Қазіргі микроэкономика пәні



Жоспар:

І. Қазіргі микроэкономика пәні

ІІ. Экономикалық теориялар мен модельдер

ІІІ. Микроэкономика методологиясы
Қазіргі микроэкономика жеке экономикалық субъектілердің ұтымды іс әрекеттері мен олардың дербес қабылдаған шешімдерін зерттейді. Жеке дербес қабылданған шешімдер баға жүйесі мен нарықтың көмегімен үйлестіріледі. Сондықтан қазіргі микроэкономиканы шешім қабылдау туралы ғылым деп те атауға болады.
Жеке экономикалық субъектілерге үй шаруашылығы, фирмалар мен мелекет жатады. Экономистер үй шаруашылығын ең алдымен тұтынушылар секторына жатқызады. Үй шаруашылығы экономикалық ресурстардың иелері болғандықтан, ресурстар нарығында сатушылар ретінде де шешім қабылдайды. Үй шаруашылығы тұтынушылар ретінде шешім қабылдағанда сатып алған тауарлардан алатын пайдалылықты ең жоғарғы деңгейге көтеру мақсатын көздейді. Экономистер фирмаларды өндірушілер секторына жатқызады. Олар өнім өндіруге қажетті экономикалық ресурстарға сұраныс білдіреді және дайын өнімді үй шаруашылығына, үкіметке және фирмаларға сатады. Фирмалардың негізгі мақсаты – пайданы барынша жоғары деңгейге көтеру. Мемлекетке үкіметтің әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметтер атқаратын мекемелері жатады. Мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғамдық тұтыну қажеттіліктерді барынша толық қанағаттандыру.
Микроэкономика жеке экономикалық субъектілерді әр түрлі сапалық тұрғыда қарастырады. Мысалы: нарықта фирма-өндіруші, фирма-сатушы, фирма-ресурстарды тұтынушы немесе фирма-инвестор ретінде қызмет етсе, үй шаруашылығы тек қана тұтынушы ғана емес, ресурстар нарығында өзінің меншігіндегі ресурстарды сатушы ретінде де шешім қабылдайды. Яғни микроэкономика осы әр түрлі сапалық тұрғыда қызмет істейтін жеке субъектілердің ұтымды іс-әрекеттерін түсіндіреді.
Тұтыну қажеттіліктердің шексіздігі және экономикалық игіліктерді өндіруге қолданылатын ресурстардың шектеулілігі адамдарды үнемі таңдау жағдайында өмір сүруге мәжбүр етеді. Сондықтан нарықтық ортада

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Қазіргі микроэкономика пәні

ІІ. Экономикалық теориялар мен модельдер

ІІІ. Микроэкономика методологиясы

Қазіргі микроэкономика пәні

Қазіргі микроэкономика жеке экономикалық субъектілердің ұтымды іс
әрекеттері мен олардың дербес қабылдаған шешімдерін зерттейді. Жеке дербес
қабылданған шешімдер баға жүйесі мен нарықтың көмегімен үйлестіріледі.
Сондықтан қазіргі микроэкономиканы шешім қабылдау туралы ғылым деп те
атауға болады.
Жеке экономикалық субъектілерге үй шаруашылығы, фирмалар мен мелекет
жатады. Экономистер үй шаруашылығын ең алдымен тұтынушылар секторына
жатқызады. Үй шаруашылығы экономикалық ресурстардың иелері болғандықтан,
ресурстар нарығында сатушылар ретінде де шешім қабылдайды. Үй шаруашылығы
тұтынушылар ретінде шешім қабылдағанда сатып алған тауарлардан алатын
пайдалылықты ең жоғарғы деңгейге көтеру мақсатын көздейді. Экономистер
фирмаларды өндірушілер секторына жатқызады. Олар өнім өндіруге қажетті
экономикалық ресурстарға сұраныс білдіреді және дайын өнімді үй
шаруашылығына, үкіметке және фирмаларға сатады. Фирмалардың негізгі мақсаты
– пайданы барынша жоғары деңгейге көтеру. Мемлекетке үкіметтің әлеуметтік-
экономикалық және саяси қызметтер атқаратын мекемелері жатады. Мемлекеттің
негізгі мақсаты – қоғамдық тұтыну қажеттіліктерді барынша толық
қанағаттандыру.
Микроэкономика жеке экономикалық субъектілерді әр түрлі сапалық
тұрғыда қарастырады. Мысалы: нарықта фирма-өндіруші, фирма-сатушы, фирма-
ресурстарды тұтынушы немесе фирма-инвестор ретінде қызмет етсе, үй
шаруашылығы тек қана тұтынушы ғана емес, ресурстар нарығында өзінің
меншігіндегі ресурстарды сатушы ретінде де шешім қабылдайды. Яғни
микроэкономика осы әр түрлі сапалық тұрғыда қызмет істейтін жеке
субъектілердің ұтымды іс-әрекеттерін түсіндіреді.
Тұтыну қажеттіліктердің шексіздігі және экономикалық игіліктерді
өндіруге қолданылатын ресурстардың шектеулілігі адамдарды үнемі таңдау
жағдайында өмір сүруге мәжбүр етеді. Сондықтан нарықтық ортада ұтымды шешім
қабылдау және оны жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тәртібі деп
аталады.
Шектелген экономикалық ресурстарды қолданудың әр түрлі альтернативті
жолдары бар. Солардың ішіндегі аз шығынмен ең жоғарғы нәтижеге қол
жеткізуге мүмкіншілік беретін альтернативті ұтымды немесе оптимальды таңдау
дейді. Оптимальды таңдау барысында мынандай мәселелер шешімін табуы керек:
1. Не өндіру керек? Шектелген экономикалық ресурстарды әр түрлі
қажетті өнімдерді өндіруге бөле отырып, қандай және қанша өнім өндіру
туралы шешім қабылдау. Адамдарға қажетті барлық өнімдерді өндіруге
ресурстар жетпейді. Сондықтан ресурстарды әр түрлі өнімдерді өндіруге
бөлгенде, өнімнің альтернативті құны (яғни, қолданбаған мүмкіншілік)
ескерілуі керек. Экономистер үшін кез-келген шешімді альтернативті құнмен
өлшей отырып қабылдау – экономикалық ойлаудың алғышартына жатады.
2. Қалай өндіру керек? Кез-келген өнімді өндірудің толып жатқан
өндіріс әдісі бар. Таңдаған өндіріс әдісі, қолда бар экономикалық
ресурстардың көмегімен, аз шығын мен барынша көп өнім өндіру мүмкіншілігін
беруі керек. Осы мәселені шешуде экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету
мен кәсіпкерлікті дамытудың маңызы өте зор.
3. Кім үшін өндіру керек? Өндірілген өнімдерді сатып алу мүмкіншілігі
әрбір адамның нарықтағы табысына, тауардың бағасына, салық деңгейіне,
трансфертті төлемдерге және де басқа факторларға байланысты. Яғни,
өндірілген өнімдерді барлық адамдардың бірдей деңгейде тұтынуы мүмкін емес.
Жылдық табысы жоғары адамдар, төмен деңгейде табыс алатын адамдарға
қарағанда, тұтыну қажеттіліктерін барынша толық және сапалы
қанағаттандырады. Өндірілген өнімді адамдардың табыс деңгейлеріне қарай
бөлу экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Микроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі – шекті немесе
маржиналдық талдау. Бұл талдау экономикалық әрекеттердегі өзгерістерді
зерттейді, яғни экономикалық субъектілер тек қана жалпы түсім мен жалпы
шығындарды ғана салыстырмайды, сонымен қатар өнім өндіруді көбейткен
кездегі шекті (қосымша) түсім мен шекті (қосымша) шығындарды да
салыстырады. Шекті түсім шекті шығыннан көп болған уақытта шекті пайда оң
мәнінде болады, сондықтан өз пайдасын мейлінше арттырғысы келетін
экономикалық субъект мұнымен тоқтамайды, ол жоғарыда айтылған екі көрсеткіш
бір-біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Сөйтіп
ұтымды субъект өз мақсатына жетеді.
Микроэкономикада функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі. Бұл
зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш
анықталады, ал содан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп
олардың арасындағы тәуелділікті функция көмегімен көрсетеді.
Сонымен, қазіргі микроэкономика осы аталған мәселелердің нарықтық
экономикада қалай шешілетініне талдау жасайды. Жеке экономикалық
субъектілер өздерінің дербес қабылдаған шешімдерін нарықтық ортада
қабылдайды және жүзеге асырады. Қабылданған шешімнің нәтижелі болуы ең
алдымен нарықтық механизмдер: сұраныс пен ұсыныс, баға мен бәсекеге
байланысты. Осы механизмдердің экономикалық шешімдерге тигізетін әсерлері
де микроэкономикалық теорияның пәніне кіреді.
Қорытындылай келе, микроэкономиканың пәні деп экономикалық
субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауын айтамыз.

Экономикалық теориялар мен модельдер

Экономиканы толық және жан-жақты зарттеу мүмкін емес. Ел
экономикасында тауарлар мен қызметтердің үлкен мөлшері өндіретін мақсатын
қуалайтын миллиондаған тұтынушылар мен фирмалар іс-әрекет жасайды.
Сондықтан зерттеулердің ең өнімді әдістерінің бірі экономикадағы
процесстерге анықтаушы әсер жасайтын маңызды қатынастарды анықтау. Бұл
байланыстар теория немесе модельдер түрінде, эмперикалық фактордың жиынтығы
нәтижесінде анықталады.
Микроэкономикалық теориялар мен модельдер бір мәнді ұғымдар емес.
Жеке дербес қабылданған шешімдер мен таңдаулардың себеп-салдарлы
байланыстарын сипаттау, олардың түпкі мәнін ашу теорияға жатады. Теория
тапшылық мәселесін шешу барысындағы таңдауға әсер ететін факторларды
(өзгермелерді) түсіндіреді. Бірақ теорияның толығымен фактілерге сәйкес
келуін талап етудің қажеті жоқ. Себебі, теорияда барлық факторлар емес,
олардың ішіндегі ең негізгілері, жеке байланыстар емес, жалпы байланыстар
қарастырылады. Теория мәселені мазмұнды түсінуге мүмкіндік береді.
Микроэкономикалық теориядан туындайтын тұжырымдарды алу үшін
модельдер қолданылады. Модель – нақты өнер детальдерінен абстракцияланған
экономикалық құбылысты сипаттау болып табылады. Бұл жағдайда абстракциялау,
маңызды емес детальдарға мән бермеу болып табылады.
Модельдерді құру – ол өзі бір жағынан өнер. Бір жағынан маңызды
детальдарды есепке алмасақ, модель шындыққа жақын болмайды және бар
фактілерге қарама-қайшы болады. Ал басқа жағынан, модельге көп детальдарды
қоссақ, ол өте күрделі болып, түсіну мен зерттеуді қиындатады. Таңдап
алынған модельдің абстракция және детализация деңгейі, оның жаратқан
мақсатқа жауап беруі керек. Бір модельдер экономикалық құбылыстардың сапалы
сипаттауы үшін жаратылған, ал басқалары – экономикалық есеп пен болжамды
алу үшін жасалған.
Модельдердің әр түрлі формалары болуы мүмкін. Ең қарапайым түрі –
сөздік сипаттау. Мысалы: Тауар бағасының көтерілуі сұраныс заңының азаюына
әкеледі.
Графикалық формада берілуі модельдердің көрнекті және ең ыңғайлы
түрі. Диаграммадағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория ғылымы: микроэкономика және макроэкономика
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Микроэкономиканы зерттеу әдістері
Экономикалық теория негіздері.Микроэкономика
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері
Сұраныс көлемінің өзгеруі
Экономикалық теория пәнінің алғашқы шығуы және құрылымдық компоненттері
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясаты және экономикалық өсу
Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы
Пәндер