Тараз - саудагерлер қаласы


Тараз - саудагерлер қаласы
Тараз (Ертедегі Отырар) ортағасырлық Қазақстанның ең ірі ғана емес, сонымен бірге ең ертедегі қалаларының бірі. Ол туралы жанама деректер б. д. дейінгі І ғасырдың ортасынан белгілі жєне ол ежелгі халықтар хұндар мен қанғұйлардың өзара қарым-қатынастарының бір оқиғасына байланысты. Соңғысы б. д. дейінгі 2 ғ. - б. д. дейінгі 3 ғ. Қангүйлер мемлекетіне біріктірілді, бұл біздің еліміздің аумағындағы ертедегі мемлекеттердің бірі болатын. Қангүйдің астанасы Битянь қаласы Сырдарияда, дєлірек айтсақ, Отырар алқабы аудандарында болды. Қытай көздері хабарлаған оқиға Талас жағасында ғұн шаньюі (жетекшісі) Чжичжидің ордасын қангүйлер мен оларға көмекке келген қытай єскерлерінің қоршауға алуына байланысты .
Осы деректер бойынша топшыласақ, сол кездің өзінде-ақ Талас алқабында елді мекендер мен қалалар болған. Мұны Тараз біздің дєуіріміздің І мыңжылдығының басында пайда болғанын көрсеткен археологиялық материалдар да растады. Тараз туралы бірінші нақты еске алулар византиялық түпнұсқаларда бар жєне ол б. д. 568 жылына жатады. Міне, дєл осы кезде Византия батыс түріктермен шарт жасасуға талпынады, осы мақсатты император Юстин ІІ түрік қағаны Дизабулдың ордасына Земарх бастаған елшілікті аттандырады. Византия тарихшысы Менандраның сыйпаттауынша, өзінің сапары кезінде Земарх Талас қаласында болады жєне одан онша қашықта емес түрік қағанының ордасында қабылданады .
Кейін Тараз (Талас) туралы барлығы дерлік, ортағасырлық географтар, тарихшылар, саяхатшылар жазады жєне бұл таңданарлық емес еді, өйткені қала ¦лы Жібек жолында орталық жағдайлардың біріне ие болды. Сондықтан да Таразды сыйпаттағанда, авторлар ең алдымен оның саудалық маңызын атап көрсетуі тегін емес. Мысалы, қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь былай деп жазады: "Талас шеңберінде 8-ден 9-ға дейін ли болады. Мұнда көптеген елдерден келген саудагерлер тоқтайды жєне сан алуан тауарлармен сауда жасайды".
Ибн Хаукаль үш ғасыр өткеннен кейін тағы соны хабарлайды: "Тараз - мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын орны". Ал Максиди былай деп жазады: "Тараз - көптеген бау-бағы бар, үлкен бекіністі, халық тығыз орналасқан қала, оның орлары, төрт қақпасы жєне мекендейтін рабады бар. Қала қақпасының алдында үлкен өзен ағып жатыр, қаланың бір бөлігі өзеннің арғы бетінде. өзен арқылы жол өтеді, жиналатын мешіт базардың ортасында". Тараздың орталығы, оның ескі бөлігі, цитадель (қамал) болып табылды. Қаланың неғұрлым нығайтылған бөлігіне билеуші адамның резиденциясы орналасты. Цитадельге шахристан деп аталатын қабырғамен қоршалған қала аумағы жанасып жатты. Бұл жерде ақсүйектердің, бай саудагерлердің, қолөнершілердің үйлері орналасты, мұнда сауда дүкендері болды. Шахристан қабырғаларына барлық жағынан сауда-қолөнершілік мекендер - рабадтар жайғасты. Оларда қол өнер шеберханалары, шеберлердің үйлері, сондай-ақ қала кедейлерінің баспанасы орналасты .
Ол кезде Тараз үлкен мєдени аймақтың орталығы болды. Тараздан басқа мұнда ондаған ірі-ұсақты қалалар, селендер, жеке мекендер жєне бекіністер енді. Қазіргі кезде олардың тек жайылып кеткен орындары - төбешіктер қалды.
Солтүстікте Таразға бєрінен жақын Дох-Нуджикес қаласы орналасты. Ол туралы Х ғасырда Макдиси: "Дох Нуджикес шағын қала, онда көктемде үш ай жұмыс істейтін базар бар, сүйексіз ет дирхеміне төрт манадан (сатылады) . Онда құрылыстар көп, ол нығайтылған жєне цитаделі бар", - деп жазды. Таразға жақын ірі қалалардың ішінде Атлах, Жұмақат, Қасрибас болды. Қараханидтер єулеті Қазақстан мен Орта Азияны билеген 11-12 ғасырларда Тараз өзінің гүлдену шегіне жетеді. Сол кезде ол бір жеке иеліктің астанасына айналады. Оның саяси дербестігі мен округтің автономдығы ең алдымен тараздық төрелердің атынан тиындарды жергілікті соғуынан көрінді. Ал қаланың маңызы мен құдіреттілігі мынадай куєландырылған тарихи фактіден көрінеді: 11 ғ. басында тараздық иеленуші Туғанханға Самарқан мен Қашғар билеушілері бағынды.
Осы кездің қала қатпарларын археологиялық қазулар кезінде Тараздың мєдени-экономикалық өрлеуін жарқын сыйпаттайтын көптеген олжаларды кезіктірді.
Тараздың шығыс бөлігінен археологтер су құбыры учаскесін ашты. Саз балшықтан жасалған түтіктер саз балшықты құбырларға қосылған. Су құбыры Талас өзеніне "қосылған", оның екпінді ағысының қысымымен су қаланың барлық шетіне берілді .
Қараханидтер тұсында Таразда жєне оның төңірегінде тамаша мавзолейлердің тұтас қатары салынды, солардың ішінен бізге жеткені-екеу. Олар - Айша бибі мен Бабаджи-қатын мавзолейлері. Оларды уақыт қатты бүліндірсе де, біз ертедегі сєулеткерлердің мєңгілік өнеріне сүйсіне аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz