Қазақстандық бағалы қағаздардың және қаржы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Қаржы нарығының пайда болуы
  2. Қазақстандық бағалы қағаздардың және қаржы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы.
  1. Құқықтық жүйе және мемлекеттік реттеу. Негізгі инвесторларҚаржылық инструменттер және олардың дамуы

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының, қор биржасының

дамуындағы негізгі проблемалар.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қаржы нарығы дегеніміз - бағалы қағаздарды сату мен сатып алу, сату және қайта сату жөніндегі операцияларды, сонымен қатар кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, сақтық ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.

Кейбір әдебиеттерде қаржы нарығын қор биржасы деп те атайды.

Қаржы нарығы елімізде этап-этаппен жүргізілген жекешелендірудің, соның нәтижесінде акционерлік қоғамдардың пайда болуынан тығыз байланыста болады.

Курстық жұмыста Қазақстанда қор биржасының, сақтық органдарының, зейнетақы қорларының, мемлекеттін бағалы қағаздардың, брокерлік-дилерлік компаниялардың нарығы туралы баяндалады, олардың пайда болуы мен дамуы жағдайлары қарастырылады.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады, алғашқы бөлімде қор нарығының пайда болуы. Екінші бөлімде - қазіргі қор нарығы, оның дамуы жағдайы мен құрылымы, соңғы бөлімде - қор нарығының дамуындағы негізгі проблемалар қарастырылады.

Курстық жұмыстың басты назар аударатын мәселесі бұл - қор нарығының дамуындағы негізгі аяқ шалдыратын негізгі проблемалары.

  1. Қаржы нарығының пайда болуы.

Қаржы нарығы - басқалай сауда нарықтарымен байланысты (ақша, несие, ипотекалық) салалармен толықтырылған нарық.

Қор нарығы қаражаттардың ұзақ мерзімге немесе мерзімсіз пайдалануға салынғанын немесе берілгенін, яғни өндірістін негізгі капиталға қызмет ететін айғақтайтын негізінен ұзақ мерзімдеу сипаттағы міндеттемелерінің немесе куәліктердің нарығы болып табылады, оны кейде сондықтан қор нарығы деп те атайды. Ақшамен несие нарықтары әдетте бұл нарықтан өзгешелеп олар айналым нарықтарына қызмет етеді.

Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені ақша тапшылығын жою үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше еркін жүретін бағалы қағаздар шығарады және олардың бағасы сұраныспен қамтамасыз етіледі және реттеліп отырады.

Республикамызда бағалы қағаздар дұрыс жұмыс істеуі үшін оның қажетті нарықтық құрылымы - инвестициялық институттары, қор биржалары, депозит мекемелерінің болуы, қосымша биржадан тыс сауда жүйелері болуы тиіс.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1991 жылы құрылды. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі - шешуші роль атқарды. Қысқа мерзім ішінде республикамыздың күллі халық шаруашылық кешені заңды нақты иесі бар, акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991-1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктердің акциялары тіркелінді.

Жекешелендірудің бірінші этапы 1991-1993 жылдар аралығында болды. Бұл этаптың басталуына бірден-бір себеп 1991 жылғы 22 шілдедегі «Жекешелендіру мен мемлекет иелігін алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүргізіледі.

Бірінші этаптың мақсаты - мемлекеттік меншік түрін ауыстыру, азаматтарға меншікті беру. Осының нәтижесінде елде 6198 кәсіпорын, оның ішінде негізгі бөлігі обьектелуі (29, 6%) және тұрмыстық қызмет көрсету (25, 8%) . Бұл этапта мемлекеттік меншіктің 8%-і жекешелендірілді.

2-ші этап 1993-1995 жылдар аралығында болды. Бұл этапқа басты себеп 1993 жылғы №1138-ші «Мемлекет иелігін алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

Қаржы нарығы көптеген «каналдардан» тұрады және бұл «каналдар» арқылы қордың иелері мен қарыз алушылары арасында қаржылай ресурстардың ағысы пайда болады. Бұндай каналдардың негізінен 2 типке бөлуге болады.

Біріншісі: бұл канал тікелей қаржыландыру каналы делдалдарсыз қаражаттар қор иелерінен қарыз алушыларға беріледі; бұл каналды да өз арасында екі топшаға бөлуге болады, бірінші топшада - қарыз алушы ақшалай болмаса басқалай қаражаттарды қарызға, оның меншігіне үлестін құқық бере отырып алады. Бұған мысал, қарапайым акциялар және облигациялар. Дегенмен облигациялар бұл меншігін былай айтқанда кепілдікке қоя отырып қарыз алу. Сондықтан екінші топшаға жатқызады.

Екіншісі: жанама қаржыландыру, бұнда халықтың қолындағы қаражат ерекше институттар арқылы өндіріске беріледі. Олар банктер, біріккен қорлар, қарыздың сақтау мекемелері. Оларды қаржылық делдалдар деп те атайды.

Қазіргі таңда бағалы қағаздарды дамытуға деген себептерді жинақтай келе, олардың үш түріне тоқталамыз; Экономиканың дамытуға қажетті қаражат көздерін табу, мемлекеттін бюджет тапшылығын жабу, мемлекеттін және менішікті жекешелендіру (бағалы қағаздар арқылы халық мемлекеттік меншіктен үлес ала алады) . Дамыған мемлекеттерде қаржы ресурстарының 50%-і акциялар мен облигациялар құрайды.

3-ші этап 1995-1997 жылдар аралығын қамтиды. Кез келген қоғамның мақсаты - ол ең алдымен ең тиімді салаларды қаржыландыру. Дегенмен қаржы ресурстары әрқашан шектеулі. Оған деген қажеттілік мүмкіншілікке қарағанда жылдам өседі. Соның нәтижесінде бюджет әрқашан дефицит, ал фирмалар мен компанияларды олардың өзін-өзі қаржыландыруына қаржы әрқашан жеткіліксіз. Осы құбылыспен қатар әрбір қоғамда, әрбір экономикада халықтың қолында артық қорлар қалыптасады және олардың өзі қалыптаса бастайды.

Бағалы қағаздар нарығындағы ең басты элемент - қор биржасы болып табылады. 1996 жылы негізінен бағалы қағаздармен сауда жасайтын үш орталық болған. Орталық Азиялық қор биржасы; Қазақстандық қор биржасы. Бірақ 1996 жылдың 31 желтоқсанындағы үкімет қаулысы бойынша (№1358) аталған биржалар арасында тендер өткізіліп, бір модельде қор биржасын құру жоспарланды. (Халықаралық органдарға сәйкес) Теңдеулік комиссия былай шешті:

  1. Үлгілі биржа ретінде Қазақстандық қор биржасы q мен халықаралық қор биржасы деп үлгілеп біріктіру.
  2. Мемлекеттін бағалы қағаздарды тек үлгілеп биржада сату;
  3. Бір ғана қор биржасын құру.

Нәтижесінде қатысушылардың арасынан Қазақстандықтар биржасы мен Ұлттық банктің біріккен өтініші Ұлттық комиссиясының шешімінен ең ұжымды деп танылып, ең озық үлгіге айналдырылды. Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия 1995 жылы құрылды. 2001 жылдық толық айында өз жұмысын тоқтатты.

Қазақстанда қор биржасы 2000 жылы қаңтарында құрылды. (КАSE)

Акциялар, облигациялар бағалы қағаздар деп танылды, оның басқа да түрлері: туынды бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының аумағының айналасында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен рұқсат етілген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары, ипотекалық куәліктер, коносаменттер және заңдарға сәйкес құжаттардың басқа да түрлері Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының обьектілері болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының субьектілері (қатысушылары) инвесторлар эмитенттер, бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары, брокер, андеррайтер, кастариан және т. б.

Бағалы қағаз деп - белгіленген нысан міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асыру, оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжатты айтамыз.

Бағалы қағаздар нарығы туралы қазіргі таңда қолданыста мынадай заңдар қолданылады:

  1. 1991 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» №2227 Президенттің заң күші бар жарлығы.
  2. 1995 жылдың 2 мамырындағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» №2225.
  3. 1995 жылдың 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» №2155.
  4. 1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк ісі туралы» №2444 Президенттің жарлықтары
  5. 1998 жылдық 10 шілдедегі «Акционерлік қоғамдар туралы» №281-1 Қазақстан Республикасының заңы.

ІІ. Қазақстандық бағалы қағаздардың және қаржы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы.

2. 1. Құқықтық жүйе және мемлекеттік реттеу.

Бүгінгі таңда бағалы қағаздардың, жалпы қор нарығын реттейтін мынандай заңдар мен жарлықтар бар: «Бағалы қағаздар туралы» заң - өз күшіне 1997 жылы енді - маман қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейді, бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттелуінің принциптерін белгілейді, бағалы эмиссия тәртібін белгілейді.

1998 жылы өз күшіне енген «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы - корпоративтік басқару реттейді.

1997 жылы күшіне енген «Зейнетақы жүйесі туралы» заңы - зейнетақы жүйесін реттейді.

«Инвестициялық қорлар туралы» заң - 1997 жылы өз күшіне енген және инвестициялық компаниялармен қарым-қатынастағы қорларды реттейді.

«Қазақстан Республикасының бағалы қағаздармен мәмлелерді тіркеу туралы» 1997 жылдың наурызынан бастап өз күшіне енген заңы; бұл бағалы қағаздарды номиналды ұстаушыларын және тәуелсіз регистраторларды реттейді.

2001 жылдың 11-ші шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығын ортақ жүйесі ұйымдастыру туралы» Президентінің жарлығы. Осы жарлыққа сәйкес Ұлттық комиссияның барлық өкілдігі Ұлттық Банкке берілуі. Бұл реформаның басты себебі - Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жылдан бері әр түрлі кризистерден қорғау мақсатында іс-әрекеттерді орындаған Ұлттық Банкке барлық өкілдіктерді беру-бұл қаржы нарығының қызмет етуін арттырады.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздармен операцияларды жасауда ерекше құзіретті орган - Қазақстан қор биржасы. Қазақстан қор биржасы статусы келесідей көріністе болады:

  • Арнайы маман кәсіпқой қатысушылар арасындла жасалатын мәмлелер міндетті түрде биржада тіркелуі керек.
  • Қазірде қор нарығындағы ең кәсіпқой қатысушылары бұл - зейнетақы қорлары, коммерциялық банктер. Олар биржадан тыс тіркелген, басқалай бағалы қағаздармен сауда жасауға ешқандай құқық бермейді.

2. 2. Негізгі инвесторлар

Зейнетақы қорлары: 1997 жылы қабылданған зейнетақы туралы заң қор нарығының дамуына түрткі болды, оларда бүгінгі таңда 1 млрд. доллардан астам қаражат жиналған. 2001 жылы 1-ші шілдеде 14 мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жұмыс істеген. Зейнетақы қорлары мен зейнетақы қорларының активтерін басқару компаниялары негізгі өндірістік-қаржылық топтармен афирленген. Мемлекеттік емес қорлармен бірге мемлекеттік қор да жұмыс істейді. Оның қарамағында 35%-зейнетақы активтері шоғырланған.

Коммерциялық банктер 2001 жылы 1-ші шілдеде Ұлттық банктің лицензияларын алған 43 коммерциялық банктер болған. Үш үлкен банк бар: «Казкоммерцбанк» ААҚ; «Туран Алем Банк» ААҚ; «Қазақстанның Халық Банкі» ААҚ - олар барлық жүйенің 58%-і активтерін басқарады, банктердің несиелік портфелінің 65%-і басқарады.

Өздерінің осындай алып деңгейлеріне қарамастан олар бір-бірімен қосылуды көздеуде.

2001 жылғы 1 шілдедегі барлық банктердің активтерінің үлестері мынандай:

Казкоммерцбанк - 1080, 736

Тұран Алем - 754, 206

Қазақстан Халық Банкі - 712, 451

Алғашқы ондық - 1, 041, 798

Басқалары - 803, 401

Коммерциялық банктердің портфелі мынандай:

Атаулары
Мемлекеттік БҚ
Басқалай БҚ
Атаулары: Казкоммерц
Мемлекеттік БҚ: 28, 301
Басқалай БҚ: 29, 254
Атаулары: Тұран Алем
Мемлекеттік БҚ: 65, 197
Басқалай БҚ: 12, 279
Атаулары: Халық Банкі
Мемлекеттік БҚ: 75, 399
Басқалай БҚ: 4, 504
Атаулары: АБН АМРО Банк
Мемлекеттік БҚ: 83, 182
Басқалай БҚ: 0
Атаулары: Сити Банк
Мемлекеттік БҚ: 25, 813
Басқалай БҚ: 21, 931
Атаулары: Центр кредит
Мемлекеттік БҚ: 16, 015
Басқалай БҚ: 1, 6530
Атаулары: АТФБ
Мемлекеттік БҚ: 35, 488
Басқалай БҚ: 900
Атаулары: Нұрбанк
Мемлекеттік БҚ: 53, 902
Басқалай БҚ: 0
Атаулары: Темірбанк
Мемлекеттік БҚ: 6, 04
Басқалай БҚ: 300
Атаулары: Наурызбанк
Мемлекеттік БҚ: 1, 430
Басқалай БҚ: 1, 008

Брокерлік компаниялар. Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия бүгінгі таңда 39 лицензия берген. Олардың 17-і банктік емес брокер-диллерлер. 2001 жылы 1-ші қаңтардың 1-шідегі есеп бойынша 51 лицензия берілген болатұғын. Олардың 36-сы банктік емес, 25-сі банктік брокерлер.

Осы соңғы екі-үш айларға дейін банктік емес брокерлік-диллерлік компаниялар ешқандай да банктік компаниялармен бәсекеге түсе алмайтұғын. Осы жылы Ұлттық Комиссияның сәтті қадамдарының нәтижесінде банктердің корпоративтік бағалы қағаздардың эмиссиялануында қатысуына рұқсат берілмейтін болды, яғни шек қойылды. 2000 жылғы неғұрлым активті іс-әрекет жасаған (корпоративті бағалы қағаздар нарығында алғашқы нарығында) брокерлердің тізімі былайша.

Аталуы
Алғашқы нарықтағы үлесі
Аталуы: Казкоммерц Секьюрити
Алғашқы нарықтағы үлесі: 39, 4%-і
Аталуы: Халық Банк
Алғашқы нарықтағы үлесі: 19, 2%-і
Аталуы: Доиг Банк
Алғашқы нарықтағы үлесі: 12, 8%-і

Биылғы жылы жасалынып жатқан Ұлттық комиссияның қадамдары дұрыс. Бірақ та мынаны ескеру қажет:

  • Корпоративтік бағалы қағаздардың үлесін арттыру қажет. Себебі - жеке үлесін инвестиция бұл ең үлкен қажетті нәрсе.

Бүгінде бірдегі жеке сектор бағалы қағаздарсыз аз даму үстінде. Дегенмен, бағалы қағаздармен инвестиция тарту дамытуда жеңілдете түсер еді.

Қазақстан қор биржасында негізгі инвесторлар мыналар:

  • КУПА (53% инвестиция салады)
  • Банктер (17%)
  • Басқа да инвесторлар (30%)

2. 3. Қаржылық инструменттер және олардың дамуы.

Мемлекеттік бағалы қағаздар үшке бөлінеді:

  1. АҚШ доллармен белгіленген еврооблигациялар
  2. Қаржы министрлігінің ішкі облигацияларымен (теңгемен)
  3. Ұлттық Банктің ноталары
  1. Еврооблигациялар 1996 жылы қаржы министрлігінің шығарылған. Ол 1999 жылы қайтарылды. Жалпы сомасы 200 млн. долллар (АҚШ) жылдың проценті 9, 2%. Қосымша төленімі 2002, 2004, 2007 жылдары болатын облигациялар жүзеге асырылады.
  2. Қаржы министрлігінің ішкі облигациялары қазынашылық облигациялар (10 жылдық), МЕИКАМ - белгіленген мемлекеттік қазынашылық міндеттеме; МЕККАМ; МЕОКАМ; МЕКАОМ; АВМЕКАМ; Ұлттық жинақ облигация қоры.

Муниципалдық облигациялар - бұлар мемлекеттік бағалы қағаздарға қарағанда біршама тәуекелшілікті керек етеді, яғни біршама тәуекелшілдік бар және жергілікті атқару органдары арқылы шығарылар.

Корпоративті облигациялар - жеке эмитенттер облигациялары. Қазақстан қор биржалары оларға арнайы листингтік жүйе қабылдаған.

Акциялар - соңғы қор биржасындағы пайдаланылып отырған соңғы қаржының инструмент. Алды бұған қоса қор биржасында фьючерстерді қаржы инструменті ретінде пайдалану жоспарлануда. Ал егер жағдайда өз кезенінде қаржылық инструмент ретінде «опциондарды» да пайдаланатын күн алыс емес.

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының негізгі проблемалар.

Қазіргі қаржы нарығының дамуы - бұл бағалы қағаздар нарығының дамуы. Қаржы нарығының құрама бөліктері мынандай:

Қаржы нарығы:

  1. Бағалы қағаздар нарығы 2. Ақша нарығы (банктік, қаржы
  2. Алғашқы нарық мекемелерінің нарығының дамуы.
  3. Кейінгі нарық

Алғашқы нарық -бұл эмитенттердің айналымға өз бағалы қағаздарын шығарып, өзіне ақша тартымын жасауы, яғни өзіне ең алғаш инвестицияны алуы.

Алғашқы нарықта негізінен қызмет ететіндер - бұл ең алдыменен жекешеленген брокерлік-диллерлік фирмалар. Брокерлік-диллерлік фирмалар андеррайтингтік жұмыстарды жүзеге асырады. Қазіргі Қазақстан жағдайында брокерлік-диллерлік фирмалардың мынандай екі түрлері бар:

  • Банктік брокерлік-диллерлік фирмалар. Банктік фирмалар жоғарыдағы андеррайтингті қызметке оның басты себебі - бәсекелестіктің нашарлығы. Кез келген нарықтық ортаны дамытатын - бәсеке.
  • Жеке-брокерлік-диллерлік фирмалар.

Бұлардың саны күннен-күнге қысқарып жатыр. Оның басты себебі олардың қаржылық тұрақсыздығынан.

01. 07. 97
01. 01. 98
01. 01. 99
01. 01. 00
01. 01. 01
: Банктерге
01. 07. 97: 29
01. 01. 98: 31
01. 01. 99: 28
01. 01. 00: 26
01. 01. 01: 25
: Банктік емес мекемелерге
01. 07. 97: 14
01. 01. 98: 30
01. 01. 99: 45
01. 01. 00: 32
01. 01. 01: 26
: Барлығы
01. 07. 97: 43
01. 01. 98: 61
01. 01. 99: 73
01. 01. 00: 58
01. 01. 01: 51

Бұл жоғарғы кестеде 1997 - 2001 жылдар аралығында берілген барлық лицензиялардың саны келтірілген. Осы кестеден мынандай қорытынды жасаймыз:

Күннен-күнге брокерлік-диллерлік фирмалардың саны қысқарып келеді; себебі ең алдымен олардың қаржылық-тұрақсыздығынан тактік брокерлік компанияларға өз орнын ығыстыруы. Қазіргі таңдағы нарықтағы банктердің үстемдігі, қаржы нарығының, әсіресе бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырушылардың іс-әрекеттеріне үлкен залалын тигізіп келеді. Сәтті операциялар диллерлік компаниялар да бар. Олар банктің шаруашылық серіктестіктері ғана емес олар сол банктің бір бөлігі.

Кез-келген акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарды эмиссиялағанда және аралық андеррайтингтен қызметтерді орындайтын компаниялардың іс-әрекеттерін талдай келе біздің нарықтық дамуындағы тарауының төлем басы банктік секторға ауып келе жатқаның айқын байқаймыз. Біздегі нарықтық даму тарихы осындай.

1998 жылғы 31 желтоқсанындағы Ұлттық комиссияның жарлығы бойынша брокерлік-диллерлік компанияларға сауда жасауды тек арнайы ұйымдастырылған нарықта (қор биржасы) бағалы қағаздардың түрлерінің барлығымен сауда жасауына мүмкіндікті міндеттемеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
Бағалы қағаздар нарығы
Корпоративтік бағалы қағаздар портфелін басқару
Бағалы қағазды инвестициялау
Қазақстандағы қаржы нарығы және оның құрылымының жағдайы мен дамуы
Қор нарығы
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚОР НАРЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz