Қазмұнайгаз ұлттық компаниясы туралы ақпарат



“Теңізшевройл” ЖШС-ны құру туралы Қазақстан Республикасы мен “Шеврон” компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Содан үш күннен кейін-ақ, 6 сәуірде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығып, онда келісім және ТШО қызметіне байланысты шарттар мақұлданды. ТШО-ға көмірсутегін барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген. Республикамыз¬дың тарихында бұдан “ұзын” келісім-шарт жоқ шығар деп ойлаймын. Бұл тұрғыда қарама-қайшы пікірлер бар, бірақ та бір жәйтке ешкім де дауласа алмасы анық: бүгінгі күнге бұл инвесторларға инвестиция¬ларды жоспарлауда белгілі бір еркіндік, ал Қазақстанға тұрақты бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін еліміздегі ең тұрлаулы келісім-шарт.
ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады. Қаты¬сушы әріптестер бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық “Шеврон” (50%) және “ЭксонМобил” (25%), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (20%) және “ЛукАрко” компаниясы (5%). Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде барлығы 125 млн. тоннадан астам мұнай өндірілген.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы

– “Теңізшевройл” ЖШС-ны құру туралы Қазақстан Республикасы мен “Шеврон”
компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Содан үш
күннен кейін-ақ, 6 сәуірде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
шығып, онда келісім және ТШО қызметіне байланысты шарттар мақұлданды. ТШО-
ға көмірсутегін барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген.
Республикамыздың тарихында бұдан “ұзын” келісім-шарт жоқ шығар деп
ойлаймын. Бұл тұрғыда қарама-қайшы пікірлер бар, бірақ та бір жәйтке ешкім
де дауласа алмасы анық: бүгінгі күнге бұл инвесторларға инвестицияларды
жоспарлауда белгілі бір еркіндік, ал Қазақстанға тұрақты бюджеттік
түсімдерді қамтамасыз ететін еліміздегі ең тұрлаулы келісім-шарт.
ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен
орындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады.
Қатысушы әріптестер бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық “Шеврон”
(50%) және “ЭксонМобил” (25%), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (20%) және “ЛукАрко”
компаниясы (5%). Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі
компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан
астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде барлығы 125 млн.
тоннадан астам мұнай өндірілген.
– Парламент депутаттары “Теңізшевройл” ЖШС қызметінен келетін бюджеттік
түсімдердің көлемі туралы мәселені қайта-қайта көтеріп жатады. Осыған
байланысты біз өткен жылдың қаржылық көрсеткіштері туралы нақты да дәл
ақпарат алғымыз келер еді.
– 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі күрделі салымдар көлемі 10 млрд. АҚШ
долларынан астам болды. Бұл айтарлықтай ірі сома және Теңізді сол кезде
көрген және бүгін оның қандай болғанын білетін кез келген адам салымдардың
тиімділігіне көз жеткізе алады. Бұрынғы кеңестік бұрғылау орындарында
Теңіздің ауыр мұнайын өндіру және өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық
орталық пайда болды. ТШО қызметінің басынан бері салықтар мен роялти
түрінде мемлекеттік бюджетке 9 млрд. доллардан астам қаржы, соның ішінде
корпоративтік табыс салығына 3,8 млрд. доллар және роялтиге – 4 млрд.
доллар төленген. Тек 2006 жылы ғана ТШО бюджетке салықтар мен басқа да
міндетті төлемдер түрінде 2,5 млрд. доллардан астам қаражат төлеген.
– БК-ның қазірдің өзінде іске асырылған жобалары туралы не айтуға болады?
Олардың тиімділігі қандай?
– Өндірістік технологиялық желілер құрылысына, зауыт құрал-жабдықтарын
және тиісінше инфрақұрылымды жаңғырта жаңартуға әріптестер күрделі салым
түрінде іске асырған инвестициялар өндіру көлемін 1993 жылғы 1,5 млн.
тоннадан 2004-2006 жылдарғы 13,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік
берді. Бұл еуропалық сападағы сұйытылған газ өндірісін жолға қоюға,
атмосфераға шығатын қалдықтарды және газды факелде жағуды әлдеқайда
азайтуға, қалдықтарды кәдеге жаратуды жақсартуға жағдай туғызды.
Қазіргі кезде Ансаған құрылымында алдағы кездегі жұмыстардың
тұжырымдамасын анықтау жөнінде шешім қабылдау және тұтастай алғанда ТШО
бойынша геологиялық барлаудың жұмыс бағдарламасы үшін “Ансаған” кен орнында
барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде алынған геологиялық-техникалық зерттеу
мәліметтерін қайталап өңдеу жүргізілуде.
Қол жеткізілген жұмыс нәтижелерін ешқандай жоққа шығармастан,
әріптестердің алдында бірқатар маңызды жобалар тұрғанын атап өтуге болады,
олар экономикалық, өндірістік және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға
мүмкіндік туғызады. Олардың арасынан ілеспе газды, күкіртті, лас суларды
кәдеге асыру жөніндегі бағдарламаны атап өтуге болады.
– Әңгіме қандай жобалар туралы болып отыр?
– Бірлескен кәсіпорынның басты мақсаттарының бірі кен орнын ұтымды
әзірлеу және көмірсутегі ресурстарын тиімді игеру болып табылады. Осы
мақсаттарды негізге ала отырып, 2000 жылы әріптестер тіпті әлемдік ауқым
жағынан да аса ірі өндірісті кеңейту жобаларын іске асыру туралы шешім
қабылдады. Екінші буындағы зауыт салудың бұл жобасы және шикі газды қайта
айдау жобасы кейбір өлшемдері бойынша бірегей және мұнай-газ саласында
қайталанбас жобалар болып табылады.
“Екінші буын жобасы” – бұл мұнайды жинақтау, әзірлеу және тасымалдау
нысандарынан тұратын өндірістік технологиялық желі. Жоба технологиялық
жағынан шикі газды айдау жобасымен өзара байланысты, ол қабат қысымын және
соның нәтижесінде мұнай ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл жобаларды
ойдағыдай іске асыру ТШО-ның мұнай өндіруді жылына 26 млн. тоннаға дейін
ұлғайтуға жағдай туғызады.
Сондай-ақ әлеуметтік тиімділікті де атап айтқым келеді. Жобаларды іске
асыру қазақстандықтар үшін мыңдаған жұмыс орнын ашады. Бұл жобалаушылар,
инженерлер, жетекшілер мен құрылыс қызметкерлері үшін жаңа болашақ. Айта
кетейін, жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуының өсуі секілді
кәсіпорындарда қазақстандық кадрлар санының ұлғаюы да жобаның басым
мақсаттарының бірі болып табылады. Бүгінде қазақстандықтар саны кәсіпорын
қызметкерлерінің бүкіл санының 80%-дан астамын құрайды. Ал жобаны салу
бойынша құрылыс алаңында жұмыс барынша қызған сәтте 8000-нан астам
қазақстандық жұмыс істемек.
Жаңа жобаларды іске асыру қазақстандықтарға жаңа технологиялармен
танысуға, жаңа кәсіби дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді. Жаңа
мүмкіндіктер мен инфрақұрылым жасалады, мұның өзі ұзақ мерзімді өңірлік
және ұлттық экономикалық дамуға жәрдемдеседі.
Жобаны ойдағыдай орындаудың маңызды құрамдасы қазақстандық жеткізіп
берушілермен жұмыс істеу болып табылады. Жобаларды іске асыру қазақстандық
тауарлар мен қызметтерді жеткізіп берушілермен жарты миллиард доллардан
астам сомаға келісім-шарт та жасасуды талап етеді деп көзделуде. Айта
кетейін, Қазақстанда жұмсалған әрбір доллар экономикаға көп еселенген ықпал
етеді. Ал бұл, өз кезегінде, тұтастай алғанда бүкіл экономиканың өсуін
туындатады.
– Жобалардың қаржыландырылуы қалай жүзеге асырылады? Бұл қандай ресурстар
есебінен жүреді?
– 2004 жылғы қарашада ТШО барлық әріптестерімен бірлесіп, өндірісті
кеңейтудің жобалары бойынша күрделі шығындарды қаржыландыру мақсатымен
сыртқы қаржыландыруды тарту жөніндегі екі жылдан астам уақыттан бергі
жұмысты аяқтады.
Қаржы тарту жөніндегі қаржылық жоспар әзірленіп, ойдағыдай іске асырылды,
ол ТШО-ның “А” сериясындағы облигацияларын халықаралық қарыз капиталы
рыноктарында сатуды көздейді.
ТШО облигациялары бірден екі тәуелсіз халықаралық рейтинг агенттігінен
(“Moody’s” агенттігінен Ваа3 және “Fіtch” агенттігінен ВВВ-) инвестициялық
деңгей рейтингін алған Қазақстанның тұңғыш бағалы қағаздарына айналды.
Облигацияның жоғары рейтингі ҚР Үкіметінің инвестициялық келісім-шарттар
жағдайын сақтау ниетіне рейтинг агенттіктері сенетінін көрсетіп берді.
Мұның өзі рынокқа берілген оң белгіге айналып, Қазақстанның инвестициялық
имиджін күшейтті.
Лид-менеджерлер (АВN AMRO және Lehman Brothers) көрсеткеніндей, осы
мәміле Қазақстанға мүлдем жаңа менеджерлер санатын тартты, олар
қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарын инвестициялау туралы бұрын
ойлап та көрмепті. Бұл Қазақстандағы басқа компаниялардың кейінгі
облигациялар шығарылымына оң ықпал жасағаны сөзсіз.
ТШО жөніндегі мәміле бүкіл әлем бойынша басқа мәмілелер үшін маңызды жәйт
(“бенчмарк”) болды және Оман LNG компаниясының 90-шы жылдарғы жобаны
қаржыландыру секілді мәмілелерімен қатар тарихқа енетіндігі анық.
Жобаларды ойдағыдай қаржыландыру арқасында дивидендтер бөлу мүмкін болып,
2004 жылдан бастап ТШО үлестер мен шығындар теңдігінің қағидатына сәйкес
әріптестер арасында пайданы бөлуді жүргізеді. 2004-2006 жылдар кезеңінде
ТШО әріптестерге 5 млрд. доллардан астам дивидендтер бөлді. Бұл сомадан ҚМГ
үлесіне 1 млрд. доллардан астамы келеді.
– Сіз қазақстандық қатыстылық туралы мәселені қозғадыңыз. Бұл жұмыс қалай
жүргізіледі?
– ТШО жобалары мен келісім-шарттары бойынша қазақстандық қатыстылықтың
ұлғайтылуына зор да айрықша назар аударылады. Өткен жылы қазақстандық
тауарлар мен қызметтерді сатып алу тұрғысында игерілген қаражат сомасы 550
млн. доллар жоспар жағдайында 1 млрд. доллардан астам қаражатты құрағанын
айтудың өзі жеткілікті.
ТШО-да қазақстандық жеткізіп берушілер мәліметтерінің арнайы базасы
құрылған, оған жергілікті қатыстылықты дамытудың арнаулы бөлімі ретінде
жаңартылған ақпарат енгізіледі. 2006 жылы мәліметтер базасынан 98 компания
ТШО келісім-шарттары бойынша тендерлерге қатысуға ұсынылды.
Бұл ғана емес, КРО, ТШО, Аджип КСО секілді үш мұнай операторы
қазақстандық жеткізіп берушілер бойынша орталықтандырылған мәлімет базасын
құруға уағдаласты, бұл базада жергілікті компаниялардың мүмкіндіктері мен
пайдалану туралы ағымдағы ақпарат болады. ТШО қазірдің өзінде мұндай
мәліметтер базасына қолдау көрсетумен айналысатын кәсіпорындармен келісім-
шартқа қол қойды және мыңнан астам қазақстандық компаниялар жөнінде ақпарат
алуға мүмкіндік береді. Жыл сайын ТШО өзімен іскерлік өзара тиімді
әріптестік қатынастар құру үшін жаңа мүмкіндіктер беру мақсатымен жеткізіп
берушілер үшін арнайы форумдар мен семинарлар өткізеді.
Өткен жылғы желтоқсанның басында Атырау облысының Кәсіпкерлер және жұмыс
берушілер одағының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Форумның
қорытындысы бойынша тараптар өңірде жергілікті бизнесті дамыту жөнінде
шаралар жоспарын әзірлеп, 2007 жылы әлеуетті жеткізіп берушілерге ТШО-ның
сатып алулар, жеткізіп берулерді басқару, тендерлер өткізу және басқалары
бойынша ресімдерімен және үдерістерімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік
беретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнаманың тарату құралдары
Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу
Аралық қаржылық есептілік
Фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі
Іс жүргізудегі ақпараттық жүйені қолдану
АҚ ҚазМұнайГаз басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру
Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел компанияларының қызметтері
Акционерлік қоғамдар
Кәсіпорынның еңбек ресурстарын басқару кезеңдері
Кәсіпорынның активтерін бағалау және тиімді басқару
Пәндер