Қаңлы мемлекеті



Қазақтың шежірелік жылнамаларына сәйкес Қаңлы - ұлы жүздің ежелгі және белгілі руларының бірі. Шежірешілер Қаңлыны Шыңғысханның серіктестерінің бірі Майқы биден таратады. Бірақ тарихи куәліктер Қаңлы руының шығу тегіне байланысты шежірелік жылнамаларға қарағанда, біршама басқаша сөйлейді. Махмуд Қашқаридың "Түркі тілдерінің лұғаты" жинағында:"Қыпшақ бірлестіктерінің (тайпа) тамаша руларының бірі Қаңлы болды",- делінген. Тасқа жазылған ертедегі түріктік орхон-енисей сына жазуларында тәңір түріктерінің көсемдері Қаңлы туралы былайша бағалайды:"Қаңлы ата бізге келді", бұл Түрік қағанаты кезінде қаңлы руының маңызы туралы баяндайды. Сондықтан қазақ халқында осы уақытқа дейін:"Құрметтелетін халықта Қаңлы бар", "Қаңлыдан хан сайлайды", "Қаңлы бар жерде басқа хан болмайды" деген сөз бар. Белгілі ғалым және ақын Шәкерім қажы "Түріктердің, қырғыздардың және қазақтардың шежіресі" кітабында қаңлы туралы былай деп жазады:"Олардың (қаңлылардың) бұрынғы уақыттарда бектері көп болған. Стамбулда қаңлы руынан шыққан көптеген Осман түріктері тұрады".
Қаңлы тарихы б.д.дейінгі 4 ғасырдан белгілі, онда олар Кангха халқы ретінде жазылған. Ал ертедегі қытай құжаттары " Хан әулетінің кітабында" қаңлы "Кан жуй" деп тіркелген, ал бұл жазулар б.д. дейінгі 2 ғасырдың екінші жартысына жатады. Ертедегі дәуірлер туралы қытай кітаптарында "Кан жуй гую - Қаңлы мемлекеті" деп айқын көрсетілген. Басқа қытай кітаптарында қаңлы "Кан, Кангла, Кангуй, кангар, кенгерес" ретінде бейнеленген.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қаңлы мемлекеті

Қазақтың шежірелік жылнамаларына сәйкес Қаңлы - ұлы жүздің ежелгі және
белгілі руларының бірі. Шежірешілер Қаңлыны Шыңғысханның серіктестерінің
бірі Майқы биден таратады. Бірақ тарихи куәліктер Қаңлы руының шығу тегіне
байланысты шежірелік жылнамаларға қарағанда, біршама басқаша сөйлейді.
Махмуд Қашқаридың "Түркі тілдерінің лұғаты" жинағында:"Қыпшақ
бірлестіктерінің (тайпа) тамаша руларының бірі Қаңлы болды",- делінген.
Тасқа жазылған ертедегі түріктік орхон-енисей сына жазуларында тәңір
түріктерінің көсемдері Қаңлы туралы былайша бағалайды:"Қаңлы ата бізге
келді", бұл Түрік қағанаты кезінде қаңлы руының маңызы туралы баяндайды.
Сондықтан қазақ халқында осы уақытқа дейін:"Құрметтелетін халықта Қаңлы
бар", "Қаңлыдан хан сайлайды", "Қаңлы бар жерде басқа хан болмайды" деген
сөз бар. Белгілі ғалым және ақын Шәкерім қажы "Түріктердің, қырғыздардың
және қазақтардың шежіресі" кітабында қаңлы туралы былай деп жазады:"Олардың
(қаңлылардың) бұрынғы уақыттарда бектері көп болған. Стамбулда қаңлы руынан
шыққан көптеген Осман түріктері тұрады".

Қаңлы тарихы б.д.дейінгі 4 ғасырдан белгілі, онда олар Кангха халқы ретінде
жазылған. Ал ертедегі қытай құжаттары " Хан әулетінің кітабында" қаңлы "Кан
жуй" деп тіркелген, ал бұл жазулар б.д. дейінгі 2 ғасырдың екінші жартысына
жатады. Ертедегі дәуірлер туралы қытай кітаптарында "Кан жуй гую - Қаңлы
мемлекеті" деп айқын көрсетілген. Басқа қытай кітаптарында қаңлы "Кан,
Кангла, Кангуй, кангар, кенгерес" ретінде бейнеленген. Сонымен, б.д.дейінгі
3-1 ғасырларда қаңлы Сырдария, Шу өзендерінің алқаптарында, Қаратау
тауларында өмір сүрген деген қорытынды шығаруға болады. Сол уақыттарда олар
шығысында үйсіндермен, батысында аландармен, оңтүстігінде Ферғанамен
шектеседі. Сол "Хан әулетінің кітабында": "Хан қыстау-астанасы Люенйдиде
болды, кейінірек Бйтян қаласына көшірілді. Егер Люенйдиден шығып, атпен 7
күн жүрсек, онда ханның Бйтяндағы жазғы астанасына келесің. Түтін саны 120
мың, адам саны 600000, әскері 20000, салт-дәстүрлері, мінез-құлықтары ұлы
юечжилерге ұқсас. Шығыс бөлігі ғұндарға бағынады",- делінген. Сонда Қаңлы
мемлекеті бектерге бағындырылған бес облысқа бөлінетіндігі айтылған.

Қанглы (Қаңлы) этнонимі туралы индо-еуропалық тілдерде "Қаңлы" сөзі "су",
"өзен", "өзеннің ағысы" деген мағына беретінін айтуға болады. Түрік
тілдерінде "Кан", "Кең" - жазықтық, кеңістік дегенді білдіреді. Бұл сөздің
бастапқы мағынасы ¤зен атауы сияқты, яғни қаңлы халқы алқабында өмір сүрген
Сырдария өзенін меңзеп тұр. Ертедегі қытайлар ғұн бегі тұрған жерді бір
кездерде Лули деп атады, яғни Кең су (енді, кең су) деді, бұл қытайша Гунь
болады. Қанглы (Қаңлы) халқы дәл Сырдарияның өзінде тұрғандықтан, бұл сөз
халықтың этнониміне, оның өз атауына айналды, соған сәйкес мемлекет те
Қаңглы мемлекеті атанды.

Қанглы (Қаңлы) этнонимі қытай кітаптары мен жылнамаларында ғана емес,
сонымен бірге парсылық "Авестада" "Кангха", Орхон-Енисей сына жазуларында
таста "Кану-Тарбан", ежелгі грек географы және тарихшысы Птоломейде
"Канагай" деп кездеседі, Фирдоусидің "Шахнамесінде" Туран мемлекетінің
астанасы Кан қаласы болып табылады" делінген. Сонымен, біз Кан-Кен сөзі
"Кан өзенінің жағалауында тұратын халық", "өзен халқы" дегенді білдіреді
деп қорытынды шығара аламыз.

Қанглы (Кангюи-Кан жуй) ертедегі уақыттарда-ақ (б.д.дейінгі 3-1
жүзжылдықтар) көрші елдермен және халықтармен, юечжилермен және Кушандармен
(юечжилердің өздері Бактрияда құрған мемлекет) тығыз байланыста болған.
Қаңлы мемлекетінің күшті болғаны соншалықты, сол кездері Хан әулеті билеген
тіптен ежелгі ұлы Қытайды мойындамаған. Қаңлы халқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі қаңлылар
Ежелгі Қаңлылар мемлекеті
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Қаңлылар жайында
Ғұндардың арғы атасы
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Қаңлы тайпалық бірлестігі
Арғы түркі - Түркі - Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы
Ғұндар Саяси тарихы
Пәндер