Тарихқа дейінгі уақыт Қазақстанның тас ғасыры


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тарихқа дейінгі уақыт Қазақстанның тас ғасыры

Біз кімбіз және қайданбыз - қайсымызды ынтықтырмады бұл сұрақ. Біздің арғы аталарымыз қайдан шықты және олар қалай өмір сүрді? Олар Қазақстан аумағына қашан қоныстанды және ол қалай жүзеге асты ?

Тарихтың аса ертедегі кезеңін палеолит деп атайды. Ол шамамен 2, 6 млн. жылды қамтыды және ол бұдан 10 мың жыл бұрын аяқталды. Зерттеушілердің көпшілігі палеолитті ерте және кейінгі деп бөледі. Ерте палеолитті архантроптардың және палеонтроптардың тіршілік еткен уақыты. Осы ұзақ кезеңде бірнеше археологиялық дәуір (олдувэйлік, ашельдік, мустьерлік) алмасты және материалдық мәдениет едәуір дамыды. Кейінгі палеолит - Homo sapiens тіршілік еткен уақыт, оған осы заманғы адамзат жатады. Жоғарғы палеолиттің (30-40 мыңға жуық) қысқа ғана созылғанына қарамастан, адамзат осы уақыт ішінде үлкен жолдан өтті.

Қазақстан аумағында әзірге палеолиттік адамның сүйек қалдықтары табылған жоқ. Алайда бұл миллион жылдар бұрын адамдар аумақта болған жоқ дегенді білдірмейді. Бұған Қазақстанның көптеген аймақтарында - Қызылтауда, Борықазғанда, Шақпақатада, Семізбұғыда және басқа жерлерде анықталған қоныстар дәлел бола алады.

Бүкіл тас ғасырының барысында еңбек құралдарын дайындауда басымдылық тасқа берілген. Тас бұйымдар түрлері мен сыйпатты типтеріне қарай шапқы, қырғыш, түйреуіш, соққы, бұрғы, пышақ, тескіш және басқалары болып бөлінеді. Алғашқы қауымның ертедегі тарихты зерттеуші археологтардың міндеті де тасты сөйлету, олардан барынша ақпарат алу, өйткені тек тас қана адамзаттың алыстағы өткенінің куәсі болып табылады.

Төменгі палеолитте (б. д. дейінгі 2, 5 млн. жыл - 10 мың жыл) тасты сындыру үшін адам басқа тасты пайдаланды, оларды бір-біріне әтейі ұрғылады. Мұндай техника "жарып түсіру" техникасы немесе "малтатас мәдениеті" деген атқа ие болды, өйткені шикізат материалы ретінде көбіне өзен малтатастары пайдаланылған. . Кейін жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін соққыштар пайда болды. Көбіне олар сырты қотыр-қожырлы цилиндрлі немесе жұмыр түрінде болып келді. . Оңтүстік

Тас ғасырының келесі кезеңі - 10 мың жылдықтан басталып, б. д. дейінгі 5500 жылы аяқталған мезолит. Және де тас ғасыры б. д. дейінгі 5500 жылдан 3000 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтитын неолитпен аяқталды.

Қазақстанда (Қаратау қыраты) табылған құралдар жоғарыда аталған техникамен өңделген. Тастың екі жағына бірдей өңдеу ниетімен соққылар беріліп отырған және осылайша тас шеті кедірлене үшкірленеді. . Борықазған, Қызылтау және басқа қоныстарында кездесетін дайындалған құралдардың кейде шапқыш ретінде пайдаланылғанын көрсетеді.

Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан - Батпақтан, Жаман - Айбаттан, Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігі - Құдайкөлден табылды. Құралдардың арасынан тастың екі жағынан өңделген құралдарды, жануарлар терілерін илеуге және ағаш өңдеуге арналған қырнауыштарды, сондай-ақ сындырғыштар мен қалақтар жарылып алынған толып жатқан нуклеустер-домалақ тастарды атауға болады.

Батыс Қазақстанда осы уақыттың көрнекті ескерткіштері Шақпақата, ¤нежек кешендері болып табылады. Тас бұйымдарының ішінен нуклеустер, қырнауыштар, бифастар, найза ұштары және леваллуа шапқыштары ерекшеленеді. Зерттеулер нәтижелері тас өңдеудегі техника дамуының эволюциясын байқауға мүмкіндік береді.

Келесі - мустье кезеңінде тас өңдеудің өзге

тәсілі пайда болды. . Бұл Ш. Уәлиханов атындағы тұрақтың материалдарында жақсы байқалады. . Ол 6 мәдени қатпардан тұрады, бұл жерден көптеген тас бұйымдары, оттың орындары мен ошақтар, жылқылардың, қодастардың, қасиетті бұғылардың және ақбөкендердің сүйектері табылды. . Мәдени қатпарлары бүлінбеген күйінде жатқан бұл Қазақстан аумағындағы жалғыз тұрақ болып табылады. Тереңде (2, 30-6, 50 м. ) жатқанына қармастан, еңбек құралдарын жасау ісмерханасын табу және адамдар мұнда ұзақ уақыт бойы, шын мәнінде мустьеден жоғары палеолитке дейін үздіксіз тұрғанын анықтау мүмкіндігі табылды. .

Мустье кезеңінің жаңа ескерткіштері соңғы жылдары Орталық Қазақстанда - ¤гізтау 1 және 2, ‡лкен Ақмая тұрақтарында табылды. Табылған балталар, қырнауыштар, оймалы құралдар және нуклеустер жергілікті шикізат - сұр кварцтен дайындалған.

Кейінгі дәуір - жоғарғы палеолитте (б. д. дейінгі 10 мың жыл - 5500 жыл) тас құралдарын өңдеу жетілдіріле түскен. Домалақ тастардан жұқа қалақшалар жару керек болды. Олар көбіне сүйек пен ағаш саптарға сына ретінде қағылды, содан кейін олар пышақ пен қырғыш ретінде пайдаланылды. Жұқа жүзді құралдар, мәселен, сүңгі, найза ұштарын жасауға мүмкіндік бергенқысқыш техника кеңінен қолданылған. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихқа дейінгі адам эволюциясы
Адамзаттың тарихқа дейінгі тарихы
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсына кіріспе, кезеңделуі мен хронологиялық шеңберін құру
Археология ғылымы. Археологиялық ескерткіштер түрлері
Археология ғылымы
Кеңес тарихшыларының қазақ тарихын кезеңдеуі
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Батыс европа археологиясы
Тас дәуірінің кезеңдері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін оқытудың мәні мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz