Консалтинг – қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен қажеттілігі



Консалтинг – жұмыс орынын ауыстырғысы келетін жас мамандардың, жоғары оқу орыны түлектерінің және тәжірибелі кәсіпқойлардың арасындағы қызметтің ең танымал түрлерінің бірі. Электрондық бизнес пен жоғары технологиялық компаниялардың тартымдылығының төмендеуімен байланысты, көптеген университеттер мен бизнес-мектептердің түлектері, оны мансаптық өсу жоспарындағы жұмысорынының келешектілерінің бірі (мүмкін, ең келешекті) деп есептейді. Бұл сала өте жылдам дамуда, оған ықпал етушілер: консалтингілік қызметке сұранымның өсуі және кеңес берушілер қызметіне талапкерлер санының артуы. Жыл сайын мыңдаған ізденушілер, он мыңдаған өзінің қарсыластарын бәсекелестік күресте жеңіп шығып, ашылып жатырған бос орындарға ие болады. Мұндай қатаң бәсекелестік, кандидаттарды әңгіме өткізудің әрбір кезеңіне шындап дайындалуға мәжбүр етеді. Бұл кітап, басқарушы консалтингтің осындай ерекше қызық және динамикалық әлеміне кіргісі келетіндерге пайдалы болады деп үміттенеміз.
Студенттерге кеңес берушінің жылдам мансаптық өсу мүмкіншілігі ерекше ұнайды, сондықтан бұл кәсіп, бірінші жұмыс орынын таңдау алдында тұрған бастаушы мамандар арасында ең беделділердің бірі болып саналады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. КОНСАЛТИНГ – ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ МӘНІ МЕН
ҚАЖЕТТІЛІГІ
1. Консалтингілік қызмет көрсетудің мәні мен мазмұны
2. Кеңес берушінің қызметі және консалтингілік қызмет өнімі
3. Консалтингілік қызметтің жұмыс істеу қажеттілігі мен тиімділігі
4. Қазақстан Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының
қалыптасуының экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттары

2 тарау. Казагромаркетинг АҚ мысалында кәсіпорынның консалтингілік
қызметін талдау
1. КазАгроМаркетинг АҚ ҚР АПК нарығындағы қызметі
2. КазАгроМаркетинг АҚ консалтингілік қызметінің өнімі
3. КазАгроМаркетинг АҚ консалтингілік қызмет нарығындағы
әрекеттерінің нәтижелерін талдау

3 тарау. Қазақстан Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының даму
келешегі
ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
КОНСАЛТИНГ – ЖҰМЫС ОРЫНЫН АУЫСТЫРҒЫСЫ КЕЛЕТІН ЖАС МАМАНДАРДЫҢ, ЖОҒАРЫ
ОҚУ ОРЫНЫ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІ КӘСІПҚОЙЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІҢ
ЕҢ ТАНЫМАЛ ТҮРЛЕРІНІҢ БІРІ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЗНЕС ПЕН ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ ТӨМЕНДЕУІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ, КӨПТЕГЕН
УНИВЕРСИТЕТТЕР МЕН БИЗНЕС-МЕКТЕПТЕРДІҢ ТҮЛЕКТЕРІ, ОНЫ МАНСАПТЫҚ ӨСУ
ЖОСПАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСОРЫНЫНЫҢ КЕЛЕШЕКТІЛЕРІНІҢ БІРІ (МҮМКІН, ЕҢ КЕЛЕШЕКТІ) ДЕП
ЕСЕПТЕЙДІ. БҰЛ САЛА ӨТЕ ЖЫЛДАМ ДАМУДА, ОҒАН ЫҚПАЛ ЕТУШІЛЕР: КОНСАЛТИНГІЛІК
ҚЫЗМЕТКЕ СҰРАНЫМНЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛАПКЕРЛЕР САНЫНЫҢ
АРТУЫ. ЖЫЛ САЙЫН МЫҢДАҒАН ІЗДЕНУШІЛЕР, ОН МЫҢДАҒАН ӨЗІНІҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫН
БӘСЕКЕЛЕСТІК КҮРЕСТЕ ЖЕҢІП ШЫҒЫП, АШЫЛЫП ЖАТЫРҒАН БОС ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛАДЫ.
МҰНДАЙ ҚАТАҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК, КАНДИДАТТАРДЫ ӘҢГІМЕ ӨТКІЗУДІҢ ӘРБІР КЕЗЕҢІНЕ
ШЫНДАП ДАЙЫНДАЛУҒА МӘЖБҮР ЕТЕДІ. БҰЛ КІТАП, БАСҚАРУШЫ КОНСАЛТИНГТІҢ ОСЫНДАЙ
ЕРЕКШЕ ҚЫЗЫҚ ЖӘНЕ ДИНАМИКАЛЫҚ ӘЛЕМІНЕ КІРГІСІ КЕЛЕТІНДЕРГЕ ПАЙДАЛЫ БОЛАДЫ
ДЕП ҮМІТТЕНЕМІЗ.
Студенттерге кеңес берушінің жылдам мансаптық өсу мүмкіншілігі ерекше
ұнайды, сондықтан бұл кәсіп, бірінші жұмыс орынын таңдау алдында тұрған
бастаушы мамандар арасында ең беделділердің бірі болып саналады. Жоғарғы
оқу орындарының экономикалық факультетін бітірушілердің жуық шамамен 40 %
консалтингілік қызметпен айналысуға тырысады, бірақ олардың 30—35% ғана
оған қол жеткізе алады. Талапкерлергеде бұл сала өте қызықтырарлықтай
көрінеді, оларға оқу орынына түсу кезінің өзінде-ақ қатаң бәсекелестіктен
өтуге тура келеді.
Консалтинг алдарынан ашатын келешекке қызыққан, құқықтану,
гуманитарлық, жаратылыс тану және техникалық ғылымдар бойынша магистрлік,
докторлық және басқа ңылыми дәрежесі барлардың өзі, өте жиі жұмысқа
қабылдау туралы өтініш жасайды. Тіпті танылған мамандардың өзі
консалтингіден өзінің кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін, ал кейде қызмет
аясын түбегейлі өзгерту үшін мүмкіндіктер іздейді. Консалтингілік қызмет
көрсетуші фирмалардың санының өсуі мен жоғарылау шамасына қарай, тапсырыс
беруші компаниялардың ең ақылға сыймайтын проблемаларын шығармашылықты
шешуге қабілетті, тәжірибелі мамандарға сұранымда артуда. Дегенмен тағыда
ескертуге тұрады, үміткерлер саны бос орындар санынан асып кетеді, бұл өз
кезегінде бәсекелестікті өте қатаң етеді.
Фирмалар түйіндемелерге көміліп қалды десе болғандай. Сондықтан олар ең
жақсы мамандарды іріктеудің әртүрлі әдістемелерін әзірледі. Соңғы кездеріі
ерекше танырман болғаны – жағдайлық тапсырмаларды орындаумен өтетін әңгіме
жүргізу. Бұл, шындығында, сұхбаттың ең күрделі (кандидаттар үшін) және
түсініксіз нысандары. Үміткерлердің ең қатты қиналатындары абстрактілі
сұрақтар, әсіресе техникалық егжей-тегжейлікпен байланысты. Тіпті сіздің
жолыңыз болды және сөз әңгіме өткізуге шақырылдыңыз делік, дегенмен,
келесідей жалғыз сұрақты беріп-ақ, сізді тез арада сұрыптайды: "
авиалайнер Boeing 747 салмағы қандай?" немесе "Amtrak компаниясы Бостоннан
Вашингтонға дейінгі темір жол билетіне бағаны қалай белгілейді?"1
Тіпті, сіз бірінші әңгіме өткізуден өтіңіз дейік, сізге, қалайда,
осындай үш-бес сынамадан өту керек. Бұл өте әйгілі қамшы мен күлше әдісін
еске түсіреді: бір әңгімеден соң екіншісінен өте отырып, сіз ақырғы мақсат
қалай қашықтап бара жатқанын сезінесіз. Барлығы басынан басталады. Тағыда
бір тапқыр кеңесші сізді кезекті әңгіме өткізумен сынға салуға дайын
болады. Осылардың кез-келгенінің нәтижелері бойынша сізді сұрыптап шығара
алады, тіпті сөз алдыңғы әрекеттеріңізде фирмаға жақсы әсер қалдырсаңызда.
Тек қана ынтагерлікті, табандылықты және ең соңғы интевьюге дейін әрбір
әңгіме өткізуде үлгіру үмітін сақтай алған үміткерлер ғана, ақырында
жұмысқа алынады.
Бәсекелестік соншалықты қатаңданып кетті, қазіргі кезде үміткерлер көп
уақыттарын фирманы зерттеуге және әңгімеге дайындалуға шығындайды. SAT
немесе GMAT типті стандартталған тесттік жүйе бойынша емтихандарға дайындық
курстары, ізденгіштерге ең жоғарғы баллдарды жинауға көмектескендей, әңгімі
өткізуге дайындықта консалтингілік компаниялардан табысты жұмыс іздеуге
әсер етеді. Сізге, басқарушы консалтингтің сіз баратын фирмалар өткізетін
әңгімеге дайындалушы құрдастарыңызға лайықты бәсекелестік көрсету үшін, кез-
келген көмекті қолдану қажет. Барлығыда ескеріледі: қызметтің әртүрлі
саласындағы компаниялар туралы сіздің хабардарлық деңгейіңіз; олардың күшті
және әлсіз жақтарын түсіну және оны үйлесімді қолдана білуіңіз; сіздің
қаншалықты консалтинг терминологиясын меңгергендігіңіз; сіздің реакцияңыз
бен жауап беру жылдамдығыңыз; фирманың ұйымдастыру мәдениеті мен көңіл
күйін бағалай білуіңіз.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен
дамуы, дамудың ерекшеліктерімен, бетбұрыстарымен және механизмдерімен
айрықшаланатын, салалық нарықтардың көптеген түрлерінің жұмыс істеуі үшін
қажетті негіздерді қалыптастырды. Қалыптасатын салалық нарықтардың
кешендігі халық шаруашылығы экономикасының тиімді жұмыс істеуін жоғарылату
үшін жағдай жасайды және бұл осы дипломдық жұмыстың көкейтестілігін
шарттайды.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында ресурстар нарығы, халық
тұтынушы тауарлар нарығы қалыптасқан және дамуда, дегенмен нарықтардың көбі
тек қалыптасу кезеңінде жайғасқан. Осындай нарықтың біріне консалтингілік
қызмет көрсету нарығыда жатады.
Консалтингілік қызметтер – экономиканың өндірістік секторларының
дамуына белгілі бір ғылыми және әдістік үлесті қамтамасыз ететін
экономиканың өндірістік емес саласы элементтерінің бірі.
Кәсіптік көмек көрсетуші мамандар мен ұйымдар, консалтингілік қызметтің
субъектілері болып табылады, ал басқарушы проблемалардың шешіміне мүдделі,
кәсіпорындар мен фирмалар – консалтингілік қызметтің объектісі болады.
Көмекті ұйымдастырудың кез-келген нысаны, кеңесшінің өзі міндеттердің
орындалуына жауап бермейтін, бірақ жауаптыларға көмек беретін процесс
мазмұнына, міндеттің немесе міндеттер құрылымына қатысты, кеңес беру
процесін көрсетеді. Кеңес беру процесі, кеңесші жағдайды өзгертуге немесе
жақсартуға әрекет еткенде, бірақ оны тікелей басқармайтын кезде орын алады.
Штаттағы жұмыскерлердің көп бөлігі, мәні бойынша, кеңесшілер болып
табылады, тіпті олар өздерін ресми кеңесшілер деп атамасада.
Консалтингілік қызметтер өткізілуі үшін, менеджерлердің кеңесшілерге
көмек сұрап өтінішпен баруының негізгі себептерінің болуы керек.
Консалтингілік қызметтерді көрсету үшін және менеджерлер жағынан осы
қызметті қажетсінудің тууының, экономикалық жағдайының болуының алғы шарты
болып, шешімі мәнді сипатты болатын проблемалар болғанда кеңесшілердің осы
жерде және барлық уақытта, керектігін айтатын факт табылады. Осы мәнділік
бұл проблеманың шешімін, ең жақсысы, кәсіпкерге, маманға, атап айтқанда –
кеңес берушіге міндеттеген дұрыс екенін көрсетеді. Кеңесшілерді, жауапты
басқарушылық шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру процесінің
әртүрлі сатыларында пайда болатын анықсыздықты жою үшін тартады.
Зерттелетін диплом жұмысында зерттеу объектісі болып, мамандандырылған
және Қазақстан Республикасының агро өнеркәсіптік кешенінің даму
бағдарламасы негізінде құрылған, КазАгроМаркетинг АҚ табылады.
Зерттеудің іс-әрекеті көптеген компаниялармен көрсетілетін
консалтингілік қызмет нарығы болып табылады. Зерттеу үшін, тәжірибелік
мысал ретінде, КазАгроМаркетинг АҚ қызметі алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 тарау. консалтинг – қазіргі нарықты экономикадағы жұмыс істеудің мәні мен
қажеттілігі

1.1. Консалтингілік қызмет көрсетудің мәні мен мазмұны

Жетпісінші жылдардың ортасынан бастап, дүниежүзілік нарықта
консалтингілік қызметтің көлемі күрт жоғарылады, ол өткен жиырма жылмен
салыстырғанда оншақты ретке өсті және ары қарай қарқынды өсуде. Мысалы, АҚШ-
та 1993 жылы, өздерінің қызметі үшін 17 млрд. дол, алған 80 мыңға тарта
кеңесшілер болды, ал 1996 ж. айналым 20 млрд. дол., өсті. Ұлыбританияда
1995 жылы басқармалық кеңес беруде 23 мың адам тіркелді, 1994 жылы 12,1
мың адам тіркелген болатын.
Қазақстан мен ТМД елдерінде бұл салада басқадай жағдай пайда болды.
Зиялылық меншік пен ресурстардың отандық сатушылары, өзінің тауарын нарықта
көрсетуге және тиімді сатуға толық дайын емес. Мұндай жағдайлар көптеген
себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, көптеген шаруашылық басшылары
консалтинг пен оның мүмкіндіктері туралы толық білмейді; екіншіден,
консалтингілік қызметтің отандық нарықта дамуы жеткіліксіз; үшіншіден,
консалтингілік компаниялардың қызметінде маркетингілік әдістердің енгізілуі
әлсіз екені белгіленеді.
Консалтинг — нарықты экономиканың ұғымы, ол мамандар жағынан фирманың
жетекші қызметкерлеріне басқару бойынша, жұмыс істеу және даму
проблемаларын шешу және талдауда, кеңестер, ұсыныстар, тапсырыскерлермен
бірігіп әзірленетін шешімдер нысанында жүзеге асырылатын, кәсіптік көмекті
көрсетеді.
Консалтингілік фирма немесе кеңесші консалтингілік қызмет нарығының
негізгі субъектісі болып табылады. Ол, өзінің қызметін коммерциялық
бастамада жүзеге асырады және қызмет көрсетудің тәуелсіз өндірушісі болып
табылады.
Консалтингілік қызмет көрсетудің негізгі сипаттамалары келесідей:
♦ консалтингілік қызметтің дәмін татуға болмайды, оны көру мүмкін емес,
яғни олар сезілмейтін болып табылады;
♦ консалтингілік қызмет нарығында басты тұлға кеңесші болады.
Консалтингілік қызмет, оны көрсететін субъектіден бөлінбейді.
♦ консалтингілік қызмет сақталына алмайды және алдын-ала дайындалмайды.
♦ консалтингілік қызметтің сапасыда тұрақсыз болып табылады. Бір сөзбен
айтқанда, консалтингілік қызмет материалдық емес, тапсырыскер оны сатып
алып, қызметтің белгілі бір саласында білім, шеберлік және дағды алады.
Кеңес беру процесі – бұл, кеңесшінің өзі міндеттердің орындалуына жауап
бермейтін, бірақ жауаптыларға көмек беретін процесс мазмұнына, міндеттің
немесе міндеттер құрылымына қатысты көмек көрсетудің кез-келген нысаны.
Консалтингтің негізгі міндеті тапсырыскерді проблемалық жағдайдан
шығуын қамтамасыздандырумен қорытындыланады. Консалтингілік компанияның
(кеңесшілердің) тапсырыскерлері болып мемлекеттік кәсіпорындардың,
ведомстволардың жетекшілері, биліктің орталық және жергілікті органдары,
жеке фирмалардың иелері немесе менеджерлері және т.б. табылады.
Кеңес беру процесі келесідей кескінде болады:

1 сурет. Кеңес беру процесінің құрылымы.

Кеңес беру процесінде маңызды орынды кеңесші алады. Ол өз білімінің
саласында эксперт болып қана қоймай, сонымен қатар келесідей қасиеттерге ие
болуы керек:
♦ нақты заттық салаға қатысты білімінің болуы;
♦ осы салада үлкен тәжірибесінің болуы;
♦ міндетті дәл тұжырымдап, дұрыс шеше білуі.
Консалтингілік қызметтің ерекшеліктерінің бірі, кеңес берілушіге жеке
тәсілдеме болып табылады. Осыған байланысты, консалтингілік қызметтің
нарығын талдау нарықтың бүкіл аумағын, оның күйін және даму бетбұрысын
алдын-ала айқындауды болжайды, бұл фирманың мүмкіндіктерін объективті
бағалауға, коммерциялық тәуекелдік деңгейін және оны болдырмау жолдарын
айқындауға мүмкіндік береді.
Консалтингілік қызмет нарығын талдауды келесі жайғасымдар бойынша
жүргізу қажет:
♦ имидж;
♦ тауар;
♦ бәсекелестік артықшылық;
♦ тапсырыскерлер таңдауы;
♦ жоспарланатын қызметтің құрылымы мен көлемі;
♦ тапсырыскерлерге тиімді қызмет көрсету стратегиясын таңдау;
♦ компания қызметкерлері;
♦ шығындар, пайда, мүмкіндікті тәуекел.
Қолданылатын әдістер тұрғысынан консалтинг үшке бөлінеді: эксперттік,
процестік және оқытушы консалтинг.
Эксперттік консалтинг. Бұл жағдайда кеңесші диагностиканы, шешімді
әзірлеуді және оны ендіруді дербес жүзеге асырады. Тапсырыскердің ролі
қажетті ақпаратты берумен және нәтижелерін бағалаумен қортындыланады.
Процестік консалтинг. Консалтингтің бұл түрі кеңесші мен тапсырыскердің
белсенді өзара әрекеттесуімен сипатталады. Бұл кезде кеңесшілер ролі ішкі
және сыртқы идеяларды жинаумен, тапсырыскермен біріккен жұмыс барысындағы
алынған шешімдерді бағалаумен және оларды ұсыныс жүйесіне келтірумен
қортындыланады.
Оқытушы консалтинг. Кеңсші жайғасымы өте белсенді. Ол тек идея жинап,
шешімді талдап қоймайды, сонымен қатар тапсырыскерге сәйкес ақпаратты
дәріс, семинарлар, құрал және т.б. түрінде бере отырып, олардың пайда болуы
үшін тиянақты негіз дайындайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда консалтингтің дамуы қажеттігін ешкім талқыға
салмайды. Карағанды регионындағы консалтингілік қызмет нарығы тек қана
институционалдық рәсімдеу алды. Ол бірнеше фирмалармен көрсетілген. Оларға
жататындар: "Интеркомпьютерсервис" компаниясы, Кәсіпкерлік және мәдениет
менеджменті институты, Шағын бизнес орталығы, Жұмыспен қамтудың областық
орталығы, Сауда-өнеркәсіптік палата, Бизнес орталығы, ЖШС Кеңес фирмасы.
Бүгінгі күні бұл фирмалар жеке бөлекше қызметтер көрсетеді және, тек қана
Сауда-өнеркәсіптік палата қызметтің көп жақты сипатында болады.

2. Кеңес берушінің қызметі және консалтингілік қызмет өнімі

Адвокат, сәулетші немесе дәрігер сияқты кәсіптердің дәстүрлі
аттарында кеңінен белгілі ұғымдар тұрады. Бірақ адамдар кеңесші дегенді
естігенде, ол туралы былай ойлайды:
1) ірі компаниялардың жоғары басқарушы аппараты дағдарыс жағдайларды
шешу үшін тартатын төтенше маңызды, үлкен қабілеттілігі бар, айқын тұлға
деп;
2) немесе, басқа маңызды бірнәрсе тапқанша ақша тапқысы келген, жай
жұмыссыз.
Бірақ осы анықтамалардың бірде-бірі шындыққа жатпайды.
Кеңесші — басқаларға ақылы көмек көрсететін кез-келген маманның
қызметін баяндауға арналған әмбебап термин. Кеңесшілер қызметтің кез-келген
аясында бар, мысалы графикалық дизайн бойынша, үйлену тойларын ұйымдастыру
бойынша, сән мәселелері бойынша, мансап таңдау бойынша кеңесшілер. Осының
бәрі — кеңінен таралған консалтингілік қызметтің түрлері. Одан өзгеде
мамандар бар, мәнділігі бойынша олар кеңесшілер болады, атап айтқанда:
талапкерді жоғары оқу орынына түсуге дайындаушы репетиторлар, жақсы
мамандарды бір фирмадан екіншісіне қызықтырып әкетуші мамандар, туристік
бюроның агенттері және жылжымайтын мүліктермен операциялар жасаушы
агенттер. Тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Жайғана өнеркәсіп
саласының немесе қызмет түрінің атауын алып, оған консалтинг сөзін
қосыңыз — сіз оның тағы бір түрін аласыз. Басқарушылық консалтинг —
бары–жоғы консалтингтің бір түрі, бірақ сонымен байланысты жалғыз кәсіптік
емес.
Басқару бойынша кеңесшілер немесе айналысады (ары қарай, қысқалық үшін,
біз кеңесші терминін қолданамыз)? Олардың негізгі міндеттеріне бизнестің
проблемарын айқындау, диагностика және бизнес проблемаларын шешу жатады.
Табысы төмендей бастаған компания, осы беталысты жеңу бойынша стратегия
әзірлеу үшін консалтингілік фирма қызметкерлерін тарта алады. Өз кезегінде,
өсудің жылдам қарқынындағы және жоғары пайдалылықты компанияда, табыс
толқынында қалу үшін кеңесшілерді жалдайды. Басқа жағдайларда жұмыс
процесінде кеңесшілермен жасалған қорытындылар, олардың келешекте қызмет
көрсететін ұйымдары үшін, өте маңызы. Басқару мәселелері бойынша кеңесшілер
әртүрлі проблемалардың пайда болу мүмкіндігін көруі және компанияға
нарықтағы жағдайлардың өзгеруін бақылауға көмектесуі керек.
Тізілген міндеттерден өзге, басқару бойынша кеңесшілерге басқа
функциялардыда жүзеге асыруға тура келеді:
1) өндірістік технологиялар немесе нарықтағы жағдайлар бойынша
экономиканың осы аясында эксперттің міндетін орындауға;
2) тұжырымдаманы бағалау немесе аргументті негіздеу кезінде бейтарап
үшінші жақ ретінде болуға;
3) қандайда бір гипотезаны немесе көзқарасты, жан-жақты талдау
жүргізгеннен соң алынған мәліметтерді қолдана отырып, мақұлдауға;
4) жанжалдық жағдайларды шешу кезінде делдал ретінде түсуге;
5) компания қызметкерлерін оптималды шешімдер қабылдауға үйрету;
6) маңызды проблемаларды талқылауға, істік ойындарды жүргізуге және
т.б. ұйымдастыру.
Міндеттер тізімі өте үлкен. Бірегей арнайыландырылған қызметтер
ұсынатын, жаңа консалтингілік фирмалар, жыл сайын пайда болады және
басқарушылық консалтингте жетілдірілуді жалғастырады. 1997 жылдан 2005
жылға дейін кеңесшілер қызметіне сұраным күрт өсті, ал олардың сомалық
табысы ғалами масштабта 51 млрд. долл. 114 млрд. долл. асаға жоғарылады. 2
суретте кескінделгендей, экономиканың осы сегменті, мамандардың болжауы
бойынша, өзінің дамуын осындай жоғары қарқынмен жалғастырады, және оның
табысы 2008 жылға 200 млрд. долл. жетеді.
Консалтингілік фирмалар не сатады? Неге олар сондай жоғары табыстар
алады? Негізгі өнім — бұл кеңесшілердің зиялы әлуеті: қарапайым емес
талдамалық қабілеттіктері, ұйымдастырушы және бизнес-стратегиялық білімі,
басқару қабілеттілігі. Сонымен, консалтингілік өнім едәуір өзгерістердің
жоғары әлуеті бар қызметті көрсетеді. Кеңесшілер — сөзсіз, тағдырды
айтқыштар немесе сиқыршы емес, сондықтан олар өзінің жұмысының дәл
нәтижесін кепілдендіре алмайды. Олар тек қана табысқа қалай жетуге
болатыны, кенеттен туатын жағдайларға және кедергілерге дұрыс қарсы тұруға
қалай дайындалуға болатыны туралы ұсыныстар береді және қойылған
мақсаттарға жету үшін стратегияны әзірлеуде тапсырыскерлермен тығыз
ынтымақтасады. Осылай, кеңесші қызметінің ақырғы нәтижесі болып, оған
жетудегі сенімділік емес, мақсат табылады. Өзгелердің өсуі үшін
көмектесетін оқытушыларға ұқсас, кеңесшілерге экономикалық көрсеткіштерді
жақсартудағы көмегі үшін ақша төленеді. Сондықтан кеңесшінің қызметінің
тиімділігі консалтингілік команданың интелектуалдық әлуетіне ғана тәуелді
болады.

2 сурет. 1995-2005 жылдардағы консалтингілік қызметтің дүниежүзілік
нарығы

Бірақ, барлық фирмалар оларда ең талантты және ең кәсіпкер кеңесшілер
жұмыс істейтіні туралы айтқан кезде, олардың ішінен ең жақсысын қалай
таңдап алуға болады? Консалтингілік фирмалар бұл проблеманы түсінеді және
тапсырыскерлерді тартуға тырысады, өздерінің интелектуалдық әлуетін
тұжырымдама қабығына орай отырып, және осының бәрін меншікті тауарлық
белгімен ұсынады. Соңғы уақыттарда нарықта көптеген әртүрлі тұжырымдамалар
ұсынылды. Олардың ішіндегі ең белгілілері 1 кестеде келтірілді.

1 кесте. Танымал консалтингілік тұжырымдамалар

Концепция Жыл Кеңес беруші Ұйым
Портфелдік талдау 1976 Хендерсон Boston Consulting Group
(Henderson)
Бәсекелестіктің бес күші1980 Портер (Porter) Monitor Company,
Гарвард университеті
Құндылықтың қалыптасу 1985 Портер (Porter) Monitor Company, Гарвард
буындарын талдау университеті
Өзекті құзыреттіліктер 1990 Хамэл және Прахалад Strategos, Гарвард
(Hamel& Prahalad) университеті, Мичиган
университеті
Тапсырыскерді ұстау 1990 Райхельд (Reichheld)Bain & Company
Циклдің ұзақтығын 1990 Сток (Stalk) Boston Consulting Group
қысқарту
Жаппай 1992 Пайн (Pine) Strategic Horizons,
индивидуалдану Diamond Technology
Partners
Реинжиниринг 1993 Хаммер мен Чэмпи CSC
(Hammer & Champy)
Акциялардың биржалық 1993 Стюарт (Stewart) Stern Stewart
құнын талдау және
қосылған экономикалық
құндылық
Құндылықтың көшіп-қонуы 1996 Сливоцкий Mercer Management
(Slywotsky) Consulting(Corporate
Decisions, Inc)
Құндылықты құру желісі 1996 Бранденбургер және Гарвард университеті
Нейлбафф(Brandenburgжәне Йельск бизнес
er & Nalebuff) мектебі
Пайда аймағы 1998 Сливоцкий және Mercer Management
Моррисон (Slywotsky Consulting
& Morrison)

Бір тұжырымдамаларда басты мәселе табыстардың артуына және нарық
үлесінің кеңеюіне аударылса, келесілері залалдарды болдырмау мақсатында
шығындарды қысқартуға шоғырланады. Салыстырмалы жақында пайда болғандардың
ішінде келесілерді атауға болады: "Пайда аймағы", Mercer Management
Consulting компаниясымен әзірленген, және "Құндылықты жасау" — Booz'Allen
& Hamilton компаниясының өнімі. Тартымды нарықтық тауашаны анықтау
мақсатында өнеркәсіптің белгілі бір саласындағы бәсекелестікті бағалау
үшін: Monitor Company, Майкл Портердің стратегиялық өнімін қолданады "Пят-
сил конкуренции", aл Boston Consulting Group өзінің өнімін кеңінен
жарнамалады "Матрица ростдоля", бұл бағалы қағаздарды орналастыру
стратегиясын әзірлеу үшін өте әйгілі. Шығындарды төмендету проблемасымен
бәрінен жақсы жасаған СSC Index компаниясы, өзінің "Реинжиниринг"
тұжырымдамасымен. Оның жалғастырушы- компаниялары өте көп, бірақ басқа
атаулармен аталады.
Компаниялар кеңесшілерді қарапайым проблемаларды шешу үшін тартпайды.
Кеңесші барлық уақытта дерлік көлеңкеде қалатынына қарамастан, оған өзінің
жұмысының нәтижесін екінші бағанадан көру ұнайды Wall Street Journal, ол
жерде жұмыстың ең алдыңғы әдістерін енгізген компаниялар туралы жазылады.
Тапсырыскерлер жеңісі — біздің жұмысымыз үшін тағыда бір ынталандырылу.
Біз — сыртқы, жәнеде өте қымбат мамандармыз. Егер біз компания
қызметкерлері дербес жасай алатын жұмыспен айналыссақ немесе басшылардың
пікірін мақұлдайтын, дәстүрлі кеңестерді берсек , онда біздің жұмысымыз
өзінің мәнін жоғалтады. Біз не туралы айтып тұрғанымызды дәл білуіміз
керек, өз ойымызды сеніммен баяндауымыз керек және тапсырыскердің
проблемасын тез және тиімді шешу үшін өзінің тәжірибесін толығымен қолдану
қажет. Біздің концептуалдық негізіміз бен негіз қалаушы принциптарымыз
дайын стандарттарды береді, оларды әрбір жаңа жағдайға қолдануға және тез
бағалауға болады. Бізде тексерілген жұмыс әдістері бар, жәнеде біз
түсінеміз, ең жақсы тәжірибенің не екенін.
Бұл жерде, қазіргі кезде қатаң сынға ілінген, стандартталған
тәсілдемемен ешқандай ортақтық жоқ. Әрбір клиентпен біз жеке жұмыс
істейміз. Бөлшекті түрде әрбір жағдай бірегей болғанымен, онда барлық
уақытта басқа жобаларға ұқсас нәрсе табуға болады. Дегенмен біздің
моделіміз динамикалы. Әрбір жобада біз бір жаңалықты үйренеміз. Біз тұрақты
түрде өзіміздің дағдылануымызды шыңдаймыз, құралдарды жетілдіреміз және өз
қызметімізді кеңейтеміз.
Тапсырыскерлер бұрын проблемаларын шешкен кеңесшілерді жалдайды және
сондықтан қиындықтармен қысқа мерзімде орындап шыға алады. Компания өзінің
корпоративтік мәдениетімен және ерекше жұмыс әдістерімен мақтана алатын
және басқа ешнәрсеге көңіл аудармайтын уақыт өтіп кетті. Қазір бұл үшін
бәсекелестік өте қатаң.
Айтайық, сіз бір авиакомпанияның маршруттарын басқа авиакомпанияның
маршруттарымен бірнеше айлардан соң белгілі күнге келістіруіңіз керек
делік. Бұл үшін сізге қайтадан ұшақ ойлап табудың қажеті жоқ – сіз
өзіңіздің міндетіңізді орындауыңыз керек. Мұндай жоба кеңесшіден
стратегиялық және сонымен бір мезгілде жағдайдың жоғары дәрежедегі
тәжірибелік көріністі талап етеді. Жұмыс істейтін шешімді табу қажет.
Кеңесші логистика принциптерін білуі керек, билеттерді сату және ұшақты
жолаушыларға жолға аттануға қолайлы болатын уақытқа беру сияқты мәселелерді
шеше білуі керек. Одан өзге, ол ұйымның осы үшін ресурстарының жеткілікті
екеніне сенімді болуы қажет, яғни ол кесте құра алады, сәйкес маркетингілік
компанияны жүргізеді, оның қызметкерлері жеткілікті санда болады, жәнеде ол
жұмыс операцияларын дұрыс орындауы, сәйкес техникалық қызмет көрсетеді.
Тапсырыскерлердің мұндай ресурстары молшылық, бірақ оны ауыртқысыз үлкен
ұйымға созу үшін эксперттің көмегі қажет, ол осындай жағдайлармен таныс
болуы керек және оны қалай істек керектігін білуі қажет. Кеңесшілер осындай
эксперттер болады.

3. Консалтингілік қызметтің жұмыс істеу қажеттілігі мен тиімділігі

Қазіргі нарықтық жағдайларда, барлық экономика тұтас, яғни жеке
кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі үлкен өзгерістерге ұшырағанда,
әрбір басшы, бұрын не өзі неболмаса штатқа кіретін мамандар кездеспеген,
проблемалардың көп мөлшеріне душар болады.
Алдыңғы шептегі жайғасымды жеңіп алу үшін және сақтау үшін,
басқарушылық консалтингі саласындағы мамандарды кәсіпорынға өз уақытында
шақырумен, проблемалық жағдайды дербес анықтау мен сипаттауға әрекет
жасауды ұштастыру қажет. Бұл кәсіпорындағы жағдайды кешенді диагностикалау
міндетін шешуге, мүмкіндікті өзекті проблемаларды ашуға, сонымен қатар
жоспарлаудың тиімді жасау мен қажетті өзгерістерді ендіруге көмектеседі.
Проблема деп басқарылатын объектінің нақты күйінің, тіленетін немесе
жоспарланған күйге сәйкес келмеуі түсіндіріледі. Белгілі бір сандағы
проблемалардың болуы, кәсіпорындар мен фирмаларға мейлінше кеңесшілерді жиі
шақыруының немесе тіпті олармен абонементтік қызмет көрсетуге шарт
жасасуының қажеттігі туралы көрсетеді.
Бұл жерде екі маңызды жағдайды белгілеу керек:
- жағдай бір, көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылық
қаражаттары нашар күйде болған кезде;
- жағдай екі, кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылық қаражаттары
жақсы күйде болған кезде, яғни кәсіпорынның немесе фирманың деректері
табысты жұмыс істейді.
Бірінші жағдайда, қаржылық қаражаттары нашар күйде болған кезде, қымбат
тұратын кеңесшілерді жалдау мүмкіндігі де болмайды, тұрақты абонементтік
қызмет туралы айтудыңда қажеті жоқ, кәсіпорындағы барлық пайда болатын
проблемаларды шешу үшін, кешенді немесе бөлшекті әртараптандыру мүмкіндігі
туралы ойлану қажет.
Көптеген кәсіпорындарда, қолдағы негізгі және айналымды қаражаттардың
базасында, өндірістік-шаруашылықтық қызметтерді дамытудың
баламалылықтарының белгілі бір мөлшерін қарастыру мүмкіндігі болады, оларды
дұрыс және тиімді қолдану, қызмет көрсету немесе өндірістік тағайындалымды
арнайыландырылған қызмет көрсету бойынша шағын жаңа фирмалар құруға
мүмкіндік берер еді.
Кәсіпорынды дағдарыстық жағдайдан шығару міндетін қоятын және шешуге
тырысатын кез-келген басшыда, сыртқы ортаның тез өзгеретін жағдайларында,
дамудың меншікті жұмысшы тұжырымдамасының шектелген жиынтығы болады [4].
Мұндай жағдайды түзету үшін, қымбат тұратын консалтингілік фирмаларды,
компанияларды тартудың қажеттігі жоқ, арзан шағын консалтингілік
фирмалардың немесе жекеше кеңс беруді тәжірибелейтінкеңесшілер қызметін
тарту жеткілікті болады. Бұл кезде, көп жағдайда консалтингілік қызметтер
кеңес, ұсыныс және бірге әзірленген шешімдер нысанында емес, ал
ұйымдастыру, техникалық немесе ақпараттық функциялардың орындалу шеңберінде
көрсетілетін, кәсіптік қызметтің қатарын толықтыру нысанында жүргізіледі.
Ондай қызмет бола алатындар:
- тіркеу, қайта тіркеу, кәсіпорынды, фирманы тарату, жою;
- қаржы-шаруашылықты қызмет саласындағы бизнес-жоспарды дайындау және
әзірлеу;
- шаруашылықты шешімдердің баламалы нұсқаларын экономикалық
негіздеудің техикалық-экономикалық әзірлемесі;
- маркетингілік саясат пен стратегияны әзірлеу.
Екінші жағдай кезінде, кәсіпорынның, фирмалардың қаржылық қаражаттары
жақсы күйде болған кезде және кәсіпорын табысты жұмыс істеу кезінде,
консалтингілік қызметті пайдалану бірінші жағдайдағы сияқты, көкейтесті
болады.
Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі және оның әрекеттену түрі табысты
болғаны, кәсіпорында проблема жоқ деуге себеп бола алмайды. Кәсіпорындардың
нарықтық жағдайда жұмыс істеуі кезінде, проблемалар болған, бар және барлық
уақытта болады. Олар, мүмкін, сезілмеуі және байқалмауы, бірақ бірқатар
жағдайларда оларды айқындау және шешу үшін, кеңесшілер қажет. Бұл
проблемалар бизнестегі күрделі пролемалар қатарына жатады, және оны шешу
үшін орташа және ірі консалтингілік фирманы шақыру керек, немесе
мамандандырылған ішкі кеңес беруші қызметтерді құру қажет.
Ірі және орташа консалтингілік фирмалардың таралған қызметтерінің бірі
болып табылатындар:
- кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу;
- ұйымдастыру құрылымын оптималдау;
- қызметкер уәждемесі жүйесін әзірлеу;
- кәсіпорынды басқару жүйесін оптималдау;
- ассортиментті басқару жүйесін қою;
- басқару жүйесін өзіндік құнмен және шығындармен қою.
Бүгінгі күнге көптеген кәсіпорындар үшін, өткізу жүйесінің
жетілдірілмегендігімен, басқару жүйесінің және ұйымдастыру құрылымының
функционалдық кемшіліктерімен, кәсіпорын ресурстарын тиімсіз
пайдаланылуымен байланысты, тар орындардың болуы сипатты. Осы, мүмкін
және басқада, жасырын проблемалардың болуы, пайдалылық пен пайданың
төмендеуіне, басшылармен қабылданған ьасқарушылық шешімдердің төменгі
тиімділігіне, сыртқы өзгерістерге жауап қайтару икемділігінің төмендеуіне,
кәсіпорынның ағымды жұмысындағы жүйелі істен шығуына әкеледі.
Проблема, кәсіпорынның кеңесшілер көмегіне келуі негізінің салдары
болып табылады. Кез-келген проблеманың артында, соның басты көздері болып
табылатын себеп тұрады. Ұйым, туған проблемалардың қандайда себептерін
түсіне алады, бірақ оны дербес жоюға күйі келмейді. Бұл жағдайдада
кеңесшілер көмегіне келуге тура келеді. Менеджерлердің, консалтингілік
фирманың қызыметінің көмегіне келуіне келесідей себептер болады:
- ерекше білім мен дағдылардың жеткіліксіздігі;
- уақытшалық негізде қарқынды кәсіптік қосымша көмектің қажеттілігі;
- сырттан, алалықсыз көзқарастың қажеттігі;
- басшылармен қабылданған шешімдердің негізделуіне қажеттік;
- оқуға және кәсіптікті жоғарылатуға қажетсіну.
Кеңесшілерді, проблеманы шешуге ұйымның өзінен адам шықпаған жағдайда
шақырады. Ол үшін, кеңесші жақсы талдай алатын, ерекше білім мен дағдылар,
әдістер мен тәсілдер қажет. Бірқатар жағдайларда проблема жалпы сипатта
болады. Мысалы, ұйым өзінің негізгі тағайындалған қызметін атқаруға
қабілетсіз болады. Бұл кезде ұйымдастыру диагнозы, жоспарлау, стратегия,
үйлестіру, ақпараттық жүйе және басқа күрделі мәселелер бойынша дағдылар
талап етіледі. Басшылар тәсілдердің қажеттігін түсінгені мен, ұйымда
өзгерістің күрделі процесін жоспарлап және оны тиімді жүзеге асыратын
мамандар жоқ. Кеңесші осы дағдыларды бере алады және тапсырыскерді
ұйымдастыру процестерімен және қатынастарымен таныстыра алады және оған
стратегияны анықтауға және іске асыруға көмектеседі.
Ешқандай таң қаларлық нәрсе емес, егер ұйым оған пайдалы білімді немесе
дағдыларды білмесе, ол оның құзыреттілігіне кірбің түсірмеуі керек.
Қоршаған ортадағы және техникадағы өзгерістер қарқыны соншалықты жоғары, ал
қажетсіну соншалықты әртүрлі, тіпті өте ірі және күшті ұйымдардың өзінде,
бірқатар жаңа проблемаларды шешу үшін және жаңа мүмкіндіктерді пайдалану
үшін ішкі ресурстар жетпей жатады. Мұндай жағдайларда басқару мәселелері
бойынша кеңесшілер көмек бере алады.
Егер, мысалыға, ірі компания бухгалтерияны автоматтандырғысы келсе
және консалтингілік компания қызметіне жүгінсе, онда бұл осы компаниядағы,
жұмысты жүргізе алмаған, бухгалтерлердің жамандығы мен біліксіздігін
көрсетпейді, ал мейлі бүгін бұл компания, консалтингілік компанияның
қызметімен байланысты, көп шығынға ұшырасын, дегенмен келешекте маңызды
пайда көруге болады.
Кейде ұйымда қажетті техникалық кәсіпкер кадрлар болады, дегенмен
жетекші басшыларды немесе мамандарды (штаттағы) ірі проблема немесе жоба
бойынша тереңдетілген және ұзақ мерзімді жұмыс үшін босату мүмкіндігі
болмайды. Істі күнделікті жүргізу оларға аз уақыт қалдырады, жәнеде
біруақытта тәжірибелік проблемалармен айналысу оңай жұмыс емес. Бұл
жағдайда кеңесшілердің уақытша негіздегі кәсіптік көмегі қажет, олар бос
уақытпен ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік проблемаларменде айналыса
алады.
Кейбір ұйымдарда олардың қызметкерлеріне, жеке байланыстар мен
қолданбалы дәстүрлер мен құндылықтар күшті ықпал етеді, бұл пролеманы
шындықты жарықта көруге және оны шешудің оптималдық нұсқасын көруге
кедергі келтіреді. Басқару мәселелері бойынша кеңесші тапсырыскер-ұйымға
тәуелсіз және оның ішкі өзара қатынастарына қатысы болмайтын болғандықтан,
сырттан алалықсыз көзқарас береді және жағдайларда солай болып қалады, ал
ұйымның мүшелері объективті бола бермейді. Кейбір менеджерлер үшін
кеңесшілерді резонатор ретінде қолдану ережесі және барлық маңызды
шешімдерді, шешпес бұрын, сонымен бірге қарастыру бар.
Әр уақытта кеңесшілерді белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін және
менеджер өзінің шешімін кеңесшінің ұсынысына сілтеумен негіздей алатындай,
есеп беру орындалуы керек. Менеджер меншікті күшпен мақсаттарды анықтайды
және шешімдер қабылдайды, бірақ тәуелсіз кеңесшімен жасалған, ұсыныстарды
жүзеге асырылуын айтуға мүмкіндігі болады. Бұл жағдайдағы кеңесші жұмысының
басты мақсаты – бұл басшымен қабылданған шешімді негіздеу.
Мұндай тапсырма қабылдайтын кеңесші, компанияның ішкі қатынастарының
құпияда шиеленіскен әлеміне тартылады. Мұндай жұмысты орындаған жаідайда,
кеңесшінің есеп беруінде тек қана техникалық ақпараттар емес, сонымен қатар
саясаттық рольде қозғалады. Бұл роль, объективті қажетті өзгерістерге
күшті кедергі болған кезде, конструктивті және пайдалы бола алады,
менеджерге кеңесші беделі қажет болады. Екінші жағынан кеңесші есебі ішкі
саясаттық мақсатта лайықсыз түрде, жеке немесе топтық мүдделерді қорғау
мақсатында қолданылуы мүмкін.
Қазіргі этапта көптеген компанияларда, қызметкерлердің оқуына және
кәсіптік деңгейін көтеруіне ерекше көңіл бөлінеді. Бірқатар жағдайларда оқу
консалтингілік қызметті пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін. Кеңесшімен
орындауға тұратын, жалғыз жұмыс, - бұл тапсырыскерлерді және олардың
қызметкерлерін, өздерінің басқаруы қаншалықты жақсы болатынын оқытуы, -
деді Линдон Уврик, басқарушылық кеңес беру теориясын әзірлеушілердің бірі.
Басқарушылыққа кеңес беруге, қазіргі түсінікте үлкен көңіл бөлінуде.
Көп тапсырыскерлер кеңесшілерге жеке пролемаларды шешу үшін емес, ал
ерекше білім алу үшін өтініш жасайды:
- жағдайды талдау;
- экономикалық жағдайды болжау;
- проблемаларды айқындау әдістері мен өзгерістерді жүзеге асыру
(сауалдама, диагноз, сұхбат, көз жеткізу, кері байланыс, баға).
Кеңес беру бойынша тапсырма, оқудың құралы болуда. Олардың мақсаты –
жаңа білім беру және менеджерлер мен қызметкерлерге кеңесшінің өзінің
тәжірибесінде оқытуға көмектесу. Осылай ұйымдарға көмекті, өзіңе өзің
көмек көрсету үшін жасайсың. Бұл екі жақты алмастыру, өйткені
тапсырыскерге тәжірибеде оқуға көмектесе отырып, басқарушылық мәселелері
бойынша кеңесші өзінің білімі мен шеберлігін кеңейтеді.
Консалтингілік қызметтің құрылу эффектісі ең маңызды болып табылады.
Әдістерді таңдау және тапсырыскердің қатысу дәрежесі бұл эффектіні күшейте
алады немесе әлсіздендіреді.
Кеңесшінің проблемаларды шешу бойынша жұмысы қандайда бір шарттың
қанағаттанарлықсыз деп мойындалуынан және оны жөндеу мүмкіндігінің болуынан
басталады. Кеңесшінің жұмысы аяқталды деп есептеледі, егер осы шарттарда,
жарсарды деп қарауға болатындай өзгерістер өтетін болса. Кеңесшінің
көмегімен ойланылған және іске асырылған барлық тікелей немесе жанама
өзгерістер келесідей шартта болады:
- өндірістің сапасын жақсартуға ықпал ету;
- ұйымның жұмысының тиімділігін жоғарылату.
Өндірістің сапасын жақсарту мен ұйымның тиімділігін жоғарылату - бұл
консалтингілік қызметті қолданудың негізгі мақсаттары. Басшылықты
жақсарту немесе ұйым жұмысының тиімділігін жақсарту салыстырмалы ұғымдар
болып табылады, және олардың дәл маңызын, кеңесші ролін атқаратын, нақты
фирманың және нақты консалтингілік ұйымның контекстінде анықтау қажет.
Соңғысының, кеңес орын алған шектеудегі салада құзыретті болуы ерекше
маңызды. Бұл жерде, кәсіптік тәжірибесі бар және проблеманы шешуге ғылыми
тәсілдемені ұстанатын, консалтингілік компанияны дұрыс таңдау орын алады.
[5].
Консалтингілік қызмет көрсетуші маман, кеңесші кәсіптігіне
кәсіпкерлік талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл талаптар келесідей
қасиеттердің жиынтығын көрсетеді:
- бай кәсіпкерлік және белгілі бір тіршілік тәжірибесінің болуы;
- жүйелі талдау әдістерін, жоспарлауды және басқарушылық шешімдерді
әзірлеуді игеру;
- бизнестің нормативті-құқықтық базасы бойынша өте жақсы білімді болу;
- басқа адамдармен тез байланыс орната алу;
- өзінің ұсыныстары мен қорытындыларын ауызша және жазбаша түрде айқын
және аргументті баяндау қабілеттілігі;
- кәсіптік этика талаптарын ұстану;
- кішіпейілділік;
- тәртіп пен әреттің тұрақтылығы.
Кеңесші – бұл проблемаларды айқындау, қажетті ақпаратты табу, талдау
және синтез үшін, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, адамдармен
қатынасу, өзгерістерді жоспарлау және оларды жеңу, тапсырыскерлерге
тәжірибе жинауда көмектесу, басқару әдістерін беру және т.б. үшін қажетті
білімі, тәжірибесі мен шеберлігі бар маман. Егер соңғысына қол жетпесе,
онда кеңес берудің қорытындысы негативті салдарда болады.
Жоғарыда айтылғандардың жиынтығынан шығатын тұжырым келесідей: жалпы
дайындық процесінде, маңызды басқарушылық шешімдерді жүзеге асыруда пайда
болатын анықсыздықты айқындау үшін, басқарушылық бойынша кеңесшілер керек.
Осы басқарушылық саласындағы анықсыздық консалтингілік қызметке сұранымды
ынталандырады, жәнеде ол жоғары болған сайын, сұранымда артады.
1 суретке сәйкес, консалтингілік қызметке сұраным динамикасы мен
нарықтық қатынастың қалыптасуы беталысының арасында тура пропорционалды
өзара байланыс бар екенін көреміз.
Суреттен байқағанымыздай, халық шаруашылығының экономикалық дамуының
бастапқы сатысында консалтингілік қызметке сұраным жасырын сипатты және
консалтингілік қызметке сұраным шамалы. Бұл факт келесідей себептерден
болады: консалтингілік қызметтің провайдерлері туралы ақпараттың болмауы
немесе региондағы, областағы консалтингілік қызметтің нарығының
дамымағандығы. Қызметтің осы сатысында бірінші жұмыс істеуші консалтингілік
фирмалар келесі бағыттарды қамтиды:
- ұйымдастыру және кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша көмек көрсету;
- маркетингілік зерттеулерді орындау;

- маркетингілік бағдарламалар мен техникалық-экономикалық негіздеуді
әзірлеу;
- нарықты зерттеу және нарықтық мүмкіндіктерді талдау.
Нарықтық қатынастың экономикалық дамуының ең жоғарғы стаыларында,
консалтингілік қызмет, банкілер, биржалар, қаржы компаниялары сияқты
нарықтық инфра құрылымның қажетті элементі болып қалады. Бұл кезең үшін,
үлкен әртүрлілікпен ерекшеленетін, консалтингілік қызметті ұйымдастырудың
қазіргі нысандары сипатты. Консалтинг бұл кезеңде, басқару мен
ұйымдастыруды дамыту саласындағы кәсіпорынның күрделі проблемаларын шешумен
байланысты, интелектуалдық қызметтің спектрлері қамтиды. Бұл жерде
консалтингілік қызметке қажетсінудің күшеюіне және оған деген сұранымның
өсуіне негізгі себеп бәсекелестіктің жоғарылауы, компаниялардағы құрылымдық
түрленулер, ұлттандырулар және бизнестің ғаламдану болып табылады. Бұл өз
кезегінде қамтамасыз етеді:
- консалтингілік қызметтің жаңа ұйымдастыру нысандарының пайда болуын;
-кеңесшілердің басқарушылық бойынша оқуын жетілдіруді;
- консалтингілік қызмет сапасын жоғарылатуды;
- әдістемелік құралдануды дамытуды.
Кеңесшілер қызметін пайдалану орын алатын, қарастырылған жағдайларды
ескере отырып, қорытындыланған нысанда, біздің ойымызша, консалтингілік
қызмет нарығы қалыптасуының экономикалық және ұйымдастырылу алғы шарттарын
2 суретке сәйкес көрсетуге болады.

1 сурет – Консалтингілік қызметке сұраным динамикасы

2 сурет – Консалтингтің ұйымдастыру-экономикалық негіздері

4. Қазақстан Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының
қалыптасуының экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттары

Нарықтың дамуы бәсекелестіктің қатаңдануына әкеледі және компаниялардан
кәсіптік тәсілдемелерді талап етеді. Көптеген кәсіпкерлер мен басшылар,
оған кеңесшінің болуы артық болмайтыны туралы ойлана бастады. Кеңесшіні
өзіңе қай уақытта шақыруға болады? Сол үшін салған ақша босқа кетпейтіндей
кеңесшіні қайдан алға болады? Оның жұмысының тиімділігін қалай анықтауға
болады? Осы сұрақтардың барлығы осы зерттеу шолуында қарастырылады.
Консалтинг – тәуелсіз кеңес беру және басқарушылық мәселелері бойынша
көмектесу, оларды өткізуде сәйкес шаралар мен көмектер ұсыну.
Ішкі және сыртқы кеңес берушілер болып бөлінеді.
Сыртқылар – бұл тәуелсіз кеңес беруші фирмалар және сәйкес шарттар
негізінде тапсырыскерлерге қызмет көрсететін, жеке кеңесшілер.
Ішкілер – бұл ұйым штатындағы мамандар (олар ұйымның қосалқы талдамалы,
штабты жүйесін құрайды).
Сыртқы кеңесшілер менеджерлер алдында бірнеше артықшылықтары болады:
тәуелсіздігі, алалықсыз көзқарасты, ой өрісі кең, менеджмент пен
шаруашылықтың әртүрлі саласынан кең ақпараты бар (ағымды басқарудың
проблемамен аз жүктелу күшінде), басқа ұйымдардың тәжірибелерін кеңінен
зерттеу және алуға бағдарлану (бұл негізінен сыртқы кеңесшілерге қатысты).
Бұл тарауда сол, сыртқы консалтинг туралы әңгіме болады.
Консалтинг түрлері, сөздің тар мағнасында, кеңес пен ұсыныс түріндегі
көмек ретінде келесідей сыныптауға болады.
1. Жалпы басқару бойынша кеңес беру: ұйымдастыру мен сыртқы ортадағы
істердің күйін бағалау, ұйымның жалпы мақсаттары мен құндылықтарын анықтау,
даму стратегиясын әзірлеу, болжау құру, филиалдар мен еншілес фирмалар
ұйымдастыруға көмектесу, меншіктену нысандары мен меншіктенушілер құрамын
өзерту қсыныстар, мүлік, акциялар мен пай сатып алуға көмектесу,
ұйымдастыру құрылымдарын жетілдіру және т.б.
2. Әкімшіліктік басқару бойынша кеңес беру (әкімшіліктендіру):
компанияның қалыптасуы мен тіркелуі, кеңсе жұмысын ұйымдастыру, деректерді
өңдеу, әкімшілікті бақылау жүйесі және т.б. Кеңесшілердің негізгі міндеті –
ұйымдастыруды басқаруды оптималдау.
3. Қаржылық басқару бойынша кеңес беру: қаржы ресурстарын пайдалану
және көздер іздеу; ұйым қызметіндегі ағымды қаржы тиімділігін бағалау және
жоғарылату; келешекке қаржылық жағдайды бекіту. Кеңесшілер қаржы ның
жоспарлануы мен бақылау, салық салу, бухгалтерлік есеп, нарықта акциялар
мен пайларды орналастыру, несие, сақтандыру, пайда мен өзіндік құн, төлеу
қабілетсіздігі және т.б. мәселелермен айналысады.
4. Кадрды басқару бойынша кеңес беру: қызметкерлерді іріктеу мәселесі
бойынша шешім әзірлеу, кадр құрамының сапасын бақылау, еңбекті төлеу
жүйесі, кәсіптікті жоғарылату және кадрларды басқару бойынша, еңбекті
қорғау және ұжымдағы психологиялық климатбойынша.
5. Маркетинг бойынша кеңес беру: нарықты зерттеу және өткізу, баға
құру, жарнама, жаңа өнімді әзірлеу, сатудан кейінгі қызмет және т.б.
салалардағы шешімдерді қабылдауды қамтамасыздандыру; жабдықтарды қолдану
және оларға техникалық қызмет көрсету; өндірісті жопарлау және бақылау;
сапаны бақылау.
7. Ақпараттық технологиялар бойынша кеңес беру: басқарудың автоматтық
жүйесін ендіру, ақпаратты-іздені жүйелері бойынша ұсыныс әзірлеу,
компьютерлердің бухгалтерлік есепте және кәсіпорын қызметін бағалаудың
басқа сандық әдістерінде қолданылуы.
8. Мамандандырылған консалтингілік қызметтер – бұл жоғарыда айтылған
жеті топтың бірінеде жатпайтын қызметтер түрлері. Логистика мәселелері
бойынша консалтинг – осындай мамандандырылған қызметтердің бір түрі.
Басқа кәсіпкерлік қызметтер, штаттық менеджерлер мен кәсіпорынның
мамандары орынына менеджменттің белгілі бір функцияларын орындауды божайды.
Оларға жататындар: аудит, бухгалтерлік қызмет көрсету, заң қызметтері,
инжиниринг, рекрутмент, жарнама және қоғаммен қатынас, істік ақпарат,
лоббилендіру, тренингтер.
Нарықты экономикалы, өнеркәсіпті дамыған елдер тәжірибесінде кеңесшілер
қызметі нысанында интелектуалдық капиталды сатып алуды инвестициялау,
машиналарды, жабдықтарды және технологияны сатып алуға қарағанда тиімділігі
көп болмаса, аз емес екендігі қарастырылады.
ҚР нарығында қазіргі кезде консалтингілік қызмет көрсететін, 130дан
астам компания әрекеттенеді, бұған аудиторлық және заңдық қызмет көрсетуші
компанияларда кіреді. Консалтингілік компаниялардың 70% жуыға Алматы
қаласында орналасқан.
Неге компаниялар консалтингілік фирмалар қызметіне жүгінеде? Консалтинг
– бұл сәнбе немесе қажеттілікпе? В. Лысковскийдің пікірі бойынша, F1
(Қазақстан) компаниясының консалтингілік тобы бойынша бөлім бастығы,
консалтинг идеясы 93% бизнестің нақты қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді
және тек 7% дейін кәсіпкерлерге қызмет көрсетіледі, олар консалтинг
бойынша экспертті шақырғанда сәнге жол береді.
Консалтинг нарығындағы жқмыс тәжірибесі негізінде В. Лысковкий
консалтинг бойынша маманға өтініш жасаудың келесі себептерін бөледі1 :
• Өсу ауруы - фирманың шағын немесе отбасылықтан статусынан орта
және ірі фирмалар разрядына өтуі (500 астам және 1000 астам жұмыскерлер)
(тапсырыскерлердің 8 %);
• Өзінің қызметін автоматтандыру тілегінің болуы. Бұл көбінесе
кәсіпорынның алдын-ала зерттелуін қарастырады және көбінесе бизнестің
белгілі бір қайта ұйымдастырылуын талап етеді, яғни бизнес-ортаның
автоматтандырылған жүйесін енгізу үшін оптималды өткізуді (56%
тпсырыскерлерді);
• Өзінің фирмасындағы бизнес-процестерді жүйелендіру тілегі. Бұл
әншейінде директордың қаржылық және тауарлық ағым туралы айқындық алуды,
сол арқылы толық бақылауды керек етуімен жасалады. Әрине 20 жұмыскері ғана
болған кездегідей емес (ол кезде барлығын оңай бақылауға болатын), енді
фирма өскен кезде, бақылау басқару жүйесінен шыға отырып құрылуы керек (8%
тапсырыскер)
• ISO шеңберінде сапа сертификатын алу тілегі. Ескерейік,
тапсырыскерлердің үлкен бөлігін тіпті сертификаттаудың өзі емес, ал
тапсырыскерлер сенімін жеңіп алуға бағытталған, маркетингілік саясаттың
элементі ретінде, сапаны басқару жүйесін өзінде ендіре отырып, фирманың
тәртіп пен артықшылық алуы қызықтырады (5% тапсырыскерлер)

1 сурет. Компаниялардың консалтингілік фирмалар қызметтеріне өтініш ету
себептері (F1 (Казахстан) консалтингілік компаниясының тобының қызметін
талдау нәтижелері бойынша).

• Ұжымдағы қолайсыз беталыстарды болдырмау және ауыр, бірақ қажетті
әкімшіліктік шешімдерді негіздеу. Ережеге сай, бұл жерде кеңесшілер, көп
жағдайда басқармадағы проблемалармен шартталатын психологиялық
проблемаларды шешеді (4% тапсырыскердер)
• Бәсекелестік күрестің жаңа әдістерін іздеу. Бұл жағдайда фирма
жаңа маркетингілік саясат құруға тырысады, ол кеңесшілердің білімін олардың
бизнестің әртүрлі саласындағы жұмыс тәжірибесіне көбейтейтіндісіне сүйенеді
(9% тапсырыскерлер)
• Өзінің бизнесінің дамуының сенімділігі мен қауіпсіздігін
қамтамасыз етуді тілеуі. Бұл жағдайда фирма кеңесшіден мүмкіндікті бизнес-
тәуекелдік пен оларды минимизациялау бағдарламаларын әзірлеуді күтеді (3%
тапсырыскерлер)
• Қалғандары – сәнге жығылу, тренингтер және іскер ойындар (7%
тапсырыскерлер)
Консалтинг – бұл бизнес, кеңесшінің қызметінің құны, дүниежүзілік
тәжірибеде қабылданған, келесі сұлба бойынша орнықтырылады:
• мерзімдік ақы;
• тіркелген сараланбаған ақы төлеу;
• кеңес берілген объектісінің немесе нәтижесінің құнынан пайызбен
ақы төлеу;
• аралас ақы төлеу.
Бұл бағалардың барлығы нарықты болып табылады, яғни бәсекелестік күрес
пен келіссөздер процесінде орнықтырылады. Консалтингілік қызметке жалпы
мемлекеттік прейскуранттар болмайды, бірақ бағаны анықтау негізінде барлық
уақытта бірқатар орынды ойлары, аргументтері мен негізделулері жатады. Егер
Сіз консалтинг нарығындағы баға құрылу ақпаратын білетін болсаңыз, онда бір
жағынан, артық ақша төлеуге тәуекелдік етпейсіз, екінші жағынан – кәсіпті
кеңесшілерді олардың еңбегін төмен бағалағауыңызбен итермейсіз.
Мерзімдік ақы консалтингілік жобаны жүзеге асыруға жұмсауға қажетті,
жұмыс уақытының мөлшерін (адам-сағат, адам-күн немесе адам-ай), олардың
кәсіптігін ескергендегі жұмыс уақытының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелік артықшылықтың ішкі кәсіпорынның факторлары
Нарықтық экономиканың кемшіліктері
Нарық жағдайы өте қатал
Шағын кәсіпкерлікке қатысатын субъектілер
Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру
Кәсіпкерліктің формалары мен түрлері
Нарықтық экономика. Қазіргі өтпелі кезең
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру
Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
Пәндер