Социологиялық парадигмалар туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигмалар ... ... ... ... ... ... ... ... . 2

2.Интерпретативті немесе микросоциологиялық парадигмалар ... ... ... ... ... ... ... 4

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін.Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог ғалымдардың әр топтары өздерінің ғылыми бағыт бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды.Олардың әрқайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды.Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығын парадигмалар деп атайды.Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы теориялық концепциялар деп қарауға болады.Әр парадигма өзіндік талғамдық сипатымен ерекшеленеді. Олардың қоғамдағы әртүрлі факторларға , адамдардың мінез құлықтарына талдау жасауға маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке дара қоғамға толық сипаттама бере алмайды. Бірақ олардың әрқайсысының қоғамды тануда белгілі бір қосатын үлесі бар.
Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа топталады:
1)құрылымдық немеесе макросоциологиялық парадигмалар;
2)интерпретативті немесе микросоцологиялық парадигмалар;
Бірінші топтағы парадинмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны ұйымдастыру,қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады.Ал екінші топтағы парадигмалар негізінен әлеуметтік іс әрекет ретінде адамның мінез құлқына баса көңіл аударады.
1. Социология Лекциялар курсы, Жалпы редакцияны басқарған- профессор, Алматы: Білім,2005

2. Оспанов Социология деген не?

2. Исмағанбетов. В.Н Әлеуметтану

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ –ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ : СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАР

ДАЙЫНДАҒАН:
ЖАУЛИЕВА ГУЛЬМИРА
КӘСІПТІК
ОҚЫТУ МАМАНДЫҒЫНЫҢ
2 КУРС
СТУДЕНТІ
ТЕКСЕРГЕН :
Ә.Б.НАСИМОВА

АЛМАТЫ 2008

Социологиялық парадигмалар

Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.Құрылымдық немесе макросоциологиялық
парадигмалар ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2

2.Интерпретативті немесе микросоциологиялық
парадигмалар ... ... ... ... ... ... ... . 4

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... . 7

Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады.
Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып
отыруы мүмкін.Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология
бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог ғалымдардың әр
топтары өздерінің ғылыми бағыт бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына
қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды.Олардың әрқайсысының өз
методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды.Міне, сол
теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығын
парадигмалар деп атайды.Кең мағынада парадигмаларды социологиядағы
теориялық концепциялар деп қарауға болады.Әр парадигма өзіндік талғамдық
сипатымен ерекшеленеді. Олардың қоғамдағы әртүрлі факторларға , адамдардың
мінез құлықтарына талдау жасауға маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы
жеке дара қоғамға толық сипаттама бере алмайды. Бірақ олардың әрқайсысының
қоғамды тануда белгілі бір қосатын үлесі бар.
Барлық социологиялық парадигмаларды қоғамды анализ жасау тәсілдеріне
және өздерінің методологиялық принциптеріне қарай үлкен екі топқа
топталады:
1)құрылымдық немеесе макросоциологиялық парадигмалар;
2)интерпретативті немесе микросоцологиялық парадигмалар;
Бірінші топтағы парадинмалар қоғамды тұтас жүйе ретінде, оны
ұйымдастыру,қызметтік мәселелерін және дамуын қарастырады.Ал екінші топтағы
парадигмалар негізінен әлеуметтік іс әрекет ретінде адамның мінез құлқына
баса көңіл аударады.

Бірінші топтағы құрылымдық парадигмаға жататын парадигмаларға тоқталатын
болсақ, олар төмендегідей:
1)функционалдық парадигмалар
2)конфликтік парадигмалар

Конфликтологиялық парадигманың өзі үш тармаққа бөлінеді:
1)марксистік 2)неомарксистік 3)беймарксистік

Екінші топтағы парадигмаларға жататындар:
1)әлеуметтік әрекетті қаратыратын парадигмалар;
2)символикалық интеракционолизм;
3)феноминологиялық парадигма;
4)этнометодологиялық парадигмалар;
Олардың әрқайсысына қосымша қысқаша тоқталатын болсақ, макросоциологиялық
парадигмалардың бірі – парадигма.
Құрылымдық-функционалдық парадигманың өкілдері:Огюст Конт,Герберт
Спенсер, Эмиль Дюргейм, Талкотт Парсонс, т.б.Олар қоғамды бір-біріне өзара
тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде
қарастырады.Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін
сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік
жүйенің белгілі бір құрамдас белгілі ғана болып есептеліп, олар қоғам
қасиетіне белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді.Ол –сол
институттардың қызметтік жағдайы болып табылады.Бұл теорияның өкілдері
негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып,
олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастық, гармонияның сақталуына қосатын үлесі
қандай екендігін анықтап көрсетуді мақсат етеді. Осы мақсатпен олар,
мәселен, мемлекеттің қоғамды басқарудағы қызметіне, жанұяның келешек
ұрпақты әлеуметтік ортаға дағдыландыру және бейімдеу қызметіне анализ
жасауға баса назар аударады.Сонымен бірге, қоғамдағы әлеуметтік
институттардың қызметіндегі дисфункциялық жағдайларға көңіл бөледі.Олардың
пікірінше, ондай дисфункциялық жағдайлар ондағы кез келген институттың
қоғамның дамуын бірқалыпты ұстап отыруға кедергі болатын әрекеттердің
салдары болып табылады. Сондықтан, бұл парадигмалардың өкілдері қоғам
дамуындағы дұрыс қызметтік негіздердің немесе шарттардың қалай қамтамасыз
етілуіне талдау жасауға басты назар аударады.
- 1 -
Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі- конфликтік
парадигма.мұның өкілдеріде қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып,
оның тұтас жүйе екендігін мойындайды.Құрылымдық принципті мойындамай
отырып, өз теорияларын қоғамның әр түрлі топтық құрылымына, олардың
мүдделерінің әр түрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда
табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.
Міне, сол топтардың мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты
конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы
әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын мойындау мақсаты
қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әр түрлі топтардың болуына
мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде
конфликтілік потенциалдың болуына табиғи құбылыс болып табылады.
Конфликтілік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне
және конфликтердің сипатына қарй, марксистік, неомарксистік және
беймарксистік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.
Марксизм қоғамды тұтас әлеуметтік шындық ретінде қарастырады.Екіншіден,
марксизм халықты қоғамы жасаушы және халық қоғамның даму нәтижесі ретінде
таниды. Сондықтан халыққа әлеуметтік қатынас, идеялар жүйесі ықпал етіп
отыратын болып есептеледі.Демек, қоғамдағы әр түрлі институттар, әсіресе
экономикалық, саяси, құқықтық және діни институттар өзара тәуелділікте
болатын тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс дейтін ұстаным басшылыққа
алынады.
Үшіншіден, марксизм қоғамның қозғалу, өзгеру даму тарихына диалектикалық
көзқарасты қалыптастырады.Яғни, әлеуметтік өзгерістер қоғамдағы бір-біріне
қарсы күштердің өзара күрестері негізінде болатындығын
көрсетеді.диалектикалық қозғалыс – ол қарама – қайшылықтардың конфликтінің
жеміс деп көрсетіледі. Сол қайшылық немесе одан туатын конфликт қоғам
дамуының қайнар көзі дейтін пікірді мойындайды марксизм.Әсіресе
экономикалық жүйедегі қайшылық және конфликт әлеуметтік басты фактор болып
есептеледі.
Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем
және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен,
экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар
аударылған.сайып келгенде, марксистік конфликтологиялық парадигма да
қоғамның құрылымдық институттарына және оның топтық жіктерге бөліну
принциптеріне сүйенеді.
Социологиялық жүйелері марксистік теорияның ықпалында болған ғалымдарды
неомарксистерге жатқызамыз.Дегенмен, олардың кейбіреулері өз көзқарастарын
қалыптастырады.Неомарксистер, әсіресе, Маркстың қоғам даму тарихын
анықтаудағы экономикалық фактордың маңызды немесе шешуші роль атқарады
дейтін көзқарасына қарсы шығады.Неомарксистік парадигманың негізгі өкілдері
қатарына Антонио Грамши, П.Уиллис, Инграм Тейлор, П.Уолтон, Дж.Янг, Юрген
Хабермас сияқты ғалымдарды жатқызуға болады.
Мәселен, Антонио Грамшидің пікірінше, билеуші таптың өндіріс құрал-
жабдықтарына иегерлік етуі оныңбүкіл қоғамдық деңгейде болуына және ең
ықпалды лидер болуына негіз де, кепіл бола алмайды. Оның себебі,
біріншіден, мемлекет ешқашан да бірыңғай тек өндіріс құрал-жабдықтың иегері
болып отырған таптың мүддесіне қызмет ете алмайды деп көрсетеді.Грамшидің
Маркстен өзгешелігі сол, ол таптардың өз ішінде жіктелуіне тап арлық
қабаттардың болатындығына үлкен мән береді.Екіншеден, ол қоғам мәдениетіне,
бұқаралық ақпарат құралдарына,білім беру жүйесіне, қоғамдық идеялардың
саяси тұрақтылықты сақтаудағы роліне үлкен мән беріп, баса көңіл аударады.
Фраекфрут мектебінің өкілі Юрген Хабермас Маркстен кейінгі әлеуметтік
өзгерістерді ескере отырып, Маркстің экономикалық күйзеліс капитализмнің
күйреуіне әкеліп соғады деген пікіріне қарсы болады.Хабермас Капиталистік
елдердегі мемлекет өз экономикасына ықпал ете отырып, капиталисттік
елдердегі экономикалық жүйенің
күйзеліске ұшырауының болдырмауы мүмкін көреді. немесе оның қолайсыз
жағдайға
- 2 -
ұшырау мерзімін белгілі бір ұзақ уақытқа созуы мүмкін деген пікір
айтады.Егер Маркс мемлекетті капиталистік қоғамның қондырмасының бір бөлігі
деп есептеген болса, ал Хабермас оны қоғамдағы экономикалық базистің бөлігі
ретінде қарастырады.Осыған орай, егер Маркс таптық конфликтің өсу
тенденциясына сенім білдірген болса, ал Хабермас, керісінше, дамыған
капиталистік елдердегі таптық компромиске сенім білдіреді.Сонымен, егер
Маркс капиталисттік қоғамның күйреуі тенденциясына экономикалық күйзелістен
көрген болса, ал Хабермас оны идея саласынан саласын көреді. Демек,
Хабермас қоғамды басқару идеясындағы күйзелістерге ерекше көңіл бөле
отырып, мемлекет қоғамның экономикалық өміріне белсене араласа отырып,
қоғамдық өмір формасын өзгертуге қабілетті деп көрсетеді.Мемлекет ондағы
әділеттік, теңдік және бостандық принциптерін сақтаға қабілетті. Егер ондай
болмаған дағдайда керіліске ұшырайтын экономика емес, ең алдымен билік
жүйесі деп есептейді.
Қорыта келгенде, неомарксистер өздерінң парадигмаларында конфликт көзін
экономика жүйесін емес, керісінше, қоғамның мәдени және идеологиялық
салаларынан билейді.
Беймарксистік конфликт парадингмасына келетні болсақ, бұл теорияның
өкілдері де өз пікірлерін Маркске қарсы қояды.Олар қоғамда конфликтке
түсетін, Маркстің айтқанындай, екі топ емес, одан да басқа көптеген топтар
деген пікірге келеді.Сондай-ақ, оларда экономикалық мүддеден басқа да
мүдделер бар деп есептейді.Демек, ол топтар экономикалық билік үшін емес,
ең алдымен статус үшін күресуі мүмкін деген тұжырым жасайды.мәселен,
беймарксистік конфликт парадигмасының қазіргі өкілдерінің бір, неміс
социологы Ральф Дарендорф, әлеуметтік конфликтер туралы Маркстың анализдері
19 ғасырдағы жағдайға сәйкес келгенімен, оны бүгінгі экономикалық
жағдайларға қолдануға болмайды деп есептейді.Мәселен, АҚШ пен Ұлыбритания
посткапиталистік жағдайда өмір сүруде. Жоғары мамандандырылған
жұмысшылардың саны өсуде, аралық таптар ұлғаюда Таптар арасындағы табысы
жағынан алшақтық жойылуда деп айта келе, ол елдердегі бүгінгі өзекті
мәселе, ол өндіріс құрал- жабдықтарға қожалық пен оған бақылау жасау
құрылымдары араысндағы үйлесімділіктің бұзылуы деген қорытынды жасайды.
Дарендорф өндіріс құрал – жабдықтарға бүгінгі күні бақылауды оның қожасы
емес, керісінше, менеджерлер жүргізеді деп есептейді. Осыған байланысты,
Дарендордың пікірінше, конфликт көзі басқару жүйесіне ауысқан. Ол белгілі
бір индивитің мекеме шеңберінде қандай да бір әлеуметтік роль атқаруынан
туыедайтындығын көрсетеді. Өйткені кез келген басшы өз деңгейінде, өз
статусына байланысты ресми түрде шешім қабылдауға құқы бар, ал оның
жұмыскерінде ондай құқық жоқ№Осы жағдай, Дарендорфтың пікірінше, қазіргі
посткапиталистік елдерде әлеуметтік конфликтердің негізі бола алады.
2. Микропарадигмаларға келетін болсақ, оның алғашқысы - әлеуметтік
әрекет парадигмасы. Бұл парадигманың жақтаушылары? әдетте? Индивидтің мінез-
құлқын айқындап отыратын қоғамда нақтылы әлеуметтік құрылымының
болатындығына қарсы болады.
Дегенмен, олардың кейбіреулері қоғамдағы ондай әлеуметтік құрылымдардың
болатындығын жоққа шығармайды, бірақ олар, адамдардың мінез-құлқын, ең
алдымен олардың өздері өз мінездеріне қандай мән, мағына беру тұрғысынан
түсіндірілуі және талдануы тиіс дейтін пікірді жақтайды. Мұндай
концепцияның жақтаушының бірі – неміс социологы Макс Вебер. Оның пікірінше,
социологияның негізгі мақсаты - әлеуметтік әрекеттерді оның себептері
арқылы түсіндіру болып табылады. Вебердің түсінігінде, әлеуметтік
әрекеттерді оның себептерді оның себептері арқылы түсіндіру болып табылады.
Вебердің түсінігінде, әлеуметтік әрекетө ол адамның өз ісіне өзі мән беруі
арқылы жасалатын және іске асырылған жағдайда оған басқа адамдардың әрекеті
мен мінезөқұлқы арқылы жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НЕГІЗГІ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАР
Социологиялық парадигмалар
Символикалық интеракционизм теориясы
Малиновский мен Радклифф - Браунның ықпалы
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ
Ғылымның функциялары
Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар
Діннің әлеуметтік мәні
Әлеуметтану бойынша сұрақтар
Пәндер