Философия тарихындағы адам проблемасы туралы


IX ТАРАУ. АДАМ § 1. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМ ПРОБЛЕМАСЫ
Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған дәлел: философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дуниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туған. Бір нәрсенің сырын ашып білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштен де болса мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, тас жанбайды, тек қызады. Мұның себебін білмейтіндігін адам өзі түсінсе, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтык құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқану сезімдерінде жатыр деп болжам жапады.
Біздің білетініміздей, философияның негізгі мәселесі - бұл сананың, рухтын табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның ішкі дүниесінің) объективтікке (сыртқы дүниеге) қатысы. Бұдан шығашын қорытынды: адамның сана сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетану және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай - осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.
Материяны, табиғатты алғашқы, сананы олардың туындысы; бейнесі болғандықтан соңғы деп қарайтын материалистер үшін де, рух пен сананы алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамсыз, адам проблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің де түсініктері мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсы болғанымен - қарастыратын, зерттейтін пәні біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттірдің сыртқы дүниеге және дүниенің бұл қасиеттерге қатысы.
Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі, алдыңғы тарауларда айтылғандай ездеріиің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адамдык, проблемаларды алды. Көне замандардағы египеттіктер философияның үйрететін пәні құдайлар мен әділеттік мәселесі деп білді. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір сүрген әйгілі қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп «адамсүйгіштік» (жэнь) проблемасын алды. Оның түсінуінше тек, «адамсүйгіштік» қасиет адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесе-көлденең өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты да достыкқа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау үшін), көмекке (кімнің де болса адамгершілік жағын жетілдіре түсуге) дайын етіп қалыптастыра алады. Бұл қасиеттердің бәрінің басын біріктіріп» әрқайсысын қамти алатын моральдық-философиялық ой түйінін Конфуций: «Өзіңе жасалғанын қалашайтын қылықтарды басқаларға сен де жасама» деп қорытты.
Этикалың ілім ретінде дүниеге келген Индияның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни-философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы - құдайға құлшылық етіп, жалына беру - ден білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансара да) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансарадан кету, безіну деп санады. Мұның мәні: бұл дүниенің өткіншілігін сезіну, сол арқылы өмірге құмарлықтан арылу, тіршіліктің қамын бастан шығару, күнделікті өмірге керек игіліктердің маңызын төмендете келіп жоққа шығару; адам өзінің жан дүниесін қуаныш-күйініш, қынжылыс, қызғаныш, уайым-қайғы сияқты сезімдердің бәрінен біржолата тазартып, айналада өтіп жатқан істер мен құбылыстарға бір түрлі түңіліспен немқұрайды, бейтарап қарайтын күйге жету. Бұл жайды буддизм нирвана деп атайды. «Нирвана» өшу, сему деген мағынада айтылады. Оған жеткен адам (архат) - азап-қасіреттен түгелдей құтылып, аспаннак да жоғары, адамдықтан тысқары ерекше ражатқа мәңгілік бөленген, ол дүниемен бұл дүниенің айырмашылығын сезіп аңғару шегінен алысқа кеткен адам. Адамды азаптан құткарудың мұндай жолы мүмкін бе, мүмкін емес пе, дұрыс па, әлде теріс пе, мәселе бұл жерде бұлай қойылып отырған жоқ, тек буддизм философиясының адам проблемасын ең жоғары биіктікке көтеріп, өзін түгеліндей соған арнағаны жайлы болып отыр.
Платон философиясының өте маңызды бөлімі адамның арманынан шығатын «Мемлекет» туралы ілім. Дүниедегі бірден-бір әділетті мемлекет қандай болу керек - осыны кескіндеп, бейнелеп беруді философ өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай идеалды мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни Платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс. Ондағы азаматтар үш тапқа бөлінеді: қарапайым адамдар, әскери адамдар, күзетшілер. Негізінен мемлекет басына келетіндер соңғылардың ішінен шығады, Бірак, алғашқылардың арасынан да ерекше қабілетімен көзге түскен бірлі-жарым жастардың көтерілуі мүмкін деп біледі Платон. Әділеттік принципі үстем идеалды мемлекет жасаудың басты шарты етіп Платон адамдарға сол мақсатқа лайықты білім, тәрбие беру мәселесін қояды. Оқу, тәрбиенің міндеті адамдарды ізгі ниеті, ержүректі, қалтқысыз, таза, өнегелі азаматтарға айналдыру. Мемлекет басқарушы тап болып есептелінетін күзетшілер кішкентай жабайы үйлерде ғана тұрады, жалпыға ортақ асханалардан қарапайым тамақ ішеді, өмірге ең бір қажет заттар болмаса, жеке меншік болмайды. Алтын-күміс тәрізді асыл бұйым жинауына тыйым салынады. Бақытты болу байлықта емес. Идеалды мемлекеттің мақсаты бір ғана күзетшілер табын емес, барлық азаматтарды бақытты ету деп түсіндіреді Платон. Адамдык, проблемаларға Аристотель де ерекше көңіл аударған. Әсіресе оның философиясының «Этика» бөлімі түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау берді. Аристотельдің айтуынша мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті - азаматтарды жақсы қылықтарға, таза ниеттілікке үйретіп, оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай жайға жеткізу. Оның «алтын аралық» деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әр-қайсысы біріне-бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың орта аралығы болып табылады. Бұлардың екеуі де теріс қылықтар. Мысалы: батылдық-қорқақтық пен басбұзарлықтың аралығы, сыпайылық-ұялшақтық пен ұятсыздықтың, мырзалың-сараңдық пен дүние шашушылықтың аралығы т. т. Аристотельдің ұғымы бойынша ең жақсы адам - ұлылың дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, басқа біреулерді жамандағанды сүймейді. Өзінің күштілігін әлсіздердің арасында көрсетпеуге тырысады. Тек күштілердің алдында ғана өзін жоғары ұстайды. Жауға ашық жау, досқа ашық дос болғысы келеді. Оның көңілі пайдалыға емес, тамашаға, сұлулыққа ғана ауады. Қайырымды, ақ пейілді кісінің жүрісі жайлы, дауысы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс.
Дегенмен, Аристотель де өз заманына сай ойлады. Құлдарды ол адамға санаған жоқ, «сөйлей білетін құралдар» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол сияқты, әкесінің баласына қайырымды болуы да міндет емес, өйткені ол оның меншігі болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндет, себебі екесіз бала дүниеге келмейді.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы окы бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың әйгілі ойшыл философы, біздің жерлесіміз, әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілеті бар. Ол: а) ерекше жаралған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ой парасаты.
Бұл қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде түгелдей жақсылық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездей-соқтықты жеңудің жолы - аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, терісін емдеп, дұрысын ілгері дамыту, сол арқылы адамның мінез-қүлқы мен ой-парасатын оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже тудыратын дәрежеге көтеру. Мұны іске асыру, бір жағынан, адамның өзіне байланысты болса, екінші жағынан, мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай да болмасын іс қимылын жасағанда адам біржақ-тылықтан, ұшқарлықтан сақтануы керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттердің аралығынан туады. Бұл арада әл-Фарабиге тигізген Аристотельдің әсері көрініп тұрады. «Бақытқа жету жолына меңзеу» деген тамаша еңбегінде ғалым кісінің жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да, терең зерттеп, талқыға салады. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған кемеңгерлік ойлары бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
«Ой-парасат ғасыры» деп аталған XVII ғасыр адам жөніндегі философиялық мәселелердің қойылысын жаңа сатыға кетерді. Бұл ғылым мен техниканың бұрын болып көрмеген жетістіктерімен бірге туған капиталистік қатынастардың даму кезеңі болатын. Табиғаттың тереңдігі құпия сырларына кез жүгіртіп, неше алуан машиналар ойлап шығару арқылы өндірғіш күштердің жаңа сапамен өркендеуіне кең жол ашқан адамкың ақыл-ойы өзінің теңдесі жоқ жасампаз күшін еріксіз мойындатқан дәуір болды. Сол заманның Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза сияқты әйгілі философтары адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз, тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деп таныды да, өздерінің философиялық ізденістерін тек осы бағытта дамытты. Олар адамның ерекшелігі де, рухани күші де оның ақылы мен ойында, ойлау қабілетінде деп біледі. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды. Француз философы Ренэ Декарттың «мен ойлай білемін, олай болса мен бармын» деген қанатты сөзінің мәні де осында.
Адамның ақыл-ой қүдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне XVIII ғасырдағы француз ағартушылары мен материалистерінің философиялың ілімі де ерекше көңіл аударды. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан XIX ғасырдың неміс философиясына ауысты.
Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципі - әрбір жеке адамның өз алдына маңсаттық нысана ретінде қаралу қажеттігі. Бұл оның адам мүддесі жөніндегі ілімнің басты мәселесі болды. Адамға деген жүрек жылылырын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қоюмен болды. Адам бостандығын, еріктілігін Канттың қалай қолданғанын оның мына бір ауыз сөзінен толық аңғаруға болады: «Адамның барлық іс-қимылдарының басқа біреудің еркіне бағыныштылығынан асқан сораңы сұмдықтың болуы мүмкін емес».
Классикалық неміс философиясына келетін болсақ, ол адамды мәдениет дүниесін қалыптастырушы, рухани қызметтің іске асырушысы, жалпы дүниелік сананың, рухтың, ой-парасаттың иесі деп қарады.
Тарихқа материалистік көзқарастың қалыптасуы адамның қоғамдық өмірдегі алатын орнык түсінуді шын мәніндегі ғылыми деңгейге көтереді. Адам бұрынғыша рухани, денелік, әлеуметтік, табиғаттық болып бөлшектеніп, біржақты немесе таза абстракті түрде қаралмай, тұтас тұлға ретінде, нақтылы - тарихи мақсаттарға бағындырыла қаралатын болды. Адамның табиғи-әлеуметтік мәні, қоғамдағы ролі мен орны жөніндегі мәселе оның ондаған мың жылдар ішіндегі тарихи алға басу, яғни еркіндікке ұмтылу күресі сатыларының сипаттарымен тығыз байланысты, Марксизм осыны дәлелдеді.
Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болды. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жай ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шьгғара салған жасанды бірдеме емес. Түптеп келгенде, адамның да, қоғамкың да мақсаты - адам қамы. Оның материалдық, рухани мүдде-талаптарының кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басының қанау мен езгіден, басқаның үстемдігінен бос еркін өмір сүруіне, оның ішкі қабілеттері мен дарын-таланттарының уақытында толық ашылуына әлеуметтік-экономикалык, жағдайлар жасау, басқаша айтқанда, адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдай да, патша да, үкімет басшысы да емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойы мен екі қолының күші, іскерлік қабілеті. Адамның қоғамдык, өмірде орны, әлеуметтік жай-күйі толығынан өз еңбегінің саны мен сапасына, әлеуметтік пайдалы белсенділігіне сай белгіленуі тиіс. Ол өмір сүретін қоғам оның адамдың қалпын, жөн-жосығын тек осы жолмен ғана анықтап, іске асыруға міндетті.
Бұл марксизм белгілеген адам проблемаларының шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізінде адамның жөн-жосығын ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікте, ауқатты емір сүруіне тарихта бұрын-соңды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыруы керек еді. Бірақ ол жеке адамға табыну, волюнтаризм және тоқырау кезеңдерінде адам айтқысыз қиындық-тарға душар болып, табиғи тура жолынан ауытқып кетті. Өндіріс адам қамына, оның талап-мүдделеріне бағындырылудың орнына адам өндіріс мүдделерінің құлы, құрбаны болып кетті, ал оның еңбегі - өмір сүрудің амалы емес, мақсатына айналады. Адам бостандығы мен праволары, адамға деген қамқорлық қағазға жазылған бос сөздің деңгейінен аспады. Қайта құру, қоғамдық өмірді революциялың жолмен тазартып, жаңғырту программасы мен жариялылық принципінің көздеген нысанасы - социализмнің лениндік бейнесін қалпына келтіру, сөйтіп оны әлеуметтік прогрестің жаңа сатысына көтеру болмақ. Бұл программа іске аса қалған күнде адамды шын мәніндегі адамдық дәрежеге көтеріп, оны өзіне-өзі қожа, белсенді де адал, жан-жақты дамыған ерікті азаматқа айналдыру мүмкіндігі туады деген үміт бар. Тек билік түгелінен халықтың қолына көшіп, әлеуметтік әділдік үстәмдік алса, қоғам праволық мемлекетке айналып, жасанды бұршалаушылықтардың қайталанбауына берік кепілдік туса, тек сонда ғана «барлығы да адам үшін, оның еріктілігі, өркендеп жетіле беруі үшін» деген ұран ақиқатқа айналып іс жүзіне асады. Тек сол жағдайда ғылыми философия адамның ерікті, бақытты биік нысана ретіндегі идеалын ғана емес, шынайы бейнесін де кескіндейтін болады.
АДАМ ӨМІР СҮРУІНІҢ ТАБИҒИ-БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТЫ АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ.
Сонымен марксизм философиясының түсінуінде дүниедегі ең бағалы асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл-әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар кезі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Бұл айтып отырғанымыз - адамның қоғамда алатын орны мен роліиің сипаттамасы. Ал, адам дегеніміздің өзі не? Жай күнделікті өмір көзімен қараганда бұдан онай сұрақ жоқ тәрізді. Әркімнің әкесі, әйелі де, баласы да, езі де адам, айнала жүргендердің бәрі адам. «Адам деген не?» деп сұрақ қойып, басты ауыртудың қажеті қанша, мұнда тұрған не қиындық бар?- деп ойлауымыз да мүмкін. Дегенмен, бұл сұраққа тереңірек үңіліп, адам ерекшелігінің табиғатын ғылыми тұрғыдан анықтауға тырыссақ, әу дегенде-ақ үлкен қиындыққа кездесеміз. Тарихшы - антрополог пен психологтың адамға беретін анықтамасы екі басқа болуы мүмкін биолог пен дәрігердің түсініктері тағы да бір-біріне ұқсамауы ғажап емес. Өйткені бұлардың әрқайсысы күрделі және біртұтас адам тұлғасының бір ғана қырын зерттейді жәке адамға негізінен өз мамандығы тұрғысынан қарайды. Ондай біржақты кезқарас кен қырлы кесек тұлғаның өзекті мәнін толық аша алмайды. Тіпті бұл жекелеген ғылымдарға тән ұғымдардың жай қосындысы да адамның тұтас бейнесін бере алмайды. Бұл міндетті орындауға қабілеті жететін бір ғана білім саласы бар. Ол - философия. Дүниені, оның ңұрамына кіретін бөлімдерін философия жекелеп, бөлшектеп емес, тұтас күйінде қарастыруға сол әдіспен олардың бәрін қамтитын жалпы зандылықтарды ашуға тырысады. Сол сияқты адамның да әр түрлі құрамды жақтары мен ңырларын (биологиялық құрылысын, психологиясын, әлеуметтік сипатын, моральдық күйін, т. б. ) жеке-жеке зерттеумен шұғылданбайды, ең маңызды, адамды адам ететін салалық қасиеттердің жалпылық байланыстарын, тұтастығын қарастыру арқылы оның ерекше қоғамдық мәнін ашуды өзіне мақсат санайды.
Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Аристотельдің анықтамасы бойынша адам - қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардың адамнан айырмашылығы - оның қоғамнан тысқары жағдайда өмір сүре алмайтындығы. Аристотельдің осыны айтңысы келген болуы керек. Орта ғасырдағы католицизы діни философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп қарады. Жан оның ұғымында мәңгілік өлшейтін жақсылық сәулесі болса, дене құмарлық пен ынтымақтық аренасы, жындардың ұясы. Сондықтан адам өмір бойы сайтандар тұзағынан босанып, құдайдың жарық дүниесіне асығумен болады.
Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша жеке-дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. «Менің» болуымның міндетті шарты «сенің» болуың, басқалардың болуы, Маркстің адам туралы ой жүйесінің алғашқы бастамасына негіз болған Фейербахтың осы тезисі еді. «Индивид (дара адам), - деп жазды Маркс, - бұл қоғамдық хайуан. Сондықтан оның өмірінің әрбір көрінісі . . . қоғамдық өмір көрінісі және тұрақтануы болып табылады». Басқаша айтқанда, адамды жан-жануарлардан әлдеқайда жоғары қоятын қасиеттері тек қоғам ішінде өмір сүруінің нәтижесі. Себебі қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіріп үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті болмайды. Бұл жағынан, ол жануарлардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі жай.
Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз ол адам болып өсіп, жетіле алмақ емес. Кездейсоқ бір себептерден кішкентай балаларды жыртқыш аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерін тарих жақсы біледі. Отыздан астам мәлім болған жайлардың барлығында да балалар адам қалпынан айырылып шыққан. Төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілет қалмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам бейнесіне келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен тік жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген. Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін кімде болса туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын ез еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасаудың, керекті ойларын сөз арқылы бір-біріне жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдың және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамаң, киім, баспана) өндіру тәсілінен туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz