұлы ойлап тапқан төте жазудың өз заманында тарихи пайдасы өлшеусіз болғанын өліп бара жатқан ұлтымызға екінші өмір силағандай рухани дәру болғанын мәғгілік құрметпен есте сақтауға тиіспіз». 2
2 А. Сейдембеков. «Әріп, дін және мәдениет», «Қазақ әдебиеті», 1990, 25 мамыр, № 21 Қазақстан Республикасы ұлт саясаты жөніндегі
мемлекеттік комитетінде 1996 жылдың 21-ақпанында латын негізіндегі қазақ әліпбиіне көшу керек пе, жоқ па деген сауал төңірегінде пікір алысуда ғалымдардың көпшілігі көшу керектігін айтты.
« . . . Латын әрпіне көшсек, тіліміздің дәрежесі, дамуы ұлғая түсер еді. Латын әрпіне көшу керек деген пиғылға менің ешқандай күмәнім жоқ. Бұл батыстың мәдениетіне қараудан емес, Қазақстан жұртының болашағын ойлағандықтан, компьютер электроника заманының талаптарын ескергендіктен. Сондықтан оқу, электроника, экономика төңірегі артта қалмау керек. Басыңа тақия киіп, үстіңе шапан кисең де, экономиканы білгенің жөн. Ол үшін латын әрпін білу қажет. Ежелгі заманда ата- бабаларымыз бес-алты графика пайдаланып жүрген: соғды, көнетүрік, араб т. т. Біз солардан кем болмайық . . . » 3
3 И. Томай. Жаңа әріптеме, ол қандай болуы тиіс. - Зерде, 1995, № 3, 8-бет.
Әліпби - белгілі бір тілдің жазу жүйесіне арналған әріптер жиынтығы, реті және аталуы.
Информатика - компьютерді пайдалану мен зерттеп жасаудың әртүрлі аспектілерімен айналысатын пәндер тобы: қолданбалы матиматика, программалау, жасанды интеллект компьютер архитектурасы, есептеу желілері мен жүйелері.
Американың IBM PC компьютерімен үйлесімді шет елдік компьютерлерде символдарды қолдаудың 8 битті (8 разрядты) біркелкі жүйесі пайдаланылады, атап айтқанда, дисплейдің экранда бейнеленетін әрбір символға 0-ден 255-ке дейінгі кодтар кестесі сәйкес келеді.
Символдарды кодтау халықаралық стандартты Unicode-те, 16-биттері кодтар жүйесі пайдаланатындықтан, барлығы 65536 символды кодтауға болады. Бұл бірыңғай стандарттың кестелеріне пайдаланған шрифтерді олары жасайтын көптеген дизайнерлер Unicode консорциуымына ұсынған.
Сегіз разрядты кодтау кестесіндегі коды 128-ден 225-ке дейін символдардың Unicode стандартында коды өзгерген. Мысалы:
Яғни басқа символдармен бұрын жазылған текстерді Unicode стандартына көшкен күнде компьютерде оқу, оңдеу үшін арнаулы программа керек.
«Компьютерді өзіміз-ақ жасап, оны өзімізге икемдеп аламыз» деушілер де бар. Ал Қазақстанда компьютерді зерттеп жасағанды қойып, оны құрастырумен айналысатын да ірі компания жоқ.
Алғашқы дарбес компьютер дүние жүзі бойынша осыдан 20 жылдай бұрын (1975ж) шығарылды. Компьютерді шығарумен негізінен Compag, IBM, Hewlett Packard, DEC, NEC, Toshiba, т. б. ірі фирмалар айналысады. Олардың үлесіне дүние жүзілік нарықтағы Сервердің (қуатты компьютердің) 70%, дербес компьтердің 50%-і, ықшам компьтердің 48%-і тиеді. Сервердің рыногында 5% үлесі бар DEC компаниясының 1996 жылдың алғашқы 9 айдағы таза кірісі 380 млн. Доллар.
Жүздеген программалау тілдері, көптеген деректер базасын басқару жүйесі, ондаған текст редакторлары, жүздеген арнайы және қолданбалы программалар бар екенін білмейтін мамандарға компьютерді пайдаланудың тиімділігін, программалардың күрделілігін, яғни оларды жасауға өте көп қаржы жұмсалатынын, оларды пайдаланғандағы 9 төл әрпіміздің кодтау кестесінде жоқтығынан туындайтын қиындықтар туралы түсіндіру жалпы оңай емес.
Microsoft программалардың орыс тіліне бейімдеп, миллиондаған данамен сатады. «Орысшаланған» программалар түсінуге қиын ыңғайсыз және миды керексіз нәрсемен ластандырады. Және бір айта кететін нәрсе - орысшасында программаның кей кездерде дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болатын көптеген қате болуы да мүмкін. Бұл компания өзінің кең тараған өтімді программаларын араб тіліне бейімдеп Орта Шығыс елдері, Бірікккен Араб Эмираты, Сауыд Аравиясы, Египед, Иордания, Ливан, Оман, Катар, Бахрейн және Кувейтке сатып, пайда таппақшы. Ал ол программалар қазақ тіліне еш уақытта бейімделмейді, себебі оларды жүз мыңдаған, миллиондаған сатып алушылар болмайтындықтан, одан тек сиян шекпесе, пайда таппайды.
Ал бізде асанды интеллект саласымен айналысатын білікті мамндар жоқ.
Орасан көп қаржы және зерттеп жасайтын білікті мамандарды қажет ететін программаларды өзіміз жасап аламыз, яғни компьютерді қазіргі әліпбиді пайдаланып-ақ өзімізге бейімдеп, қазақшалап аламыз деп айту көңілге қонбайтын қиял.
Кириллица негізіндегі қазақ әріптерімен тексті компьютерге кіргізіп, өңдегенде кездесетін қиындықтар:
- әлипбиі кодтау кестесінің бірде-бірінде жоқ болғандықтан, арнайы драйверді тауып, оны мүмкін болса компьтерге (редакторларға) орнату;
- қазақша тексті басқан кезде редактордың ағылшын режиміне орысшаға, орысша режимінен қазақшаға, қайтадан қазақшадан орысшаға, ағылшыншаға қайта көшіп отыру;
- бір текс редакторында өңдеген тексті басқа редакторларда өңдей мүмкіндігінің жоқтығы;
- көптеген шрифтерді пайдалануға мүмкіндіктің жоқтығы;
- клавитура пернелерінде қазақтың 9 төл әрпі жоқ болғандықтан, тексті басу жылдамдығының азаюы;
- баспаға шығару қиындығы;
- ондаған арнаулы программаларды пайдаланатын жүздеген кәсіпқой мамандарға кездесетін мыңдаған қиындықтар.
Ал латын әліпбиінің символдары негізіндегі қазақ әліпбиімен компьтердің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Тексті өңдейтін программалардың үздіксіз желтілдіріліп отыратынын, көптеген жаңа программалар және компьютерлердің жаңа буындары жасалып жататынын, бір күн бетін, бір күн сыртын беретін алмалы-төкпелі мына заманда барлық мүмкіндігін пайдалануды ескерсек, жаңа қазақ әліпбиін тек қана латын символдары негізінде қабылдау керек.
Сәуірдің 29-шы күні президент Н. Назарбаев «Қазақтың жазуын кириллицаның шалғайдағы бір нұсқасы ретінде қабылдаудан бастартқан жөн. Ойткені мұның өзі осы тілге деген лайықты сыйластығына мүмкіндік бермейді. Ал латын әрпіне ұсынылып отырған көшудің көзі қазақ тілін басқа этностар өкілдерінің игеруіне, қазақстанның әлемдік ақпарат кеңістігіне енуіне, технологиялық тұрғыдан бейнелеуге, сондай-ақ түркі тілді дүниемен мәдени тұрғыдан бірігуіне неғұрлым тиімді көмек көрсетер еді, » 4 - деп Қазақстан халықтары Ассамблеясының үшінші сессиясында латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің болашағына зор маңыз берді.
4 Егемен Қазақстан, 1996 ж., 30 сәуір, № 83.
Қазақтар да, басқа турк халықтарының ең соңында болса да ерте ме, кеш пе әйтеуір жазу мәселесін бір шешуі сөзсіз; өмірдің өзі осыны талап етеді; өзімізді тәуелсіз елміз деп қаншама марапаттасақ та туыстас елдермен қауымдаса өмір сүрмесе болмайды. Ал оның басты шарты - ел ара алтын көпір, ортық жазу. Демек, бізге де бұл қауымнан бөлектеніп, саяқ жүрудің еш жөне жоқ және де ол мүмкін де емес. «Бөлінгенді бөрі жейді» дейтін халық даналығы да міне, осыны аңғартса керек.
Жер бетіне тарыдай шашылып, тарап кеткен, бүгінде 130 миллиондай түрк тектес халықтар үшін көптеген бері арман болып келе жатқан «туыстарша қауымдарда өмір сүрсе» деген ізгі мақсаттың үдесінен шығудығң ең тиімді жолы - сол халықтардың өздеріне, өзара ортақ жазуын сайлау.
«Жарты ғасырдай қолданыста болған кириллицаны латын негізіндегі әліпбимен ауыстырудың қандай қажеті бар?» деген сұраққа академик Ә. Қайдаридің сөзімен жауап берсек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz