Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы



КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

§ 1. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ҚОҒАМ, ОНЫҢ
ДАМУЫ ЖӘНЕ ЫДЫРАУЫ

§ 2. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚУҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ НЕГIЗГI ТЕОРИЯЛАРЫ, ОНЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЗАҢДАРЫ

§ 3. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ НЕГIЗГI ТЕОРИЯЛАРЫ

§ 4. КАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІН НЫҒАЙТУ . ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН МЕХАНИЗМНІҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

§ 5. ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСІ

ҚОРТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Алғашкы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты.
Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бүл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
1. Казақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С.С. Теория права. М.: БЕК, 1993.
4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1994.
5. Ливщиц Р.З. Теория права. М.: БЕК, 1994.
6. Общая теория права и государство /Под ред. Лазарева В.В. М., 1994.
7. Общая теория права. Курс лекций /Под ред. Бабаева В.К. Нижний Новгород, 1994.
8. Хропанюк В.Н. Теория государства и права М., 1995, 1996.
9. Хутыз М.Х., Сергейко П.Н. Энциклопедия права М., 1995.
10. Общая теория права. /Под ред. Пиголкина А.С. М., 1993.
11. Бабаев В.К. Теория современного советского права. Фрагменты лекций и схемы. Н. Новгород, 1991.
12. Иванов Ю.В. Теория государства и права. Определения и схемы. Красноярск, 1989.
13. Права человека. Сборник международных документов М., 1991.
14. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
15. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994
16. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім:

§ 1. Алғашқы қауымдық қоғам, оның
дамуы және ыдырауы

§ 2. Мемлекет және қуқықтың пайда болуыНЫң НЕГIЗГI теорияларЫ, оның
объективтік заңдары

§ 3. Мемлекеттің пайда болуы туралы НЕГIЗГI теорияларЫ

§ 4. Казақстан мемлекеттін нығайту - тұрақтылық пен механизмнің басты
факторы

§ 5. ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСІ

ҚОРТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Алғашкы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре
бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне
сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де,
пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40
мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты.
Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың
қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами
бастады. Бүл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді.
Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің
дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің
жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.

§1. Алғашқы қауымдық қоғам, оның
дамуы және ыдырауы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге
бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мың жылдықгар арасы. Адамдар табиғаттың
дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы
аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғам-ның негізгі сипаты табиғаттың,
қоршаған ортаның адамдардың кұн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып,
экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды
игерушілік дәуірі. Бұл кезенде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.
2. Экономиканы қолдан жасау дәуірі - 12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл
кезенде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-
сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік
қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы
сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар
өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы - экономиканың
негізгі сипаты: қоғамдық, еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық бөліс, қоғамдық
өмір сүру. Қоғамның қүрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестіктер.
Бүл қүрылымдарды құруды, дамытуды қоғамның экономикасының,
тәжірибесінің, құралдарының даму деңгейіне сәйкес жа-сап отырған.
Қоғамды баскару және әлеуметтік нормалар - қоғамдық күрделі мәселелерді
жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған. Күнделікті
мәселелерді шешіп басқару үшін ру^басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ,
бірлестіктерді, ру басшыларының кеңесі басқарған. Тайпа, одақ,
бірлестіктерді күнделікті басқару үшін ^Кеңестің; мәжілісінде, тайпа,
,одақ, бірлестіктердің басшылары сайланып отырған. Олар жүртпен бірдей
еңбектеніп, қоғамдық жүмыстарын атқарып жүрген.
Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононорма-лар (бірігу-
бірлесу) қалыптасып, сол арқылы қарым-қатынастар-ды реттеп, басқарып
отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері: әдет-ғүрып, салт-дәстүр,
мораль, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық
конти-ненттерде бірдей болды.ІТек мемлекет пен қүқықтың пайда бо-луы
кезеңінен бастап айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бас-тады. Мысалы, шығыс
елдерінде (Араб, Үнді, Иран, Қытай) мем-лекет пен құқықгың дамуы бір-біріне
үқсас, Афин, Рим, Спарта-да мемлекет пен қүқықгың дамуы басқа түрде болды.
Еуропаның, Азияның басқа елдерінде - үшінші түрде дамыды. Бүл елдер алғ-
ашқы қоғамнан феодалдық формацияға - қоғамға көшті,

§2. Мемлекет және қуқықтың пайда болуыНЫң НЕГIЗГI теорияларЫ, оның
объективтік заңдары

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, қүры-лымдық,
басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып оты-рады. Бұл объективтік даму процестің
күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мың
жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты,
ажар-ланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп,
молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру,
өндірістік және саудагерлер тобы, Бүның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды,
қоғамның шығысынан кірісін асыр-ды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады,оны иемденетін топтар, таптар пайда
болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қай-шылықтарды өмірге әкелді. 5-4
мың жылдықтарда сол қайшы-лықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен
мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның
антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі
объективтік зандары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы;
- таптар мен топтардың арасында кұрестің басталуы;
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін қүқық пен мемлекеттің
өмірге келуі.
Қүқықгың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік
заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым -
қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-
дәстұр, мораль, діни нормалары) қоғамныңдаму процесінде бірте-бірте
құқықтықнор-маларға айналуы. Совдықган құқық мемлекеттен аз да болса бүрын
қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан
бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын
нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабьшдаған, бекіткен қүқықтың жаңа
түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші
бар соттың шешімдері.
Құқьіқ екі жолмен дамыды. Біріншісі — мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моралдық - діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы,
мүсылман елдеріндегі Құран заңы; екіншісі — жеке меншік бағытындағы
қатынастарды мемлекеттік орган-ньщ өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп,
басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мем-лекетте қүқық
- үстем таптың заңға айналдырған мұддесі болады. Бүл мүддені заңға
айналдырушы және зандардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап
қолындағы мемлекеттік аппарат. Қүқық үстем таптың мүдцесін қорғаумен бірге
қоғамдық мақсатты да реттеп, басқарып отырады.
Қүқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмүны мен нысаны, сайып
келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипа-тына және мәдени өсу
дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс "Гота программасына сын еңбегінде:
"Қүқық ешуақыт-та да экономикалық қүрылыстан және қоғамның соған сәйкес
мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес[1] деген. Қүқықтың нор-малары қоғам
дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени т.б. мұқтаж-дарына неғұрлым сай келсе,
соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.
Құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік ап-параттың
күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды
реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің дамуы — мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің
пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.
Мемлекет жария өкіметтің пайда бо-луы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде
қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына
сүйенетін басқару жүйесі.
1. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің
қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бүл
елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі қүрылыстар болды: ірі су
каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру,
құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жүмыстарды жақсы жүргізу үшін
қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: чинов-никтер,
ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Ко-роль-императорлар
жердегі қүдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бүл елдерде көбінесе мемлекеттік
деспотизм орнады. Бүл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия
өте бәсең дамы-ды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында
-абсолюттік монарх болды, одан төменгі - екінші дәрежедегі билік уәзір
министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктер-де болды. Осы
сатылық биліктер - бәрі бірігіп қалың бүқараны қанауда болды. Қоғамдық
меншікпен қатар жеке меншік те дамыды.
Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа,
Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыпта-сты.
Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жуйелі түрде топтастыру -
біріктіру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бүрынғы ру-тайпаны басқар-ған аппараттан
өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп,
әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең
дамып, XIX -XX ғасырларға дейін көп өзгермей сакталып келді (Қытай, Иран
т.б.).
2. Еуропалық елдерде - мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде эко-номикалық күшті
топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын
орындайтын мемлекеттік аппарат орнат-ты. Бұл мемлекеттер көбінесе
демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта
аристократиялық республи-ка больш қалыптасты. Мұнда құлдардың саны
жергілікті халық-тан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару
аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бер-меу
саясаты қалыптасты. Республикада қатаң зандылық, құқықтық тәртіп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мүнда құл иелену көп
дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами
бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық
мемлекетгің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше
елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру.
Билікті осы территорияда жүргізу.
2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бүл аппарат
үстемдік таптың, топтың, мүдце-мақсатын орындау үшін
қалыптасты.
3. Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын
аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету
үшін салық қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жүмысының көлемі де,
шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппара-ты тиісті дәрежеде
жүмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппа-рат қажет болды;
- Қалың бүқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-
әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, өлеуметтік жағдайды жақсарту үшін
басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті
қатаң саісгау үшін мемлекет керек болды. Мемлекеттің негізгі
белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болуы (әскер,
полиция, сот, т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты
мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдцелері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдық қарым-
қатынас ережелерін белгілейтін қүқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты
руына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық үйым ретінде мемлекет сол
көлемде белгілі бір үлттың, үлттық мемлекеттің қалыптасуы процесіне әсер
етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар,
одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси үйымын
қүрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі
қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне (суверендік қүқыққа) иелігі. Мемлекеттік
өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық
ұйымдарды қам-тиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан ай-
ырмашылық белгілері:
- мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа
бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мем-лекет қана
барлық қоғамға күші бар нормативтік акты қабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дүрыс, уақытында іске
асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады:
- мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

§3. Мемлекеттің пайда болуы туралы
НЕГIЗГI теорияларЫ

Адам қоғамы мындаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адам-дар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда
болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шүғылданып, ғылыми зерттеу
жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұ-нына
қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деп түсіндіреді. Бүл теория дүрыс -бүрыс деуге болмайды.
Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бүл теория адамдардың сенімі,
иманы ретінде қалыптасқан үғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл
теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен
қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске
асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы
басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке,
мемлекеттің бас-шысы - монарх. Бүл теорияның өкілі және дамытқан
зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды
(Фильмер, Михайловский т.б.).
Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағызда-ған (б.з.
I V - III ғ.). Бірақтеория толықтүрде XIX ғасырда қалып-тасты. Өкілдері:
Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория — адам
қоғамында табиғаттың объективтік даму заңцары-на сәйкес эволюциялы жолмен
мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі — адамның басы-миы сияқты қоғамды
басқарады. Қанау-шы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғай-
ды деп түсіндіреді.
Табиғи қүқьЕқгық теория - XVII - XVIII ғғ. калыптаскан теория.
Өкілдері: Г. Гроцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж.Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И.Радищев
т.б. Теорияның мазмүны: адамдардың өздерінің та-бит қүқықгары болады
(боставдық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян
келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында
кайшылықгар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті,
теңцікті сақ-тау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті қүрды. Бұл
шарттың мазмүны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория - XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И.
Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адам-дардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп үжымдық
түрде басқаруы. Қоғам мен мем-лекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы - XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К.
Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тай-палар өздерімен шектес
әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зор-лықозбырлықжасап өзіне бағындырып,
бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.
Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық
түрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша
өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғам-ның қарама-қарсы екі тапқа
бөлінуі, қайшылық күресінің баста-луы. Мемлекет пен қүқықтың мазмұнының
тарихи өзгеріп оты-руы қоғамдық мүдде- мақсатты қоргауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі қүбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар кұрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық,
өлеуметтік, діни, ұлттық т.б. қүбы-лыстар. Сондықган бір теорияның
көлемінде мемлекет пен күқықгың пайда болуын ғылыми түрғыдан толық түсінуге
болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен
жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және қүқықтың пайда
болуын, ғылыми тұрғыдан дүрысырақ түсіндіретін - тарихи материалистік
теория. Бүл теория мемлекет және кұқық тарихи туынды - қоғамның
антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол
дұрыс.
Кемшілігі - мемлекет пен қүқықты тек экономикалық базис-пен шектеуі,
жалпы теорияның атқаратын жүмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын
шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктері.

§4. Казақстан мемлекеттін нығайту -
тұрақтылық пен механизмнің басты факторы

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері он жыл болды. Тарих
ауқымын алғанда бұл - уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде,
әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағы-нан жаңа үлгісін қалыптастыру
біршама қиын. Сегіз жыл - бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына
татитын оқиғалар-ды бойына жинақтаған уақыт болды.
Қазақстан Конституциясы мемлекеттілігіміздің беріктігін нығайта түсті,
билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітті. Азаматтық
қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталынуының кепілдіктері
бекітілді, бұқаралық ақпарат құрал-дары еркін жүмыс жасауда.
Экономика да өзгеріп жатыр. Жыл өткен сайын үлттық рынок толыққанды
бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық комплексі қалыптасты.
Экономикалық құрылымдық қайта құруы жүріп жатыр. Қазақстан халықаралық
рынокқа да жан-жақты ара-ласуда.
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты жөне әлемдік
қоғамдастықтың толық күқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. БҮҮ-ның мүшесі
болды. Қазіргі кезде Қазақстан Респуб-ликасы әлемнің 117 мемлекетіне
танылды, олардың 105-мен дип-ломатиялық қатынастар орнатылды.
Мемлекетаралық және үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер
жасалды.
Бүл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші
дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекттіліктің іргелі негіздері қаланды,
қогамдық дамуды реттеп және бағыттап оты-руға қабілетті біртүтас
мемлекеттілік билік қалыптасты.
Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне, ұлттық сананың
түлеуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жүмыстар атқарылды.
Қазақстан зайырлы, демократиялық, қүқықтық және әлемге ашық мемлекет
қүруда. Бұл принциптер біздің Конституциямыз-да баянды етілген.

§5. ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСІ ;

1. Жалпы теорияның пәні, оның мазмұны
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдынықтарды
бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде қүрылған
мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми түрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып,
ғылымның пәніне-предметіне айналады. Мемлекет және құқық теориясы —
қоғамдағы саяси -экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп,
қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін,
объективтік зандылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен
құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, қүрылысын,
нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы,
күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын
орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын,
адамдардың санасезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын,
құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар
жасап отырады.
Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік
түрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға
жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси-
экономикалық құрылысымен шүғылданады, құқық - нормативтік актілер жүйесін
қалыптастырады.
Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс-
тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға
мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен қүқыкды тереңірек зерттеп білуге жагдай
туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық,
буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезевде, болашақта мемлекет және
құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік зандылықтарын,
әдіс-тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның,
мемлекет пен күқықтың өздерінің даму процесінде болған жақсы тәжірибелерді
жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.
Мемлекет және кұқық теориясының пәні — адам қоғамының өміріндегі
құбылыстардың, мемлекет пен куқықгың өмірге келу, даму объективтік
заңдылықгары мен олардың мәні-маңызы, құрылымы және мақсаты.
Бұл түсіндірме үш тараудан түрады:
- қоғамның қалыптасу, мемлекет және құқықтың өмірге келу
заңдылықтары;
- қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
- қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы,
мақсаты.
Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше
функциялар атқарады:
Онтологиялық функция — (грек...шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның
қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы
мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік
қалыптасады.
Гносеологиялық функция - (грек... біяім, теория) таным теориясы арқылы
мемлекет және қүқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвристикалық функция - (грек... табу) заң ғылымының барлық саласында
зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму
процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
Әдістемелік функция — мемлекет және қүқық теориясы заң ғылымы
салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап,
ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.
Саяси функция — қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория
тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі-сыртқы
саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын
қамтамасыз ету.
Идеологиялық функция — жалпы теория қоғамдағы әртурлі көзқарасты,
саясатты,идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып,
адамдардың сана-сезімін, қүқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
Тәжірибелік-үйымдық функция - тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория
қоғамдағы зандылықты, тәртіпті сапалы Іске асыру үшін ұсыныстар жасап
отыруы қажет.
Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси- құқықтық құбылыстармен ғана
шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғьшыми қорытынды
тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп, басқару бағдарламасын дайындауы
қажет.
Құқык және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның
қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының
басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет және құқық теориясының белгі - нышандары. Мемлекет және құқық
теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның объективтік
даму зандылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын
көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымның бір саласы.
Жалпы теория қоғамдық ғылымдардың ішіндегі тек мемлекеттік-құқықтық
кұбылыстарды зерттейтін саласы. Сондықтан жалпы теория заң ғылымының бір
саласы.
Жалпы теория заң ғылымдарының барлық салаларының объективтік даму
заңдылыктарын зерттеп, оларды қалай қолдану жолдарын көрсетіп отырады жөне
заң ғылымының салаларының бірлесіп, дербестік даму бағыттарын анықтап
отырады. Сондықтан мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының ішіндегі ең
терең түйінді ғылым, (фундаментальды ғылым).
Мемлекет және құқық теориясы заң ғьшымының салаларына бағыттаушы,
ұйымдастырушы, әдістемелік ғылым. Мемлекет және құқық теориясы заң
ғылымының салаларына тиісті әдістемелік жасап,оны ғьшыми тұрғыдан қалай
қолдану әдістәсілдерін анықтап отырады.
Жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқықтың пайда болуы туралы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуы
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
Мемлекет және құқық жайлы
Шығыстық мемлекеттердің пайда болуы жолдары
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ
Прогресс
Пәндер