Стандарттаудың экономикалық аспектері


4 СТАНДАРТТАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТЕРІ
Шаруашылық субъектілерінің арасындағы қатынас экономикалық, өндірістік және ұйымдастырушылық факторларының әсерімен құрьшады. Техникада экономикалық факторлардың рөлі зор.
Экономика ғылым ретінде экономиканың дамуының функционалдық аспектілерін (баға құру, маркетинг, басқару, т. б. ) зерттейтін ғылыми пәндердің жүйесін және оның салалық (өнеркәсіп, көлік, сауда, білім, т. б. ) ерекшеліктерін қамтиды.
Заманауи экономика келесі негіз қалаушы үғымдарды қолданады.
Қажеттілік - қанағаттандыруды талап ететін және тіршілікті сақтауға, организм мен жеке тұлғаның дамуына керек объективті қажеттілік. Ол сұраныс пен ұсынысты тудырады. Осыдан тұтынушы және өндіруші туындайды.
Тұтынушы - өнімді, көрсетілетін қызметті алушы, пайдаланушы нарық субъектісі.
Өндіруші - өнім немесе көрсетілетін қызметті таратуға шығаратын нарық субъектісі. Таңдау жасау мүмкіндігі нарық және бағамен ассоцияцияланады. Нарықты шаруашылық субъектілерінің арасындағы, серіктесті еркін таңдау және бәсекелестіктің болуымен ерекшеленетін шаруашылық қатынастардың түрі ретінде қарастырады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің нарықты реттеуі оның экономикалық функциясы арқылы жүргізіледі. Реттеу өнім өндірушілердің еркін бәсекелестігін қамтамасыз етуі, мемлекеттің әлеуметтік экономикалық бағдарламаларды жеткілікті түрде жүргізуі, тұрмысы нашар отбасыларын, ауруларды, балаларды, т. б. қолдауы өндірістің өңдеу саласын, инновациялық ғылыми технологияларды дамытуды жолға қояды бірақ абсолютті еркін нарық болмайды, соған қарамастан мемлекеттің араласуы минималды болуы керек.
Іс-әрекеттің кез келген түрі еңбекті бөлуге байланысты. Еңбекті қоғамдық болу бар. Еңбек нәтижелерін бірыңғай объектire жинау тиімді стандарттау бар жерде, стандартталған база негізінде біріктіру мүмкін болады. Стандарттаудың тиімділігі оның негізгі: экономикалық, әлеуметтік және коммуникативтік функ-циялары арқылы көрсетіледі.
Қазақстанда жұмыс жасайтын барлық стандарттарды 2 топқа бөлуге болады.
- Өнім сапасына қойылатын нақты талаптары бар және оны жақсарту мақсаты бар стандарттар.
- Бұйымдарды, агрегаттарды, технологиялық процестерді, терминдерді, өндірістің, басқарудың және қызмет көрсетудің қажеттілігі шамалы және негізделмеген, көптеген материалдық факторларды қысқартуға арналған стандарттар.
Экономика саласындағы стандарттау жұмыстары, экономикалық тиімділікті бағалауды жүргізу принциптерін тағайындай-тын стандарттар қатарын бекітуге мүмкіндік береді. Бұл құжаттармен стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін керек деректерді жинау, талдау және өңдеу әдістері, экономика-лық тиімділік әдістері, есептеу реті, т. б. тағайындалған.
Стандарттау өндіріс дамуының, сауданың, кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының, т. б. жетілуіне жақсы әсер етеді. Оның экономикалық қиындықтары экономиканың, ғылыми-техникалық прогрестің құрама бөліктері болып келеді. Бірақ, түрлі салалар мен қоғамдық өндіріс сфераларында стандарттау жүмыстарын жүргізу салдары бірдей әсер етпейді немесе қарама-қайшы ба-ғытталған болуы да мүмкін екендігін айта кету керек. Сонымен, қосымша шығындарға байланысты жеке стандарттарды енгізу өндірушіге пайда келтірмейді, бірақ тұтынушыға пайдалы. Немесе өндіруші өнімді унификаттауды кеңінен қолданып, өзінің шығынын айтарлықтай қысқартуына болады, бірақ бүл тұтынушының таңдау аймағын кемітеді.
Стандарттау салдарының күрделі және бірмәнді емес сипаты оның экономикалық тиімділігін есептеу әдісі мен принципіне едәуір әсер етеді. Әсіресе, бұл бүгінгі күні жаһандану процесінің күшейіп келе жатқан кезінде, халықаралық стандарттау мемлекеттердің экономикалық қатынастарын өсіруді, бірақ бір жағынан ұлттық өндірістің көптеген түрлерінің жойылуына мүмкіндік береді.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалаудың негізгі объективті шарты өндірушілердің де, тұтынушылардың да мүдделері мен түрлі факторлардың максималды санын есепке алу болатын жүйелік кешенді тәсіл.
Жалпы стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі ғылыми-техникалық жасалымдардың тиімділігін бағалау әдістері негізделген әдістемелік принциптерге сүйенеді. Стандарттаудың экономикалық тиімділігі:
- стандарттау жоспарларын экономикалық негіздеуде;
- стандарттарды жасау және бекіту мақсатқа сай екендігін негіздеуде;
- стандарттаудың өндіріс, сауда, салалық қызмет көрсету сферасы және нақты кәсіпорындар дамуының тиімділігіне әсерін бағалауда;
- стандарттаудың, унификаттаудың, типтеудің, агрегаттаудың оңтайлы нұсқаларын іздеу процесінде;
- өнім бағасын және стандарттарды жасау келісілген жағдайда есептеулер жүргізу үшін;
- стандарттау саласының қызметкерлерін материалдық тұрғыдан ынталандыру кезінде бағалануы қажет.
Қамтылуының тереңдігі мен кеңдігіне байланысты:
- стандарттың жұмыс істеу мерзімі ішінде әр жыл бойынша немесе осы өсімді шақырған негізгі және айналымдағы қаражаттарды салу стандарт өнімнің қызмет ету мерзімі салыстырмалы бағадағы үлттық кірістің өсіміне қатынысымен анықталатын мемлекеттегі стандарттаудың жалпы тиімділігі;
- стандарттау бойынша іс-шаралардың мүмкін болатын нұсқаларының ішінен ең жақсысын таңдауда және бір нұсқаның екіншісінің жанында артықшылығын сипаттайтын стандарттаудың есептелетін салыстырмалы тиімділігі;
- стандартталатын шешімдерді енгізу немесе техниканы пайдалану алдындағы барлық мерзім ішінде анықталатын стандарт-таудың жобалау тиімділігі;
- стандартталған өнім немесе қызметті шығару мен пайдалану нәтижесінде болатын стандарттаудың шын мәніндегі тиімділігі;
- стандарттардың жеке түрлерінің экономикалық жағымдылығын сипаттайтын стандарттаудың жеке тиімділігі немесе стандарт өнімді түрлі сферада жасау мен пайдаланудан болатын жеке жергілікті тиімділік ажыратылады.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістемелік амалының негізінде, стандарттаудың салдарынан болған жағдайлардың бәрін кешендік есепке алу жатыр. Стандарттау ғылыми-зерттеулер жүргізу, өнімді жасау, өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау, өнімді игеру және өндіріске қою, оны жасау және пайдалану процестеріне байланысты. Бұл жерде оның тиімділігін бағалау, критерийлерін таңдау, әрбір критерийдің мәнінің маңыздылығын анықтап алу қажет. Осы жағдайда квалиметрия әдістерін қолданған жөн.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігін бағалауға кешенді жақындау стандарттау жұмыстарының мақсатқа сай екендігін анықтайтын, техникалық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық факторлардың барлығын бірге және өзара байланыста талдауға және ескеруге мүмкіндік береді. Күтілген тиімділіктің барлық бағалары ықтималды болжау сипатта және абсолютті дәл бола алмайды. Стандартты жасау барысында пайда болатын толығырақ ақпараттардың келуінен есептеу сапасы тұрақты өсіп отырады, бұл жағдай ең жақсысын таңдап алуға мүмкіндік болғанға дейін, қарастырылып отырған шешімдер нүсқалары санын біртіндеп азайтуға әкеледі.
Стандарттаудан экономикалық тиімділік алу көздері өздерінің сипаттамалары бойынша әралуан, бірақ шамалы ескерулермен олардың барлығын:
- өнім сапасын жақсарту нәтижесінде қол жеткізетін үнемділік және ішкі және сыртқы нарықта өнім бәсекелестігін көтеру нәтижесінде табыстың өсуіне, өнімді сату нарығын және өндіріс түрлерін кеңейтуге;
- өнімді жеткілікті сапамен және минималды қор шығынымен шығаруға болатын мүмкін болатын шешімдер нүсқаларынан оңтайлысын таңдап алу нәтижесінде қол жеткізетін үнемділікке;
- сапаны басқару, экология, еңбек қауіпсіздігі және т. б. салалардағы ұйымдастыру шешімдерінің сапасын жетілдіру нәтижесінде болатын үнемділікке келтіруге болады.
Стандарттаудың экономикалық тиімділігі көрсеткіштері. Стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтауда өндіріс алдындағы, өндіріс және пайдалану кезеңдеріндегі тиімділікті қарастырады.
Тәжірибелік конструкторлық жүмыстар - (ТКЖ) саласындағы экономикалық тиімділікті анықтау әдістері. ТКЖ саласында стандарттау нәтижесіндегі үнемділікке негізінен стандартталған, 140 унификатталған бұйымдар мен тетіктерді жобалау, унификатталған технологиялық процестерді жасау қажеттілігі болмай қалатындығынан қол жетімді болады.
Стандарттауды енгізу нәтижесінде, жобалау кезеңінде экономикалық тиімділікке қол жеткізудің негізгі көздеріне:
- бұрынырақ орындалған жұмыс сызбаларын және басқада техникалық құжаттамаларды пайдалану мүмкіндігіне байланысты, сонымен қатар унификатталған және нормальданған техникалық құжаттарды қолдану, ТКЖ орындау көлемін, көп еңбек сіңіруді, бағасы және мерзімін азайту;
- жіктеуіштер және унификатталған құжаттамалар жүйесін қолданудан жұмысқа кеткен көп еңбекті азайту;
- сызбалар және басқа құжаттамалар көлемін азайту арқасында қосалқы материалдардың және көшірме жұмыстарының шығындарын үнемдеу, мұрағатты азайту, т. е. с;
- сызбалар және басқада құжаттамалардың тұрақтылығын жоғарылатуға, оларды қайта өңдеу мен рәсімдеуге кететін уақыт пен шығынды азайту;
- жаңа техникаға техникалық құжаттаманы келісу мен бекітуге кететін уақытты қысқарту;
- тәжірибелік өнімді сынау және есептеу әдістерін унификаттау жатады.
ТКЖ өндірісті техникалық тұрғыдан дайындаудың бірінші кезеңі
болғандыктан тікелей ғылыми-зерттеулерден кейін жүріп отырады.
ТКЖ жүргізу мақсаты - өнімнің тәжірибелік үлгісін (партиясын) жасау, сынау және конструкторлық құжаттар комплектісін құру. ТКЖ:
- техникалық тапсырманы жасау;
- эскиздік және техникалық жобалау және тәжірибелік үлгінің жұмыс сызбаларын қүру;
... жалғасы- тәжірибелік үлгіні жасау, сынау және жеткізу;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz