Халықаралық стандарттау



Жалпы стандарттау бойынша бірінші халықаралық ұйым - Стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың халықаралық ассоциациясы 1926 жылы құрылған болатын, бірақ 1939 жылы соғыс басталғаннан кейін қайта тарап кетті.
Қазіргі тандағы Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымИСО (ISO) 1946 жылы 25 мемлекеттің қатысуымен қүрылған.
ИСО қызметінің аумағы электроника мен электротехникадан басқа стандарттаудың барлық салаларына қатысты. Бұл салаларда стандарттаумен Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) айналысады. Кейбір жұмыстар ИСО мен МЭК-тің бірге қатысуымен жүргізіледі.
ИСО-ның қызметі: әлемде халықаралық тауармен және қызметпен алмасуды қамтамасыз ету мақсатымен қызмет түрлері мен стандарттаудың дамуына үлес қосу, сонымен қатар ғылыми-техникалық, экономикалық, интелектуалдық салаларда әріптестік қатынастарды дамыту. Қазіргі уақытта ИСО-ның құрамында 160 ел бар, ол ұйымға Қазақстан Республикасы да кіреді. Ұйым құрамында 200-ден аса комитет бар. Штаб - пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. ИСО-ның жоғарғы басшылық органы

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІ

2.1 Халықаралық стандарттау

Жалпы стандарттау бойынша бірінші халықаралық ұйым - Стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың халықаралық ассоциациясы 1926 жылы құрылған болатын, бірақ 1939 жылы соғыс басталғаннан кейін қайта тарап кетті.
Қазіргі тандағы Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ИСО (ISO) 1946 жылы 25 мемлекеттің қатысуымен қүрылған.
ИСО қызметінің аумағы электроника мен электротехникадан басқа стандарттаудың барлық салаларына қатысты. Бұл салаларда стандарттаумен Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) айналысады. Кейбір жұмыстар ИСО мен МЭК-тің бірге қатысуымен жүргізіледі.
ИСО-ның қызметі: әлемде халықаралық тауармен және қызметпен алмасуды қамтамасыз ету мақсатымен қызмет түрлері мен стандарттаудың дамуына үлес қосу, сонымен қатар ғылыми-техникалық, экономикалық, интелектуалдық салаларда әріптестік қатынастарды дамыту. Қазіргі уақытта ИСО-ның құрамында 160 ел бар, ол ұйымға Қазақстан Республикасы да кіреді. Ұйым құрамында 200-ден аса комитет бар. Штаб - пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. ИСО-ның жоғарғы басшылық органы
Бас ассамблея үш жылда бір рет өтеді. Тікелей басшылықты ИСО Кеңесі жүргізеді. Негізгі координациялық жұмысты жеті: СТАКО - стандарттаудың ғылыми қағидаларын зерттеуші коми - тет, ПЛАКО - техникалық бюро, КАСКО - сәйкестікті бақылау комитеті, ИНФКО - ғылыми-техникалық ақпараттар туралы ко - митет, ДЕВКО - дамушы елдерге көмек көрсету жөніндегі коми - тет, КОПОЛКО - тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау туралы комитет, РЕМКО - стандартты үлгілер туралы комитет атқарады. Техникалық комитет-тер (ТК), шағын комитеттер (ПК) жэне техникалық консультативті топтар (ТКТ) бар, сурет 2.1.
Халықаралық стандарттарды жасау бойынша тікелей жұмыстарды жүмысшы топтарды бөле алатын техникалық комитеттер мен комитет бөлімдері жүргізуде. 1996 жылдың деректері бо - йынша ИСО шеңберіндегі стандарттарды 2832 жұмысшы тобы жасайды. ИСО-ның негізгі тілдері ағылшын, француз және орыс тілі. ИСО 12000-нан астам стандарт дайындап шығарды, қазіргі зааңда жыл сайын 1000-1100 аралығында стандарттарды дайындайды және қайта қарап шығады. ИСО 500-ден астам халықаралық ұйымдармен іскерлікті қатар жүргізеді, оның ішінде БҰҰ-ның мамандандырылған барлық агенттіктері де бар.
Сурет 2.1

Ең тығыз байланыстар Стандарттау бойынша Еуропалық комитетпен (СЕН) жүргізіледі. ИСО-ның басқа ірі серіктестіктерінің бірі -Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК). Жалпы алғанда бұл 3 ұйым халықаралық деңгейдегі стандарттау бойынша барлық қызметтерді қамтиды. Сонғы кездері елдердің интеграциясына байланысты ИСО қызметінің мәні мен аясы көлемді түрде кеңейуде.
ИСО стандарттары міндетті стандарттарға жатпайды. Кез келген мемлекет оларды қолдануға немесе қолданбауға құқығы бар. Қазақстанда ИСО стандарттарының жартысына жуығы қолданылады. Тек стандарттардың 20 пайызы арнайы өнімдерге талаптарды қамтиды. Стандарттардың негізгі бөлігі қауіпсіздіктің, өзара ауыстырымдылыктың, техникалық сыйымдылықтың, өнімді сынау әдістерінің сұрақтарына және жалпы әдістемелік сұрақтарға қатысты.
Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) 1904 жылы құрылған және стандарттау бойынша бірінші салалық халықаралық ұйым болып саналады. Ол электротехника, радиобайланыс, құрал жасау, электроника саласындағы стандарттаумен айналысады. Барлық қатысушы елдердің ұлттық комитеттері Кеңесті құрайды. Ол жұмыстың жаңа бағыттарын дамытуды ай-қындайды, әдістемелік құжаттарды дайындайды, басқа ұйымдармен қатынас жасау сұрақтарын шешуге қатысады, Кеңестің тапсырмаларын орындайды. МЭК стандарттарын: сала аралық сипаттарды қамтитын жалпы техникалық және нақты өнімнің талаптарын қамтитын техникалық деп 2 түрге бөлуге болады. Жыл сайын МЭК халықаралық стандарттау бойынша 500-ден астам тақырыптарды қарастырады. Бұл стандарттар ИСО стандарттарына қарағанда, нақтырақ болып келеді.
МЭК құрамында құралдардан болатын радиокедергілерді өлшеу әдістерінің стандарттауымен айналысатын радиокедергі бойынша арнайы халықаралық комитет (СИСПР) бар.
МЭК ИСО-мен бірігіп стандарттау, сертификаттау, сынау зертханаларының аккредиттелінуі мен әдістемелік сұрақтар бойын - ша ИСО ҮМЭК директиваларын және ИСОҮМЭК жетекшілігін дайындайды.
БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) стандарттау саласында өзінің басты тапсырмасы етіп билік деңгейінде саясаттың бағыттарын дайындауды және осы аумақта негізгі мәселелерді анықтауды қояды. БҰҰ ЕЭК әлемнің барлық елдерінде ұлттық стандарттаудың проблемаларын шешуде ИСО және МЭК ұйымдарымен бірлесе жұмыс істейді.
Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес (МГС) тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу мен орнату бойынша ТМД-ның мемлекетаралық органы болып табылады.
МГС 1992 жылы 13 наурызда Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізуге сәйкес құрылған, ол стандарттау, метрология және сертификаттау сала - сында жұмыстарды реттейді, мемлекетаралық стандарттаудың, метрологияның, сертификаттаудың және көрсетілген қызмет салаларында аккредиттеудің негізгі бағыттарын анықтайды.
МГС мемлекетаралық стандарттарды қабылдайды. МГС-тің жоғарғы органы МГС мүшелерінің отырысы болып табылады, бұл отырыс жылына екі рет келісімге кіретін елдерде кезекпен өткізіліп отырады. Отырыстар арасында Кеңес жұмысының жетекшілігін Басшылық жүзеге асырады. МГС басшылығының функцияларын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі ұлттық органдардың жетекшілері кезекпен атқарады.
МГС-тің жұмысшы органы стандарттар бойынша Бюро бо - лып табылады, топ құрамына аймақтық ақпараттық орталықтың сарапшылары кіреді.
Кеңестің құрамында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық стандарттар
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Кең көлемді халықаралық стандарттау
Стандарттау жүйесі
Халықаралық стандарттау ұйымы
ИСО халықаралық стандарттары
Стандарттау жөніндегі органдар
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Халықаралық стандарттау және сертификаттау
Пәндер