Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынас



Жас өспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым – қатынас жасау мәселесі – психология ғылымындағы және тәлім тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бір сыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жас өспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым – қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі – мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым – қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл – қозғалысына, іс - әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл – кеңесіне, өзге адамдармен қарым – қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҰСТАЗ БЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘЛІМ
– ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ

Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынас

Жас өспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым – қатынас жасау
мәселесі – психология ғылымындағы және тәлім тәрбие ісіндегі әрі маңызды,
әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бір
сыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жас
өспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым –
қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер
бар екендігін көрсетті. Міне мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі –
мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым – қатынас жасауда әрқилы
қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен
ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса,
ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл – қозғалысына, іс - әрекеті мен
сөйлеген сөзіне, оның ақыл – кеңесіне, өзге адамдармен қарым – қатынасына,
шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.
Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және
педагогикалық зерттеулер төменгі класс оқушыларынан гөрі ересек оқушылар
арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан
қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын
анықтады. Әрине мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан
тереңірек зерттеу – тәлім – тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Бізде атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен
арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер
арасындағы қарым – қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын
қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты
іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал мұғалім мен шәкірттер
арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми – педагогикалық бірен – сараң
әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі.
Осы кезде тәлім – тәрбие ісіндегі жас өспірімдермен қарым – қатынас жасауда
мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен,
әсіресе шәкірт – тердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне
баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында
мұғалімнің бойында өзіндік сапа , ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу
керек деген міндет қойылады.
Шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды талап –
тілектеріне лайықты ұнамды қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда ұстаздың
бойындағы сапалар мен қасиеттердің оқушылар үшін қаншалықты ықпалды
болатындығын белгілі жүйеге келтіріп іздестіру оларды күнделікті тәлім –
тәрбие істерінің тәжірибесіне ендіріп отырудың маңызды екендігіне айрықша
көңіл бөлу керек болады. Осындай сапалар қатарына ұстаздардың жас өспірі –
рімдермен мен қарым – қатынас жасауы үшін өзіндік сипат – ерекшеліктері
болатындығын көрсетеді. Жас өспірімдік кезең балалық шақ пен ересек адам –
дар арасындағы өтпелі кезең екендігін ескеретін болсақ, бұл кезеңде жас
өспі – рімдердің тек өз мұғалімдері мен тәрбиешілеріне ғана емес, өзге
адамдарға, айналасындағы кісілерге деген өзіндік сын көз қарасы өрістеп,
әрбір нәрсенің мән – жайына үңіле қарап, оларды танып білуге деген ықылас –
ынтасы арта түсетін кезең. Олардың ақыл – ойы өсіп, сана – сезімі оянып
дүниетану шең – бері ұлғая бастаған кез. Адамның дамып жетілуіндегі мұндай
сапалар жас өспірімдердің ұстаздарға деген талап – тілегін де күрделендіре
түседі. Жас өспірімдер бұл кезеңде өздерін ересектер қатарына қосылдық деп
санап, үлкен адамдардың өздеріне ілтипатпен көңіл аударып сеніммен қарауды
талап етеді. Керісінше үлкен адамдар мен ұстаздары оларға әлі де бала деп
қарайтын болса, онда олар мұндай талаптарға қарсы шығып, өздерінің
қарсылығы мен наразылығын сөйлеген сөздерімен істеген істері мен мінез –
құлықтары арқылы білдіреді.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым – қатынастың бір сыпыра
жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы
бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат
етіп қойылған мәселенің жай – жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі
мәселе – мұғалімдік мамандыққа қойылатын жас өспірімдердің талабын
психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің
сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан алып
талдау.
Зерттеу арқылы іздестіретін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай
тәсіл қолданылады. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс - әрекеттерін
оқушылардың ой – пікірлері бойынша қалай бағаланатынын анықтау ниетімен
ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалармен
ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен
мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал
жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар
мен тілектердің мән – жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп
іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.
Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым – қатынастағы
мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге
мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсіну. Мұндай
қасиеттерді шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал
ұстаздардың бұларға немқұрайды, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың
ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты
қойылатын талап – тілектер. Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі,
балаларға оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр алуан
амал – тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық жас өспірімдердің бірімен – бірінің өзара
қатынасына, олардың өміріндегі күйініш – сүйініштеріне, табыстары мен
сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық – көпшілік жұмыстарға қатысуына байлан –
ысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздық класс жетекшілік жұмысындағы іс -
әрекеттері жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез –
құлық - тарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы
көзқарастары мен өзіндік пайым – түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп
анықтап көрсетейік: 1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік
қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы; 2. Мұғалімнің өз пәнін меңгеруі мен
ұстаздық шеберлігі; 3. Мұғалімнің класс ұжымын басқарып, оған жетекшілік
ете алуы; 4. Мұғалімнің мінез – құлқындағы даралық сапалары, бойындағы
қасиет ерекшеліктері.
Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып, мұғалім жайындағы
шәкірттердің пікірлерін тастыра отырып қарастырылғанда ұстазға тән 27
ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшелердің бар екендігін атап көр –
сетуге болады. Сол шәкірттердің мұғалімнің мінез – құлқы жайындағы ұната –
тын сапалары мен қарым – қатынас жасауда талап ететін жағымды сипаттар
мынадай:
Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер: а) шәкірттердің
адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы; ә) жас өспірімдер
мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым – қатынас жасап, олардың
пікірлері – мен санасу; б) оқушыларға сенім білдіру; в) шәкірттердің
бойындағы кемші – ліктерді көпшілік талқасына салмай, жеке өзіне оңаша
айтуы; г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін
көрсету; ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету; д)
шәкірттердің жан дүниесін (психи - касын) айтпай – ақ түсініп, үнемі
сезімталдық көрсетуі; е) әрбір істе үнемі әділетті болуы; ж) шәкірттердің
табысы мен ықылас – ынтасын тез аңғарғыш – тығы; з) әркімге лайықты орынды
талап қоюы.
Екінші топтағы сапаларға: а) өз пәнін жетік біліп,
бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы; ә) өзінің мамандығын
өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы; б) сабақты
түсінікті әрі нақты жүргізуі; в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған
шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы; г) өз пәніне деген
оқушылардың ықылас – ынтасын арттыра білуі; ғ) сабақты шебер ұйымдастырып,
әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа класстың, түгел қатысып
отыруын қамтамасыз ету.
Үшінші топтағы сапалар: а) қоғамдық ұйымдар мен класстан тыс
жүргі – зілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі; ә)
оқушылардың бел – сенділігі мен дербестігін бағалап, балалардың бастамасын
үнемі қолдауы; б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және
олардың талап – тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы; в) оқушыларға берген
уәдесін қалайда орындайтындығы; г) балалардың өзара қарым – қатынасына мән
бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі; ғ) ұлдар мен қыздар
арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы; д)
әрбір нәрсені істей білетін шебер ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе үйрете
алатын – дығы.
Төртінші топтағы сапалар: а) әрбір істі көңілді орындап сөзді
тапқыр сөйлейтіндігі; ә) мінез – құлқының қарапайымдылығы; б) өзін - өзі
меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген сапалар шәкірттердің ұстаздары
жайындағы шынайы ой – пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар,
оқушылар өз ұстаздарының іс - әрекеті мен мінез – құлқындағы және
шәкірттермен қарым – қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз
сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз
ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.
Бірінші топтағы ерекшеліктер: а) шәкірттерге немқұрайды қарап,
дара ерекшеліктерімен санаспай, оларды балаға санайды; ә) ақыл – есі
жетілмеген деп санап, оқушыларға көбінесе ақыл айтады; б) оқушыларға
сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды
талап етеді; в) оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен
ескертулер жасайды; г) шәкірттерге дауыс көтере, зекіп сөйлеп, олардың
айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды; ғ)
оқушылардың қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап
береді; д) шәкірттерінің көпшілік арасында ұялатын құпия сырлары ішіне
сақтамайды; е) кейбір оқушыларды ғана бөлкетей көрсетіп, алалап,
әділетсіздік білдіреді; ж) оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай,
олардың қабілеті мен күш – жігерін жете бағаламайды; з) оқушылардың мінез –
құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды
қолдайды.
Екінші топқа жататын кемшіліктер: а) оқу материалын оқулық
шеңбер - інде ғана түсіндірумен шектеледі; ә) оқушылардың бағдарламадан
тыс қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді; б) сабақты нақты
түсіндіре алмайды; в) сабақты қызықсыз әрі жалаң өткізеді; г) оқу
материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып
түсіндіруге жете мән бермейді; ғ) оқушыларға бір талабын шегіне жеткізе
орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың берекесін алады.
Үшінші топқа жататын кемшіліктер: а) мектептегі және класстағы
қоғамдық жұмыстардың жүргізілуіне жеткілікті көңіл аудармайды, олармен қоян
– қолтық араласып кетпейді; ә) балалардың әлі жетерлік қоғамдық жұмыстарды
өзі істеп, оқушыларға сенімсіздік білдіреді; б) оқушылардан тек өзінің ғана
айтқанын орындауды талап етеді; в) класс ұжымына берген уәдесін дер кезінде
орындамайды; г) балалардың көкейтесті мәселелеріне мән бермейді, олардың
жеке басының істеріне араласпайды, өйткені мұндай істер оқушылардың өз
жұмыстары деп санайды; ғ) ұлдар мен қыздар арасындағы жолдастық, достық
қарым – қатынастың дұрыс қалыптасу мерзімі ерте деген пікірде болады; д)
қоғамдық жұмыстардың орындаудың жолын жете түсіндірмейді.
Төртінші топқа жататын кемшіліктер: а) ашуланшақ, күйгелек; ә)
тұйық, оқушылармен қарым – қатынасы салқын; б) жүріс – тұрысының бәрі
асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады.
Оқушылардың мұғалімдерге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар
үнемі ескеретін болуға тиіс.
Шәкірттердің өз ұстаздарына қоятын осындай талаптары мен
тілектері – нің мазмұнын тереңірек анықтау мақсатымен арнайы тәжірибелік
зерттеулер жүргізіліп, ондай зерттеу нәтижелері жүйеге келтірелік арнайы
жеке – жеке карточкаларға жазылады да, олар араластырылып сыналушы
оқушыларға таратылып беріледі. Оқушыларға ұсынылған карточкалар бойынша
олар мынадай үш түрлі тапсырманы орындауы қажет: Бірінші әрбір оқушы
карточкадағы сапалар мен ерекшеліктерді, байыптап оқып шығып, ондағы
мұғалімге тән ұнамды сапаларды бір бөлек, ал ұнамсыз қылықтардыекінші
жағына қойып, екіге ажыратып көрсетулері керек.
Екінші тапсырма бойынша оқушылар мұғалімге тән ұнамды сапалар
ішінен ұстаз үшін аса қажеттілерін таңдап алып, бір бөлек көрсетеді. Осы
тәсілмен оқушылар мұғалімге тән ұнамсыз қасиет – сипаттарды он түрлі
белгісін бөліп көрсетеді.
Үшінші тапсырмада сыналушылар онан әрі қарай мұғалімнің екі
бөлікке жіктелген ұнамды және ұнамсыз жақтарын өздерінің ұғынуы мен
түсініктеріне сәйкес реттеп қоюға тиіс. Бұл ретте оқушылар аса қажетті
деген ұнамды сапаларды алғашқы орындарға қояды да, ал екінші дәрежелі деген
сапаларын соңғы орындарға қояды. Сол сияқты мұғалімнің ұнамсыз жақтарындағы
аса жаратпайтындарды алғашқы орынға қояды да, ұнатпайтындарын соңғы орынға
қояды.
Мұндай зерттеулер үшін жүргізілген тәжірибелер Алматы
қаласындағы бірсапыра мектептердің V және VIII – IХ кластарында оқитын төрт
жүзге жуық оқушылар қамтылды. Тәжірибе нәтижелері жас өспірімдердің ұстазға
тән аса ұнамды сапаларды өз ұғымдарының түсіну дәрежесіне сәйкес рет –
ретіне қарай және маңыздылығына орай көрсете білетіндіктері анықталды.
Ұнамды сапалардың алтауы мұғалім шәкірттер арасындағы қарым – қатынас
сапаларын көрсететін болса, ал төрт түрлі сапа ұстаздың класс ұжымымен
жүргізетін қоғамдық жұмысына байланысты. Ал біреуі мұғалімнің дара
ерекшелігін көрсетеді. Жас өспірімдерге қарағанда жоғары кластағы оқушылар
ұстазға қоятын талаптары әлдеқайда жоғары болатындығы байқалады.
Ұнамды сапалар ішінен мұғалімнің мамандығын жете меңгеріп,
әдісшіл болуы – екінші орынға қойылады да, бұл сапа жоғары класс оқушылары
тара – пынан ерекше бағаланады.
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым – қатынасты күнделікті
тәлім – тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып,
өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар
мен ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай
дегенмен бұл қасиеттердің бәрі оқу – тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады.
Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен
жанашыр – лық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселер
екенін әрбір ұстаз, тәлім – тәрбиеші ақыл – ойға салып, өз қабырғасымен
кеңесіп таразылап көруі қажет.

Мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыс

Осы заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытушы мен студент өзарақатынасындағы тұлғалық кедергілерді эксперименттік тұрғыда зерттеу
Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының педагогикалық категориясы
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты анықтау
Балалар ондай қатал мұғалімге ұрысқақ, айғайшыл
Психологиялық тұрғыдан мұғалім мен оқушы арасындағы қары - қатынас
Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасы
Филогенез
Мұғалім мен оқушылар арсындағы қатынас
Мұғалімдердің рөлі
Пәндер