Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме



I. Кіріспе: Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме.
II. Негізгі бөлім: Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.
а) Гипофиз және оның гормондарының бала организміне әсері.
ә) Эпифиз безінің жас ерекшелігі мен гормондары.
б) Қалқанша безі мен оның гормондарының бала организміне әсері.
III. Қорытынды: Бүйрек үсті бездері және оның гормондары.
Қолданылған әдебиеттер
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме. Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. С ы р т қ ы с е к р е ц и я л ы қ (лат. секреция – сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет – без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі – сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі – тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо – сыртқы, сыртқа + ген – тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі секрециялық немесе э н д о к р и н д і к (грек. эндон – ішкі + крино – бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Негізгі:
1. З.М. Алиакбарова "Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы және гигиенасы негіздері". Алматы, 1993.
2. Ж.Д. Демеуов, Б.Я. Байназарова, З.М. Алиакбарова, А.М. Бекетаев. "Мектепке дейінгі балалардың анатомиясы, физиалогиясы, гигиенасы". Алматы, "Білім", 1995.
3. А.Г. Хрипкова "Возрастная физиалогия", М. "Провещение". 1978.
4. А.Г. Хрипкова, М.В. Антропова, Д.А. Фабер, "Возрастная физиалогия и школьная гигиена", М. 1990.

Қосымша:
1. Ю.А. Ермалаев "Возрастная физиалогия". М. "Высшая школа", 1985
2. А.А. Маркосян "Вопросы возрастной физиалогии", М., 1975.
3. Х.Қ. Сәтпаева, Ж.Б. Нілдібаева, Ө.А. Өтепбергенов "Адам физиалогиясы", Алматы, "Білім", 1995.
4. Физиалогия человека Дж "Дудел", М. Циммерман и др. 4 – том.
5. В.Б. Розен "Основы эндокринологии", М. "Высшая школа". 1984.
6. И.А. Држевецкая "Эндокринная система растущего организма", М. "Высшая школа", 1987.
7. Ж.Н. Нұрғалиев, С.Т. Төлеуханов. "Эндокриндік жүйелер физиалогиясы", Алматы "Қазақ университеті". 2000.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ішкі секрециялық бездер және олардың
қызметінің жас ерекшеліктері

1. Бір секрециялы бездердің гормондарының маңызы және олардың жасқа
байланысты мөлшері

Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме.
Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер
деп екі топқа бөледі. С ы р т қ ы с е к р е ц и я л ы қ (лат. секреция –
сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері
(лат. секрет – без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына
сілекей безінің өнімі – сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер
безінің өнімі – тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы
секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо – сыртқы, сыртқа + ген – тек,
болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және
қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі секрециялық немесе
э н д о к р и н д і к (грек. эндон – ішкі + крино – бөліп шығару)
бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады.
Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі
тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап,
мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу
процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын
тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін г о р м о н (грек. гормо – іскі
қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің
өсуін, дамуын, организмнің физиалогиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және
энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. 1980 – 2000
жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін
тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны
дәлелденген. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің
қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40 – тан астам гормондар бары белгілі.
Олардың көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады. Ішкі
секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы
(тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары,
жартылай жыныс бездері қос секрециялық қызмет атқарады. Соңғы кездерде
жартылай ішкі секрециялық безге бүйректерді де жатқызып жүр, өйткені оларда
қанның қысымын арттыратын ренин және эритропоэтин деген заттар түзіледі.
Бұлар бүйректің нефрондарының тамырлы полюстерінде орналасқан
юкстагломерулалық аппаратында өндіріледі. Баланың эмбриондық дамуы кезінде
кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың
дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің
басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет
дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа
райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет
қабілетіне байланысты болады.
Организмдегі гормондық тепе – теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер
етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай
қызмет жоқ. Дегенмен ішкі секрециялық бездер өзінің қызметін жүйке жүйесі
арқылы реттейді. Олай болса, организмдегі барлық қызметтерді реттейтін
біртұтас жүйкелік – гормондық реттелу бар деп айтуға болады.
Соңғы зерттеулер бойынша гормондардың көбі жүйке жүйесіндегі күллі жүйке
жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларының қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім
болды. Мысалы, бүйрек үсті бездерінің гормондары қозу мен тежелудің күшін
өзгертеді. Егер жануарлардың бүйрек үсті бездерін, тәжірибе жасау үшін,
сылып алып тастаса, ішкі тежелу мен қозу нашарлайды да жоғары жүйке
әрекетінің терең өзгерістері пайда болады.
Гипофиз безінің гормондары аз мөлшердің өзінде жоғары жүйке әрекеттерін
күшейтіп, ал көп мөлшерде оны тежейді. Ал қалқанша безінің гормондары аз
мөлшерде жүйке жүйесінің қозуы мен тежелуін күшейтіп, көп мөлшерде оны
нашарлатады. Сонымен бірге, қалқанша безінің гипо – және гиперсекрециялары
адамның жоғары жүйке әрекетін талқан қып бұзады. Жыныс бездерінің
гормондары қозу мен тежелуге және жүйке клеткаларының қызметіне айтарлықтай
әсер етеді. Ересек адамның жыныс бездерін сылып алып тастағанда немесе
ауруға байланысты олар дамымаған жағдайда оның мінез – құлығын өзгертеді.
Бала кезден әтек болған жағдайда ақыл кемдігі байқалады. Қыздардың етеккірі
келген кезде ішкі тежелуі төмендейді, шартты рефлекстерінің пайда болуы
нашарлайды, жалпы жұмыс қабілеті мен сабақ үлгерімі төмендейді.
Осылардың бәрі ішкі секрециялық бездердің гормондарының адам өмірінде
маңызы күшті екенін білдіреді.
Ішкі секрециялық бездердің дамуында гетерохрондылық заңы айқын сезіледі.
Ең ерте дифференциаяланып, қызмет атқара бастайтын бездер – эпифиз,
Лангерганс аралшалары және бүйрек үсті бездерінің кейбір жері. Ал балалық
шақта және жыныстық жетілу кезеңінде қалқанша безінің қызметі күшейеді.
Паратиреоидин бірінші және екінші балалық шақта көп түзіледі, ал
кальцитониннің өндірілуі жаңа туған сәби мен жыныстық жетілу кезіндегі жас
өспірімдерде күшейеді. Бүйрек үсті бездерінің қызметі екі рет күшейеді –
біреуі ұрықтық шақта, екіншісі жыныстық жетілу мерзімінде. Гипофиздің
соматотропин гормонының белсенділігі жыныстық жетілгенге дейін күшті. Ішкі
секрециялық бездердің ішінде ең кеш дамитыны – жыныс бездері. Олардың дамуы
алдында гипофиздің гонадотроптық гормондарының қызметі артады.
Сонымен, нейрогормональдық реттеу алдымен өсуді, бала денесінің дамуын
және сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді де, кейінірек ұрпақ
жалғастыру қызметін дамытады. Өсіп келе жатқан организмде эндокриндік
бездердің қызметі өзгермелі келеді, ал гормондарының қызмет қоры онша көп
емес. Сондықтан түрлі аурулар, сол сияқты, тамақтың құрамының дұрыс
болмауы, шектен тыс дене еңбегі бала организмінің эндокриндік қызметі мен
жыныстық жетілуіне айтарлықтай жетілуіне айтарлықтай әсер етеді.

Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі. Ішкі секрециялық
бездердің өнімі г о р м о н - өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі
секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер
жүйесіне, тіпті күллі организмге әсер етеді. Осыған байланысты ішкі
секрециялық бездер қан тамырларына бай келеді.
Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде
(микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады; ә) әсері арнайы
бағытталған, бір гормон жетіспеген екінші бездің гормоны немесе басқа бір
белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге
өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық тұрып, алыстан әсер
етеді.
Хмиялық құрамына қарай олар белок, полипептид, лепидтер немесе
стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының
мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат
алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың
мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.
Гормондардың биосинтезі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында
жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақтылы
гормондарды өндіреді.
Адам организміндегі гормондардың ішінде гипоталамус – гипофиз – бүйрек
үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар өздеріжеке жүйе ретінде
қарастырылады. Бұл жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын
физиалогиялық қызметтердің негізгі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда
мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның
реттеушісі болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем
беруші химиялық өнімдер–н е й р о с е к р е т т е р д і (грек. нейрон –
нерв клеткасы + секрет) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста
пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа баздерге әсерін
тудырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және
ішкі секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық
бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.
Мида көптеген гормондар бар екені табылды. Олар жүйке импульстерін
синапстар арқылы өткізуді өзгертеді.
Гормондар ұлпаларға немесе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың қызметін
күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді.
Кейбір гормондар (бүйрек үсті бездерінің стеродты гормондары, қалқанша
безінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі
ферменттер жүйелерімен әрекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді.
Ірі молекулалы пептидтік гормондар клеткалық мембранадан өте алмайды ды,
клеткадағы зат алмасуына клеткалық мембрананың сыртында орналасатын арнайы
рецепторлар арқылы әсер етеді. Мұндай гормондық – рецепторлық тізбектер
клеткадағы аденозинмонофосфорлық қышқылды белсендіреді, ал ол, өз
кезегінде, клеткалық фенрменттерге әсер етіп, ондағы зат пен энергияның
алмасуын өзгертеді. Бір сәтте клеткаларға көптеген гормондар әсер етеді,
бірақ клеткадағы заттар мен энергияның алмасуына ең нәтижелісінің әсері
ғана қабылданады. Олардың қайсысы нәтижелірек екені арнайы заттар –
простогландиндердің қатысуымен анықталады. Былайша айтқанда,
простогландиндер нақтылы сәтте гормондардың қажетсіздерін тежейтін реттеуші
қызметін атқарады.
Гормондардың жанама әсерін тұжырымдай келгенде, ол да клеткадағы зат пен
энергияның алмасуына әсер ететіні белгілі болды. Бірақ бұл әсер жүйке
жүйесінің қатысуымен орындалады. Соңғы жылдары гормондардың клетканың
ішіндегі РНК мен белоктың синтезделуіне қатысатыны анықталып отыр.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір –
бірінің қызметіне белсенді түрде тікелей де, жүйке жүйесі арқылы жанама да
әсер етеді. Мұндай өзара байланыстың нәтижсінде олардың қызметі жүйке
жүйесі арқылы к е р і байланыс жолымен реттеліп отырады да, денедегі
гормондардың мөлшері тұрақты мөлшер қалпында сақталады. Егер бұл байланыс
бұзылса, организмде түрлі зат алмасуға байланыста аурулар пайда болады.
Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50 – ші
жылдары анықталды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейрондар өздерінің негізгі
қызметіне қоса, физиалогиялық белсенді заттар – нейросекреттерді – түзейді.
Нейросекреттердің түзілуінде гипоталамустың нейрондары маңызды орын алады,
ол құрылысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның
нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол арқылы басқа да ішкі секрециялық
бездердің қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін р и л и з и
н г – г о р м о н д а р деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер
жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормондарының өндірілуін, ал
статиндер – тежелуін реттейді. Осылай гипоталамус бұрын айтылып кеткен
қызметтерінен басқа, ішкі секрециялық бездердің де қызметін реттейді.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың
қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі
нашарлағанда г и п о с е к р е ц и я (грек. Гипо – аз, төмен) және
күшейгенде г и п е р с е к р е ц и я (грек. гипер – артық, жоғары, шегінен
тыс) байқалады. Демек, ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы
организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.

Гипофиз және оның гормондарының бала организміне әсері. Гипофиз немесе
төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде
орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты
көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық
мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке
талшықтары бар. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 10 – 15 мг, бірақ
10 жасқа дейін 30 мг – ға дейін өседі де, жас өспірімдерде ересек адамның
мөлшеріндей болады. Ол ересек адамда 50 – 65 мг, пішіні сопақшалау болады.
Гипофиздің көлемі баланың жасына лайық ұлғаяды, әрі "түрік ері" сүйегінің
өсуіне байланысты өзгереді. Жаңа туған сәбидің бұл сүйегі 2,5 x 3 мм, 1
жасқа жеткенде 4 x 5 мм, ал 16 – 18 жасқа дейін 9 x 11 мм болады. 18 жастан
кейін әр адамның организмінің ерекшеліктеріне сай өзгереді. Емханада
гипофиздің мөлшерін "түрік ерінің" мөлшеріне қарап анықтайды. Құрылысы
жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктер.
Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін а д е н о г и п о ф и з деп, артқы
бөлігін н е й р о г и п о ф и з деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75%
алдыңғы, 1–2 % ортаңғы, 18 – 23 % артқы бөлікке жатады. Гипофиздің мөлшері
жүкті әйелде біраз ұлғаяды, ал босанғаннан кейін бұрынғы қалпына келеді.
Гистологиялық құрылысы курделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без
клеткаларынан, ортаңғы бөлімі – базофильді клеткалардан, артқы бөлімі
питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жалпы алғанда гипофиздің
ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған жоқ деуге болады.
Аденогипофизде 22 гормон түзіліп қанға құйылады. Бұлар химиялық құрылысы
бойынша троптық гормондар, аса маңыздылары: соматотропин немесе өсу гормоны
(СТГ), тиреотропин (ТТГ), адренокортикотропин (АКТГ) және үш түрлі
гонадотропиндер (ТТГ) – лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ),
фолликулстимулдеуші (ФСГ) және ортаңғы бөлімінде түзілетін меланотропин
(МТГ).
СТГ, яғни өсу гормоны, белоктың алмасуын және ұлпалардың өсуін реттейді,
май мен көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Өсу гормоны балалардың бойының
өсуіне әсер етеіп, ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы
энергияның пайда болуына мүмкіндік майды ыдыратып, организм оны энергия
ретінде пайдаланады да, глюкоза қантың жүйке жүйесінің қорегі ретінде
сақтайды. Соматотропин гормоны әйелдің сүт безінде сүттің түзілуіне де әсер
етеді деген мәліметтер бар.
Өсу гормоны ұлпаларға тікелей әсер етпей, делдал (келістіруші) заттар
арқылы немесе медиаторлар арқылы әсер етеді. Бұл гормондардың медиаторының
қызметін соматомединдер – бауырда түзелетін полипептидтер атқарады.
Өсу гормонының мөлшері жаңа туған сәбиде өте көп (60 ммкг мл), 3 айда
біраз төмендеп (16 ммкг мл), ересек балаларда 10,8 ммкг мл болады да,
ержеткенде не бары 0,55 ммкг мл ғана болады. Бұл гормонды 1945 ж Еванс пен
Ли және Симпсон тек қана малдың безінен тапқан, ал 1948 ж жануарлардың 1956
– 1968 жылдары адамның безінен кристалл түрінде бөліп алынды. Қазіргі кезде
ол организмдегі маңызы жақсы зерттелген гормондардың біріне жатады. СТГ –
ның гиперсекрециясы адамның бойын тез өсіріп жібереді, алыптық пайда
болады. Бойы 2 метрден асқан адамды алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі секреция бездері
Жайылмалы эндокринді жүйе
Жоғары жүйке әрекетінің типтерінің балаларда қалыптасуы
Жайылмалы эндокринді жүйе. Қалқанша безі
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу туралы ақпарат
Гуморальдық қызметінің реттелуі. Жас ерекшеліктері
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигеналық және жыныстық тәрбиелеу
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Оқушылар физиологиясы, дене бітімі, құрылысы
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Пәндер