Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз



Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз
2. Қорқыттың өліммен күресі
3. Қорқыт атаның өсиет.нақыл сөздері.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз
Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші-қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен. Бірі - ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, екіншісі - тарихи шежірелер, үшіншісі - «Қорқыт ата кітабы».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 12 қарашада «Қорқыт және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысушыларға арнаған құттықтауында төмендегідей пікір айтты: «Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері Қорқыт бабамыз - баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады. Егемендікке қолжетіп, өзінің өткеніне көз жіберебастаған қазақхалқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызы өзгеше зор дер едім. Өйткені оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен дежақсы үйлесім тауып отыр.
«Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес», - дейді абыз өзінің сөзінде. Иә, өткенді қадірлеуге, одан сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып оралу жоқ екен, тек ілгері ұмтылу қажет. Осы қарапайым айтылған кемел ойды келешегіне үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орталық Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият зерделесек болады.
Аңыз бойынша Қорқыт бабамыз артына адамның өлімнен қашып құтылмайтындығы, оның ғұмырын жарық дүниеде бітіріп кеткен жасампаздық ісі мен өшпес өнері ғана жалғастыра алатындығы туралы данышпандық пәлсапалық байлам қалдырды. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазық етіп ұстар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз...»(67,1).
«Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы түрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы - VІІ-VІІІ ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққатараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.
Ал Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікірайтады: «Қорқыт - тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтақ Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақпен түркімендерде көбірек жолығады» (76, 135).
Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт - сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қара-қожа оғыздарынан екені мәлім. Міне, сондықтанда Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал оның тендесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған «Қор қыт ата күйі», «Қорқыт сарыны», т. б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір-ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өлең жырларын бастар алдында, алдымен Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт депбілген:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақтар IV том
2. Наследие народов Казахстана
3. Қазақ совет энциклопедиясы.
4. Егемен Қазақстан газеті №24 ,26 қыркүйек 2006ж

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз
2. Қорқыттың өліммен күресі
3. Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз
Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер,
жырау, күйші-қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен. Бірі
- ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, екіншісі - тарихи шежірелер,
үшіншісі - Қорқыт ата кітабы.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 12
қарашада Қорқыт және түркі әлемі халықаралық ғылыми-теориялық
конференциясына қатысушыларға арнаған құттықтауында төмендегідей пікір
айтты: Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын,
дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері Қорқыт
бабамыз - баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады.
Егемендікке қолжетіп, өзінің өткеніне көз жіберебастаған қазақхалқы үшін
Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызы
өзгеше зор дер едім. Өйткені оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын
айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен дежақсы
үйлесім тауып отыр.
Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып келмес, - дейді абыз өзінің
сөзінде. Иә, өткенді қадірлеуге, одан сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып
оралу жоқ екен, тек ілгері ұмтылу қажет. Осы қарапайым айтылған кемел ойды
келешегіне үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орталық
Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият зерделесек
болады.
Аңыз бойынша Қорқыт бабамыз артына адамның өлімнен қашып
құтылмайтындығы, оның ғұмырын жарық дүниеде бітіріп кеткен жасампаздық ісі
мен өшпес өнері ғана жалғастыра алатындығы туралы данышпандық пәлсапалық
байлам қалдырды. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазық
етіп ұстар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз...(67,1).
Қорқыт ата кітабы - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы
түрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық
әрі тарихи мұра. Қорқыт ата хикаясы - VІІ-VІІІ ғасырларда Сырдария бойын
мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-
ұрпаққатараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби,
тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды.
Ал Қорқыт атаның өзі туралы бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген
ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікірайтады: Қорқыт - тарихи дәуірлерде
Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан
данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап
сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы
түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ
тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы
болғандықтақ Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-
күйлер қазақпен түркімендерде көбірек жолығады (76, 135).
Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт - сегізінші ғасырда
Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері.
Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қара-қожа оғыздарынан екені мәлім.
Міне, сондықтанда Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған
оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ
жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында
уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал оның тендесі
жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған Қор қыт ата
күйі, Қорқыт сарыны, т. б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ
арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын жыраулар өздеріне Қорқыт атаны
пір-ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өлең жырларын бастар алдында, алдымен
Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт депбілген:
Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,
Бата алған барлық бақсы асқан ата.
Таңғалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.
Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып,
халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші,
өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде сүреттіледі. Әйтсе де
ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді
Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер
жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның
жан тебірентерлік сиқырлы күйлері,ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-
мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік
қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп кележатыр.
Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-
күмбезіне (қорым, пантеон) бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады.
Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында) халық сан
ғасырлар бойы қадірлеп, оны Қор-қыт атаның күй тартатын жері деп, басына
күзетші, шырақжағушы адам қойып жүрді. Қорқыт ата күмбезі шамамен ІХ-ХІ
ғасырларда салынған.
Қорқыт - жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ және қаңлы
тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде VIII—IX ғасырларда-ақ аңыз
кейіпкері болғанжан. Қорқыт ата жөніндегі жыр-дастан алғаш қыпшақ даласы
мен Сыр бойында туып, халық эпосының дәстүрі бойынша санғасырлар бойы
ауызша айтылып келген. Тек XVI ғасырда ғана Қорқыт есімімен байланысты бұл
дастан қағазға түсірілген.
Енді оғыздар жөнінде бірер сөз айта кетейік. Оғыздар Кавказ өңіріне
қоныс аудармай тұрған кезде олардың түбегейлі мекені Қаратау өңірі, Бөген,
Шаянжәне Арыс маңайы болған. Араб ғалымы Әбу Исхах ибн Мүхаммед әл-Фариси
әл-Истахридің (850-934) жағрафиялық еңбегінде Келес даласында болған
оғыздар қонысы туралы құнды деректер бар. Осы еңбекте Келес даласында,
Ангрен мен Шыршық аңғарында, Шатқал және Угам жоталарының баурайында
оғыздар қыпшақтармен және басқа түркі тілдес топтармен аралас мекендеген,
- деп жазылған (254, 269).
Оғыз тайпалары, сондай-ақ Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен.
Истахридің айтуы бойынша, Сыр бойыңда тұрған оғыз тай-паларының ең маңызды
қалалары Янги-Кент (Жаңакент), Жент, Өзкент (Өгізкент), Баршынкент (Қыз
қала), Сүткент, т. б. болған. Оғыз-дармен қатар Сырдария бойыңда
қыпшақтайпалары да тұрған. Олар-дың басты қалалары - Сығанақ, Сауран,
Отырар, т. б. кенттер еді. Демек, қазақ халқының рухани тұрмыс-тіршілігіне
оғыздардың тигізген ықпалы аз болған жоқ. Кейінірек XI ғасырдыңорта кезінде
оғыздардың бір сыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінінен Шығыс Еуропаға,
Кіші Азияға қоныс аударып кетті. Ал сонда осында қалып қойған оғыз
тайпалары қазақ қауымын құрысуға қатынасып, солардың этникалық құрамына
біржола сіңіп кеткені мәлім.
Қадым заманнан Сыр суының төменгі ағысында тұрған Жаңакент қаласы ұзақ
жылдар бойы оғыз мемлекетінің астанасы болған. Су аяғы Қорқыт деген мақал
осыдан шыққан. Сөйтіп, тарихи болмысы ғылымға мәлім Қорқыт атаның туып,
өмірге келген, тіршілік еткен, атақты күй-жырларын, нақыл-ғибрат сөздерін
шығарған, күллі адамзатқа мәңгілік өмір іздеген, ақырында дүние салған жері
де -осы Сырдарияның төменгі ағысы, Қармақшы қыстағының маңы, ескі қорымы
(пантеоны) тұрған жер.
Қорқыт ата туралы сан қилы аңыз-әңгімелер қазақ арасында ерте кезден-
ақ кеңінен тараған. Солардың бірі – Қорқыттың тууына бай-ланысты. Аңыз
бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына
бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт туар алдында күллі әлемді үш күн,
үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басып тұрыпты. Сұрапыл қара
дауыл соғып, ел-жұртты қатты қорқыныш сезімі билейді. Сыр бойы мен Қаратау
өңірінің аспаны да қараңғы тартып, қарауытып кетіпті. Сондықтан бұл маңай
Қараспан аталыпты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні
туғаны үшін баланың атын Қорқыт деп қойған екен.
Қорқыт туралы аңыздар тарихта болған шын оқиғалармен тығыз байланысып,
ұштасып жатады. Мәселен, Қорқыт есіміне байланысты ел арасында көп
айтылатын сиқырлы шаһарлардың бірі - Баршын- кент. Бұл қала шынында да Сыр
бойындағы сол дәуірдегі ең көрнекті қала болғанынтарихшы-археологтар
дәлелдеп отыр. Баршынкенті сұлудың қаласы деген сөз. Оны қазақтар соңғы
кезге дейін Қыз қала деп атап келді. Аңызда Алпамыс батырдын,сүйгенжары
Бар-шын сұлу (яғни Гүлбаршын) осында тұрған делінеді. Ал тарихшылар ; XII
ғасырдың атақты ғалымы өз жырларын түркі, араб және парсы тілдерінде жазған
дарынды ақынХ. Баршынұлының осы қалада туып, осында өмір сүргенін
дәлелдейді.
Сөйтіп, күй атасы, жыр атасы, данышпан қарт Қорқыт ата туралыі қазақ
арасында ежелден-ақ сан қилы аңыз-әфсаналар кең тарағаны жақсы мәлім. Соның
өзінде мұндай аңыз-хикаялардың бірқатары сол дәуірдің тарихи шындығына
жақын тұрады.

2. Қорқыттың өліммен күресі
Мазмұны жағынан сан қилы болып келетін аңыздардың бірін де
Қорқыт ата ажалдан қашып, мәңгі елмейтін өмір іздейді, сол үшін өзінің
Желмаясына мініп алып, дүниенің төрт бұрышын түгел шарлайды. Бармаған жері,
баспаған тауы қалмайды. Ол кайда барса да алдынан көр, яғни мола қазып
жатқан адамдар шыға береді, Олардан: Бұл кімнің көрі?,- деп сұрайды. Бәрі
де бірауыздан: Қорқыттың көрі,- деп жауап береді. Қазақтың қиындық көрген
сәттерде Қайда барсаң да - Қорқыттың көрі деген сөзі осыдан қалса керек.
Тіршіліктің тұрақсыздығына, өмірдің өтпелілігіне қарсы күресу идеяның
аса күрделіфилософиялық мән-мағынасы бар. Бұл туралы көне заман
данышпандары сан қилы құнды пікірлер айтқан. Біз осы орайда академик Ә.
Марғұланның пікірімен шектелуді жөн көрдік: ... Қорқыттың өмір бойы арман
еткені - өлмейтін, жасай беретін өмір іздеу, сол үшін күресіп, өлімге қарсы
тұру. Мұнда ажалмен айқасумен бірге, құдайдың өзімен алысудың аялғысы бірге
жүреді. Қорқыттың бұл фәлсафасы дүние тарихында өте сирек жолығатын, адам
баласы туғызған ойдың ең жарқын бейнесінің бірі болып суреттеледі. Мұны тек
Прометей не Харта туралы айтылатын дүние жүзілік әдебиет мұрасына теңеуге
болады. Қазақ аңыздары бойынша Қорқыт бар өмірін тағдырмен, дүниені
жасаушымен алысу үстінде өткізеді. Өлмейтін өмірді көксеп, тағдырға, өлімге
қарсы тұрады. Жас Қорқыттың іздегені адам баласының өлмей,уайымсыз еркін
жасауы. Қорқыт фәлсафасы бойынша, өлім оның көзіне зұлымдықтың басы бо-лып
көрінеді. Онымен күресуді Қорқыт өзіне бірінші міндет етіп қояды.
Өліммен күресу, адам баласына өлмейтін өмір іздеу жолында Қорқыт
халықтың қорғаушысы, халық бұқарасына жан-тәнімен болысатын, оған дем
беруді өзіне мұра еткен кемеңгер бейнесіңде суреттеледі.
Өліммен күресу сюжеті әсіресе қазақ пен Алтай елінің аңызында өте
жарқын сарынмен айтылады. Бұл сюжет Шумер елінің эпосы Гильгамеш жырында
да келісті түрде суреттелген. Қазақ халқының өлімге қарсы аялғысы бірғана
Қорқыт аңызымен байланысты.
Қорқыттың өлімге қарсы болған идеясы қазақтың бірнеше жазуында
суреттеліп отырады. Ол әсіресе Қорқыт пен ажал деген халық аңызын
суреттейтін поэмада толық айтылған. Мұнда тізбектеліп ай-тылатын аңыз сөзі
былай деп басталады:
Қорқыт қашып ажалдан,
Аңыратты қобызын.
Қобызында көп арман –
Тоқсан толғау әдемі үн.
Желмаясын желдіртіп,
Ілгері басып келеді.
Күй сарыны - сел тасқын,
Күңірентіп келеді.
Тасы құлап жартастың
Жаңғыртты даланы.
Құйын боп та ұйытқыды,
Ну орманды шулатып,
Дауыл боп та жүйткиді.
Көл-өзенді тулатып,
Қас қаққанша кенеттен
Баурап бәрін биледі,
Боздағандай беубеулеп,
Жас төгеді күй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
Қорқыт ата кітабы шығармасының зерттелуі
Ислам фәлсафасы
Қазақ философиясының тарихы
Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Ақиқат ұғымы
Өмір жырын толғаған ұлы Баба - қобыз сарыны Қорқыт
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Пәндер