Адамның рухани дүниесі



1. Ойлау туралы жалпы ұғым
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
1. Қ.Әбішев. Философия. Алматы, 1999
Жылы, 59 – 66 беттер.
2. А.Құнанбаев. Шығармаларының бір
томдық толық жинағы. Алматы, 1961
жылы, 137 бет.
3. Н.Айғабылов. Қазақстан мектебі, 1964
жылы, 51 бет.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АДАМНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ

ОЙЛАУ

1. Ойлау туралы жалпы ұғым
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады.
Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана
білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым
қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой -
әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде
өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс –
қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның
бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау
сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік
мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш
элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен.
Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз
күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою
дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды
басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында
адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды,
ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл
түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы
үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін
болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын
алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі
біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз
байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен,
халқымыздың ``Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде`` деген
мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам
психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп,
ойдың дамуы адамның нақтылы іс - әрекетімен шарттас болумен қатар, оның
сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз
байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір
психологтардың айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы
төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып
есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ..Ойлаудың ішкі
мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның
ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады,
бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мәселен, атом бөлінбейді деген ұғым
болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр. Тағы бір
мысал. Белгілі АҚШ этнопсихологы Маргарет Мид ( 1901 – 1975 ) Тынық мұхит
аралдарының бірінде, өзге дүниемен ешқандай қарым – қатынас жасамай өмір
сүріп келе жатқан бір тайпа ел бар екенін анықтады. Бұл тайпаның
тіршілігіндегі көп ерекшеліктің бірі балалар да, үлкендер де қуыршақ
дегеннің не екенін білмейді екен. Ғалымның әкеліп таратқан қуыршақтарына ер
балалар да, қыздар да қатты қызығып, өздерінше бөпе қылып әлдилеп,
киіндіріп, ұйықтатып ойнай бастаған. Бұған қарап қыз балаларда биологиялық
аналық түйсіктің оянғаны, ал ер балалар соларға еліктеген ғой деуге болар
еді. Шынында да, балалардың біразы қуыршақтармен бір сәт қана ойнап, кейін
жайына кетті, ал басқалары қуыршақтардың қасынан кетпей, ойындарын
түрлендіре түсті. Ал, бір ғажабы, ер балалар қуыршақпен ойнауларын
жалғастыра бергенде, бүл ойынннан тез жалыққан қыздар болды. Арал
тұрғындары тұрмысының бір ерекшелігі де осындай еді, баланы күтіп – бағумен
неғұрлым қолы бос еркектер айналысады екен.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы
да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан –
сакналы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы
мен құдіреттілігін, өмрге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс.
Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережнелері
мен жүйесінің пайда болуы – адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихы
дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және
тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа
айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым – қатынас жасау процесінде туындап
отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін – объективтік шындық.. адамға
алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын – оның қажеттері .
Ойлау әр адамнан тыс дүниенің сырына да, оның өз сырына да, өзінен тыс
объектідей қатынас жасап бойлай алатын және соның негізінде өзінің идеалдық
дүниесін жасайтын адамның қызметі. Ойлау барлық психикалық процестерді
қамтиды. Олай болатын себебі, белгілі дәрежеде қалыптасқан әрбір адамның
сыртқы нәрснелерді түйсінуінің өзі де оның бұрын бойына сіңірген барлық
өмірлік тәжірибесі, дүниені түсінуі, болмыстың мәнділігі хақындағы оның
талғамдарына қатысады, сол түйсінуге мағына береді. Әрбір ұстап, көріп,
түрін, түсін, қатты, жұмсақтығын, формасын т.т. түйсініп қабылдау жәй
физиологиялық нәрсе емес, оның не нәрсе екенін анықтау, онымен сүйсіну,
немесе жирену, яғни белгілі бір бағалаушылық сезімін де туғызады.
Ойлау - өзіндік ішкі қарама – қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның
дамуының және іске асуының қозғалушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда
болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңцызы зор.
Әлде де белгісіз түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі
сұрақтарға жауап іздеп, ой - әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді.
Ойлау – сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән – амағынасына
түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, `` Сырдария Арал теңізіне құяды``
деген сөйлемде ой туғызуға негіз боларлықтай түрткі жоқ.. Мұнда біреуден
естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не
құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің
небір көріністерін байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа
адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған
міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын
айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады.
Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып
есептеледі. Ойдың кейде шындықтан ``ауытқитын кездері де болады``. Бұл
адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де
алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында
ғана бұлар біртіндеп түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда
ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстардың мәнін екі
жақтан (теория мен тәжірибе) бірде қарастырып, тереңірек біліп
отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады.
Сөйтіп, ойлау сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зеттеумен бірнеше ғылым
айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі
ғылымның ойды зерттеудегі әдіс – тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар
бар. М әселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу,
даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің
заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің
заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып
табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формалаоының табиғатын зерттейді. Кей
жағдайда бұл екеуі бірін – бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне
көп пайдасын тигізеді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал
жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау – ми қабығының
күрделі формадағы анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші
сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады. Екінші
сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге
болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың
айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы
құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.

2. Ойлау және оның органы
Ойлаудың шын табиғатын түсінуде оның қамтамасыз ететін физиологиялық
органға қатынасын да қарап өткен жөн. Ол жалпы адам табиғатының оның дене
құрылымына қатынасына байланысты, соның белгілі бір жағы. Ғылым мен
психологияның тарихында адамды және оның ойлауын физиологиялық органның,
әсіресе мидың табиғатымен түсіндіру үлкен орын алған. Ғылымнан алыс
адамдардың қарапайым ұғымдарында да осылай түсіну берік орын алған.
Аракідік оны басқа физиологиялық органдармен байланыстыру да болды. Ондай
көзқарастың негізгі мазмұны: әртүрлі адамдардың ойлауындағы негізгі
айырмашылықтар, олардың әртүрлі ойлайтындықтары, мысалы, қарама – қарсы
көзқарастарды, моральдық – адамгершілік принциптерді, эстетикалық
талғамдарды ұстануы, әртүрлі өмірлік жолды таңдауы, еркіндікке немесе
құлшылыққа, жақсылыққа немесе жамандыққа бейімділігі әркімнің биологиялық,
организмдік жаратылысына тәуелді деп түсіну. Әртүрлі кәсіптерге,
қызметтерге бейімділіктің де табиғаты сондай.
Осыған дейінгі адам туралы, оның еркіндігі, субъектілігі хақында
айтқанымыздың бәрі де осындай көзқарастан туа алмас еді. Оның себебі
түсінікті. Адамның ойлауы әркімнің биологиялық, физиологиялық органының
ерекшелігімен ғана байланысты болса, онда адам алдын ала анықталып қойылған
нәрсе. Онда еркіндіктің болуы мүмкін емес. Ол өзінің қандай болуын өзі
қалай алмайды. Оның хайуанаттардан айырмасы шамалы. Еркіндік жоқ болса,
жауапкершілік те жоқ, қоғамдық қатынастар, адамгершілік принциптері,
адамдардың ырқынсыз – ақ автоматты түрде іске асуы тиіс.
Ойлауюдың мазмұны өзінің органы – миды бейнелемейтіндігінде. Ми, жалпы әр
адамның организмдік тәні ойлауды қамтамасыз етеді, ойлау – олардың
функциясы, қызметі. Осы тұрғыдан ғана немесе осы мағынада ғана ойлаумен
оның физиологиялық органы ажырамас байланыста. Адамның жалпы тәнінің
бітімі, құрылымы, соның ішінде адам миының да бітімдік ерекшелігі дүниеге
адамдық қатынастың қалыптасу тарихында, эволюциясында өзгеріп, қалыптасқан.

3. Ойлау формалары
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы
формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы
ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен,
мектеп, оқушы, мұғалім т.б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам
танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. `` Адамның ұғымдары
қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып
отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады``.
Ұғымда заттардың өзіндік қаситтері ғана көрінбейді, олардың бір –
бірімен байланыстары мен қарым – қатынастары (себеп – салдарлық, кеңістік
пен уақыттық функционалдық т.б.) бейнеленіп отырады.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір –
бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың
формасы. Пікір грамматикада сөйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек
тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде
ғана туып, өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір – бірімен тығыз
байланысты. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу.
Пікірлердің түрлері көп. Оны логика ғылымы жан - жақты қарастырады. Бұлар
да шындықтағы әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Платон философиясы туралы
Жеке адам психологиясы туралы теориялар
Болмыс және тіршілік
Этнопсихология жайлы
Платонның өмірбаяны
Аристотельдің философиясына қысқа шолу
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Аристотельдің философиялық еңбектері
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы
Пәндер