Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Қаржы ресурстарын басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Қаржы ресурстарын басқарудың мәні, құрамы және құрылымы ... ... ... ... .. 14
1.3 Қаржы ресурстарын басқаруда қолданылатын есеп және есептіліктің негізгі көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды талдау ... ... ... ... ... . 19
2.1 Кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастырудың талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Кәсіпорынның жарғылық капиталын арттырудағы тәуекелдерді басқару...
3 Қаржы ресурстарын тиімді басқарудың стратегиялық шешу жолдары..52
3.1 Қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... 52
3.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды басқаруда қаржылық дағдарысқа қарсы бағдарламаны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..78
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82

Фирманың қаржылық ресурстары басқару объектісі ретінде қаржылқ міндеттемелерді орындауға арналған сыртқы түсім мен табыс нысанында байқалады.Алайда, қаржылық ресурстар нысандандыру көзіне байланысты жеке жұмылдырылған немесе қарыздық болып бөлінеді.Бұлардың арасындағы айырмашылық – кәсіпорын жабылатын жағдайда қаражат салымдарының заңды құқықтарында.Меншік қаржылық ресурстар жұмылдырылған және қарыздық ресурстармен есеп беру жүзеге асқаннан кейін барып өтеледі.
Қаржылық ресурстарды басқару кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің, ағымдағы және келешек қаржылық қызметті басқарудың, қаржыландыру көздерін іздестірудің және оның атаулы құрылымын анықтаудың, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен көлеміне байланысты сұрақтарды шешу жүйесінің басты жүйесі болып табылады.

1 Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е. Кубаева.-Алматы: Қазақ Университеті, 2005.-216 б.
2 .Б.С. Сапарова. Финансовый менеджмент:Учебное пособие/Под общей ред. Академика НАНРК,д.э.н. профессора У. Баймуратова.- Алматы: Экономика,-2008.-372 б.
3 Камышанская Л. А., «Есеп және есептілік қаржы менеджментінің негізі», //Қаржы менеджменті.-№ 10(10) қазан.- 2008.-23 б.
4 «Alakol Plant ЖШС-нің жарғысы».
5 Тургулова А. «Управление финансовым риском и формирование капитала», //Экономика негіздері.-2006.-№4-5.24 б.
6 «Alakol Plant» ЖШС-нің 2007ж. қаржылық талдау есебі.
7 7.«Методика финансового анализа предприятий».
8 //Экономический анализ: теория и практика.-2005.-№3
9 8.Ширинская Е. «Финансовый менеджмент, новые задачи – новые риски», //Банки Казахстана.- 2005.-№11.-33 с.
10 Кожахметова М. «Финансовый контроль как метод управление финансами». //Қаржы-қаражат.-2005.-№6.-23 с.
11 «Отчеты о движений денежных средств». //Евразиский Вестник аудита.-2005.-№6.-37 с.
12 11.Кожембаева М.У. «Финансовая отчетность источник информаций для принятия решения».//Статистика, учет и аудит.-2004.-№1.-32
13 Дүйсенбаева К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау./Оқу құралы.-Алматы:Қазақ университеті,2001.-8б.
14 Артуюнов Ю.А. Финансовые методы в менеджменте: //www.dis.ru./fm/arhiv/2002/5/6.html.
15 Абдыманапов А.А., Исмуханбетова З.Н. «Формирование и учет капитала». //Статистика и учет.-2004.-№1.-24 с.
16 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (Халықаралық стандарт):Оқулық.-Алматы, 2006.-126 б.
17 Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп: /Оқулық.-Алматы: Экономика, 2007.-189 б.
18 Мельников В.Д.Қаржының жалпы курсы: Оқу құралы/ Мельников В.Д., Ли В.-Алматы: Қазақ университеті,2005.-64 б.
19 Смағұлов Р.О., Мәдіханова Ә.Қ., Тұсаева Ә.Қ., Саиыбалдиева Ж.Ш. Қаржы, ақша айналысы және несие: /Оқу құралы.-Алматы:Экономика,2008.-95б.
20 Оразалин К.Ж.Кәсіпорын экономикасы: /Оқу құралы.-Алматы: Издательство LEM, 2007.
21 Құлпыбаев С.Қаржы: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық.- Алматы: LEM, 2007.
22 Карелин В.С.Финансы корпораций: Практикум.-М.:Дашков и К,2005.
23 Денежные обрашения, финансы икредит: Учебное пособие для ССУЗов.-М.: ПРИОР, 2004.
24 Грачев А.В.Финансовая устойчивость предприятия: Критерий и методы оценки в рыночной экономике: Учебное пособие.-2-е издание.- М.: Дело и сервис,2008.
25 Л.К Нұрахметова. «ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікке түсініктеме» //Қаржы менеджменті.-№1 (13) қаңтар.-2009.-14 б.
26 А.Б. Зейнелғабдин. «Мемлекеттік қаржылық ресурстарды басқару». //Қаржы менеджменті.-№7 (7) шілде.-2008.-20 б.
27 И. Ажаипова. «Теоретические основы управлние финансовыми ресурсами» //Қаржы-қаражат.-№2-3.-2008.-81 б.
28 Э.О. Оспанова. «Методы управление денежными средствами организаций: пойск новых подходов»//ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№2 (54).2006.-30 б.
29 Д. Жазыкбаев. «Оценка финансового положения предприятия в условиях МСФО»//ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№4(62).-2007.-15 б.
30 Әлемдік қаржы дағдарысы әлемдік БАҚ айнасында: Әлемдік қаржы дағдарысы. //Егемен Қазақстан.-2009.-3 ақпан.-11 б.
31 Григорьев Л. Финансовый кризис-2008: вхождение в мироыую рецессию: Мировой кризис.//Вопросы экономики.-2008.№12.-27 с.
32 «Үкіметтің қаржыдағдарысына арналған бағдарламасы».
33 Арутюнов Ю.А. Финансовый менеджмент. – М.: КНОРУС, 2008.
34 Баймұхамбетова С.С., Асрандин А.Ш., Мұсаева С.С., Шәріпова Р.Х.
35 Қаржылық менеджмент. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
36 Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.:Финансы и статистика,2000.
37 Бланк И.А. Финансовый менеджмент: Учебный курс. К:Ника-центр,2002
38 Бригхем Ю., Гапенски А. Финансовый менеджмент в 2-х т. Под ред. В.В.
39 Ковалева – Спб: Экономическая школа, 2004
40 Кадерова Н.Н. Корпоративные финансы: Учебное пособие. – Алматы:
41 Экономика, 2008.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы:
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару
5В050900-Қаржы мамандығы бойынша
Алматы, 2014

Кафедра Басқару және бизнес
Қорғауға жіберілді
___________ Кафедра меңгерушісі
____________ Е.К.Садвакасов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару
5В050900-Қаржы мамандығы бойынша
Орындаған:
орта кәсіптік білім негіздегі
3-ші курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы Е.Н.Несипбеков
Нормобақылау: Ш.Р. Абжалелова
Алматы , 2014
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Қазақ инженерлік,қаржы-банк академиясы
Казахская инженерная, финансово-банковская академия
Кафедра_________ Басқару және бизнесУправление и бизнес ______________
МамандығыСпециальность 5В050900 - ҚаржыФинансы
Бекітемін
Утверждаю
Кафедра меңгерушісі
Зав. кафедрой
___________________
____ ________ 20__
Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма
Задание на выполнение дипломной работы
___________________________________ ___________________________________
(аты-жөні) (фамилия, имя, отчество)
Жұмыстың тақырыбыТема работы:
___________________________________ ___________________________________ __________
Негізгі белгілерИсходные данные:
___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _______________________________

___________________________________ _________________________________
Тапсырманы бергенЗадание выдал ___________________________________ ______
(жетекшінің қолы және күн белгісі)
(подпись руководителя и дата)
Тапсырманы қабылдағанЗадание принял ___________________________________ ______
(студенттің қолы және күн белгісі)
(подпись студента и дата)
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 Қаржы ресурстарын басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... 7
1.1Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Қаржы ресурстарын басқарудың мәні, құрамы және құрылымы ... ... ... ... .. 14
1.3 Қаржы ресурстарын басқаруда қолданылатын есеп және есептіліктің негізгі көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды талдау ... ... ... ... ... . 19
2.1 Кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастырудың талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Кәсіпорынның жарғылық капиталын арттырудағы тәуекелдерді басқару...
3 Қаржы ресурстарын тиімді басқарудың стратегиялық шешу жолдары..52
3.1 Қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... 52
3.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды басқаруда қаржылық дағдарысқа қарсы бағдарламаны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..78
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
Кіріспе
Фирманың қаржылық ресурстары басқару объектісі ретінде қаржылқ міндеттемелерді орындауға арналған сыртқы түсім мен табыс нысанында байқалады.Алайда, қаржылық ресурстар нысандандыру көзіне байланысты жеке жұмылдырылған немесе қарыздық болып бөлінеді.Бұлардың арасындағы айырмашылық - кәсіпорын жабылатын жағдайда қаражат салымдарының заңды құқықтарында.Меншік қаржылық ресурстар жұмылдырылған және қарыздық ресурстармен есеп беру жүзеге асқаннан кейін барып өтеледі.
Қаржылық ресурстарды басқару кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің, ағымдағы және келешек қаржылық қызметті басқарудың, қаржыландыру көздерін іздестірудің және оның атаулы құрылымын анықтаудың, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен көлеміне байланысты сұрақтарды шешу жүйесінің басты жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметі көптеген факторлармен анықталады.Осы факторлар объективті, кәсіпорынға тәуелді емес және басқарушы команда жағынан бақыланатын ішкі болып негізгі топқа бөлінеді.Бүкіл осы факторлардың әсер етуі жан-жақты бағытта болады, сондықтан фирма басшылығы қызметінің негізгі мотиві болып мүмкін болатын өзгерістерді алдын ала болжау мен барлық мүмкіншіліктерді қолдану табылады.
Дипломдық тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның тежелуі.
Кәсіпорын басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресрстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталады және бәсекелестердің пайда болуы дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттелу дәрежесі. Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.
Осы мәселелерге төмендегі қаржы ресурстары мен оны басқару мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А.М., Жуйриков К, Ильясов К.К., Касенов М.Р., Купешов Ш.К., Мельников В.Д., Мырзалиев Б.С., Сатыбалдин А.С, Сабден О.С., Отаров Э.К., Тажибаев С.Д. және т.б.
Ресейдің келесі экономист ғалымдарының еңбектері де осы тақырыпты ашуға арналған: Большаков С.В, Балабанов И.Т, Докучаев М.В, Кочеткова А.И, Моляков Д.С, Родионова В.М., Сенчагов В.К, Стоянова Е.С, Уткин Э.А, Федотова М.А және т.б. Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы ресурстарының анықтамасы қаржы түсінігімен түсіндіріледі. Қаржыны басқару әлі де болса Кеңес Одағынан қалған тәсілдермен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені қаржы ресурстарын басқарудың тиімді механизмін қалыптастырмай тұрып кәсіпорынның тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды.
Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты - мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігін кешенді зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау мен бірқатар ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге мына міндеттері қойылды:
1) кәсіпорынның қаржы ресурстарының теориялық аспектісін зерттеу және оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау;
2) шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын тиімді басқару арқылы
3) қаржы ресурстарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
4) қаржы ресурстарының айналымын көтерудің ішкі резервтерін анықтауда экономико - математикалық тәсілді кеңінен қолдану.
Танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық талдау теориясы, экономика математикалық әдістер және т.б. зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болды. Жұмысты зерттеу процесінде бухгалтерлік есептің стандарттары, өнеркәсіп кәсіпорындарында есепке алу мен есептілікті ұйымдастырудың нормативті құжаттары, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және талдау облысындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми еңбектерінің нәтижелері, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, заңды актілер пайданылды.
Қаржы ресурстарын басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың мәселелерін кешенді, жүйелі зерттеу және оның экономикалық механизмін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нұсқау беру.
Ғылыми зерттеу жұмыстың аса маңызды жаңалығы төмендегіше:
1) кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарудың қалыптастырудың теориялық негіздері дамытылды;
2) нарықтық экономика жағдайында, бәсекелестік қабілеттілікті арттыруда, пайда алуды, рентабельділікті көтеруді ең жоғарғы деңгейге жеткізуде басты орынды алатын қаржылық ресурстарды басқаруды талдаудың методологиясы жетілдірілді;
3) кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы жүйесінің ішкі резервтері анықталды;
Кіріспе бөлімінде зерттеу пәнінің ғылыми тақырыбының өзектілігі - қазіргі таңдағы Қазақстандағы кәсіпорындарының заман талабына сай және бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену жолындағы, бәсекелестік нарыққа шығару мақсатында өнім өндіруде кездесетін қиыншылықтардың ең бастысы ретінде кәсіпорынның қаржылық ресурстарға қажеттілігі есептелетіндігінен және оны ғылыми түрде шешу керектігінен көрінеді. Осы орайда зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, олардың ішіндегі қаржы ресурстарын ұйымдастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиіміділігін зерттеу маңызды орынды алады. Зерттеудің объектісі ретінде кәсіпорынның қаржы ресурстары алынған. Осы зерттеуге ақпараттық базасы анықталады, зерттеу тәсілі ашылады.
Бірінші бөлімде шетелдік және отандық әдебиеттердегі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты, тапсырмасы, кәсіпорын қаржысын қалыптастыруға әсері, салалық, өндірістік, технологиялық ерекшеліктері негізінде зерттеледі.
Екінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау, кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару саясатын ұйымдастыру, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау сұрақтары зерттеледі және осының негізінде оларды жетілдірудің әдістемелік және ұйымдастырушылық принциптері ұсынылады.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруды жетілдіруде экономико математикалық тәсілдерді қолдану, ақшалай қаражаттар айналымын жетілдіру, сатушылар және тұтынушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру сұрақтары қарастырылады.
Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген, кәсіпорындарда қаржы ресурстарын басқарудың экономикалық механизмдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы.Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. Қаржы ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері

Меншік қаржылық ресурстар мыналарға байланысты қалыптасады:
1) Жарғылық капитал иесімен ұсынылатын капитал;
2) Кәсіпорын жинаған резервтер - ағымдағы кезеңнің үлестірілмеген табыстары, резервтік қорлардың әртүрлі жолдармен қалыптасқан және өткен кезеңнен жиналған үлестірілмеген табыс.
3) Басқа да заңды және жеке тұлғалардың салымдары(қаржыландыру, қайырымдылық салымдар және т.б.)
Жұмылдырылған және қарыздық қаржыландыру көздеріне жататындар:
1) Банктік ссудалар мен басқа да қаржы - несие саласындағы мекемелер
2) Қор нарығындағы операцияларды жүзеге асыру жолымен тартылған қаражаттар(ұзақ борышқорлық бағалы қағаздарды эмиссиялау мен орналастыру)
3) Несиегерлік берешектер.
Қаржылық көздерді ішкі және сыртқы деп бөлу кәсіпорынның өзіне қатынасымен шарттасылған, құрылтайшы мен акционерлермен тартылған қосымша қаражаттар да сыртқы қаржыландыру көздеріне жатады.
Сыртқы қаржылық ресурстарды меншік және қарыздық деп, екі топқа бөлуге болады.Бұндай бөлу кәсіпорын дамуындағы сыртқы қатысушылармен салынатын капитал нысанымен шарттасылған: кәсіпкерлік немесе ссудалық капитал.Сәйкесінще, кәсіпкерлік капиталды салу нәтижесі болып, ссудалық капиталды салу нәтижесіндегі тартылған меншік қаржылық ресурстарды құру табылады.
Кәсіпкерлік капитал дегеніміз - әртүрлі кәсіпорындарға пайда мен кәсіпорынды басқару құқығын алу мақсаында салынатын капитал.
Ссудалық капитал - бұл ақылылық және қайтарымдылық шартымен берілетін ақшалай капитал.Кәсіпкерлік капиталға қарағанда, ссудалық капитал фирмаға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында уақытша қолдануға беріледі.Бұл бизнес түрімен арнайы қаржы - несие институттар(банктер, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т.б.)айналысады.
Фирманың барлық қаржылық ресурстары фирма өкімінде болу уақытына байланысты қысқа мерзімді (1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді(1 жылдан артық) болып бөлінеді.
Меншік қаржылық ресурстар - бұл кәсіпорын құрылған уақытта құрылатын барлық қаржылық ресурстардың базалық бөлігі.Бастапқы кезеңде уәсіпорын қызметінің қаржылық ресурстардың бұл бөлігі, кәсіпорынның қор немесе жарғылық капитал ретінде беріледі.Осының салдарынан компанияның даму үрдісінде меншік қаражаттар әртүрлі қорлар мен үлестірілмеген пайданың есебінен толтырылады.
Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формасына байланысты оның жарғылық капиталы жарғылық капиталға пайлар, үлестер және т.б. салу, акцияларды шығару мен оларды сату есебінен қалыптасады.
Жарғылық капиталға салымдар салынып кәсіпорын құрылған кезде ол салымдар ақша қаражаттар, материалдық және материалдық емес активтер болуы мүмкін.Жарғылық капиталға активтер салымдар ретінде салынған уақытта шаруашлық жүргізуші субъектіге (ШЖС) меншік құқығы берілмейді.Бұл дегеніміз инвесторлар объектіге заттық құқықтарын жоғалтады.Кәсіпорын жабылатын жағдайда немесе қатысушы ұйымнан шығатын болса, онда ол тек қана қалған мүліктің үлесінен өтемақы алуға құқығы бар, бірақ жарғылық капиталға салым ретінде салынған объектілерді қайтаруға емес, басқаша айтқанда, жарғылық капитал кәсіпорынның инвесторлар алдында міндеттемелер сомасын білдіреді [25,81б].
Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның тіркелуі кезінде хабарланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту(қосымша эмиссия, акциялардың номиналды құнын төмендету, қосымша өзгерістер енгізу, жаңақатысушыларды қабылдау және т.б.), тек қана белгілі бір қарастырылған заңдар мен құрылтайшы құжаттарымен іске асады.Кәсіпорын капиталы ұзақ уақытта ақшалай нысанында жатуға болмайды, себебі ол пайда табу мақсатында салынуы қажет.Кәсіпорын кассасында немесе оның банк шотындағы қалдық ақша қаражаты ешқандай пайда алып келмейді.
Өнім өндірісі мен қызмет көрсету үрдісінде жаңа құн құрылады, бұл құн сатудан түскен табыс сомасына байланысты анықталады.Бұл, өндіріске жұмсалған қаражатты қайтарудың негізгі көзіболып табылады, ақша қаражат қорын қалыптастыру ақша айналымының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын түскен түсімнен материалдық шығындарды(шикізат, материалдар, отын, электрқуаты және де кәсіпорынға көрсетілген қызметтер) өтеуі қажет.Түскен түсімнің бір бөлігі амортизациялық аударымдарды қалыптастыруға бағытталады.Түсімнен қалған бөлігі жалпы табыс немесе қайта құрылған құнды құрайды, ол кәсіпорын пайдасын қалыптыстыру мен еңбекақыға, сонымен қатар бюджнттік емес қорларға аударымдар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерді өтеуге бағытталуы қажет.
Өткізуден түскен түсім қаражат айналымынан аяқталады.Өндіріске салынған қаражат айналымының нәтижесі болып, пайда мен амортизациялық аударымдар табылады.лар кәсіпорынның меншік қаржылық ресурстары болып табылады, ал оларды мақсаттық қолдану өндірісті кеңейтуге көмектеседі.
Нақты айтқанда компания ресурстары айналым қоры мен айналмайтын активтер түрінде қалыптасады.Айналмайтын активтерге негізгі қорлар, материалдық емес активтер, аяқталмаған құрылысқа қаажат салу, бағалы қағаздар мен басқа да кәсіпорынға ұзақ мерзімді қаржлық салымдар.
Активтердің жалпы құнының азғантай үлесі ереже бойынша негізгі және айналым қоры жатады.Сәйкесінше басқару шешімдерінің көбісі осы ресурстар түрін қалыптастыру, пайдалану және бөлумен байланысты болады.Негізгі және айналым құралына сәйкесінше, негізгі және айналым қорларының ақшалай бағасы жатады.
Негізгі құралдар, өз кезегінде қаражат айналым процесіне байланысты өндірістік айнаым қоры мен айналыс қоры болып бөлінеді.
Өндірістік айналым қорларына жаатындар:
1) Өндірістік қорлар - еңбек заты (шикізат, сатып алынатын жартылай фабрикатта, негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдс, ақшалай бөліктер) және белгілі шектегі еңбекқұралдары(арзан бағалы және макротозған затар);
2) Аяқталмаған өндіріс - өнімді өңдеу мен дайындау үрдісіне жататын еңбек заттары;
3) Болашақ кзеңнің шығындары - ағымдағы жылдың, бірақ болашақ кезеңнің өндірілетін және өткізілетін өнімнің өзіндік құн есебінен өтелетін шығындар;
Айналыс қоры айналыс саласына қызмет көрсетеді және осыған жататындар:
1) Қоймадағы және тұтынушыларға жөнелтілген дайын өнім;
2) Кассадағы және банк шотындағы ақша қаражаттары;
3) Есеп айырысу құралдары;
4) Дебиторлық берешектер.
Өндірістік айналым қоры және айналыс қоры компания қызметіндегі айналым құралы мен ресурстар құнын қамтамасыз етеді.Айналым қорының элементтерінің жетіспеушілігі немесе артық болуы өндіріс көлемінің қысқаруына, пайданың төмендеуіне және компанияның қаржылық жағдайының нашарлауына әкеледі.Сондықтан компанияның айналым капиталын басқару мақсаты айналым құралдарына номиналды қажеттілікті анықтау болып табылады.
Белгілі бір кәсіпорынның айналым құралының көлемі, оның құрамы және құрылымы өндіріс сипаты мен күрделілігіне, өндірістік циклұзақтығына, қолданылатын шикізаттың құнына байланысты болады.
Негізгі қорлар кәсіпорынның блансына тіркеледі және қолданыста, босалқы қорда болуы мүмкін және де жалға берілуі немесе басқа кәсіпорын қолдануы мүмкін.
Негізгі қорлар өндірістік тағайындау объектілері(өндірістік процеске тікелей қатысы бар), өндірістік емес объектілері(өндіріс прцесінің өмір сүруіне және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларына арналған)болып бөлінеді[13,24б].
Негізгі құралдар төрт кезеңге бөлінетін шаруашылық айналым жасайды:
1) Негізгі қорларды салу;
2) Амортизация;
3) Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражат жинақталуы;
4) Қаржы жұмсау арқылы жүзеге асатын негізгі қорды ауыстыру.
Кәсіпорын қызметін талдау мен бағалауда өзінің тарихи дамуында бірнеше әдістемелер пайдаланылады:
* Көбінесе қолданылатын аналитикалық қызмет бухгалтерлік есептеме.Бухгалтерлік баланс элементарлы үлгіде қызмет етеді.Бұл дегеніміз кәсіпорын ресурстары - материалдық, қаржылық, ақшалай активте орналасады, ал қаржыландыру көздері пассивте болады.Пайда бойынша есеп беру кәсіпорынның пайдасы мен шығындарын қалыптастыру механизмі жатады.Ақша қаражатының қозғалысы бойынша есеп беруге әртүрлі салалардағы қызметті жүзеге асыру жатады және сәйкесінше, есеп беру кезеңінде кәсіпорынның саясаты туралы қорытынды жасауға көмектеседі.Осыған орай бухгалтерлік есеп беру компанияның қаржылық жағдайын зерттеу үшін жақсы дерек болып табылады.
* Экономикалық тәсіл кәсіпорынды өндіріс факторларының ұштастырылған орталығы ретінде анықтайды.Ол келесідей көрсетіледі:
нақты кіріс ағын нақты шығыс ағын
Өндіріс факторларды
ұштастыру
процесі
қаржылық шығыс ағын қаржылық кіріс ағын
Е с к е р т у: - [1,216б].
Cурет 1 - Кәсіпорын өндіріс факторлардың бірігу орталығы ретінде
Кәсіпорын қызметі әртүрлі байланыстарды тудырады, олар кәсіпорын мен сыртқы орта арасында әртүрлі уақыт кезеңдеріне жинақталады.Бұл байланыстар қаржылық ресурстар ағыны(шығыс ағын - шикізатты төлеу, қуат, жұмыс күші; кіріс ағын - қызмет көрсету мен өнімді өткізуден түсетін түсімдер) және нақты ресурстар ағыны(кіріс ағын - шикізат пен матералдарды иелену, жұмыс күші шығындары, қуат; шығыс ағын - тауарды сату, кәсіпорын активтерін сату) түрінде көрінеді.Әдетте қаржылық және нақты ағындар белгілі бір уақытта ажырауы мүмкін және кәсіпорынның қаржылық операцияларымен жүзеге асатын жеке қаржылық ағындармен толықтырылуы мүмкін.
Ұйымдастырушылық тәсіл бұл - фирманы белгілі бір экономикалық мақсаттары бар адамдар бірлестігі ретінде қарастырады.Бұл дегеніміз кәсіпорын өзінің қызметінде экономикалық параметрлерден басқа әлеуметтік және еңбек параметрлерін ескереді.Осыған орай кәсіпорынның ақпараттық және коммуникациялық саясаты стратегияның басты факторы болып саналады, ал кәсіпорынның қызметі басқарушылық құбылыс ретінде талқыланады.Ұйымдастырушлық тәсіл гипотезасыкөптеген факторларды ажыратады және заңдардың тұрақсыздығы мен жеткіліксіздігінің әсер етуін қадағалау қиын немесе тіпті мүмкін емес.Ұйымдастырушылық тәсіл бойынша фрма қызметіне жалпы талдау жасаудың сыртқы орта мен шешім қабылдауға әсерн тигзетін тұлғаларды зерттеуде және де кәсіпорын дамуына стратегия құруда маңызы зор[1,218б].
Қаржы ресурстары - бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері, міндеттері мен мақсаттары, объективті қажеттілігі мен кәсіпорындардың салалық, технологиялық, өндірістік ерекшеліктері және олардың қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруға тигізетін әсері сипаталады. Кез келген ғылыми жұмыс зерттеу пәнінің қалыптасу және даму тарихын зерттеуден, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою мен оны шешудің әртүрлі пікірлері мен тәсілдері келтірілген арнайы әдебиет пен кезеңдік басылымдармен танысудан басталады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады.
1.2 Қаржы ресурстарын басқарудың мәні, құрамы және құрылымы
Қазіргі таңда өнеркәсіп шеңберіндегі кәсіпорындардың негізгі мақсаты пайда табу ғана емес, оған қоса нарықта сұранысқа әсер ете алатын және бәсекелестікке қабілетті бизнесті құру. Сонымен қатар экономиканың нақты секторының субъектісі бола отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындар мақсаттарына жету үшін қаржыны икемді басқара білуі тиіс, оған қоса тұтынушылыр қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тартымды өнім үлгілерін шығара білген жөн.
Қаржы ақша ағымын басқаруды қарастыратын ғылым. Кәсіпорынның қаржылық саясаты қаржылық ресурстарды мобилизациялауға, кәсіпорынның не болмаса жеке жұмысшылар мақсатына жету үшін бағытталған. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорынның қаржылық ресурстары-бұл жеке ақша табыстары мен тартылған құралдардың жиынтығы, ол кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін, қаржылық және өндірісті кеңейтумен байланысты шығындар деп көрсетеді. [1]
Қаржылық басқаруды тиімді жүзеге асыру, кәсіпкерлікті жоғарлатуға бағытталған және бизнестің табыстылығын максималдауға, кәсіпорын қызметін басқарудың оперативті қаржылық моделін көрсетеді. Аталған модель қаржылық басқару ресурстарының ағымдарын қамтамасыз етеді, табыстар және шығындар, кәсіпорын қызметінің ағымдық бағалау нәтижесін және құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын реттеп отырады.
Басқаруда екі топ ресурс объектісін бөліп көрсетуге болады:
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары:
Сатудан түскен табыс;
Кәсіпкерлік капитал;
Амортизациялық аударымдар;
Пайда.
Кәсіпорын қолданысындағы қаржылық ресурстар:
Бюджеттік түсімдер;
Инвестициялар;
Қаржылық салымдардан табыстар;
Сақтандыру;
Қор нарығынан алынған құралдар;
Қарыз құралдары.
Дамыған экономикада қаржылық ресурстар, яғни ақшалай шығындардың элементтері болатын, кәсіпорынның бизнес операцияларын жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар. Ол қаржылық механизмен жүзеге асырылады. Отандық әдебиттерде қаржылық механизм бірыңғай талданбайды. Экономист ғалымдардың берген талдамаларынан кәсіпорынның қаржылық механизмі-кәсіпорынның қаржысын басқару жүйесі қаржы әдісі мен қаржылық тұтқалар арқылы жүзеге асады. Қаржылық әдістер көмегімен қаржылық ресурстар қозғалысын басқару жүзеге асады және оларды пайдалану тиімділігін бағалау жүргізіледі. [2]
Ал орыс ғалымы Л.М. Бурмистрованың еңбегінде мүлдем басқаша айтылған - кәсіпорынның қаржылық механизмі пайда табу мақсатындағы қаржыны басқару жүйесі делінеді. Мұнда дискуссиялық сұрақ болып, максималды пайда болып отыр, кәсіпорын нарықты экономика жағдайында тек ғана максималды пайда ғана емес, нарықта лидер болуға ұмтылады. Бірақ бұл анықтамада бастысы болып, қаржыны басқара білу қажет.
Кәсіпорынның (ұйымның) қаржысы - бұл ақша құралдарын қалыптастыру процессінде пайда болатын қатынас, олардың бөлістірілуі және пайдаланылуы.
Өндіріс ішілік ақша қатынастары, кәсіпорын қаржысын құраушылар, бірыңғай топқа біріктіруге болады. Кәсіпорын қаржыларынан бәсекелестікке қабілетті өнім пайда болады және оларды нарықтарға бөлістіру жүзеге асады. Кез-келген кәсіпорынның қаржыларын басқару жалпы басқарудың бір элементі ретінде қарастырылады. Корпоративтік құрылымда қаржыны басқару рөлі жоғарлайды, сол сияқты кәсіпорын қаржысын басқарудан тбасқа топтардан шоғырланған ақша қорын басқара білу қажет. [3]
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды дұрыс басқара білу кәсіпорынның қаржылық ресурсын тиімді басқаруды ұсынады. Бұл жағдайда қаржылық ресурстарды тиімді басқару жоғарлайды, сол себептен негізгі және айналым капиталының тиімді жұмыс жасауы, жұмыс күшінің тұрақтануы, кәсіпорынның қаржылық жағдайы да соған байланысты жасақталады. Бір жағынан кәсіпорын қаржысын басқаруды үйрену, әр түрлі сала бойынша экономиканы қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қаржысын басқаруда өзге жолды ұсынуға болады
Е с к е р т у - [3] негізінде автормен құрастырылған
Сурет 2. Кәсіпорын қаржыларын басқару әдісі
2 Суреттен көріп отырғандай кәсіпорын қаржысын басқаруда екі негізгі элементті бөліп көрсетілген, біріншісі - ішкі бөлімшелер көмегімен қаржын басқаруды, ал екіншісі басқа кәсіпорындардың көмегімен тартылаты қаржылық ресурстарды басқару көрсетілген. [4]
Ішкі қаржылық басқару ішкі бөлімшелер жұмысынан экономикалық тиімділікті көрсетеді. Бұл шығындарды азайту және өндірістік емес төлемдер және төлеу уақытын өзгерту, шикізатты алуда қосымша төмен бағалар, өнімге шығындарды төмендету. Екінші типтегі басқару кәсіпорынның стратегиялық дамуына әкеледі. Бұл жағдайда маңызды элементтер инвестицияны уақтылы бағалауға, акцияны сату, мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік капиталынан, қаржылық салымдар табыстарынан тұрады. Аталған сәйкестік кәсіпорында іс жүзінде қаржылық служба құрылымын құрғанда пайдаланылады. Кез-келген экономикалық жүйеде қаржыны басқару процессі басқарушы және басқарылатын жүйелерден тұрады (сурет 2).
Сурет 2. Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесінің жұмыс істеу құрылымы
2 Суреттен көріп отырғандай басқару объектісінің негізгісі болып адамдар емес, ақпараттар мен ақша ағымдары болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық ресурстарды пайдалану мен басқару, шығындар элементі болып табылатын кәсіпорынның бизнес операцияларын жасақтау қаржылық механизмен жүзеге асады. Оның негізінде өндіріске кеткен қаржылық шығындар деңгейін бақылау. Қаржылық есеп басқару механизмі тәрізді қаржылық шығынар және кәсіпорын қызметі мен бөлек бөлімшелердің қызметі нәтижелерінен жасақталады, оған қоса қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға әсер етеді. [5]
Бәсекелестік туындағанда қаржылық есеп кәсіпорынның ішкі қайшылықтарын жояды. Негізгі қайшылықтардың бірі болып, оперативтік басқару болып табылады: жоспарлау-есеп-талдау. Нарықтық экономикадағы
жоспарлау нарықтағы статистикалық әдістерді зерттеу негізінде жүзеге асады. Қаржыны басқаруда маңызды нұсқалардың бірі болып, пайдалылық көрсеткіші болмақ. Басқарудың тиімділігі кәсіпорынның пайдалылық көрсеткішіне қарай анықталуы дұрыс емес. Біріншіден құрылымдық бөлімшелер әу бастан минималды жоспарланған тапсырмаларды алуға ұмтылады. Екіншіден пайдалылық көрсеткіші нарықтағы сұранысты қанағаттандырмайды және бөлек өндірістік бөлімшелердің салымын қарастырмайды, тек ғана пайда мен шығындарды реттеп отырады. Үшіншіден бұндай басқару бөлімшелердің мотивациясын төмендетеді. Бәсекелтіктің күшеюі кәсіпорындардың сыртқы жағдайын өзгертеді, қаржылық басқару механизмін одан әрі күшейте түседі. Сонымен қатар қаржылық мехнизм негізіне статистикалық әдістер ғана емес, алкәсіпорынның қаржылық жоспары нарықтық ортаға сай жасақталуы тиіс. Қаржыларды басқару кез-келген кәсіпорында жүзеге асуы тиіс. Қаржыны басқару қаржылық талдау ақша қаражаттарын жоспарлау, есеппен, бақылау және реттеумен жүзеге асуы тиіс. Қаржыны басқару жүйесі бизнесті дамытуда қосымша ресурс болмақ. [6]

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің осы уақытқа дейін ешқандай мағынасы болмаған.Оның жұмыстары қатаң белгілі бір формалар мен есеп айырысулар және элементарлы қаржылық жоспар мен есеп берулерді құруға бағытталған болатын.Қаржылық жұмыстар бухгалтерия бөлімінің шеңберінде бір қызметімен бірлескен болатын.Әрине екі әртүрлі кәсіптің арасында тығыз байланыс бар: бухгалтер берілген трансакциялардың ашалай мағынасын тіркеп, қорытынды бухгалтерлік баланс құжатына енгізеді; қаржыгер көптеген белгісіздердің арасынан осының мағынасын қалыптастырады.
Басшы немесе қаржылық менеджердің жұмысы белгісіздік жағдайда шншім қабылдаумен байланысты, бұл шығармашылық қасиетті, жоғары тәуекелге бару және тәуекел деңгейін бағалауды, сыртқы ортада жаңашылдықты қабылдай білуді қажет етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы және де оның кадрлық құрамы кәсіпорын қызмет түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі тәсілдерімен құрылуы мүмкін.Ірі компанияларға арнайы қаржы директорын тағайындау тән.Шағын кәсіпорындарда қаржы менеджер қызметін бірінші басшы немесе бас бухгалтер атқарады.
Қаржы менеджер қызметі негізіне төрт негізгі функциялар кіреді: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау.Осы функциялардың қосымша объектісі болып қаржылық кәсіпорындар, ал ынталандыру объектісі болып менеджердің өзі табылады.
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметі көптеген факторлармен анықталады.Осы факторлар объективті, кәсіпорынға тәуелді емес және басқарушы команда жағынан бақыланатын ішкі болып негізгі топқа бөлінеді.Бүкіл осы факторлардың әсер етуі жан-жақты бағытта болады, сондықтан фирма басшылығы қызметінің негізгі мотиві болып мүмкін болатын өзгерістерді алдын ала болжау мен барлық мүмкіншіліктерді қолдану табылады[5,24б].
Нарықтық экономикада кәсіпорын қызметінің үш негізгі мақсаты бөліп көрсетеді: 1)тіршілік; 2)пайда алу; 3)фирма дамуындағы экономикалық өсу.Қаржылық контексте бұл мақсаттар:1)кәсіпорын шаруашылық жүргізуші бірлестік ретінде тіршілік етуіне қажетті шарт-қаржылыққа тұрақтылық; 2)рентабелділік; 3)экономикалық өсу.
Осыған орай кәсіпрынның қаржылық тұрақтылығына жетудің бірінші кезекті мәселесі болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық түсінігі кәсіпорын қызметіндегі тұлғалар топтарының әртүрлі пікірлермен түсіндіріледі, акционерлерді көбінесе кәсіпорынның керекті табыс табу қабілеті қызықтырады, егерде меншік иесі мен басшылардың функцияларын бөлетін болса, онда кәсіпорын қызметіне аз көңіл бөледі.Несие берушілер кәсіпорынға берілген қаражаттарды уақытында қайтару бойынша сұрақтарға көп көңіл бөледі.Фирманың қаржылық жағдайының өзгерістерімен көбінесе басқарушы персонал топтары айналысады.Олар кәсіпорын қызметін көптеген ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындағы басшылық қызметі өте әрқилы болады және де олар күнделікті көптеген әртүрлі сипаттағы шешімдер қабылдайды.Дегенмен, кез келген басқару шешімдері қаржылық ресурстардың өзгеруіне алып келеді - персонал жұмысының қысқаруы мен жұмысқа қабылдау туралы шешімдерге қатысты ма, әлде өндіріс көлемінің ұлғаюы туралы шешімдерге қатысты ма, немесе керісінше, сұранысы жоқ өнімдерді шығару ма... Бұл жерде кері байланыс байқалады:кез келген басқару шешімдерін қабылдау мен оны іске асыру мүмкіншілігі кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен меншіктенушінің қарыз қаражаттар көлеміне байланысты шектеледі.Осы шектеулерге байланысты кәспорынның қайта ұйымдастырылуы немесе жабылуына дейін жағдайы нашарлауы мүмкін.
Алайда, кәсіпорында қаржылық ресурстардың белгілі бір резервтік қоры болуы керек.Олар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру, сондай-ақ, оның күнделікті және ағымдағы міндеттерін орындау үшін қажет.Кәсіпорын активтерін тиімді пайдалану мүмкіншіліктері мен ресурстардың резервтік қорын қалыптастыруға бірқатар факторлар әсерін тигізеді - тұтастай экономика мен әлемдік экономика тенденциялары.
Нарықтық экономикадағы кез келген кәсіпорын, оның қызметінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, басқару шешімдердің көмегімен іске асатын ақша қаражаттар қозғалысы мен қаржылық қатынастар жүйесі ретінде сипатталуы мүмкін.Бұл тәсіл 90 жылдарда ерекше мәнге ие болатын,сондай-ақ фирманың акционерлік құнын құру концепциясы ретінде қолданылған.Акционерлік құнды құру инвесторлар күткен ақша қаражаттар ағынынан көп болуына байланысты.Сәйкесінше, кәсіпорын ойдағыдай басқарылатын жүйе ретінде болашақта да оң ақша ағынын әкеледі.
Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері - міндеттемелер мен капитал сипатталады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.
Кез келген ғылыми жұмыс зерттеу пәнінің қалыптасу және даму тарихын зерттеуден, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою мен оны шешудің әртүрлі пікірлері мен тәсілдері келтірілген арнайы әдебиет пен кезеңдік басылымдармен танысудан басталады.
Қаржы ресурстары мен капитал түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.
Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып отырған категорияларды талқылаудың біріңғай жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы орайда біз қаржы ресурстарының анықтамасын әртүрлі позицияда бағалап көреміз. Онда біз осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға тоқталамыз.
Қаржы ресурстары категориясына бір мәнді және негізделген талқылама жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы ресурстарына тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы олардың ролін, қызметтерін анықтауды білдіреді.
Қаржы ресурстары категориясын қарастыру кезінде критерийлердің негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми әдістемелік тәсілі кездеседі.
Бірқатар экономистер қаржы ресурстарын анықтау кезінде негізгі кезең ретінде олардың айналыс шегін немесе нақтырақ айтқан кезде - олар объектісі болып саналатын, басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына: мемлекеттің жалпы қаржы ресурстарын, кәсіпорын мен мекемемелердің қаржы ресурстарын және т.б. жатқызуға болады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері ретінде олардың өмір сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
1. қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
2. мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары
3. кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
4. қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
5. қаржы ресурстарының сақталуы;
Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген элменттерінің қатынасын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.
Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері (облигациялық заемдардан басқа); басқа заңды қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары).
Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен шығындармен шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналдық тұрғын үй, жолаушылар транспорты, ауыл шаруашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Қаржылық жоспарлау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.
Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін.
* Бюджет экономикалық болжау ретінде.
* Бюджет бақылау негізі ретінде
* Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі.
* Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді (жоспарларды) құру бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлімшелерде болашақта жасалуы мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.
Кәсіпорындарда қаржылық ресурстарды жоспарлау туралы әдебиеттерде бюджеттерді (жоспар) құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі сызбасын ерекшелейді: break-down тәсілі бойынша (жоғарыдан төменге) және build-up (төменнен жоғарыға).
Break-down тәсілі бойынша бюджетті құру бойынша жұмыстар жоғарыдан басталады, яғни кәсіпорынның басшылығы мақсаттар мен тапсырмаларды, оның ішінде пайда бойынша жоспарлы көрсеткіштерді анықтайды. Осыдан кейін көрсеткіштер бөлшекті түрде, кәсіпорынның құрылымының төменгі деңгейлеріне қозғалуы дәрежесіне байланысты бөлімшелердің жоспарларына қосылады. Build-up тәсілінде керісінше. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген өткізу бөлімшелері бастайды және осыдан кейін кәсіпорынның өткізу бөлімінің басшысы осы көрсеткіштерді біріңғай бюджетке (жоспарға) жинақтайды, ал ол осыдан кейін кәсіпорынның жалпы бюджетінің (жоспарының) құрамдас бөлігі болуы мүмкін.
Break-down және build-up тәсілдері екі қарама-қарсы тенденцияны көрсетеді. Тәжірибеде осы тәсілдердің тек біреуін ғана пайдаланған дұрыс. Бюджетті жоспарлау мен құрастыру әртүрлі бөлімшелердің бюджеттерін координациялауды үнемі жүзеге асыруды қажет ететін ағымды процесс.
Кәсіпорын жоспарлау мен бақылауды негізгі екі экономикалық облыста жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның қызметінің пайдалылығы (тімділігі) мен қаржылық жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет (жоспар) пен қаржылық жоспар (бюджет) ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементтері болып табылады.
Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, сонымен қатар ең төменгі бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны ұсына алатын банкті табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын мақсаттармен салыстыру, әртүрлі қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана банк займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге болмайды. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері ретінде олардың өмір сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән.

1) қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
2) мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары
3) кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
4) қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
5) қаржы ресурстарының сақталуы;
Қаржы ресурстарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz