Стандарттау мәні



Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасырдың басында өнеркәсіп революциясының басталуының негізінде пайда болған. Үлкен мөлшерде бұйымдар мен тауарларды шығаратын ірі фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы өзара ауыстырымдылықты, өнімнің бір нұсқалылығын, өлшемдік реттілікті жүргізуді талап етті.
Ресейде 1715 жылы 1 Петрдің тұсында Туланың зауыттарында қару-жарақтар өндірісіне өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара ауыстырымдылық, калибрлер).
1856 жылы Лондонда өткен реттік халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі: «кез келген шамды әрдайым шам қойғышқа диаметрі бойынша тура келетіндей етіп жасау мүмкіндігіне қол жеткізуге болады ма?» - деген сұрақ қойды.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Өзара ауыстырымылық, метрология, стандарттау және сеттификаттау курс бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Ол болашақ мамандардың жан-жақты оқып-үйренуіне, б.а. бастапқы теориялық жағдайлар саласындағы алған білімдерін басқа пәндерді оқығанда қолдануға көмектеседі.
Стандарттау метрология, және сертификаттау курсы алдында өткен материалтану және конструкциялық материалдар техпологиясы, сияқты жалпы техникалық курстарының ең шешушілерінің біреуі болады. Курс мақсаты - болашақ мамандардың жалпы техникалық стандарттаудың, жоғары дәлдікті есептерді шығару және метрологиялық қамтамасыз етудегі білім және тәжірибесін қалыптастырып шыңдайды және өзара ауыстырымдылық, метрология, стандарттау және сертификаттау теориясы негізін меңгеру, мемлекеттік стандарттау жүйесінің түсініктемелері мен анықтамаларын жүйелеу және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуындағы, техника сапасының арттырудағы рөлі. Пән керекті білім алуды қамтамасыз ету, олардың қоғамдағы рөлі мен техникалық құралдар сапасын бағалауда ойлау кеңдігін арттыруына әсер етеді.

1 СТАНДАРТТАУ МӘНІ

0.1 Стандарттаудың қысқаша даму тарихы

Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасырдың басында өнеркәсіп революциясының басталуының негізінде пайда болған. Үлкен мөлшерде бұйымдар мен тауарларды шығаратын ірі фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы өзара ауыстырымдылықты, өнімнің бір нұсқалылығын, өлшемдік реттілікті жүргізуді талап етті.
Ресейде 1715 жылы 1 Петрдің тұсында Туланың зауыттарында қару-жарақтар өндірісіне өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзара ауыстырымдылық, калибрлер).
1856 жылы Лондонда өткен реттік халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі: кез келген шамды әрдайым шам қойғышқа диаметрі бойынша тура келетіндей етіп жасау мүмкіндігіне қол жеткізуге болады ма? - деген сұрақ қойды.
1926 жылы бұрынғы КСРО елдерінде бірінші рет мемлекеттік стандарттар азық-түлік тауарларына бекітілді. Отызыншы жылдары көптеген стандарттар ет және сүт консервілері, тауық және т.б. азық-түлік өнімдерін қамтыды. Олар түтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, түздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Yenлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытының талаптарына сай өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды.
Ал 1975 жылдан бастап Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына КСРО-дан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Болгария, Венгрия, Германия Демократиялық Республикасы, Чехословакия, Монголия, Куба кірген) халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес халықаралық стандарттары енгізіле бастады.
Ірі өндірістік өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің гүлденуі мен алдағы уақытта экономикасының дамуының негізгі элементіне айналды. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін келтіруге болады. ТМД ел-дерінде теміржол бөлшегінің ені - 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда - 1435 мм. Бүл стандарттардың сәйкессіздігі казіргі таңдағы халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген киыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеледі, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен жүктердің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері болды. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 15 млн. тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөгде елдердің теміржолымен жүре алмағандықтан, жүктерді бір вагоннан келесі вагондарға көшіру немесе вагондарды өзара алмастыру орындалды.
Жақын уақыт аралығында еуропалық теміржол өлшемімен сәйкес келетін Трансқазақстандық Достық - Ақтау теміржолын салу жоспарлануда, бүл теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай - Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Әртүрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану көптеген елдердің экономикасына кең көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесі пайдаланылады, ал бүл жүйе Үлыбританияның өзінде өте аз қолданылады. 1965 жылдан бастап, Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бұйымдар алдынала бейімдеулерсіз СИ жүйесін қолданатын елдердің тұтынушыларына жарамайтын болды.
Өнеркәсіптік өндірістердің көлемінің ұлғая түсуі, ғылым және техниканың қарқынды дамуы өнімдердің бір нұсқалы болуы мен олардың бөлшектерінің өзара ауыстырымдылық қасиеттері жөніндегі проблемаларды күрделендіре түсті. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының жоғарылауына, өнімнің шығарылу көлемінің өсуіне, сату аумағының ұлғаюына әкелетін болды.
Жаһандандыру үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттаудың бұрын болмаған мәнге ие болуына себеп туғызды. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігін тудыруға болады. Әлемде интеграциялау үрдістері күшеюде. Мысалы, Еуропаның 27 елі Еуроодаққа бірікті. Дүниежүзілік сауда ұйымы қүрылды, жақын уақыт аралығында Қазақстан да осы ұйымға кіруді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда бұл бағыттағы іс-әрекеттер техникалық реттеу деп аталады. Техникалық реттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИСО халықаралық стандарттары
Стандарттау және метрология,экология, сапа, денсаулықты қорғау, еңбек қаупсіздігі
Стандарттау жүйесі
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Стандарттау объектілері
Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
М.Х. Дулати атындағы ТарМУда өткен педагогикалық практика бойынша магистранттың есебі
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Халықаралық стандарттау
Пәндер