Етістіктің шақ тұлғаларының қалыптасуы туралы



Сөз таптарының басқа түрлеріне қарағанда етістік жайлы М.Қашқаридың «Диванында» толық айтылады. Осы етістіктің қай категориясы болмасын «Диван» тілінде тек қана көрініс тауып қана қоймай, арнайы түсіндірілген. Сөз болып отырған «Диван» тіліндегі етістік категорияларының ішінде шақ тұлғалары «Диван» тілінде біршама көп вариантты болып табылады. Шақ тұлғаларының мән-мағынасы мен қолданылуы әркелкі болады.
Кәзіргі түркі тілдерінің бәрі қазақ тілінде қолданылатын шақ тұлғаларының грамматикалық мән тұрғысынан да, морфологиялық жағынан да, фонетикалық сипаты жағынан да белгілі дәрежеде «Диван» тіліндегі сондағы тұлғалармен байланысты. Сонымен бірге Махмуд Қашқаридың жеке тұлғалардың қолданылу ерекшелігі мен мән мағыналарын түсіндіруі сол тұлғалардың кәзіргі қазақ тіліндегі ұзақ уақыт бойы ұшыраған өзгерістердің белгілі дәрежеде түсінуге мүмкіндік береді.
1. Қазақ тілі мен әдебиеті: 2 шығуы.
2. Қазақ тілі және әдебиет мәселелері: 3 шығуы.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Етістіктің шақ тұлғаларының қалыптасуы туралы

Алматы 2006
Етістік шақ тұлғаларының қалыптасуытуралы.
(М.Қашқариматериалдарыменсалыстырун егізінде)

Сөз таптарының басқа түрлеріне қарағанда етістік жайлы М.Қашқаридың
Диванында толық айтылады. Осы етістіктің қай категориясы болмасын Диван
тілінде тек қана көрініс тауып қана қоймай, арнайы түсіндірілген. Сөз болып
отырған Диван тіліндегі етістік категорияларының ішінде шақ тұлғалары
Диван тілінде біршама көп вариантты болып табылады. Шақ тұлғаларының мән-
мағынасы мен қолданылуы әркелкі болады.
Кәзіргі түркі тілдерінің бәрі қазақ тілінде қолданылатын шақ
тұлғаларының грамматикалық мән тұрғысынан да, морфологиялық жағынан да,
фонетикалық сипаты жағынан да белгілі дәрежеде Диван тіліндегі сондағы
тұлғалармен байланысты. Сонымен бірге Махмуд Қашқаридың жеке тұлғалардың
қолданылу ерекшелігі мен мән мағыналарын түсіндіруі сол тұлғалардың кәзіргі
қазақ тіліндегі ұзақ уақыт бойы ұшыраған өзгерістердің белгілі дәрежеде
түсінуге мүмкіндік береді.
Диван тілінде ашық райдың өткен шағы етістікке –ды -ді,-ты- ті,-
дук-дүк,-мыш-міш қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады,-ды қосымшасы
қазіргі қазақ тіліндегідей жедел өткен шақтық мән береді. Бұл тұлғаны
М.Қашқаридың өзі былай түсіндіреді: өткен шақ тұлғасы барлық етістіктерден
–ды қосымшасы қосылу арқылы жасалады және бұл қағида ешқашан өзгермейді.
Мысалы: Ол аны уруб қамтурды- -Ол оны ұрып құлатты. Сөйлемді жақсарту үшін
соңғы дыбысы қатаң әріптерге аяқталған негіздерден жасалған өткен шақ
етістігінің қосымшасы –ды-ты-ты-ға ауыстырып қолданған дұрыс –дейді
М.Қашқари. Алайда М.Қашқаридың Диванында қатаң дыбысқа аяқталған түбірге
де –ды түрінде жалғану кездеседі. Мысалы: Ерет бічді- ер кісі ет кесті. Құл
тәңріге тапды- құл тәңріге табынды.
Бұл мәліметтерге қарағанда (((ιιι ғасыр тілдерінің кейбір
ерекшеліктерінің әлі жайылмағандығын және дауыссыздар үндестігінің әлі
толық қалыптаспағандығын байқауға болады. Дегенмен, Қашқари т қатаң
дауыссызына аяқталып, -ды қосымшасының басқы дыбысы соның әсерінен т- ға
айналуына арнап мысал келтіреді. Тюркологияда жедел өткен шақ тұлғасы ең
әуелі д дыбысынан емес, қатаң т дыбысынан басталғандығы жайлы айтылған. Бұл
әсіресе Орхон-Енисей жазбаларында –ты вариантының көп қолданылуына
негізделген. (,(( жақ жедел өткен шақ құрамындағы –ы дыбысының протезалық
қызметімен қоса Диванда оның әртүрлі дауыстыларға ауысып айтылуы
кездеседі. Бұл жайында Қашқари түсініктемесінде: Түріктер –д әрпін кәсра
қылып бардым дейді. Бұл қағидаға дұрыс келеді. Ал оғыздар мен кейбір басқа
тайпалар –ды-ны фатха қылып бардам дейді арғулар мұны дамма қылып
бардум,келдүм деп айтады. Бұл қағидадан алшақ.Бірақ тайпалар арасындағы
айырмашылық осындай,-дейді.Қашқаридің бұл пікірі зерттеулерде фактілік
дәлел тапты. Алтайст Рамстедт алтай тіліндегі бір кезде 111 жақты білдірген
жіктеу есімдігі ретінде қарайды. Осы есімдіктің ісі қазіргі Шанчжур тілінде
де сақталған.-ды аффиксі езулік дауыстыларды бар буыннан кейін жалғанады.
Ал құрамында у,ү дыбыстары бар жедел өткен шақ қосымшасы еріндік
дауыстылардан кейін айтылады. Бұл тек (-(( жақтарға ғана қатысты. Яғни,
ерін дауыстылардың айтылуы жақ қосымшаларының ерекшелігіне де байланысты
болу керек. Себебі ((( жақ қосымшасы қандай дауыстыдан соң болсада
езулікпен айтылады. ((( жақ қосымшасының тек қана езулік дауысты мен келуі,
Қашқаридің өз пірінде, Рамстедт толықтырмасын дәлелдейді.
Жедел өткен шақтың көпше ( жағы Диван тілінде –мыз қосымшасы арқылы
берілген. Бұл аффикс қазіргі өзбек тілінің Ташкент диалектісінде де
сақталған. Ал қазіргі қазақ тілінде жедел өткен шақ формасы ( жақ көпше
түрінде –қ,-к аффиксі арқылы жасалады.
Тюркологияда ( жақ функциясын атқаратын –қ,-к аффиксінің шығу тегі
туралы әр түрлі пікірлер бар. Мелиоранскийдің ойынша бұл қосымша –мыз, -міз
қосымшаларынан кейін шыққан. Ол Орхон жазбаларында, якут тілінде –қ,-к
аффиксінің көптік мағынада жұмсалмай, оның орнына –мыз,-міз, якут тілінде
–быт, -біт, -бұт,-бүт формаларының қолданылатынын айтады. Ал Конанов бұған
керісінше –мыз ( жақ көптік жалғауы кейін пайда болғандығын айтады.
Кононовтың ойынша: что касается покозателя (л.мн. числа –қ, -к, то она
могла возникнуть только до образования форм ( и ((л.ед. числа, т.е. до
образования индивидуально-личного спряжения и закрепилась за первым лицом
ми.Числа как противопоставления форме типа йаз-ды. Диван тілінде, одан
бұрынғы ескерткіштер тілінде де ( жақ көптік қосымшасы ретінде –қ
аффиксінің көздеспейтіндігі, Мелиоранский пікірінің дәлелді екенін
көрсетеді. Қашқари: Оғыздар тілінде ( және (((жақ етістіктердің соңындағы
–м,-н орнына -қ немесе -к алмастырып бардуқ, келдүк түрінде
қолданылатындығын айтады. Ол екінші бір түсіндіруінде оғыздар тілінде –қ,-к
қосымшасы тек (жақта ғана жекеше және көптік мәнінде жұмсалады. Көпшілік
оғыздар (жақ өткен шақ тұлғасында бардым етістігінің соңындағы –м орнына
жекеше де, көпше де –қ немесе –к әрпін қолданады. Өткен шақтың басқа
тұлғаларында түріктер тәрізді айтады. Барды орнына бардуқ, келді орнына
келдүк деп бұзбайды.
Бұл түсініктемеге қарағанда Қашқаридың, өткен шақ формасының жақ
жалғаулары бойынша түрленуі мына тәрізді болу керек:
Түріктер тілінде
Жекеше көпше
Мен бардым біз бардымыз
Сен бардың сіз бардыңыз
Ол барды олар бардылар.
Оғыздар тілінде
Мен бардуқ біз бардуқ
Сен бардың сіздер бардыңыз
Ол бардуқ олар бардуқ

Мен бардуқ біз бардуқ
Сен бардың сіз бардыңыз
Ол барды олар бардылар.

Бұл айтылғандарды назарға алып қарасақ, мынадай қорытынды шығады:
қазіргі тілімізде ( жақта қолданылатын көптік –қ, -к формуласы –руқ, -дүк
қосымшасының қалдығы. Бұл тұлға алғаш –дуқ аффиксінің құрамында үш жаққа да
жекеше, көпше түрінде бірдей қолданылса, кейін бастапқы мағынасында ( және
((( жақта сақталып, (( жақта –дық,-дуғ формасында өзгеріп қолданылған. Келе-
келе ((( жақтағы –руқ құрамындағы –қ,-к формасы да редукцияға ұшырап, тек (
жақ көпше түрінде сақталған.
Жедел өткен шақтың (( жақтағы жекеше және көпше түрінде қолданылуы:
Бардың нелек аймадың бардың неге айтпадың ,
Кірү көріп қоймадың артыңдағыларға қайрыл—
Көңүл беру йаймадың мадың, көңліңді білдірмедің
Болдуң ерінч болмағу енді келіссіз жағдайда қалдың

Қанча бардың ай оғул- неге кеттің ей бала. Чын айдың- рас айттың.
Тапындың- қызмет еттің. Бу сен ышығ қолы қылдың- сен бұл істі қалай
істедің. Не оғурда келдің- қашан келдің.
(( ғасырда өткен шақ мәнін білдіретін –руқ қосымшасы алғысында үш
жақта бірдей жекеше, көпше түрленбей қолданылса, оның одан әрі қолданылу
аясы тарылып, кейбір диалектілерде –руғ түрінде жұмсалған кейбір тайпалар
тілінде –руқ формасы, (,((( жақ көптікте түрік тайпасы тіліндегі –м,–н
аффиксіне параллель қолданылған.
-дық қосымшасы қазақ және бірқатар түркі тілдерінде, ( жақ көптік
функциясында сақталған. Осыған керісінше –руқ қосымшасының құрамындағы –қ,-
к формантының фонетикалық варианты болып табылатын –ғ,-г қосымшасы кәзіргі
түркі тілдерінің бірқатарында жекеше екінші жақта кездеседі. Қазіргі татар
тілінде, өзбек, түркмен, азербайжан тілдерінің кейбір диалекрілерінде өткен
шақ формасы жекеше (( жақта –дығ,-діг түрінде қолданылады.
Сөз соңындағы ғ,г бірде түсіп қалуы, бірде дифтонгқа айналуы түркі
тілдерінде кездеседі. М: сарығ-сары, тағ-тау. Кейде сөз соңындағы ғ,г қатаң
дыбысқа айналуы мүмкін. М: бағ-бақ, ұлығ-ұлық, кішіг-кішік. Бұлар түркі
тілдерінің тарихи дамуында заңды болып табылатын құбылыс.
Диванда ашық райдың жедел өткен шағының (( жақ көпше түрде жіктелуі
оған –ыңыз қосымшасының жалғануы арқылы жасалады: бардыңыз.
Ашық райдың жедел өткен шағының жекеше ((( жақта арнаулы қосымшасы
жоқ, нольдік формада қолданылады. Бұнда Қашқаридың –ы өзгелік қосымшасы
түсініктемесін қарау керек: ол мені корүб қоп қылды-ол мені көріп қуанды.
Оқ башақы ташқа тегіб тағылды-оқты басы тасқа тиіп мұқалды.
Диванда ((( жақ жедел өткен шақтың көпше түрі –ы қосымшасынан соң
–лар көптік жалғауы жалғану арқылы жасалған. Жедел өткен шақтың көпше (((
жағына –лар жалғауы қазіргі өзбек, татар тілдерінде кездеседі. Сонымен
бірге Диванда басқа да фактілер кездеседі. Мысалы:
Қақлар қамұғ көлерді
Тағлар башы ілерді
Ажун таны йыларды.

Түні чечек йеркешүк-жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көсемшенің тұлғалары
Етістік оның мағанасы
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Есімше тұлғаларының грамматикалық қызметі
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Модификациялық етістіктер
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Пәндер