Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері



1. Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы
2. Отын әнергетикалық ресурстардың дүниежүзілік қоры
3. Сарқылмайтын энергия ресурстары
4. Қазақстандағы энергетика өндірістері
5. Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС.нан атмосфераға тасталатын зиянды заттардың мөлшері
Пайдаланған әдебиеттер
Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.
Жер қойнауындағы отын қоры болып, көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна (шартты отын түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна.
1. А.Ж. Жақбасова, Г.Ә. Саинова, «Экология». Алматы 2003ж.
2. Журнал «Қазақстан экологиялық бюлетень». Алматы 2002ж.

Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға
тигізетін әсері

Жоспар:
1. Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы
2. Отын әнергетикалық ресурстардың дүниежүзілік қоры
3. Сарқылмайтын энергия ресурстары
4. Қазақстандағы энергетика өндірістері
5. Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС-нан атмосфераға тасталатын
зиянды заттардың мөлшері

Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға
тигізетін әсері

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық
энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың
табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына (белгісіне) байланысты
топтастырылады (1-ші кесте).

1-ші кесте. Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы

Бастапқы қоры Екінші қоры
Сарқылатын (көмір, Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан
мұнай, тақтатас, табиғиқосымша өнімдер; гудрон, мазут және мұнай
газ, жанғыш заттар) өңдегенде шыққан қалдық өнімдер; ағаш
дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар,
бұталар.

Сарқылмайтын немесе Жанғыш газдар (домна, кокс); тастанды
қайтадан орнына келетінгаздардың жылуы; салқындату жүйесінен шыққан
(ағаш, гидроэнергия, ыстық су; күш беретін тастанды буы
жел және күн энергиясы,
геотермальдық энергия,
жертезек, термоядерлық
энергия)

Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі
дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде
дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.
Жер қойнауындағы отын қоры болып, көмір, мұнай, газ және уран
рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна (шартты
отын түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде
шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2
млрд.тонна.
Сарқылатын отын-энергетикалық ресурстардың геологиялық зерттеуден
өткен дүниежүзілік қоры төменгі 2-ші кестеде келтірілген.
Кейбір елдердегі барланған кен орындарындағы көмірдің мөлшері,
млрд.тонна: АҚШ- 430, Германия-100, Австралия-90, Англия -50, Канада-50,
Индия-29, ТМД елдері-290, оның ішінде Қазақстанда-51 (40% кокс алатын өте
сапалы көмір). Орта есеппен жылына Қазақстанда 80 млн.тоннаның үстінде
көмір алынады, оның 40% ашық әдіспен.

2-ші кесте. Отын әнергетикалық ресурстардың дүниежүзілік қоры

Геологиялық Барланудан алынып
Отын түрі ресурс жатқан ресурс
Көмір, млрд.т 4880-5560 609
Мұнай, млрд.т 207-252 72-98
Табиғи газ, трлн.м3 260-270 49-74
Газ конденсаты, млрд.т 33-34 6-9
Жасанды сұйық отын (тақтатас 342 36
және битум алынатындар),
млрд.т
Уран, млрд.т 3,2 1,6

Дүниежүзілік мұнай қоры 840 млрд.тонна шартты отын көлемінде
бағаланады. Оның 10%-анықталған, ал 90% болжамдық қорлар. Дүниежүзілік
рынокты негізгі мұнай мен қамтамасыз ететін Таяу және Орта Шығыс елдері.
Мұнайдың 66% осы елдерде, 4%- Солтүстік Америкада, 8-10% Ресейде, қалған
мөлшері басқа елдерде. Жапония, Германия, Франция т.б. көптеген дамыған
елдерде мұнай кен орындары жоқ.
Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн. м3 . Табиғи газдардың
үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында, Алжирде, Ливияда, Нигерияда,
Венесуэлада, Мексикада, АҚШ-та, Канадада, Австалияда, Ұлыбританияда,
Норвегияда, Голландияда, Ресейде (30 %), Қазақстанда (5 млрд. м3). Жыл
сайын Ресей 800-850 млрд. м3 шамасында өндіріледі.
Жоғарыда көрсетілген отын түрлерін жер қойнауынан алған кезде жер
беті келбетінің өзгеруі, топырақтың құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера
мен сулардың ластануы орын алады. Сондықтан табиғи ортаны сақтау мақсатында
ғалымдардың болжамы 2020 жылға дейін жер қойнауынан алынатын отындардың 2,5
млрд.тоннадайы зияндығы аздау отын түрлеріне айырбасталып, яғни
сарқылмайтын энергия ресурстарына олардан алынатын электрэнергияның мөлшері
8%-ке дейін жетеді. Кейбір сарқылмайтын энергия көздері туралы мәліметтер 3-
ші кестеде берілген.
Жыл бойы жер бетіне түсетін күн сәулесінің күші 178 мың ГВт энергияға
тең, бүкіл адамзаттың жұмсайтын энергия мөлшерінен бұл шамамен 15 мың есе
жоғары. Осы энергияның 30%-ы қайтадан космос әлеміне қайтарылады, 50%-
сіңіріледі, 20%-ы геологиялық циклға, 0,06% фотосинтез процесіне жұмсалады.

3-ші кесте. Сарқылмайтын энергия ресурстары
Энергия түрлері Энергия көзі Дүниежүзілік
ресурстар, 10кВт
сағатжыл
Механикалық Өзен ағысы 0,0028
Толқындар 0,005-0,05
Тасулар,құйылулар 0,09
Жел 0,5-5,2

Жылу Температура градиенті: теңіз 0,1-1,0
бен мұхит суларінікі
Ауанікі 0,001-0,01
Жер қойнауынікі 0,05-0,2
(жанартаулардікі)

Сәуле қуаты Күннің сәулеленуі: жер бетінде200-280
1570
Толық энергия

Химиялық өсімдіктер мен жертезек 10

Күн- өте қуатты энергия көзі. Оның 22 күн ішінде жерге берген қуаты бүкіл
Жер әлеміндегі органикалық отынның қуатына тең. Күн қуатын өнеркәсіп пен
тұрмыс жағдайында қалай қолдануға негізделген кейбір қондырғылар белгілі.
Жуковский қаласындағы Ковров механика зауыты қуаттылығы жылына 100 мың м3
суды жылытуға арналған күн сәулесін пайдаланатын жылу коллекторларын
шығарады.
АҚШ-та, Испанияда, Иорданияда электр тоғын алу үшін күн сәулесін
қолданатын жылу электрқондырғылар іске қосылған. Бұларда жартылай ток
өткізетін аспаптарды қолданып күн сәулесі электр тоғына өзгертіледі.
Американдық эксперттердің шешімі бойынша фотоэлектрқондырғылар қоршаған
ортаға әсерін тигізбейді екен, оларда жылжымалы бөлшектер болмағандықтан шу
болмайды және судың да қажеті жоқ. Күн сәулесінен жұмыс істейтін
батареяларды тұрғын үйлерді жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге, әртүрлі
материалдарды кептіруге, технологиялық процестерде қолдануға болады. Желдің
жылдамдығы 5мсек жоғары болатын жерлерде электроэнергияны желден алуға
болады. Желдің энергиясын кеңінен қолдану мақсатында Канадада, Германияда,
АҚШ-та, Францияда, Швецияда ұлттық бағдарламалар жасалған.
Жел энергиясынан электр тоғын алу процестеріне экологиялық тұрғыдан
қарасақ, мұны таза технологияға жатқызуға болады. Шу және теледидар
жүйесінде кездесетін тағы да басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін
проблемалар деуге болады.
Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын аймақтар жеткілікті. Осыған
байланысты жел энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс. Сондықтан жел
энергиясын кеңінен қолдану экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да
тиімді.
Экологиялық жағдайға зияндық әсері жоқ деп, тағы бір энергия түрін
айтуға болады. Бұл жер қабатында (5метр тереңдікке дейінгі) болатын
геотермалдық жылу электрстанциялары (ГеоЖЭС) жұмыс істейді. Ең қуаттылығы
жоғары ГеоЖЭС (50мВт) АҚШ-та.
Жалпы геотермалдық энергия қоры 200гВт шамасында, негізінде ол Тынық
мұхиттың төңірегінде шоғырланған.
Ресейде геотермалдық энергия қоры Камчатка, Сахалин және Курил
аралдарында, жалпы қоры 2000мВт. Қазіргі кезде қуаттылығы 11мВт-қа тең екі
ГеоЖЭС Камчаткада іске қосылған. Курил аралдарында және Камчаткада 300-500
метр тереңдікте судың температурасы 2000С-ге дейін жетеді.
Геотермалдық энергетиканың дамуының негізгі бағыты- термалдық
сулардың жылуын пайдалану немесе су сіңіретін тау жыныстарының қабатына
қолданған. Суды жіберіп, осы тереңдіктегі жылуды электр энергиясына
айналдыру. Тереңдіктегі жылуды пайдалану технологиясы экологиялық тұрғыдан
зиянсыз. Махачкала, Омск, Кизляр, Черкаск, Тбилиси қалаларында термалды
сулар тұрғындарды жылы сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жылы сулар қоры Қазақстанның да көптеген жерінде кездеседі. Олар
үйлерді жылытуға, спорт кешендерінде, санаторийларда, т.б. жағдайларда
қолдануын табуда.
Тағы бір энергия көзі- биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері
0,1%, ал күрделілігі-3-5%-тен аспайды (көмірде бұл көрсеткіштер, тиісінше,
2-3% және 10-15% тең). Беомассадан алынған газды отын ретінде пайдаланып,
турбогенераторлардың көмегімен электр тоғын алу жолы басқа белгілі
әдістермен бәсекелесе алады. Биомасса қалдық ретінде көп мөлшерде қант пен
шарап зауыттарында борық қамысын өңдегенде шығады. Борық қамысынан қант,
шарап алу дамып келе жатқан елдердің 80-де жолға қойылған. Осыған
байланысты тек борық қамысын пайдалану арқылы бұл өсімдік өсетін елдерде
энергияның 50%-тей мөлшерін алуды жолға қоюға болады.
Анаэробты микроорганизмдер штаммаларының арнайы түрлерін жасап биогаз
қолданудың экология және экономика жағынан болсын тиімді жолдарын табуға
болады. Биогаздан энзимдер (ашытқы) қолдану арқылы алынған этанолдың бағасы
бензинмен салыстырмалы келеді. Және қазіргі жағдайда қалдықтардан биогаз
алу технологиясы өзін 3-5 жылда ақтап, табиғи органикалық ресурстарды
үнемдеуге ықпал жасайды.
Болашағы зор потенциалды энергия түріне мұхиттардың жылу, ағыс,
толқындар мен тасу энергия түрлерін жатқызуға болады. Мұхит таусуларының
техникалық энергия потенциалы болжам бойынша 780 млн. кВт шамасында.
Канадада қуаттылығы 20млн .кВт, ал Ресейдің Мурманск ауданында қуаттылығы
400 млн. кВт, Алыс Шығыста қуаттылығы 87 млн. кВт энергия беретін
станциялар 350 млрд. кВтсағатына берсе, Францияда жылына алынатын энергия
мөлшері 40 млрд. кВт-сағатына жетеді.
Қазақстанның энергетикалық базасы XX ғасырдың 30-шы жылдарында құрыла
бастады. Алғашында кішігірім электрстанциялар фабрика, зауыт, мұнай
кәсіпорындары мен рудниктердің мұқтажын атқару үшін солардың маңында
салынған. 1950 жылдардан бастап республиканың бірнеше аймағын
электрэнергиясымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің адам өмірімен байланысы
Энергетикалық ресурстар жөне энергетика өндірістерінің қоршаган ортага тигізетін әсері
Халық шаруашылығы әр түрлі салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Энергетикалық ресурстар
Антропогендік ластанудың негізгі көздері
Электр энергиясын пайдалану
Дәстүрлі емес қуат көздерін пайдалану
Экология және тұрақты даму
Ядролық энергетика туралы жалпы мағлұмат
Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері
Пәндер