Саяси сананың мәні, құрылымы мен ерекшеліктері



І. Кіріспе.

ІІ. Негеізгі бөлім

а) Саяси сананың мәні, құрылымы мен ерекшеліктері.
ә) Қарапайым сана және саясаттағы зерделіктің мәні.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиетер
Тіршіліктегі ең ғажап әрі керемет құбылыс адамның рухани дүниесі, санасы ойы. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктердің бәрі сананың құдіретінен туындайды. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сана ойлау проңсссі арқылы пайда болады. Сана мидың қызметі дейтініміз содан. Өмір терең құбылыстарға бай. Сол кұбылыстарды білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сананы тудырады. Сана материядан басқаша, өзгеше сана, рухани құбылыс. Одан соң сана бір жағынан жинақталған білім, екінші жағынан таным проңесі, сана белгілі қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды, оны жасайды. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болып, адам миында әр түрлі әрекетке түседі. Олар құмарлылық, қызығу мен жирену бір сөзбен айтқанда сезімталдық адам санасын дамытуға, ойын өрістетуге тікелей әсер етеді. Еңбек ету, ыммен сойлесу дами келе осы заманға ой пікірдің қалыптасуына жеткізді.
1. Аристотель. Политика /Соч.в 4-х т., т. І-М.,Мысль, 1983/'"
2. Баширова Ж., Политическая культура и ценности общества. Мысль, 1995, №5.
3. Қуандық Е.С, Уже ғіе опиум, а бальзам. Мысль. Общественно-политический журнал. 2001. № 5.
4. Локк Д. Два трактата о правлении. Соч., В 3-х томах М., Мысль 1988
5. Қуандықов Е.С., Тазабсков С. Қоғамдык қозғалыстар-халық белсенділігінің айнасы.//«Егемеп Қазақстан». 1998. 14казан.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р ы:
І. Кіріспе.

ІІ. Негеізгі бөлім

а) Саяси сананың мәні, құрылымы мен ерекшеліктері.
ә) Қарапайым сана және саясаттағы зерделіктің мәні.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиетер

Кіріспе

Тіршіліктегі ең ғажап әрі керемет құбылыс адамның рухани дүниесі,
санасы ойы. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани
жетістіктердің бәрі сананың құдіретінен туындайды. Объективтік дүниеде
сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сана ойлау проңсссі арқылы
пайда болады. Сана мидың қызметі дейтініміз содан. Өмір терең құбылыстарға
бай. Сол кұбылыстарды білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сананы тудырады.
Сана материядан басқаша, өзгеше сана, рухани құбылыс. Одан соң сана бір
жағынан жинақталған білім, екінші жағынан таным проңесі, сана белгілі
қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп
қана қоймайды, оны жасайды. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болып,
адам миында әр түрлі әрекетке түседі. Олар құмарлылық, қызығу мен жирену
бір сөзбен айтқанда сезімталдық адам санасын дамытуға, ойын өрістетуге
тікелей әсер етеді. Еңбек ету, ыммен сойлесу дами келе осы заманға ой
пікірдің қалыптасуына жеткізді. Тіл сананың (ойдың) көрнісі. Тілсіз сана
жоқ. Сана әрдайым белгілі тілде негізде өмір сүреді. Сана тіл арқылы
дамиды. Әрине тіл дыбыстық түрде де, үнсіз жазба түрінде де, символ (нышан)
ретінде болады.

Саяси сананың мәні, құрылымы мен ерекшеліктері.

Саяси сана, саяси өімірдің адамдарға тән субъективті жақын сипаттайтын
жалпы категория. Сана-сезімі (өзіндік санасы) өте жоғары дамыған әлеуметтік
топтар өкілдерінің, үкіметке оның саясатыпа козқарастарының негізінде саяси
сана қалыптасады. Адамиың қоғамдық-саяси белсснділігі, сол қоғамда омір
сүріп отырған саяси тәртіпке және басқа да бірнеше факторларға тәуелді
болып келеді. Мысалы, біз қазан тонкерісінен кейін соңиализм құрдық деп
даурықтық. Ал қоғамның қандай дәуірінде тұруы адам санасының дамуына
байланысты. Адамдардың ой-өрісі қандай болса, қоғамы да сондай. Мемлекеттің
қапдай сатыда екендігі халықтын саяси санасының дсегсйіне байланысты
болады.
Санасыздық оның ішінде саяси сауатсыз, санасыз болу бұл қоғамға үлкен
қауіп төндіреді. Өйткепі бір адам санасыз болса, одан озі зардап шегеді.
Ал, қоғам немесе бір мемлекеттің халқының санасы төмен болса онда, олардың
саяси сауаты да мәз болмайды. Ал саяси сауаттың кем болуы, ол мемлекеттің
демократиялық мазмұнды меңгеріп өркениет сатысынан көрінуіне кедергі
жасайды. Өмірдегі тәжірибелер дәлелдегендей, тек қана жоғары деңгейдегі
саяси сана ғана, адамдардың қоғамда болып жатқан барлық құбылыстарға
қатынасын реттеп, қоғамдық-саяси, экономикалық, рухаии тіршілікте оның
лайықты саяси көзқарасын қалыптастырудың басты кепілі болып табылады. Бізге
мәлім түрлі себептерге байланысты, қоғамның барлық мүшелері үшін саяси сана
дәрежесі бірдей бола алмайды. Алайда, саяси сананың қоғамдағы ең маңызды
мәселелерді шешудегі ролі ескерілмесе, онда ол әлеуметтік тұрақсыздыққа
әкеліп, дау-жаңжалдар тудыруға бейім болады. Осындай жағданда саяси сана
бір жағынан қоғамда жүріп жатқап әлеуметтік-саяси проңсестердің, түрлі
қүбылыстардың, оқиғалардың көрнісі болса, екінші жағынан осы қайта
құруларды жүзеге асырудың нысанына, әдістерімен құралдарына тікелей ықпал
етеді. Сонымен бірге халықтың саяси санасының талапқа сай болмауы, қоғамды
әлеуметтік бүліншіліктерге әкелетін қопарғыш роліе де атқаруы ықтимал.
Мемлекетте жүргізіліп жатқан рефор-малар қай салада жүргізілсе ондағы
қолданылып жатқап тәсілдердің, оны жүргізушілердің біліктілігі, саяси
санасы қандай дәрежеде болса, оның нәтижесі де соған тікелей байланысты
болып келеді. Егер ол экономикалық салада жүргізіліп нәтижесі ойдағыдай
болмаса, опда халықтың экономикалық мүддесіне үлкен нұқсан келеді. Сонымен
саяси сана, қоғамда жүргізіліп жатқан кез-келген өзгерістерді анықтайтын
барометр болып табылады. Саяси сана-қоғамдағы саяси қатынастарды
бейнелейтін, оларды үғынып-сезіне алатын, адамдардың осы саладағы қызметіне
іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік түсініктер мен көзкарастар
жиынтығы. Ол қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуымен бірге пайда болған.
Саяси сана-бұл қоғамдық сананың ерекше бір формасы, саяси өмірдегі қарым-
қатынастың өркениетті белгілері дәрежесінен көріну формасы. Саяси сана-бұл
топтардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын уағыздап қолдайтын
қоғамдық ойлар формасы. Оның бірі саяси идеология, таптық күрес, саяси
партиялар мен мемлекетгердің мүддесін корғау қажеттіліктерінен туындайды.
Оның лайықты белгісін саяси идеология, саяси партиялар бағдарламаларынан,
мемлекеттердің Конституңияларынан және саяси қайраткерлердің еңбектсрінен
сөйлеген сөздерінен көруге болады. Саяси көзқарастар әр түрлі болады. Ол
прогрессивті-ғылыми, регрессивтік-кертартпа не ғылымға жат болып келеді.
Саяси идеялар қоғамдық сананың барлық формаларына әсер етіп, оларға
ықпалын тигізеді. Қоғамдық сананың қандай формасы болмасын оған жетекші
болатып-саяси сана. Бұған мысал ретінде елдегі 1991 жылдан бергі
өзгеріетерді айтуға болады. Көп мандатты сайлау, жариялылық, өзін-өзі
басқару, президенттік рсспубликаға көшу т. б. Саяси санадағы қоғамды
революңиялық қайта құру кезеңіне сәйкес басты әкімшілдік-өміршілдік
үкіметтен халықтың өз үкіметіне, әлеуметтік және саяси өмірді бір
орталықтан демократиялық жолмен басқарумен ауыстыру. Дүниені келіспейтін
қоғамдық жүйелерге бөлуден гөрі қайшылықтары бар, бірақта көбіне біртұтас
өмір екенін ұғынатын уақыт екенін мойындау. Саяси сана алғаш рет қоғам
антоганистік таптарға бөлінген кезде пайда болды. Қоғамның тапқа бөлінуі,
пайда болған үстем тапты мемлекет тарапынан қолдап, оның мүддесін күшейтті.
Сөйтіп саяси сана таптардың өндірістік-экоиомикалық және қоғамдық
қатынастарының мемлекеттік өкіметке қатынасының жиынтығы ретінде көрінді.
Саяси сана біржақты болмайды, ол мемлекеттің барлық таптарын, барлық
әлеуметтік топтарын қамтып, олардың өзара қарым-қатынасын қалыптастырады,
оны әрекетке келтіреді.
Саяси қызметке баға беру, баға беруші индивидтің, топтың қай мүддені
жақтауына байланысты. Өкімет үшін таптардың, топтардың қақтығысы болады.
Мемлекеттік өкімет құрылысы-саяси ойдың, негізгі мәселесі болып табылады.
(осы ойдың иелері радикалдар, либералдар, консерваторлар). Мемлекеттік
құрылысты сақтау, оның міндеттерін анықтау әртүрлі саяси күрестермен жүзеге
асырылады. Әлеуметтік мәселелерді ашық түрде талқылау парламенттік айтыстар
меп экономикалық рсформалар жүргізу, әлеуметтік революциялар және
мемлекеттік төңкерістер арқылы да аяқталатын кезі болады. Саяси
доктриналардың (ілімдер) эволюциясы ақыр соңында әлеуметтік экономикалық
дамудың жаңа сатысына жеткізеді. Саяси мүдделер объективті болған кезде ол
барлық адамдарды қамтиды. Кейбіреулер оны ашық айтады, енді бірі жасырын
іске асырады. Қазіргі қоғамдық өмір, көптеген өткір әлеуметтік мәселелерге
толы. Сондықтан да саяси мүдделер әр түрлі қоғамдық қозғалыстар мен
бірлестікгердің қызметінің негізі болып табылуда. Олар көбінесе әлеуметтік
қақтығыстардың орталығына айналды. Бұл күресте бәрі-ғылым да, өнер де, дін
де идеологиялық айтыстардың объектісіне айналуы әбден мүмкін. Қоғамның
әлеуметтік экономикалық саласы ғана емес, онымен бірге рухани саласы да
саяси мүдделерге бағынышты. Мәдениет, жалпы рухани сала саясаттан қысым
көрсе оның дамуын тежейді, тіпті кейде жойылуына да ықпал етеді.
Сананың түрлері көп, ол жеке адамдық және қоғамдық, қарапайым және
теориялық (зерделік) ғылыми және ғылымға қарсы, ирогрессивтік және
кертартпа болып келеді. Қоғамдық сана көпшіліктің рухани құралына айналған
сана (мыс: қанатты сөздер, мақал-мәтелдер). Сана халықтың көпшілігінің
мақсатын, мұңын, қуанышын бірден бейнелейтін, уағыздайтын болу керек. Ондай
сананы коғамдық санаға жатқызамыз, ол қашанда қоғамдық болмыстың бейнесі,
оның туындысы. Қоғамдық болмыс алғашқы, қоғамдық сана әр адамның жеке
санасынан гөрі жоғары, ауқымды. Қоғамдық сана әрбір жеке адамдардың
саналарының жай біріккен жиынтығы емес. Ол маңызы, мәні объективтік дүниені
бейнелеуі жағынан жеке санадан әлдеқайда жоғары, күрделі сана. Әрбір
қоғамның озіне тән қоғамдық санасы болған. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда
рулық сана қалыптасқан болса, капиталистік қоғамда ұлттық сана сезім жаппай
қалыптаса бастады. Қоғамдық сана объективті өмірді адам санасында жан-жақты
бейнелеудің нәтижесі. Оған жататындар қоғамдық ойлар, теориялар, саяси және
праволық көзқарастар, ғылыми анықтама мен тұжырымдар. Сана сол нақты
қоғамның ғана бейнесі емес. Мысалы: социалистік қоғам кезінде діни,
рушылдық, нәсілдік т. б. саналар кездеседі. Бірақ олар социалистік
болмыстың бейнесі емес, өткендегі саналардың қалдығы. Қоғамдық сана
болмысты бейиелеп қана қоймайды, сонымен қатар қоғамдық болмысты өзгертуге
зор ықпал етеді. Қоғамдық санаға екі тұрғыдан қарауға болады. Бірінші
бейнелеу ретінде, екінші рухани құбылыстарды жасаушы ретінде. Қоғамдық сана
жеке санаға екі түрлі жолмен әсер етеді. 1-ші жеке адамдар санасы арқылы, 2-
ші қоғамдық ақпарат құралдары (газет, журнал, кітап, теледидар т.с.с.)
арқылы. Бұлардың халық санасына тигізер әсері зор. Адам рухани жағынан
талпынысымен еркімен де, еріксіз де саяси қайшылықтың шығыршығына ілініп
айналысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси сана туралы
Құқық және құқықтық сана
Құқықтық сананың жалпы түсінігі
Құқықтық сананың ұғымы
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Мораль мен этикаға түсінік
Құқықтық мәдениет - қоғамның құқықтық санасынын айнасы
ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Пәндер