Жетім жеткіншектерді психологиялық диагностау ерекшелігі


Жетім жеткіншектерді психологиялық диагностау ерекшелігі.
Статистикалық мәлеметтерге сүйенетін болсақ, соңғы жылдары ата - ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны қарқынды өсуде, әсіресе, әлеументтік жетімдер, яғни белгілі бір себептерге қатысты ата - аналар құқығынан айырылған балалар саны көбейіп келеді. Жетімдер үйіндегі балалардың 95% әлеументтік жетімдерді құрайды. Осындай тағдыр тәлкегіне тап болған бүлдіршіндер балалар үйі, балалар ауылы, психологиялық - педогогикалық реабилитациялық орталықтар, дағдарыс орталықтары, уақытша пана мекемелерінде тәрбиеленеді. Статистика аталған мекеме түлектерінің 40% - қылмыскер, 30 % - маскүнем, 10% - өз -өзіне қол салуға баратынын көрсетеді. Ал мемлекеттік жетім балалар мекемелерінде әр балаға айына отбасына асырандылыққа алынған балаларға қарағанда 10 - 15 есе артық қаржы бөлінеді. Сонда бұл балалардың проблемалары материалдық шеңберде емес, психологиялық сипатта екені айқын.
Сонымен, бұл дипломдық жұмысымызда біз ғылыми әдебиеттерді және балалар үйі тәрбиеленушілерімен жұмыс жасау тәжірбиелерін талдау негізінде балалар үйі психологынің іс - әрекетін ұйымдастыру жолдарын көрсетуге тырысамыз.
Балалар үйі жағдайында психологиялық қызметті ұйымдастырудың көп қырлы мәселелері түрліше типтегі балаларды тәрбиелеу мекемелері мен мектеп - интернаттарына психолог қызметін еңгізуден басталады. Бұл отбасынан тыс жағдайда тәрбие алатын балалардың толыққанды психикалық дамуы үшін психологиялық қызмет көрсетудің арнайы жолдарының қажет екенің құптады. Аталған типті мекемелерде психологиялық қызметті қалай ұйымдастыру қажеттілігіне қатысты мәселе осы күні де өз шешімін іздестіруде. Жалпы мектептегі психолог іс - әрекетінен балалар үйі психологынің әрекеті немен ерекшеленеді? Отбасынан тыс тәрбие алып отырған балаларға тиісті көмек көрсету процесін қалай ұйымдастыру керек?
Жетім балаларға тәрбие берру саласындағы психологиялық қызметтің дамуын білім беру саласындағы психологиялық қызметтің дамуына жекелей қарастыруға келмейді. Балалар үйі психологі мен білім беру саласындағы психолог әрекетінің негізгі бағыттары, принциптері, жұмыс жасау әдістері бір. Әйтсе де, балалар психологінің іс - әрекет мазмұны бала дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сүйенеді. Ол:
- баланың жетімдер үйіне тап болу себебі;
- аталған мекемеге келген уақытты және осында өмір сүру тәжірбиесі;
- ата - аналарының құқығынан айырылуы, не қаза болу себептері;
- баланың осы мекемеге отбасынан не көшеден келуі, т. б.
Осы келтірілген әр балалар тобы психологтың ерекше ұйымдастырылған жұмысын қалайды.
Практикалық психологтың жетім жеткіншектермен басты жұмыс мәселесі, ол балалардың қабілетін дамыту, ересектермен, құрбылары мен қарым-қатынас кезіндегі бұзылысын шешу психологтың басты міндеті болып табылады. жетімдер үйінде, мектеп интернаттарында жұмыс істейтін психологтардың, ұстаздардың, тәрбиешілердің жиі мәселесі «эмоционалдық сөндірілу» болып табылады. Жетім балалрға арналған мекемеде, біздің бақылауымыз бойынша, «эмоционалдық сөндірілу»балаларға деген қызығушылықтың тез жоғалуынан көрінеді. Бұндай ересектер балалармен қарым-қатынас кезінде ашушандық және көңілсіздік танытады, ал жұмысқа жиіркеніштік танытады. Эмоционалдық сөңдірілу таныстарға, достарға, тіпті жанұя мүшелеріне таралып жұмыстың шегінен тез шығып кетеді.
- Ересектерде, яғни психологтарда, тәбиешілерде, ұстаздарда қарым-қатынастың професионалды әдістері, психологиялық- педагогикалық әдістері қалыптаспағандықтан пайда болады. Ол қарым-қатынастың формаларымен үйреншіліктілігімен өзгеріледі. Осында әдетте эмоционалды жағы басым болады. Өзінің мамандығына эмоционалды қарағандықтан, «өз махаббатың барлық балаларға сыйлау», «балалардың бақытты болуына жұмыс істеу», барлығын балаларға беруге даяр болуға адамдарда эмоционалдық сөндірілу болады. Әдетте жұмысқа балаларға деген қарым-қатынастың мінез-құлықтың адамгершілік позициясының жоғалуы көрінеді.
- Эмоционалдылық, балаларда нақты мәселені табуға оны оптималды шешуге нақты шешім таппайды.
- ересектің баламен қарым-қатынас кезінде қызығушылық танытпайды[ прихожан, тостых 3-5 беттер]
Психологиялық зерттеу нәтижелерінде (Д. Аллан, В. Оклендр, И. А. Фурманов, Т. И. Шульга, Л. Я. Олиференко т. б. ) сүйенсек, баланың өмірінде болған психологиялық жарақат негізінде мінез - құлық, жүріс - тұрыстың бұзылуы жеке адам дамуының барлық деңгейлерін(тұлғалық, тұлға аралық, әлеументтік, физиологиялық, психологиялық, соматикалық т. б. ) қамтиды. Болған қатерлі оқиға баланың санасына орнығып, үнемі қайта жаңғыртылып отырады. Оған бейнелер, ойлар, қайталанбалы қорқыныш түстері жатады және бұлар баланың физиологиялық күйіне әсер етеді (бас, асқазан ауруы, ұйықтай алмау т. б. ) Бұдан баланың мінез - құлық, жүріс - тұрысында ызақорлық, қозғыштық, агрессивтік, өкпешілдік, қатарластарымен қақтығысты жандандыру байқалады.
Балалар үйі психологы бұл баламен диагностика және коррекциялау жұмыстарын жүргізу үшін қиындық тудыратын, бірақ болашақ өміріне, психикалық дамуына, тұлғалық қалыптасуына зор ықпал ететін ішкі дүниесі екенің ескерту қажет.
Балалар үйіндегі осы күнге дейін авторитарлық жүйе басымдылығы сақталған, балалардың бастамшылдық танытуына жол бермейді. Бұл жүйе қатаң бағдарламаның орындалуын ғана қамтамассыз етеді. Баланың таңдау еркіндігіне жол бермейді, ол қалыптасқан тәртіп ережесін толық орындауы керек, ал бұл тұлға аралық деформацияға әкеліп соғады. Тәрбиеленуші екінің бірін таңдайды, ол - енжар, тәуелді болу немесе өзгелерді басыну үшін күшті, қатыгез болу.
Балалар үйіндегі жетімдер жағдайын психолог іс - әрекетің тиімді ұйымдастыру арқылы белгілі деңгейде өзгертуге болады. Егер аталған мекемедегі психологиялық қызмет көрсету үш деңгейде өтсе:
- деңгейде - психолог жетім балалармен және ұжыммен жұмыс жасаса;
- деңгейде - психологтар тобының арнайы ұйымдастырылғанкөмегі жүргізілсе;
- деңгейде - психологтың педагогикалық ұжыммен жұмысы реттелсе
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz