Қоршаған ортаны мұнай өнімдерінен ластанудан қорғау


Жоспар

1. Қоршаған ортаны мұнай өнімдерінен ластанудан қорғау.

2. XXI ғасырдағы ауыз су мәселесі

3. Экологиялық инфрақұрылым


Қоршаған ортаны мұнай өнімдерінен ластанудан қорғау.

XX ғасыр өнеркәсіптің қарқынды дамуымен және халық санының өсуімен сипатталса, 21 ғасырдың басында қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптің кейбір салалары таза суға, өсімдіктерге және т. б. зиянын тигізе отырып, жылдамдықпен дами бастады. Адамзаттың бүгінгі іс-әрекеті, күнделікті тіршілігі жерге, ауаға, суға орны толмас жарақаттар салды. Және адамның табиғатқа тоқтаусыз әсер етуі оның өзінің өміріне қауіп төндіреді. Еліміздегі экологиялық дағдарыстарды жою үшін халықаралық қауымдастықтармен біріге отырып, шешімдерін табу нәтижелі болатыны сөзсіз. Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алғаннан кейін сыртқы саясатында осыны ескеріп, халықаралық экологиялық ұйымдарға мүше болып, қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық конференцияларға қатысып, экологиялық проблемалар жөніндегі көптеген халықаралық актілерге қосылып, хаттамаларға қол қойды. Енді белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін Қазақстанның әрбір облысына сай өзіндік экологиялық тұжырымдамалар және нақты, көпжылдық бағдарламалар жасау керек. Қазақстанның экономикасы әлі даму жолында, ал экологиялық проблемалар жедел шараларды қажет етіп отыр. Мысалы, Ақтау қаласының солтүстігінде өңір экологиясына үлкен қауіп төндіретін уранды өндіріс қалдықтарынан пайда болған Қошқар ата көлі өзекті проблеманың бірі болып саналады. Осы мәселені шешу үшін Қошқар ата қалдықсақтауышын жаңалау және оны қайта құнарландыру жұмысын белсенділендіру қажет. Шикізаттың пайдаланылмаған құрауыштары өзінің залалсыздандыру, жинап сақтау және көміп тастауына үлкен шығынды қажет етеді. Тіпті залалсыздандырылған күйінде де қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Сондықтан шығын шығармау үшін бұл қалдықтарды кешенді пайдаланып, олардың құрамындағы бағалы металдарды алып, халық шаруашылығында, түрлі өнеркәсіп орындарында қолданатын өнімге айналдыру керек.

Сонымен қатар, Елбасы Каспий суының табиғи тазалығын сақтауға баса назар аударады. Каспий теңізінің жағасындағы уытты және радиобелсенді осындай қалдықтар қоршаған ортаға, сонымен бірге оған таяу орналасқан елді мекен тұрғындарының денсаулығына үлкен қауіп туғызуда. Судың ластанғаны, биологиялық қорлардың азайғаны бізді қатты алаңдатуда. Және Каспийдің жағалауын жайлаған теңіздің тағдырына мүдделі мемлекеттер кешенді шараларды жүргізуге, сондай-ақ бірлескен конвенция талап-тарын орындауға тиіс. Каспийдің биоресурстарын сақтау мен қорғау мақсатында үкіметаралық келісімдерді жетілдіру қажет.

Экономикалық қатынас, жан-жақты байланыс тұрғысынан алғанда Маңғыстау облысының орналасу реті өте тиімді. Өйткені, облыстың батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түркіменстанмен, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстанмен, солтүстік пен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстары шаруашылықтарымен шектесіп, күнбе-күнгі тығыз байланыс мүмкіндігінде Ақтау порты қазақ мемлекетінің, оның болашақ теңіз флотының дүниежүзілік аренаға теңіз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда. Сондай-ақ, Ақтау әуе жолы қатынасының да дүниежүзілік маңызы бар.

Маңғыстау облысы ежелден мал шаруашылығымен айналысады. Маңғыстаудың қай түпкіріне барсаң да малдың тұяғы, малшының табаны тимеген жер жоқ деп ойлаймын. Сол шаруагердің бәрі бірдей тұрақты орын емес, шаруаның маусымды қонысты пайдаланған уақытша аялдамасы. Маңғыстау өңірінде өнеркәсіптің 1960 жылдардан бастап қауырт дамуына байланысты бұл аймақ тек қана мал шаруашылықты аймақ емес, өндірісі жан-жақты жедел дамыған ірі өнеркәсіпті облыс деңгейіне көтерілді. Маңғыстаудың емдік суы мен байлығы, шұбаты мен қымызы әлеуметтік тұрғыдағы табиғи мүмкіндіктер көзі болып саналады.

21 ғасырдағы ауыз су мәселесі

Жер бетінің үштен екісі судан тұрғанымен, ішуге жарамды ауыз су уақыт өткен сайын азайып бара жатыр. Таза ауыз су - адам денсаулығының басты кепілі екендігі мәлім. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бар әлемде көкейкесті мәселелердің қатарына жатады. Себебі су қорлары әлі де тиімді әрі ұқыпты пайдаланылмайды. Қазақстанда да ауыз су мәселесі бірінші қатарда тұр. Маңғыстау облысының жер асты су қоры мол. Жүздеген құдықтар мен ұңғымалар, минералдылығы төмен тұщы бұлақтар да бар. Жер асты сулары тереңде және олар сәл ащы болып келеді. Су көздерін өлке тұрғындары кезінде жақсы пайдаланған. Әлі де жер асты сулары халық шаруашылығының әртүрлі мұқтаждарын өтеу үшін ерекше орын алады. Ақтау қаласы мен оған жақын орналасқан өңірлерде су мәселесі тіпті өткір қойылып тұр. Сондықтан 2002-2010 жылдарға арналған “Ауыз су” салалық бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы Теңге, Қызылсай ауылдарында, Қарақия ауданының Құрық ауылында, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында су құбырларын, Форт-Шевченко қаласында су қоймасын салу жоспарланып, іске асырылуда. Бүгінгі таңда біз бар суды қанағат тұтып отырмыз. Шын мәнінде ол судың сапасына көпшілік назар аудармайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, аурудың 80 пайызы су арқылы беріледі екен. Кейбір ірі кәсіпорындар суға ауыр металл қалдықтарын жіберетіні құпия емес. Ал су құбырларының біраз бөлігі санитарлық-тазалық талаптарына жауап бермейді. Бұдан ауыз суды қорғауға бағытталған заңдылықтардың толық көлемде орындалмайтыны байқалады. Бұл деректер экологиялық қауіп-қатерлер қатарына жатады, себебі адам үшін ауадан кейінгі қажеттігі үстем нәрсе - ауыз су. Болашақ ұрпағымызды нәсілдіктен, генетикалық жойылудан сақтайық. Тек біздің ұрпақтарымыз ғана мемлекет пен қоғамның жаңартушы күштері бола алады. Мемлекет тек экономикалық негізінде ғана емес, ұлттық негізде де құрылады, ұлт болса мәдениет негізінде құрылады. Ал мәдениеттің өзі тарихи ескерткіштерге негізделеді. Қазақстан жеріндегі Маңғыстау облысы дүние жүзіне мұнай мен газ арқылы аты шыққан өңір ретінде ғана әйгілі емес. Маңғыстау киелі жерлерге бай. Кеңпейілді елі бар осынау қасиетті жер әртүрлі мәдени, рухани шаралардың орталығына айналған. Бұл жерге Қазақстанның әр түпкірінен қажылар жиналады. Осы облыста қазақтың рухын көтеретін көптеген тарихи ескерткіштер орналасқан. Олардың ішінде, әсіресе, Қошқар Ата, Шопан Ата, Қараман Ата, Шақпақ Ата, Масат Ата, Бекет Ата, тағы басқаларды біз қасиетті рухымыздай қадірлей білуіміз керек. Қазақ ұлтының рухани құндылықтарын, тарихын, мәдениетін әлемдік дәрежеге жеткізе алу қажет. Ол үшін туристік саланы дамыту керек. Ал туризмді табыс көзіне айналдыру үшін туристік кластері мен инфрақұрылымды дамыту, жаңа стандарттар дайындау шараларын қабылдау шарт. “ІPK Іnternatіonal” халықаралық консалтингтік ұжым сарапшыларының тұжырымдары бойынша алдағы 9 жыл ішінде Маңғыстау туристік кластерінің дамуы үшін 9 млрд. доллар көлемінде инвестиция тартылып, 50 мың жұмыс орындарын ашу мәселесі көзделіп отыр. Ал облыс басшылығы бірінші кезекте Кендірлі демалыс аймағына көп үміт артады. Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың мәлімдемесі бойынша, Кендірлі ел бюджетіне жыл сайын 600 миллион доллар табыс әкеле алады. Мемлекет басшысы спорт пен туристік салалардағы проблемаларды шешуді көздейтін бағдарламаларға қол қойды. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіре алсақ қана ел боламыз, ұлт боламыз, күшті, қуатты мемлекет боламыз.

Ел иесі - жер киесі пір Бекет Ата бүгін де ұрпақтарын, тәуелсіз елін, қасиетті жерін жасарту, жаңарту жолында қолдайтынына күмәнім жоқ.

21 ғасыр жаңа жүзжылдыққа және жаңа мыңжылдыққа тек формальды шығуымен ғана емес, сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінің дамуында терең сапалы өзгерістермен, адам мен табиғат қарым-қатынасындағы жаңа шектеулердің пайда болуымен айшықталады. Жоғарыда айтылған шараларды жүргізудің нәтижесінде, яғни өнеркәсіптер қалдығын көміп тастауға, жинап сақтауға немесе залалсыздандыруға үлкен шығын шығармай, оны қайтадан өңдеп, таза өнімге айналдырып, кешенді пайдаланып және өнеркәсіп өндірістеріндегі пайдалы құрауыштарды толық алуды қамтамасыз ете алмайтын технологияларды істен шығарып, аз қалдықты, қалдықсыз технологияларды енгізе отырып, еліміздің экономикасын, экологиялық проблемаларын да шеше алатынымыз сөзсіз. Ал табиғатты, оның байлығын келер ұрпаққа аздырмай, тоздырмай абыроймен тапсыру - біздің борышымыз.

Экологиялық инфрақұрылым

Экологиялық қауіпсіздік мынадай қағидаттарды сақтай отырып қамтамасыз етіледі:

  • қоршаған ортаны қорғау бүгінгі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін әділетті түрде қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тиіс;
  • адамдардың табиғатпен үйлесімде салауатты әрі баянды өмір сүруге құқығы бар;
  • өңірдің экологиялық жүйесінің салауатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында халықаралық ынтымақтастықты орнату.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа мұнайтотықтырушы микроорганизмдер композициясының дақылдау жағдайларын таңдау
Топырақтағы мұнай өнімдерінің биодеградациясына биосурфактанттардың әсері
Қоршаған орта және адам денсаулығы туралы ақпарат
Мұнаймен ластану концентрациясы
Қоршаған орта және адам денсаулығы
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Топырақ жамылғысын мұнай өнімдерінен тазалау. Жердің топырақ жамылғысын қорғау жөніндегі Заң
Мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациясы
Қоршаған ортаның мұнаймен ластануын сипаттау
Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға қолданылатын көмірсутек тотықтырушы бактериялардың негізгі қасиеттерін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz