Тәңірге құлшылдық немесе біздің ата-бабаларымыз неліктен тәңірге сиынды


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тәңірге құлшылдық немесе біздің ата-бабаларымыз неліктен тәңірге сиынды

Біздердің көпшілігіміз жаңа туған айды көрген аталарымыз бен әжелеріміздің екі қолын кеудесіне басып, үш рет қайталап, оған сәлем беріп жатқанына талай рет назар аударған болармыз, сірә. Сондағы айтар сөздері былайша:

Бісмілла!

Ай көрдік, аман көрдік,

Ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа! - деп, басталады да:

"Құдай, өзің жарылқай гөр, жақсылығыңды аяма! Аллау акпар!"- дегенді қосып қояды да, өз істерімен одан әрі айналыса береді. Біздерге алыс уақыт тереңінен жеткен "сәлем беру" әдеттен тыс көрініс болса да, оның астарында және осылайша айту әдет-ғұрпында терең, өзінің ұзақ тарихы бар мән жатыр.

Бұл сәлемдесуге кемінде үш-төрт мың жыл. Ертедегі сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, көк түріктер, түркештер, ұйғырлар, қарлұқтар бір дінге, бір құдайға - Тәңірге (Аспанға) табынды. Тек ұйғырлар аз ғана уақыт аралығында ерте христиандықтың бір түрі манихейлікті ұстанды, кейінірек Тәңірге табынуға қайта оралды. Ежелгі уақыттардан түріктер тәңірге табынушылар еді. Тәңірге табынушылықта көк аспан, ашық күн, жарық ай ең қасиетті, құдыретті деп есептеледі. Аспан немесе Күн-Тәңір барлық мәндінің бәрінің жаратушысы, құдыретті иесі деп саналады, ал мемлекетті басқарушы, қаған - елдегі жоғары лауазымды адамға аспан құрметтеген (Тәңірқұты) құдырет ретінде табынды. Сондықтан ғұндар көсемдері туралы: "Ол аспан мен жерден, күн мен айдан жаралған оны таққа отырғызды, ол ғұндардың (Тәңірқұты) ұлы, әрі құдыретті басқарушысы, -делінген" ( "Хан әулетінің кітабы", 96 "А") . ‡йсіндерде көсемдерін Күнби деп атады, мұнда құдырет немесе аспандық мән бар. Таста қашалған ерте түрік жазуларының біздерге жеткен Орхон-Енисей ескерткіштерінде бұл туралы былай деп жазылады: "Жоғарыда аспан пайда болғанда, төменде қара жер көрінді, ал олардың арасында адамзат балалары туындады". Бұл жазулардан таққа ие болу, басқарушы мен халықтың әл-ауқаты Тәңірге деген сенімге сүйенеді деген айқын аңғарылады және де дін мен мемлекеттік саясат қол ұстасып, ажырамай жүрді, екеуі бірге ел мен халықты басқарудың құралы болды. Билеушілердің өздері де, алдымен Тәңірдің (Аспанның) қолдауының, құдырет күшінің арқасында, содан кейін жеке артықшылықтары мен сәттіліктің нәтижесінде олар таққа отырдық, қаған атандық және халықты биледік деп санады. Сондықтан да біздердің ата-бабаларымыз Аспан мен Тәңірді қасиеттеп, тең мәнді тұлғалар санады, сонымен бірге жерлік бастау мен құнарлылықты кейіптеуші ұмай жері ерекше қастерленді және сулар, таулар солардың атымен аталғанын байқауға болады. . Ғұндар мен үйсіндер биік, құдыретті тауларды мекендеді, Чиляншан деп аталатын етектері де Тәңір тауларына лайық делінді. Тянь-Шань, Тәңір таулары деген қытай атаулары ғұндардан қалған атаулар, өйткені Тянь дегеніңіз Тәңір деген сөз.

Біздер, қазақ халқы, үшін де аспан құдайдай қасиетті. Аспан - оның көктігі мен тазалығы - жастық пен көктемнің, берекенің, тәуелсіздік пен бостандықтың белгісі. Тәуелсіз және егеменді Қазақстанның туы мен басқа да мемлекеттік рәміздерінің көкшіл, аспан түстес болуы кездейсоқ емес, бұл ғасырлар тереңінен келе жатқан дәстүр, оған мың-мыңдаған жыл.

Біздердің әкелеріміз, аталарымыз және бабаларымыз өмірінің көпшілік бөлігін ат үстінде, биік көк аспан астында өткізді, олар жылқы тұяғының дүбірі арқылы жерге құлақ түрді. Тамағын төрт аяқты малдан алды, ал жүрегі мен жанын аспан толықтырды, шексіз аспан әлемі олардың рухани азығы болды, кең дала көлемімен аспанға теңелді, сондай-ақ биікке, аспанға ұмтылған таулардың биік төбелері аспанға сәйкестенді.

Табиғаттың кез-келген құбылысына ат берген ертедегі малшылар ең алдымен оның сыртқы түріне, кейпіне, түсіне және бояуына, табиғаттағы орнына назар аударды. Бірде-бір зат көшпендінің көзінен сырт қала алмады. Ол алдын да, артын да жіті қадағалады. Түріктер аспанды тек құдырет деп қана қоймай, оны сүйді, оған сүйсінді, сонымен бірге одан қорықты, сақтанды. Бұған себеп Күн жылу мен жарық беріп, сонысымен өмір сүргізді, және ол аспанмен күн сайын өтіп, сонысымен көшу үлгісін көрсетті. Түріктер табиғатта Күннен күшті ештеңе жоқ екенін түсінді.

Аттың жалы, түйенің қомындағы өркениет өмір мен өлімнің, гүлдену мен солудың бірыңғай қайталамасы ретінде күннің шығуы мен батуынан үлгі алды. Таңертең, бірінші кезекте, біздің ата-бабаларымыз күнге, оның қалай шыққанына назар аударды, сондай-ақ оңы мен солында және артында не болып жатқанын қырағы байқады. Күннің көзі үйге түсуі үшін, киіз үйдің есігі шығысқа қаратылды. Халық пен әскерді осылайша басқарды, оң және сол қанаттың бектері Шығыс пен Батысқа сәйкес болды, сол қанаттағы бек Шығыста, оң қанаттағы бек - Батыста басқарды. Сол немесе шығыстық бек қағаннан кейінгі бірінші лауазымға ие болды. Әскерлер сапар кезінде немесе шайқас үстінде осындай тәртіпті ұстанды.

Уақыт та Күн қозғалысы бойынша есептелінді. Ал Айдың аспанмен жылжуы жылдық күнтізбе негізіне алынды. Табиғаттағы өзгерістер аспан жұлдыздарының қозғалыстарымен байқалды, ал шаруашылық жұмыстары соларға қарап жүргізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дінінің қазақ қоғамындағы рөлі
Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Қазақстандағы ислам туралы ақпарат
Түркі халықтарындағы тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы тарихи, рухани сабақтастықтарды қазақ тарихы негізінде дәлелдеу
Зороастризм және қазақ халқының наным-сенімдері
«Ырқ бітіг» кітабы – көне түркілердің даналық мұрасы
Түркілердің сенім негіздері
Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz