Тереза Ана


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Реферат
Тереза Ана
... жалғасыОрындаған:
Қабылдаған:
Өскемен қ. 2015 ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
ӨМІРБАЯНЫ
МАДАҚТАМАЛАРЫ
ДІНИ ӨМІРІ
ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ ЖӘНЕ ӨЛІМІ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕТереза ана Калькутталық (нағыз аты Аньэ́з (Агне́с) Го́ндже Бояджи́у (алб. Anjezë Gonxhe Bojaxhiu) - католиктік монахиня, кедей және науқас адамдарға қызмет көрсететін, әйелдер монахтік конгрегациясы «Махаббат әпкелер миссионерлері», ұйымын құрушы. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (1979) . 2003 жылы жарылқанған католик шіркеуінің қатарына қосылды.
![]()
ӨМІРБАЯНЫ
Агнес Гондже Бояджиу 1910 жылдың 26-шы тамызында македониялық Скопье қаласындағы албандық Дранфиле және арумындық Николаның отбасында дүниеге келді. Ол екеуі де католик болды. Оның Агата есімді апайы және Лазарь есімді бауыры болды. Бұл отбасы дәулетті отбасы болды. Дранфиле көп уақытын құдайға құлшылық етуге, басқа адамдарға мейірімділік танытуға және көмектесуге жұмсайтын. Бояджиу отбасы кедейлерді құшақ жая қарсы алатын және Дранфиле балаларымен бірнеше кедей отбасыларға барып тұратын. 1919 жылы белгісіз жағдайлармен Никола өмірден қайтады. Дранфила үш баласымен қалып, өмірлеріне кесте, тоқыма, тігін тігу және тағы да басқа жұмыс жасап күн көре бастады. Кейінірек ол өзіне алты жетім бала асырап алды.
Гонджа 12 жасынан бастап монахтық қызмет атқаруды, Индияға барып, кедейлерге қамқор болуды армандады. 18 жасында ол Ирландияға сапар шегіп, ол жерде «Ирландық Лорето әпке» монахтық орденіне түсті. 1931 жылы постриг қабылдап, өзінің мейірімділігі мен кішіпейілділігімен танымал болған, 1927 жылы қасиеттілер санына қосылған Лизьеден шыққан кармелитка-монахшы әпке Терезаның атына байланысты өзіне Тереза есімін алды. Осыдан аз уақыттан соң орден оны Калькуттаға қызмет атқаруға жіберді. Бұл жерде ол 20 жылдай қасиетті Мария мектебінде сабақ берді. 1946 жылы 10 қыркүйекте ол орденнан Калькуттаның кедейлеріне және үйсіз қалған адамдарына көмек беруге рұқсатын алды. Ал 1948 жылы сол жерде мектептер, балалар үйі, діни көз қарастары мен ұлтына байланысты емес кедейлер мен ауыр науқастарға арналған ауруханалар ашуға бағытталған «Махаббат Миссионерка әпке» монахтық қауымын ашты. 1965 жылдан бастап Тереза ана ашқан монахтық қауым Индияның шекарасын кесіп өтті. Қазіргі кезде ол 400 бөлім болып әлемнің 111 елінде, және 700 қамқорлар үйі 120 елде орналасқан. Оның көмек көрсетулері табиғи аппатар мен экономикалық, әлеуметтік жағдайлары төмен өңірлерде орын алған. 1973 жылы Тереза ана діндегі алға басуы үшін Теплтондық жүлденің бірінші лауреаты болды. 1979 жылы Тереза анаға «Ауыратын адамдарға көмек көрсету іс-шарасы үшін» Нобель жүлдесі берілді.
МАДАҚТАМАЛАРЫ
Оның апостольдық қызметі кезінде бейбітшілік үшін Рим Папасы Иоанн XXIII бірінші марапатын Павел VI ( 1971) қолынан марапатталды.
Нобель сыйлығы ( 1979)
АҚШ президенті Рональд Рейганның (1985) қолынан алынған бостандық медалі және т. б.
Тереза Ана адамдарға сенген. Ол адам махаббат және мейірімділік үшін, бақытты болуы үшін жаралған және басқаларға бақыт беріп, өзі бақытты болады деп сенді.
Тереза ана адамдарды шексіз жақсы көрді. Өз өмірімен ол махаббат ғажайыптар жасайтынын көрсетті. Ол әр адам жаны керемет екендігін көрсетті. Ол адамдармен тамсанатын, олардан тәлім алатын, оларға көмек көрсету үшін, әрбір сәтті пайдаланатын. « Мен үшін, әлемдегі әрбір адам бірегей болып табылады. Әрбіреуі өте маңызды. » - бұл сөздер Тереза ананың адамдарға деген сүйіспешілігінің тереңдігін көрсетеді.
Кішкентай, сүйкімді келген әжей. Бұл ғажайып албан кемпірі халдары нашар адамдарға әлемді аралап жүріп көмек көрсететін жылжымалы ауруханалар салды. Ол ЖҚТБ -ын жұқтырып алған адамдарға тұңғыш аурухана ашты. Ол Гарлемде ауруларға пана құрды.
Тереза ана сұхбат бермейтін. Ол уақыт аз екенін, оны күтетінін әрдайым білетін. Оған керемет автокөләктер сиға тартатын, ол оларды сатып, сол ақшаға ауруханалар салды.
Әпкелерді тоғыз жыл оқытады. Олардың әрқайсысы өз міндеттерін өтей алатындығын дәлелдеулері қажет.
1979 ол Нобель сыйлығын алды.
Ол жанымен өз міндетін атқарды. Бұл сыйлықтан түскен ақшасын басқа марапатқа берілген ақшалар сияқты сол міндетіне салды. Нобель лауреатынан ол жақсы пайда көрді: ол лауреатты алған сәттен бастап, соғыс майдандарды тоқтата алды, көпке болмаса да Бейруттегідей майдан алаңынан 37 баланы аман алып қалу үшін уақытша тоқтата алды.
ДІНИ ӨМІРІ
Тереза ана өзінің жүргізген іс-шаралары оның Мәсіхке (Христа) деген сенімінің арқасы екендігін айтып кеткен: « Біз Мәсіхті көре алмағандықтан оған деген жылы сезімдерімізді білдіре алмаймыз, бірақ жанымыздағы адамдарды әрқашан көре аламыз және оларға Мәсіхті көргенде білдіргіміз келетін сезімдерімізді көрсетуімізге болады»
Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Тереза ана құдайдың барына 50 жыл бойы күмәндана қараған. « Менің сенімім қайда? Тіпті жанымның түбінде де қараңғы түнектен басқа ештеңке жоқ . . . Құдайым сен бар болсаң да кешіре гөр. Құдайға сиынып, көмек сұраған кездердің өзінде, қуыс, ешкім де ештеңе де жоқ сияқты сезімде, ойда боламын. Сол ойлар өзіме пышақтай айланып келіп, жанымды терең жаралайды . . . Менде сенім жоқ деген бұл белгісіз ой недеген ауыр десеңші. Мен не үшін күресемін? Құдай жоқ болса, жан да болуы мүмкін емес. Жан жоқ болса, Иисус, сен де шындық емессің. »
Осылай Тереза ана сан түрлі діни ойлармен өмір сүрді, арасында құдайының бар екендігіне күмәнданғанымен адамдарға көмектесуін тоқтатпады.
ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІ ЖӘНЕ ӨЛІМІ
1983 жылы Римде римдік әке Иоанн Павл ІІ-ге баруында Тереза Ана жүрек ахуалына шалдығады.
1989 жылы оған жасанды қояды.
1991 жылы Мексикада пневманияны жеңген соң әлі де жүрегінің ауыруымен күреседі. Тереза Ана қамқорлық қауымындағы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz