Қаржылық аудитті жоспарлау және ұйымдастыру
Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бір жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.
Аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) ішкі бақылаудың тиімділігі, есептемелер мен бухгалтерлік есептің жағдайлары туралы қажетті ақпараттарды алуды;
2) орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткізу уақытын, мазмұнын анықтауды.
Аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарын жасау (болжалды жұмыс) және аудиторлық бағдарламаларды (ХАС 300) әзірлеу кіреді.

3.1. Қаржылық аудитті жоспарлау және ұйымдастыру
Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні
бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің
нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бір
жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.
Аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) ішкі бақылаудың тиімділігі, есептемелер мен бухгалтерлік есептің
жағдайлары туралы қажетті ақпараттарды алуды;
2) орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткізу уақытын,
мазмұнын анықтауды.
Аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарын жасау (болжалды жұмыс)
және аудиторлық бағдарламаларды (ХАС 300) әзірлеу кіреді.
Жалпы жоспарда (болжалды жұмыста) мына негізгі көрсеткіштер көрініс
табуы керек:
а) орындалатын жұмыстың мөлшері;
ә) жұмыстың ұзақтығы мен өткізу мерзімдері;
б) аудитор қолданатын әдістер мен тәсілдер.
Аудитор жалпы жоспарды тексерілетін кәсіпорынның басшылығымен және
қызметкермен ақылдасып талқылауына болады, бұл аудиттің іс-әрекетін
күшейтеді әрі кәсіпорын қызметкеріінң қызметімен аудиторлық процедураларды
үйлестіреді.
Аудитор жалпы жоспарды сапалы жасауына және болжалды жұмыс мөлшерін
әлдеқайда нақтырақ анықтауы үшін мыналарды орындауы керек:
1) аудиторлық тексерулерді өткізу бойынша келісімшарттағы шарттарды
зерделеу;
2) тексерілетін кәсіпорынның қызметіне қатысы бар жаңа заңдардың,
ережелердің, нұсқаулардың және басқа да нормативті актілердің аудитке
тигізетін ықпалын ескеру;
3) өткізілетін аудиттің әлдеқайда маңызды мәселелерін бөліп алу және
айрықша назар аударуды қажет ететін жағдайларды түсіну;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің ішкі аудиті мен есептік жүйесіне
қаншалықты сенетінін анықтап алуы керек;
5) ішкі аудиторлардың жұмысы мен оларды тексеруге қатыстырудың
мүмкіндіктерін талдау (ХАС 610);
6) филиалдарда аудитті өткізудің мақсатқа лайықтылығын зерделеу;
7) сарапшыларды қатыстыру қажет пе, қажет емес пе, оны анықтау (ХАС
620);
8) тәуекелділік деңгейіне (яғни, қаншалықты қатерлі екендігіне) баға
беру, аудиторлық тексерулердің көлемін, уақытын және табиғатын анықтау
(ХАС 400, 300, 320, және т.б.).
Тексеру барысында жалпы жоспар мен аудит бағдарламалары түзетілуі
мүмкін.
Батыстық аудиттің іс-тәжірибесінде ірі компаниялардың, кәсіпорындардың
және т.б. жекелеген учаскелеріндегі жұмыстың ұзақтылығы, яғни тізбектілігі
мен еңбек сыйымдылығы үшін кестелік графиктер пайдаланылады. Мұнда тексеру
объектілерін жүйелі зерделеуді ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.
Жүйелі зерделеу жүк аз түсетін (күш аз жұмсалатын) пунктер мен
ақпараттардың тасқынын және мөлшерін анықтауға, аудиторлық тексерулердің әр
түрлі кезеңдерін дұрыс бөліп, орындауға мүмкіндік береді. Аудитті
ұйымдастырудың бұл кезеңінде күрделі схемалары немесе процедураларды
қорытындылап (жалпылап) сипаттауға мүмкіндік беретін операциялардың
тізбектілік картасын жасау мақсатқа лайықты болады. Қаржылық есептілік
аудиті бағдарламасы былай жасалады: жүргізілетін жұмыстың еңбек
сыйымдылығының деңгейі мен логикалық тізбектілігінің (қисынды жалғасының)
сипаттамалары жазылады. Мұның бәрі аудитордың қызметін әлдеқайда тиімді
ұйымдастырады.
Мәні бойынша аудиторлық процедураны орындау – бұл барлық жоспарланған
аудиторлық процедураның нақты іске асуы. Әр тақырып бойынша жүргізілетін
аудиторлық процедуралар мен оларды орындаушылардың толық тізбесін және
тізбектілігін көрсетіп, тексеру бағдарламаларын рет-ретімен жасау қажет.
Аудиттің нәтижелері бойынша келісім-шартта анықталған мерзім ішінде
тапсырыс берушіге ұсынылатын есеп беру жасалады. Аудитордың келісімшартты
орындағаны немесе орындалмағаны ХАС 700 Қаржылық есептемесін тексеру
бойынша аудиторлық есеп беруге сәйкес келуі тиіс аудиторлық қорытындыны
қабылдап алу-беру актісінде анықталады.
Тараптар келіскен бағдарлама біріккен келісімшартта ресімделетін жұмыс
мөлшері мен қызмет құнын анықтаудың негізі болып табылады.
Келісімшарт ұзақ мерзімді (абонентті) аудиторлық қызмет көрсету (1-3
жыл) бойынша және қандай да жұмысты бір жолға орындау үшін жасалуы ммүкін,
оның ішінде қаржылық есептемесінің аудиторлық тексеруін айта кетуге болады.
Қаржылық аудитті жүргізу туралы келісімшартта мыналар көрсетілуі
керек:
1) келісімшарттың мазмұны;
2) тараптардың міндеттері;
3) тексеру жүргізетін орындар және мерзімдері;
4) төлем тәртібі және мөлшері;
5) тараптардың жауапкершілігі;
6) ақпараттардың құпия сақталуы;
7) даулы мәселелерді шешудің тәртібі (жолдары);
8) қосымша шарттар;
9) келесімшарттың қолданылу мерзімі;
10) тараптардың заңды мекен-жайы;
Келісімшартта аудиті белгіленген мерзімінен бұрын тоқтату, форс-
мажорлық жағдайлар және басқа да қосымша шарттар қарастырылуы ықтимал.
Халықаралық және отандық іс-тәжірибесінде аудиторлық операияларды тек
аудиторлық фирмалардың штатындағы қызметкерлер ғана, сондай-ақ аудиторлық
фирмалардың дирекциясы мен мамандардың арасында бекітілген мердігерлік
келісімшарт негізінде тараптан шақырылатын мамандар да орындап жүр.
Мердігер келісімшарты бірнеше мамандармен бекітілуі мүмкін. Олардың
әрбіреуіне жүктелім-карточкасы (карточка-наряд) жазылады. Мердігер
карточкасы бойынша орындалған жұмысты тапсырып беру және қабылдап алу
орындалған жұмыстың арнайы тапсыру-қабылдау актісімен ресімделеді.
Барлық жағдайларда келісімшарт шарттары және тапсыру мазмұны
аудиторлық қызметтер туралы заң талаптарына қайшы келмеуі керек.
Келісімшартқа аудиторлық тексеруді өткізудің келісілген бағасы туралы
келісім хаттамасы тіркеледі. Онда жеке тексеру орындаушыға 1 сағаттағы
қызметі үшін аудиторлық тексерудің келісімшарттық бағасының шамасы туралы
тараптардың қол жеткізген келісімі расталады. Осы хаттама Орындаушы мен
Тапсырыс берушінің арасындағы өзара есеп айырысу мен төлемді жүзеге
асырудың негізі болып табылады.
Шаруашылық операциялардың аудиттелуі барысында олардың шынайылығы,
заңдылығы және өндіріске қажетті нәрселер осылардың бәрі көрініс табатын
құжаттардың негізінде тексеріледі.
Аудит кеешнді және тақырыптық формаларында, талдамалық, логикалық,
экономикалық-математикалық және басқа да тәсілдерді қолдану арқылы
операциялар мен құжаттарды өзара, кезікпелі (встречный) таңдап тексерулер
түрінде жүргізілуі мүмкін. Форма бойынша бастапқы құжаттарды тексеру
барысында құжаттарда шаруашылық операцияларының көрініс табу процесінде
нормативті-құқықтық актілердің қаншалықты сақталғандығы анықталады.
Бастапқы құжаттардағы деректерді өңдеу технологиясы мен операцияның
сипатына қарай қосымша деректемелер (реквизиттер) қосылуы мүмкін. Бастапқы
құжаттар мен есептік тіркемелерге ескертілмеген түзетулер жіберілмейді.
Қателікті түзету құжатқа қол қоюшы тұлғаның қол қоюымен түзетілген күні
қоса көрсетіліп расталуы тиіс. Кассалық және банктік құжаттар түзетілмейді.
Қойылған қолдың шынайылығын тексеру үшін бухгалтериядағы үлгісімен,
сондай-ақ басқа құжаттармен (жұмысқа қабылдау туралы өтініш, еңбек келісім)
салыстырылады.
Құжаттар мөр менмөртаңбалардың басылғаны, алынған құныдылықтың
қолхаттары, бастапқы құжаттардың барлық қосымшалары, құндылықтарды
босатудың негіздері, арнаулы құжаттар мен сенімхаттар тиянақты тексеріледі.
Мазмұны бойынша құжаттарды тексеру құжаттың жағдайына сыни баға
беруден тұрады – ондағы сипатқа көрініс тапқан шаруашылық операцияларының
сәйкес келуі, ақпараттардың жеткіліктілігі, құндылықтар мен операциялардың
сандық өлшемдерінде қолданылатын бағаның негізділігі, алынған құндылықтың
материалдық-жауапты тұлғаға бекітіліп бергені туралы құжат және т.б.
Кейбір жағдайларда, айталық егер шаруашлық операцияларының шынайы
көрініс таппағанына күмән туатын болса, онда аудитор қызметтік тергеудің
(тексерудің), орындалған жұмыстың өлшемін бақылаудың әдістерін өзгертіп,
арнайы сараптама мен басқа процедураларды, оның ішінде тексерудің қарама-
қарсы түрін қолданады.
Құжаттарды талдамалы тексеру логикалық және шоттық-есептеу
процедураларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, құжаттарды
логикалық тәсілмен тексеру құжаттарда көрініс тапқан құжаттар бойынша
заңның сақталуы, бухгалтерлік есеп бөліктері шоттарындағы операциялардың
дұрыс көрініс табуы нормативті-құқықтық реттеу процедураларымен
ұштастырылады.
Аудитор бастапқы құжаттар мен есептік тіркелімдегі жазбаларды мына
талаптарға сай тексереді:
1) шаруашылық операциялар мен мүліктің бағалауларын бейнелеудегі
қабылданған есептік саясатты есептік кезең ішінде сақтау;
2) барлық шаруашылық операциялары мен мүлікті түгендеудің нәтижелері
және міндеттемелердің есептік кезеңнің есебінде толық көрініс табуы;
3) кірістер мен шығыстарды есептік кезеңдерге дұрыс жатқызу;
4) өндіріс (айналым шығындары) пен ұзақ мерзім инвестициялардың
(капитал жұмсау) ағымдағы шығындарының есебіндегі шектеулер;
5) әрбір айдың бірінші күнінде синтетикалық есеп шоттары бойынша
қалдықтар мен айналымдарды талдамалық есеп деректерімен теңестіру;
6) шаруашылық операциялары мен мүлікті бағалаулардың дұрыстығы;
7) қорлар мен резервтердің дұрыс құрылуы;
Аудитор анықталған кемшіліктер, алдау фактілері мен жіберілген
қателіктер туралы кәсіпорын басшысына хабарлап, шындыққа жанаспайтын
ақпаратты түзеу бойынша ұсыныстар беруі керек.
Қорытынды кезеңде аудиторлардан мыналар талап етіледі:
а) аудиторлық файл түрінде жұмыс құжаттамаларын ресімдерді аяқтау;
ә) тексерілген ұйымның басшысына аудиттің нәтижелері туралы жазбаша
ақпарат дайындау;
б) тексерілген объектілер туралы өз пікірін негіздеу және
қалыптастыру;
в) аудиторлық есеп беруді белгіленген форма бойынша дайындау;
г) анықталған ауытқулар мен ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді,
оларды болдырмаудың (жоюдың) мүмкін жолдарын, аудит объектілерінің жұмыс
істеу тиімділіктерін арттыру және оңтайландыру туралы клиентті хабардар
ету.
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудит
Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу аудиті
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі
міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын
бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті
жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 681шоты бойынша
аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекке
төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт
есебі табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек
демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін
ҚР Еңбек туралы заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі
әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу жөніндегі
нұсқаулық және т.б, басшылыққа алынады.
Қызметкерлермен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр
айдың бірінші күндегі 681 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің
және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Бас кітаптың жазулармен
сәйкестігін анықтап, бастаған жөн. Бұл үшін бас кітаптағы қарастырып
отырған айлардың бірінші күндегі 681 тізімдемесінің ведомостінің жиынтық
сомасымен (берілетін) кәсіпорын балансындағысымен салыстыру қажет.
Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай-ақ
мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен
салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу
дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу
мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле
шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және
сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың
дұрыстығы тексеріледі.
Еңбек пен оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде
орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары
бар-жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда
тазартып, өшірілген (ескертілмеген) түзетулердің бар-жоғын т.б. анықтайды.
Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табельін, сондай еңбекті төлеуді
есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған
(жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар –жоқтығын анықтау қажет. Бұл
үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс
уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты-жөндерін жеке құрам
есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек.
Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары
бар-жоқтығын, бір адамның аты-жөндері бірнеше есептеу –төлемдік
тізімдемелерде (ведомостерде) қайталануын тексеруде маңызды. Кәсіпорынның
тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған
нарядтарға, сондай-ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды
жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.
Бастапқы құжаттар мен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық
санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.
Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:
• төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;
• жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқуымен байланысты қосымша
ақыны рәсімдеу тәртібі;
• құжаттық ресімдеу мен іркілме төлемі;
• өнімнің ақауын құжатпен ресімдеу мен оны төлеу;
• түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;
• жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу;
• мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу;
• іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан
шығу жәрдемақысын төлеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz