Қоршаған ортаның физикалық ластануы


Қоршаған ортаның физикалық ластануы.

1) Радиациялық ластану.

2) Электромагниттік толқындардың әсері.

3) Шу, вибрация ( діріл) магнит өрістері әсерлері.

4) Жылулық құбылыстар.


Радиациялық ластану. Радиациялық әсер деп радиоактивті затектерден шығатын иондаушы сәулеленуді атайды. Кейбір химиялық элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды.

Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар: 1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының альфа-бөлшектер ағыны; 2) электрондар мен позитрондардың бета-бөлшектер ағыны; 3) қысқа толқынды электр магниттік гамма-сәулелері. Альфа-бөлшектер ауада не бәрі бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетіменде ұсталуы мүмкін. Олар адамның киімі арқылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялық процестер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық паталогия орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелену ауруы пайда болуы мүмкін. Альфа-бөлшектермен салыстырғанда бета-бөлшектердің ену қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1-2 см тереңдікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер теріні күдіреді, пигментация немесе денеге жара пайда болады. Рентгендік және гамма сәулелері ең төмен иондау тығыздығы болғанымен ену қабілеті өте жоғары, оларды тек қалың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ та осы үш сәуле түрінің бірдей дозаларын қарастыратын болсақ ең қауіпті болып альфа сәулелер саналады, оның қауіптілігі басқа сәулелерден 20 еседей артық.

Электр магниттік сәуле - энергия бөле отырып, заттектер арқылы оңай өтетін және ауада ұсақ қашықтыққа дейін тарайтын иондалған гамма - сәулесі және оған жақын рентгендік сәуле.

Гамма - сәулелері тірі организмнің клеткалық тобына оңай енеді, олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбей өтуі мүмкін, немесе өткен жолында иондалуды қоздыруы мүмкін. Олардың әсері мөлшерге және энергия түріне, сонымен қатар организм мен сәуле шығаратын көздің алшақтығына байланысты.

Иондайтын және кейбір иондамайтын электр магниттік (инфрақызыл, ультракүлгін және т. б. ) сәулелердің әсерінен адамның белгілі бір органдары мен ұлпалары зақымдалады. Мысалы, альфа - сәулелену беретін көздер - радий, уран, плутоний, бета - сәулелену көздері - стронций және иттрий, гамма - сәулелену көзі - цирконий сүйектерде жинақталады.

Иондайтын сәуле мөлшеріне қарай адамды сәулелік аурудың жедел немесе созылмалы түрлеріне шалдықтырады. Организм арқылы өткен сәуле мөлшері 100 рентгеннен аспаса ауру жеңіл түрде байқалмай өтуі мүмкін, ал 100 рентгеннен жоғары мөлшерлер аурудың белгілерін айқын көрсетеді. Ауруға шалдыққан адамның сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті және иммунитеттік қабілеті төмендейді.

Тірі организмдердің әр түрлі органдарының өздеріне тән сәулелену сезімталдықтары бар. Бүкіл денені өлтіретін сәулелену дозпсы келесі шамалар деңгейінде: бас арқылы енсе - 2000 рад, іштін төменгі бөлігі - 5000 рад, көкірек қуысы - 1 рад, аяқ-қол - 2 рад.

Санитарлық ереже бойынша электр магниттік сәулелену бар жерде тұрақты тұруға болмайды. Құрылыс практикасында олардан қорғайтын материалдарды кеңінен қолдану қажет.

Иондайтын сәулелердің қарқындылығын жартылай төмендету олардың енетін ортаның табиғатына және қалыңдығына байланысты келеді ( 1-ші кесте) .

1-ші кесте. Гамма сәулелердің мөлшерін жартылай төмендететін қабат шамасы

Гамма-сәулеленудің

энергиясы, МэВ

Жартылай төмендететін қабаттың шамасы
Ауа, м
Алюминий, см
Қорғасын, см
Гамма-сәулеленудіңэнергиясы, МэВ: 0, 5
Жартылай төмендететін қабаттың шамасы: 60
3, 2
0, 4
Гамма-сәулеленудіңэнергиясы, МэВ: 1, 0
Жартылай төмендететін қабаттың шамасы: 85
4, 4
0, 1
Гамма-сәулеленудіңэнергиясы, МэВ: 2, 0
Жартылай төмендететін қабаттың шамасы: 120
6, 0
1, 4

Интернационалдық жүйе (ИЖ) өлшем бірлігінде сәулелену дозасы зивертпен (Зв) өлшенеді (1Зв=100 бэр) . Ішкі және сыртқы сәулелену нәтижесінде адам бір жыл ішінде орта есеппен 0, 001 Зв доза алады. Адам өміріне қауіп - қатерсіз 0, 35 Зв немесе 35 бэр радиация дозасын қабылдауы мүмкін. Организмдердің 50% -ін жоятын радиацияның сағаттық дозасы адам үшін - 4 Зв, балықтар мен құстар - 10-20 Зв, өсімдіктерге - 10-1500 Зв, жәндіктерге - 1000Зв құрайды.

2-ші кесте. Адам организмінің сәулелену дәрежесі

Жұтылатын

энергия

мөлшері, бэр

Радиация әсері
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 450
Радиация әсері: Сәулелену ауруының ең ауыр деңгейі (сәулеленген адамдардың 50%-тейі қайтыс болады)
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 100
Радиация әсері: Сәулелену ауруының жеңіл дәрежелі түрде жүретін ең төменгі деңгейі
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 75
Радиация әсері: Қан құрамының қысқа мерзімді өзгерісі
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 30
Радиация әсері: Асқазанға рентгеноскопия жасағанда қабылданған сәуле мөлшері
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 25
Радиация әсері: Апатты жағдайда әр адамға қабылдауға рұқсат етілген (бір жолғы) доза
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 10
Радиация әсері: Апатты жағдайда тұрғындарға қабылдауға рұқсат берілген (бір жолғы) мөлшер
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 3
Радиация әсері: Тісті рентгенографияға түсіргенде қабылданатын сәулелену мөлшері
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 0, 5
Радиация әсері: Әдеттегідей жылына қалыпты жағдайда қабылдауға болатын рұқсат берілген сәулелену деңгейі
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 0, 1
Радиация әсері: Жыл бойындағы фондық сәулелену
Жұтылатынэнергиямөлшері, бэр: 0, 001
Радиация әсері: Телевизор арқылы хоккейдің бір матчын көргенде қабылданатын мөлшер

Шу, вибрация ( діріл) магнит өрістері әсерлері. Шу, діріл, магнит өрістері және басқа физикалық әсерлер шартты түрде адамды қоршаған ортаның акустикалық ластануына жатады. Бірінші кезекте акустикалық ластанудың әсер тигізетін объектісі болып адам және оның денсаулығы саналады.

Адамзат барлық уақытта дыбыс пен шу дүниесінде өмір сүріп келе жатыр. Адам құлағы қабылдайтын сыртқы ортаның механикалық теңселуін дыбыс деп атайды. Естілетін дыбыс 16 Гц - 20 Гц, инфрадыбыс 16 Гц-тен төмен, ультрадыбыс 21 кГц - 1ГГц. Инфрадыбыс пен ультрадыбыс адамның құлағы қабылдамайтын дыбыстарға жатады.

Ультрадыбыстың жиілік диапазоны - төменгі жиілікті (20-100 кГц) және жоғары жиілікті (100 кГц - 1000МГц) болып бөлінеді. Ультрадыбыстарды газдар сұйықтықтармен салыстырғанда бірнеше есе жақсы сіңіре алады. Мысалы, ауада ультрадыбыстың сіңу коэффициенті сумен салыстырғанда 1000 есе жоғары. Ультрадыбыс өнеркәсіпте тексеру - өлшеу (дефектоскопия, мұржалар қабырғаларының қалыңдығын анықтау және т. б. ) мақсатында қолданылады, сонымен қатар әртүрлі технологиялық процестерді жүргізу және күшейтуге (бөлшектерді тазалауға, пісіруге, дәнекерлеуге, үгітуге және т. б. ) . Ультрадыбыс диффузия процестерін, ерітуді және химиялық реакцияларды жылдамдатуға да пайдаланылады.

Ультрадыбыстың басқа дыбыстар сияқты адам организміне тигізетін зиянды әсері бар. Ол нерв жүйесінің бұзылуына, тамырдағы қысым мөлшерінің, қанның құрамы мен қасиетінің өзгеруіне себебін тигізеді. Ультрадыбыс ауа, немесе сұйық және қатты орта арқылы өтеді. Адам организміне түйіскен байланыс арқылы өткен ультрадыбыс өте қауіпті келеді.

Қатты үздіксіз дыбыстарды шу дейді. Шу адамзаттың өмір серігі. Деңгейіне қарай шу адамға қолайлы және қолайсыз әсер тигізеді. Мысалы, табиғи нәзік шулар - жапырақтардың салдыры, өзен ағысының дыбысы, құстар әні, т. б. адамға қолайлы әсерін тигізеді, нерв жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылады. Ал қатты шулардың пайда болуы адамдардың есту қабілеттерінің төмендеуіне және әр түрлі нерв жүйе ауруларының көбеюіне себеп болады. Ұзаққа созылған қатты шулар жүректің, бауырдың жұмыс істеу қабілеттерін бұзады және нерв клеткаларын тоздырады. Нервтік жүйе клеткаларының әлсіреуіне байланысты бүкіл организмнің жұмыс істеу қабілеті төмендеп, әртүрлі патологиялық өзгерістер орын алады. Қатты шулар тек адамдарға ғана емес өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де қолайсыз әсерін тигізеді. Мысалы, шулы көшелерге жақын жерден ұя салған құстардың қанында холестерин мөлшері, тыныш жерде ұясы бар құстардікінен анағұрлым жоғары болатынын биологтар талай рет тәжірибе жүзінде дәлелдеп жүр.

Әр түрлі механикалық, аэродинамикалық жәгне электр магниттік құбылыстар шудың пайда болуына себеп. Машиналар мен механизмдер жұмыс істегенде олардың бөлшектері бір-біріне соғылысу мен қажалудың арқасында және өндірістерде қолданылатын соғылу процестерінің (штамптар, темір соғу) нәтижесінде шудың механикалық түті орын алады. Аэродинамикалық және гидродинамикалық шулар газдар мен сұйықтар аққанда пайда болады. Ал электр магниттік шулар әр түрлі электрлік қондырғылардың жұмыс істегенінде жарыса қабаттаса шығады.

Шу деңгейі дыбыстық қысыммен өлшенеді, өлшем бірлігі децибел (дБ) . Шу әсерінің шекті рауалы деңгейі децибелмен белгіленеді. Шудың мөлшері 20-30 дБ-ге дейін болса ол адам организміне зиянын тигізбейді. 130 дБ шамасындағы шу адамға қолайсыз әсер етеді. Шу 150 дБ асса, оны организм көтере алмайды. Шудың шектік деңгейі 80 дБ. Кейбір шектік рауалы шу деңгейлері 3-ші кестеде берілген.

3-ші кесте. Әр түрлі мақсаттағы жерлерге белгіленген шудың рауалы деңгейлері

Жер
Шудың рауалы деңгейлері, дБА
Түн
Күн
Жер: Елді мекендердің қоныс орналасқан жерлері
Шудың рауалы деңгейлері, дБА: 45
60
Жер: Көпшілік дем алатын жерлер
Шудың рауалы деңгейлері, дБА: 35
50
Жер: Ауыл шаруашалығына бағытталған жерлер
Шудың рауалы деңгейлері, дБА: 45
50
Жер: Қорықтар мен заказниктер
Шудың рауалы деңгейлері, дБА: 30-ға дейін
35-ке дейін

*Шумомердің А шкаласымен өлшенген шу деңгейі дБА өлшем бірлігімен беріледі.

Өте қатты шу (100 дБ жоғары) есірткі сияқты әсер етіп, адам масаяды. Қазіргі кездегі электр музыкаға егілушіліктің бір себебі болып осы шуылдан масаю саналады, оның шуы ауырсындыратын шектен асып, 130 дД-ге дейін жетеді. Түнгі уақыттағы 30-40 дБА деңгейіндегі шу адамды қатты мазалайтын факторға жатады.

Әр көзден шығаратын шу деңгейі әр түрлі: жапырақ сылдыры мен тыныш жағдайдағы теңіз толқынының шарпыны 20 дБ, ақырын баяу сөйлескенде 40-45 дБ, қатты сөйлескенде 60-70 дБ, шаңсорғыштікі 70-80 дБ, қоңырау сағаттікі (1м-ге дейін) 80-95 дБ, мотоцикл, автокөлік және басқа көліктердікі 80-100 дБ, күн күркірегенде 130 дБ, реактивті ұшақтікі 150 дБ үстінде, космостық ракеталардікі 175 дБ шамасында. Қаладағы тіршілікте шудың негізгі көзі - автокөлік болып табылады.

Қазіргі кезде барлық үлкен қалаларда шу деңгейі жоғарылай түсуде. Дүние жүзінде ең шулы қалаға Рио-де-Жанейро жатады. Оның көптеген аудандарында шу мөлшері 80 дБ үстінде. Шулы қалалар қатарына Египет астанасы Каир да (12 млн. адамы бар, яғни бұл бүкіл Египетте тұратын халықтың ¼ бөлігі) кіреді. Оның негізгі көшелерінде шу күші кейбір кезде 100 дБ-ге дейін жетіп қалады.

Әр адамның шуды қабылдау қабілеті әр түрлі, ол олардың жасына, өткір мінезділігіне, денсаулығына, қоршаған жағдайына байланысты. Күннен күнге техниканың дамуына байланысты күшті шу көздері көбейіп, адамды үйге де, өндіріс мекемелерінде де жиі мазалауда. Сондықтан шу проблемасы шешуді қажет ететін маңызды мәселердің біріне айналып отыр. У сияқты шу әсері адамға белгілі бір із қалдырады.

Өндірістік шудан қорғану үшін шусыз технологиялық процестерді, шусыз көлік пен құралдарды пайдалану, шуды азайтатын арнаулы асфальттан жол қаптамасын жасау, құрылыстарда дыбыс сіңіргіш материалдарды қолдану, жасыл желек жолақтарын өсіру, шуға қарсы арнаулы экрандар құрастыру қажет.

Шудың механикалық түрін мынадай жолдармен: машиналар мен механизмдердің конструкцияларын жақсарту, металдан жасаған бөлшектерді пластмассаға ауыстыру, соғылу процесіне бағытталған технологияларды соғыспайтын түрлерге (мысалы, штамптауды - престеуге, шелеуді - пісіруге және т. б. ) ауыстыру, қатты дыбыс шығаратын тісті дөңгелектерді басқа түрлерге, бір - бірімен үйкесіп қажалатын бөлшектерді майлау арқылы төмендетуге болады.

Аэродинамикалық және гидродинамикалық шуларды азайту үшін негізінде газдың немесе судың кедергілерді айнала ағатын жылдамдықтарды төмендету, дененің аэродинамикасын жақсару, сұйықтарды айдайтын насостардың оптималдық режимін табу, т. б. көптеген ұсыныстар жасалады. Егер де аэродинамикалық шуды төмендетуді оның пайда болатын көзінде жасауға мүмкіндік болмаса, басқа әдістер қолданылады. Мысалы, шу шығаратын көзді жекелендіру, сөндіргіштерді орнату.

Электр магниттік шулармен күресу үшін электрлік машиналардағы бөліктердің (подшибниктер, ротор) айналуын теңестіру, электрлік қозғалтқыш щеткасын қысылып жабысып тұратын етіп орнату және т. с.

Егер де кейбір қоңдырғылардан шығатын шудың белгілі бағыты болатын болса, онда шу деңгейін төмендету үшін қолданылатын әдістің бірі оның шығатын бағытын өзгерту болып табылады. Мысалы, осындай қоңдырғыларға тығыз ауаны атмосфераға жіберіп отыруға пайдаланылатын мұржаларды жатқызуға болады. Шу толқыны тұрғын үйден немесе жұмыс орнынан басқа қарама-қарсы бетке қарай бағытталуы қажет.

Адам денсаулығына қолайсыз әсер тигізетін факторлардың біріне инфрадыбысты да жатқызуға болады. Инфрадыбыс жер қозғалғанда, дауыл көтерілгенде, теңіз дауылдары тұрғанда пайда болады. . Инфрадыбыс толқындары шығатын көздерге компрессорлар, турбина, дизель қозғалтқыштары, комдиционерлік жүйелер, желдеткіштер және әр түрлі механизмдер жатады. Адам физиологиясына әсерін тигізетін дыбыс мөлшері 20-70 Гц арасында.

Белгілі көздерден шыққан төменгі жиілікпен теңселетін инфрадыбыстар су және жер қыртысы арқылы алшақтығы айтарлықтай алыс жерге таралады. Осы себепке байланысты жер сілкінер алдыңда жануарлар мен бауырмен жорғалаушылар көптеген түрлері мазасызданады. Оның басталуынан бірнеше сағат бұрын олар өздерінің індерін тастап, қауіпсіз жер іздеуге талпынады.

Инфрадыбыс қай жолмен пайда болса да тірі организмдерге қолайсыз әсер тигізеді. Мысалы, қала көліктері жұмыс істегенде орын алатын жиілілігі төмен инфрадыбыс теңселуі адамдардың жүйкесін тоздырып, әр түрлі органдардың жұмыс істеу қабілетіне кері әсер етеді.

Инфрадыбыстан қорғану үшін шудан сақтануға болатын кейбір ұқсастығы бар әдістер қолдануға жатады. Мысалы, инфрадыбыс деңгейі көзден шығар кезінде тұншықтырғыштарды пайдалану арқылы төмендетіледі. Сонымен қатар кейбір шуды бәсендететін жекелендіру немесе сіңіру әдістері инфрадыбысқа қолдану өте тиімсіз келеді. Ең тиімді ұтымдыь жол - дыбыс шығатын көзбен күресу.

4-ші кестеде іс - жүзінде құрылыста жиі қолднылатын шуды сіңіретін кейбір материалдар туралы сипаттама келтірілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның, атмосфераның ластануы
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Химиялық ластану. Полигон және қоршаған орта
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Табиғи ластану
Биосфераның ластануы
Экология проблемаларының артуы
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz