Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: Кіріспе
:
МАЗМҰНЫ: 1 МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫРТҚЫ САУДА ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
:
МАЗМҰНЫ:
  1. Сыртқы сауданың мәні, негізгі түрлері және теориялық негізі . . .
:
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Халықаралық сауда және оның классикалық теорияларың дамуы
:
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және оның құралдары, аспектілері
:
МАЗМҰНЫ: 2 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САУДАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
:
МАЗМҰНЫ: 2. 1 Қазақстан экспортының әлемдік нарықта алатын орны
:
МАЗМҰНЫ: 2. 2 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының бүгінгі ахуалына талдау
:
МАЗМҰНЫ: 2. 3 Сыртқы сауданы дамыту барысындығы мемлекеттік бағдарламалар мен олардың нәтижесі
:
МАЗМҰНЫ: 3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДАСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
:
МАЗМҰНЫ: 3. 1 Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру мүмкіндіктері мен күтілетін нәтижелері
:
МАЗМҰНЫ: 3. 2 Қазақстан мен Кедендік Одақ мемлекеттері арасындағы сыртқы сауда жағдайы
:
МАЗМҰНЫ: 3. 3 Сыртқы сауданы дамыту жолдары мен ұсыныстары
:
МАЗМҰНЫ: Қорытынды
:
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:
МАЗМҰНЫ: Қосымшалар
:

КІРІСПЕ

Қазіргі заманда нарықтық экономика жағдайында материалдық өндірістік қорларды алу және дайындау, олардың тиімді жұмсалуы, оған бақылау жүргізілуі, қозғалысына бақылау жүргізу үшін бухгалтерия жүргізудің алатын орны ерекше.

Халықаралық нарықта Қазақстан Республикасының экономикалық қатынастардың дамудың жаңа жолына түсті, осыған байланысты бухгалтерлік есепте және салық заңнамасына жасалып жатқан өзгерістер мен толықтыруларды ескеріп кәсіпорынға аудитті ұйымдастыруды жетілдіру туралы шешім қабылдау қажет. Кез-келген кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінде маңызды орынды тауарлық материалдық қорлар алады.

Тауарлы-материалдық қорларды дұрыс пайдалану бойынша мақсатқа жету үшін бухгалтерлік есеп қызметінде ай сайын тауарлық материалдық қорларды дайындау немесе алу бойынша іс-әрекеттерге талдау жүргізуге мүмкіндік беретін толық, ашық ақпарат болуы керек.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі әрбір кәсіпорынның қызметінің басты негізін материалдық құндылықтар құрайтындықтан, олардың кәсіпорында алатын орнының ерекшелігімен және тиісті бақылауды жүргізудің қажеттілігімен сипатталады.

Жұмыстың басты мақсаты «Астана-Нан» ЖШС-ның мысалында кәсіпорында материалдық құндылықтардың есебін және аудитін жүргізуді көрсету болып табылады.

Қойылған мақсаттан мынадай міндеттер туындады:

-Тауарлық материалдық құндылықтардың теориялық негіздері мен ерекшеліктерін ашу;

- «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық қызметінің ТМҚ есебін ұйымдастыру;

- «Астана-Өнім» АҚ 2010-2012 жылдардағы көрсеткіштерін сипаттау мен талдау;

- «Астана-Өнім» АҚ ТМҚ есебін ұйымдастыру жолдарын ашу;

- «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық қызметінің ТМҚ есебі мен аудитінің ұйымдастырылуын сипаттау;

- «Астана-Өнім» АҚ ТМҚ аудитін ұйымдастыруды жетілдіру.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде жалпы тауарлық материалдық қорлардың экономикалық мәні және олардың есебін ашу көзделген.

Екінші бөлімде «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық қызметінің тауарлық материалдық қорлар есебі мен аудитін ұйымдастыру ашып көрсетіледі.

Үшінші бөлімде, тауарлы-материалдық қорлардың аудитін талдамалық әдістерін жетілдіру мәселелері қарастырылады.

Дипломдық жұмысты дайындау барысында автор тауарлық материалдық қорлар жөнінде қазақстандық зерттеушілердің еңбектерін зерттеді. Сондай-ақ заңдылық пен нормативтік актілері, оқулық және тәжірибелік құралдары қолданылды.

1 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтерлік есептегі теориялық ерекшеліктері мен есебінің халықаралық тәжірибесі

Кез-келген өндірістік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің қажетті элементтерінің бірі дайын табиғи немесе алын ала өңделген материалдық ресурстар түріндегі еңбек заты болып табылады: шикізат пен материалдар, шала фабрикаттар, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер және т. б. Өндіріс барысында адам өнім өндіру үшін еңбек құралдары арқылы оларға әсер етеді және олар сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи қалпын сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады.

Отандық әдебиеттер бойынша, қорлар - бұлар шикізаттар мен материалдар, жартылай фабрикаттар, тағы басқа активтер, яғни олар «Тауарлы-материалдық қорлар» шоттарында жүргізіледі [1, 112б. ] .

№2 «Қорлар» Қаржылық есептіліктің халықаралық стандардартында көрсетілгендей тауарлы-материалдық қорлар дегеніміз - төменде көрсетілгендей активтер:

- шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар, бөлшек-кесінділер, отын, қосалқы бөлшектер, және де тағы басқа өндіріс пен жұмысты, қызметті атқаруға арналған тауарлы материалдар;

- қызметті атқаратын аяқталмаған өндіріс;

- өндіріс қызметінде сатуға арналған дайын өнімдер [2] .

Өндірістік ұйымдарда материалдық ресурстар шығарылатын дайын өнімнің өзіндік құнының құрамында үлкен маңызды үлеске ие. Сондықтан да олардың есебі, сақталуы мен өндіріс барысында рационалды пайдалануы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарлатуда маңызды орын алады.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады.

Шетел әдебиеттерінде материалдық құндылықтар қызметі бойынша негізгі және көмекші деп жіктеледі.

Негізгі материалдар - өнімнің құрамына кіретін және материалдық негізін құрайтын құндылықтар. Мысалы, нан өндіргенде - ұн және т. б.

Көмекші материалдар - өндірілетін өнімнің құрамына кіреді, бірақ негізгі құралдар сияқты оның негізін құрамайды (бояу, желім және т. б. ) [3, 378б. ] .

Отандық әдебиеттерде тауарлы-материалдық құндылықтарды өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай төмендегідей бөледі:

- шикізат және негізгі материалдар;

- көмекші материалдар;

- сатып алынатын жартылай фабрикаттар және жиынтықтаушы бұйымдар;

- отын;

- ыдыс және ыдыс материалдары;

- қосалқы бөлшектер;

- құрылыс материалдары;

- өзге материалдар (Кесте 1) .

Кесте 1

Тауарлы-материалдық құндылықтардың жіктелуі

р/с

Түрлері
Мысалдары
№р/с: 1
Түрлері: 2
Мысалдары: 3
№р/с: 1.
Түрлері: Негізгі материалдар
Мысалдары: темір, ұн, мата, былғары, қант
№р/с: 2.
Түрлері: Көмекші материалдар
Мысалдары: бояу, желім
№р/с: 3.
Түрлері: Шикізаттар
Мысалдары: мақта, астық, мұнай, сүт, газ
№р/с: 4.
Түрлері: Жартылай фабрикаттар
Мысалдары: Машина жасау саласындағы моторлар, доңғалақтар, тоқыма өнеркәсібіндегі иірілген жіптер
№р/с: 5.
Түрлері: Ыдыс материалдары
Мысалдары: қораптар, қаптар, жәшіктер
№р/с: 6.
Түрлері: Отын
Мысалдары: дизель отыны, бензин, керосин, ағаш, көмір
№р/с: 7.
Түрлері: Қосалқы бөлшектер
Мысалдары: тетіктер, бөлшектер
№р/с: 8.
Түрлері: Өзге материалдар
Мысалдары: Өндіріс қалдықтары, кесінділер, ұнтақтар

Бұл кестеде тауарлы-материалдық құндылықтардың жіктелуі бойынша әрбір түріне мысал келтіріп жасалынған.

Енді осы тауарлы-материалдық құндылықтардың әрбір жіктемесі бойынша, олар қай шотта жүргізіледі және оларға қысқаша анықтамалар беріп кеткен дұрыс болады.

Шикізаттар мен материалдар - бұл өнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық негізін қалайды. Бұл орайда шикізат - бұл ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері. Ал материалдар негізгі және көмекші материалдар болып бөлінеді. Шикізат пен материалдар есебі шоттар жоспарының 1310 «Шикізат және материалдар» деп аталатын синтетикалық шотында жүргізіледі.

Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және жинақтаушы бұйымдар - бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар. Әзірленген өнімде негізгі материалдар сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды. Тауарлы-материалдық қорлардың бұл түрі шоттар жоспарының 1310 «Шикізат және материалдар» шотында ашылған субшоттарында есепке алынады.

Отын - бұл мұнай өнімдері (мұнай, бензин, керосин, дизель отыны), қатты отын (көмір, фтор, ағаш отын) және газ тәрізділер. Отындар былайша бөлінеді:

а) технологиялық (технологиялық мақсат үшін) ;

ә) қозғалтқыш (жанармай) ;

б) шарушылық (жылу үшін) .

Отынның барлық түрлері шоттар жоспарының 1350 «Өзге де қорлар» синтетикалық шотының субшоттарында есепке алынады.

Ыдыс және ыдыс материалдары - бұл әр түрлі материалды буып-түюге, қаптауға, тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын заттар, былайша бөлінеді:

а) қызмет мерзімі мен құнына байланысты негізгі құралдар немесе материалдың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;

ә) өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар.

Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарымды немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады. Ыдыс пен ыдыс материалдары шоттар жоспарының 1350 «Өзге де қорлар» синтетикалық шотының субшоттарында есепке алынады.

Қосалқы бөлшектер - тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді. Бұл құндылықтар да шоттар жоспарының 1350 «Өзге де қорлар» синтетикалық шотының субшоттарында есепке алынады.

Құрылыс материалдары - құрылыс кәсіпорындарында қолданады және құрылыс бұйымдарын әзірлеу, құрылыстарды көтеру және әрлеу, үйлер мен ғимараттар үшін бөліктер салу үшін құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде тікелей пайдаланылады [4, 187б. ] .

Өзге материалдар - бұл өндіріс қалдықтары, түзелмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, негізгі құралдар шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар. Өзге материалдар шоттар жоспарының 1350 «Өзге де қорлар» синтетикалық шотының субшоттарында есепке алынады.

Енді тауарлы-материалдық қорларға кірмейтін тауарларға тоқталайық. Түгендеу кезінде компания иеленуге құқығы жоқ тауарлар анықталуы мүмкін. Бұл тұтынушы тапсырысы бойынша дайындалған, төленген (яғни сатып алу-сату шарты жасалған), тұтынушы иелігіндегі және жөнелтуді күтіп жатқан тауарлар болып табылады. Олардың сатылуын міндетті түрде тіркеу қажет. Материалдық құндылықтар құрамына кірмейтін тауарлардың басқа да категориясына консигнациядағы тауарлар жатады. Консигнация - комитенттің немесе консигнанттың, яғни меншік иесінің өз тауарларын басқа компания қоймасында сақтауы [5, 277б. ] . Консигнатор мұндай тауарларды өз материалдық қорлар құрамына қоса алмайды, себебі тауарларды өткізу сәтіне дейін бұлар өткізушінің, яғни консигнанттың меншігі болып табылады.

Қазақстанда соңғы уақыттарда есеп жүйесінде түбегейлі өзгерістер болғаны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта есеп жүйесінің дамуы әлі де жалғасуда. Еліміздің Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сүйене отырып есеп жүргізуі бухгалтерлік есептегі халықаралық тәжірибені зерттеп, оның тиімді жақтарын тәжірибеде пайдалануға итермелейді. Сондықтан да, әр елдің бухгалтерлік есептегі халықаралық тәжірибесін зерттеу қажеттілігі еліміздің әрі қарай дамуына өз септігін тигізеді.

Қазіргі қоғамда бүкіл әлемде Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарттары - бұл халықаралық нарық капиталының кілті болып табылады. Ол бірнеше себептермен айқындалады.

Біріншіден, егер кәсіпорындар халықаралық стандартқа сай жұмыс жасайтын болса, онда ол кәсіпорынның болашақта дамуына жол бар. Яғни ол кәсіпорын халықаралық қаржыландыруға ие бола алады, сонымен қатар батыс инвесторларының көзқарастары бойынша халықаралық стандартпен жұмыс жасайтын әрбір кәсіпорын сенімді, әрі бәсекеге қабілетті болып табылады.

Екіншіден, халықаралық тәжірибе көрсеткендей аталған стандартқа сай жұмыс істейтін кәсіпорын өте жоғары, пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілген болып табылады. Осының дәлелі ретінде 1995 жылдың өзінде Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық ұйым өздерінің осы стандартпен есеп жүргізетінін жариялағандығын айтуға болады.

Үшіншіден, қаржылық есептіліктің халықаралық стандартымен жұмыс істеген барынша ыңғайлы және уақытты үнемдеуге қолайлы болып табылады.

Осы себептерге сүйене отырып көптеген елдер тауарлы-материалдық қорлардың есебін ХҚЕС-ке сәйкес жүргізеді.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары әлемдегі аса дамыған және алдыңғы қатарлы бухгалтерлік есепке алу стандарттары деп есептеледі. Сондықтан да көптеген елдерде, мысалы Австралияда, Германияда, Ұлыбританияда шетел эмитенттері биржалардағы өздерінің есептілігін осы елдердің ұлттық стандарттарына емес, халықаралық стандарттарға сәйкес ұсына алады. Басқа мемлекеттерде, мысалы Канадада, Жапония мен АҚШ-та бұған да жол беріледі, алайда ХҚЕС бойынша есептілік дайындайтын компаниялар оның осы елдердің ұлттық стандарттарына сәйкес дайындалатын есептіліктен айырмашылығының тізімін қосымша ұсынуы тиіс. Кейбір елдерде (мысалы Чехияда, Балтық елдерінде) есептілікті ХҚЕС бойынша барлық ірі кәсіпорындар жасауы тиіс [6, 312б. ] .

Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорлардың есебі Шоттар жоспарының белгілі бір құрылымын регламенттемейді. ХҚЕС - жеке есеп объектілердің тануын, бағалауын, ақпаратты ұсыну мен ашуын сипаттауда кәсіпорынның есеп саясатында көрініс табатын қағидалар жиынтығы. Сәйкесінше ХҚЕС-ке сәйкес есебін жүргізетін және қаржылық есептілігін жасайтын компаниялар басқа да компаниялардың Шоттар жоспарынан өзгеше Шоттар жоспарын жасап қолдана алады. Мысалы, АҚШ пен Ұлыбританияда әрбір компания өзінің жасаған Шоттар жоспарын пайдалана алады, ал Франция мен Германияда бірыңғай Шоттар жоспары бар және Қазақстандағы секілді оны барлық компаниялар қолдануға міндетті.

Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізуші субъектілермен қаржылық есептлікті дайындау мен тапсыруды ҚР 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» N 234-ІІІ Заңына сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілері мен жария мүдделі ұйымдар 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына негіздеп жасайды [7, 2-бап, 4-тармақ] .

Алайда, ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін іс жүзінде қолданылмайды. Ол қабылданған жағдайда Қазақстанның көптеген ұйымдары ХҚЕС-ке міндетті түрде көшуден босатылып, бухгалтерлік есепке алуды қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары бойынша жүргізетін болады. Олар үшін ХҚЕС қолдануды ерікті түрде таңдауға тыйым салынбайды [7, 2-бап, 5-тармақ] .

Қазіргі уақытта халықаралық стандарт есебін қолданудың бірнеше түрлері бар:

- ХҚЕС-ын ұлттық стандарт ретінде қолданатын мемлекеттер: Кипр, Кувейт, Латвия, Мальта, Пәкістан, Тобаго, Таиланд және Хорватия.

- ХҚЕС-ын ұлттық стандарт ретінде қолданады, бірақ туындаған мәселелерді ұлттық стандарт түрінде шешетін мемлекеттер: Малайзия мен Жаңа Гвинея.

- ХҚЕС-ын ұлттық стандарт ретінде қолданады, бірақ кейбір жағдайларда өзгертулер орын алатын мемелекеттер: Албания, Бангладеш, Кения, Колумбия, Польша, Уругвай, Ямайка.

- Ұлттық стандарт халықаралық стандартқа қосымша негізделген мемлекеттер қатарына Қытай, Иран, Филиппины, Тунис жатады [5, 471б. ] .

Әр елдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тауарлы-материалдық қорлар есебі әртүрлі жүргізіледі. Мәселен, әлемнің дамыған елдерінің бірі - Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп жүйесінің пайда болуын, нормативтік-құқықтық реттелуі мен тауарық-материалдық қорлар есебін қарастырайық.

Бұл ел есебінің тарихы 1899 жылдан бері, яғни есеп жүргізу кәсібі дамуын бастаған кезден және Бухгалтерлердің американдық ассоциациясының мүшелеріне бухгалтер атағы берілген уақыттан бастау алады. Ол кезде бухгалтерлердің қызметі Нью-Йорк штатында шектелген болатын, бірақ кейіннен бухгалтерлерге заңды құқықтар беріліп қызметі басқа штаттарға да таралды. Бухгалтерлер-тәжірибешілер осы кезеңнен бастап әр штаттар шегінде кәсіби қоғамдар құра бастады. 1902 жылы АҚШ бухгалтерлер қоғамының федерациясы құрылды. 1904 жылы Федерация 1-Халықаралық бухгалтерлердің конгресін шақыртып, 1905 жылы Бухгалтерлердің американдық ассоциациясымен біріктірілді. 1910 жылы Ассоциацияда 1000-ға жуық мүшелері болды. 1916 жылы ол АҚШ бухгалтерлер Институтына қайта құрылды (1150 мүше), ал кейіннен 1917 жылы Американдық бухгалтерлердің институты атына ие болды. Ол 1957 жылға дейін жұмыс жасап, жоғары білімі бар қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институтына қайта құрылды [6, 407 б. ] .

АҚШ-ғы ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесі «Бухгалтерлік есептің жалпы қағидаларына» (GAAP) сәйкес құрылады. Бұл жүйе негізінен Жоғары білімі бар қоғамдық бухгалтерлердің американдық институты, Қаржылық есеп стандарттары бойынша комитет, Бағалы қағаздар мен биржалар бойынша комиссия сияқты ұлттық уәкілетті ұйымдармен жасалынады.

Қазіргі таңда Америка Құрама Штаттары кәсіби бухгалтерлердің 9 негізгі ұйымдары бар. Олардың әрқайсысы өз құзыреттілігі шегінде елдегі бухгалтерлік есеп пен аудит жүргізуін нормативті-құқықтық реттейді және оларды дамытуға қатысады.

Жалпы алғанда GAAP - бұл әр түрлі көлемді құжаттарды қамтитын бухгалтерлік стандарттар мен процедуралардың иерархиялық жүйесі. GAAP жүйесінде уәкілетті органдар қабылдаған құжаттардың орындалуын анықтайтын төрт деңгеймен реттеледі.

Бірінші деңгей құжаттары негізгі және міндетті есеп стандарттары болып табылады. Компанияның қаржылық есептілігі осы құжаттардың талаптарын қанағаттандырмайтын болса, онда жалпы қабылданған стандарттардың салдары есептілік мәнін бұрмалайтын ерекше жағдайлардан басқа жағдайда аудитор стандартты қорытынды беруге құқығы жоқ.

Екінші деңгей құжаттары белгіленген бухгалтерлік қағидаларды (стандарттарды) орнатады және жалпы қабылданған қазіргі тәжірибені сипаттайды. Аудитор бұл ақпараттың қайнар көздеріне есеп фактісінің бухгалтерлік түсіндірмесі бірінші деңгей құжаттарына негізделмеген жағдайда сүйене алады.

Үшінші деңгей құжаттары белгілі бір салада есеп жүргізу әдістерін ашады және белгілі бір ситуацияларда кең қолданылады. Екінші және үшінші деңгей құжаттары міндетті болып табылатын бірінші деңгей құжаттарына қарағанда кеңінен қолданылады. Екінші және үшінші жағдайларда аудитор бухгалтерлік түсіндірмені негізге ала отырып стандартты қорытынды бере алады.

Төртінші деңгей құжаттарын қолдану белгілі бір жағдайларға - құжат ерекшелігіне, құжатты шығаратын кәсіпорын мәртебесіне тікелей байланысты болып табылады. Аудитордың қорытындысы бұл жағдайда кәсіби пікірге негізделеді [8, 448б. ] .

АҚШ компаниялары жоғарыда аталған құжаттарға сүйене отырып бухгалтерлік есепті, оның ішінде тауарлы-материалдық қорлар есебін жүргізеді. Ендігі кезекте осы елдегі тауарлы-материалдық қорлар есебінің тәжірибесіне тереңірек тоқталайық. АҚШ-та тауарлы-материалдық қорлар есебін жүргізуде үздіксіздік жүйесі қолданылады [9, 459б. ] .

Кәсіби бухгалтерлердің үздіксіздік есеп жүйесіндегі ұстанатын негізі тұжырымдамасы Кәсіби бухгалтерлердің американдық қоғамы бекіткен төменде көрсетілген бекітілімдерге сүйенеді:

Бірінші бектілім бойынша «тауарлы-материалдық қорлар» түсінігіне кәсіпорынның қызметі барысында сатуға арналған; осы сатылымды жүзеге асыру үшін өндіріс үрдісіне қатысатын немесе сатуға арналған тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісімен байланысты материалдық жылжымайтын мүліктер кіреді.

Екінші бектілімде АҚШ компанияларындағы тауарлы-материалдық қорлардың бухгалтерлік есебінің негізгі мақсаты айқындалған. Компанияларда тауарлы-материалдық қорлар есебінің басты мақсаты - алынған кірістер мен оларға сәйкес шығыстарды салыстыру нәтижесінде пайда көлемін анықтау.

Үшінші бекітілім бойынша тауарлы-материалдық қорлар есебінің негізіне алынған активтер үшін төленген баға немесе берілген орнын толтыру арқылы анықталатын барлық шығындар жатады. Яғни, тауарлы-материалдық қорлардың бастапқы құнына сатып алу бағасы мен құндылыққа кеткен барлық шығындар кіреді.

Төртінші бекітілімде тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістеріне тоқталған. Оған сәйкес тауарлы-материалдық қорлар құны тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістерінің бірімен анықталады: «Бірінші топтама - кіріске, бірінші топтама - шығысқа», яғни ФИФО әдісі; орташа өлшемді құн әдісі; «Соңғы топтама - кіріске, бірінші топтама - шығысқа», яғни ЛИФО әдісі. Берілген әдістердің бірін таңдаудың негізгі критерийі есепті кезең ішінде пайданың дәл көрініс табуына байланысты болып табылады.

Бесінші бекітілім бойынша шығындар негізінде тауарлы-материалдық қорлар құнының қалдығын анықтау қажеттілігі тұтынушылық құны мен тауарлық құндылықтар құнының сәйкес келмеу жағдайында пайда болады. Егер де тауарларды кәсіпорынның қалыпты қызметінде пайдалану кезінде олардың тұтынушылық құны физикалық тозудан, моральдық тозудан, бағалар өзгерісінен немесе басқа да себептерден өзіндік құнынан төмен болса айырмашылық есепті кезеңнің залалы ретінде танылады. Мұндай жағдай «нарықтық» деп аталатын төмен баға бойынша бағалау нәтижесінде орын алады.

Алтыншы бекітілім құндылықтардың «өткізудің ықтимал құны» мен «нарықтық құн» терминдерін айқындайды. Тауарлы-материалдық қорлар «өткізудің ықтимал құны немесе нарықтық құн» бойынша бағалауындағы «нарықтық құн» термині ағымдағы жағдайға байланысты құндылықты сатып алуға немесе қайта өндірісіне кеткен ағымдағы шығындардың барлығын қамтиды. Дегенмен, келесі жағдайлар ерекшеленеді:

- нарықтық құн өткізудің таза құнынан (қалыпты қызмет кезіндегі бағаламалы сату бағасынан қажетті дайын қалпына дейінгі болжанбалы шығындарды шегергендегі шығатын құн) аспауы керек;

- нарықтық құн өткізудің таза құнынан пайда үлесінің есептемелі көлемін шегергендегі сомадан төмен болмауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
Алматы қаласының әкімдігінде өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша
Эмр-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру және оны қамтамасыз ету
Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс
Халықаралық келісім - шарттар
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық - әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz