Сапа жүйесі мен менеджментінің дамуы



Сапа түсінігі жинақтық, оған әртүрлі анықтама беріледі. EOQ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) анықтамасы бойынша тұтынушы талаптарына өнімнің сәйкестік деңгейі. ИСО 9000:2000 стандартының анықтамасы бойынша «Сапа жүйесінегіздемелер жән терминология», сапа тұтынушы талаптарын орындайтын өзіндік мінездемелер жиынтығы деңгейі.
Әрбір өндірістің маңызды мақсаты сапалы өнімнің шығарылуы болып табылады. Уақыт өте келе бұл мақсаттың маңыздылығы күшейе береді. Ол ғылыми-техникалық прогресі, жаһандану құбылысы және мемлекеттер арасында өнідірістік күш пен сауда байланыстары жоғарылап жатқанымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде дүниежүзі өндірістік күштермен толы, өндірісі дамыған мемлекеттер өздерінің тауарлары үшін күресуде. Жоғарғы сапалы тауар және қолжетімді баға ұсынған жеңеді.

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
11 САПА ЖҮЙЕСІ МЕН МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ДАМУЫ

Сапа түсінігі жинақтық, оған әртүрлі анықтама беріледі. EOQ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) анықтамасы бойынша тұтынушы талаптарына өнімнің сәйкестік деңгейі. ИСО 9000:2000 стандартының анықтамасы бойынша Сапа жүйесі негіздемелер жән терминология, сапа тұтынушы талаптарын орындайтын өзіндік мінездемелер жиынтығы деңгейі.
Әрбір өндірістің маңызды мақсаты сапалы өнімнің шығарылуы болып табылады. Уақыт өте келе бұл мақсаттың маңыздылығы күшейе береді. Ол ғылыми-техникалық прогресі, жаһандану құбылысы және мемлекеттер арасында өнідірістік күш пен сауда байланыстары жоғарылап жатқанымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде дүниежүзі өндірістік күштермен толы, өндірісі дамыған мемлекеттер өздерінің тауарлары үшін күресуде. Жоғарғы сапа - лы тауар және қолжетімді баға ұсынған жеңеді.
Сапа - күрделі және көп критерийлі түсінік. Сапа критерийі функционалдық (тұтынушылық), эргономикалық, қолданушылық, эстетикалық және басқа да көрсеткіштер болуы мүмкін. Әртүрлі өнімдерде әрбір критерийдің мағынасы әртүрлі болады. Мысалы, электр лампасында маңызды критерий функционалды крите - рий - лампа жарық жануы керек, қолданушылық критерий - ұзақ жануы керек және энергияны аз жұмсау керек. Эстетикалық кри - терий аз рөл ойнайды. Ал хрусталды вазаны жасаған кезде эстетикалық критерий маңызды, ал функционалды критерий маңызы аз болады.
Сапаның сандық бағасы үшін квалиметрия әдісі қолданылады. Квалиметрияның негізі мақсаты өнімнің қажет сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын, оның оңтайлы мәндерін анықтау, сонымен қатар сапаның сандық бағалау әдісін өңдеу, уақытта сапа өзгеру санағы әдістемесін жасау.
Сапалы өнім алу үшін бірнеше талаптар жиынтығын орындау керектігі түсінікті. Алдымен объективті факторлар:
1. Ғылымның, техниканың және дизайнның соңғы талаптары - на сай келетін өнімнің қазіргі заманғы жұмыс жобасы;
Қазіргі заманғы материалдар мен ғылым мен техникасы жетістіктерін қолданатын өнім өндірудің қазіргі заманғы технологиясы;
Қазіргі заманғы жаңа технологиялық қондырғылар;
Қазіргі заманғы құрылғыларында қызмет көрсете алатын және алдыңғы қатарлы технологияны қолдана алатын мамандырылған жұмыс кадрлары.
Бұлар сапалы өнім алу үшін қажет объективті компоненттер. Бірақ олар сапалы бәсекеге қабілетті өнімді тұрақты және ұзақ алу үшін жеткіліксіз. Көп мәнге өндірістің субъективті факторлары ие. Олар: жұмысшылардың өз жұмыстарына қатынасы, мекеме басшыларының рөлі, жұмысшылар арасындағы қатынас және тағы басқа. Объективті және субъективті факторлар, олардың өзара қатынасы, бір-біріне әсері сапа қамтамасыз ету жүйесін құрайды.
Сапа жүйесін дамытуға әрдайым көп көңіл бөлінетін. Бұл сұрақпен көптеген мемлекеттердегі ғалымдар айналысқан.
Сапа менеджментінің (басқару) бірінші кезеңінде негізі Ф.У. - Тейлор жүйесі болды. Бұл ғылыми менеджменттің концепциясы, онда өндірістік үрдістің көп нұсқалығы мен бақылауға көп мән берілген. Жүйе сапаның жоғарғы және төменгі шек түсінігін, рұқсат өрістерін қосқан, бақылау құралдарын енгізіп, тәуелсіз тексеріс қажеттілігін, бракқа штраф жүйесін, жұмыс сапасын жоғарылатудың түрлі қалыптарын негіздеген. Тейлор жүйесі жалпы менеджмент пен сапа менеджментін байланыстырды. Бұл сапа жүйесі нақты өнімнің сапасын алу жүйесі.
Ары қарай 20-ғасырдың 20-80-жылдар арасында ұзақ уақытта жалпы менеджмент пен сапа менеджмент даму жолдары бөлініп кетті. Сапаның негізгі мәселесі мамандармен басқарудың инженерлі-техникалық мәселесі, қызмет ету деңгейін және өндіріс үрдістерін жоғарылату мақсатында өнімді басқару, яғни өндіріс технологиясын жақсарту және соңғы станоктар, қүралдармен қам-тамасыз ету, ал адам басқару менеджменті мәселесі үйымдастырушылық және әлеуметтік-психологиялық мінездемелі мәселе ретінде қарастырылды. 50-80-жылдары өнімнің сапасын қамтамасыз ету құрылымдары бақылау жүйесі деп аталды.
Сапа жүйесін қамтамасыз ету бұрынғы КСРО-да өнеркәсіптің басқарушы-бұйрықтық жүйесіне бағынатын, онда мекемелер мем - лекеттік жоспарлармен байланысты болатын, бағыну туралы, әркім өзі жауап беретін жұмысын атқаратын. Барлық мекемелер мемлекеттік тапсырыспен көп жылдарға қамтамасыз етілетін, ол өнімнің сапасын көтеруге жағдай жасалмайтын. Өнімнің сапасы өндірістік циклдан шығарда тексерілетін, яғни соңғы өнім техникалық нормалар мен стандарттарға тексерілетін (ОТК жүйесі және мемлекеттік тексерістер). Сапа қамтамасыз ету шаралары ақау табылған жағдайда қолданылатын, көбіне, бұл шаралар репрессивті мінез алатын.
Жүйе ескірген, жаңа өндірістік талаптарға жауап бермейді. Ескі жүйенің негізгі кемшіліктерін бағалауға жатқызуға болады:
Үлкен ревизорлық аппарат қажет. Ревизия кезінде қызметкерлердің көпшілігі алаңдайды, үлкен бюрократтық хат алмасу жүреді.
Кері байланыстың нашарлығы. Қызметкерлер әдетте, бұзушылықты болдырмау мәлелелеріне түсіністікпен қарайды. Бірақ ондайға қатысы болса, барлық жағдайды айту міндеті, нәтижесінде жазалану қаупінде және оны болдырмау мақсатында жабу. Жеке құрам амалсыз бұзушылық туралы мәліметтер айтады, егер олар жұмысшыға қарсы қойылатынын білсе.
Капитал салымдарының төменгі нәтижелігі. Басқарудың басты мақсаттарының бірі қаражат бөлу үшін приоритет анықтау және мақсатты шаралар жүргізу болып табылады. Минималды шығынмен максималды пайда табу үшін салым қайда салу керек? Басқарудың барлық деңгейінде толық және қажетті ақпараттың болмауы мұндай мүмкіндік бермейді.
Жетілдірілген сапа деңгейін сақтаудың қанағаттандырарлықтай емес тұрақтылығы, жұмысшылардың бұл деңгейдің ұзақ сақталуында аз қызығушылық нәтижесі.
Ақаудың пайда болу себептері мен оны болдырмау жолдарын толық түсінбеу, өйткені тексеріс тек технологиялық үрдістен шығар кезінде болады және бұндай тексерісте қай кезеңде дұрыс емес әрекет жасалғанын анықтау қиынға соғады.
Мекеменің қызметінің бөлінуі, тек өзінің жұмысын атқару және басқа бөлімдердің және мекеменің жұмысына араласпау.
Бұл жағдайлар дамыған нарықтық экономикасы бар басқа мемлекеттер тәжірибесінде де кездескен. Сапаны қамтамасыз етудің бүндай жүйесі қазіргі таңда да кейбір мекемелерде де кездеседі, бірақ оны ары карай қолдану алға бастырмайды.
1980 жылдан бастап, ғылыми-әдістемелік менеджмент құралын қолданатын сапа басқару жүйесі пайда болды. Жалпы менеджмент пен сапа менеджменті қайта біріге бастады. Бүл бірігу өнім сапасы туралы көзқарастың ұлғайып және оған әсер етуші факторлар мен ішкі өндірістік менеджменттің дамуына әкелді.
Сапа мақсаттарын шешу ұйымдастырушылық құрылымның пайда болуын талап етті. Бұл құрылымға барлық бөлімшелер, мекеменің әрбір жұмысшысы кірді. Бұл сапаның тоталды менедж - мент мекеменің әрбір жұмысшысы кірді. Бұл сапаның тоталды менедж - мент! (TQM) мен сапаның әмбебап менеджментін (UQM) тудырды. Сапаны басқарудың жалпы менеджментінен сапаның тотал - ды менеджментіне (TQM) көше бастады. Ескі менеджменттен TQM-нің айырмашылығы ескі менеджментте сапа концепциясы жұмысшыларды бақылайтын арнайы қызметтер, сапаны жетілдіру үшін арнайы шаралар, ал TQM-да сапа өнімнің алынбас бөлігі болып табылады. Оған жету өндіру үрдісіне кіргізілген, ол бір ретті шаралар емес, сапаны өніммен бірге жасайтын жүйелік әрекеттер.
Қазіргі кезде теориялық және практикалық құралдардың күшті жиынтығы жасалған, ол сапа негізінде менеджмент (MBQ) атауын алды. Ол өзіне:
сапаны қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар ИСО 9000 және 14000 серияларын;
жүздеген аккредиттелген сертификаттау органдарын косатын сапа жүйесін сертификаттаудың халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджментінің қалыптасуы мен дамуы
Сапа менеджментінің жүйелері
Сапаны басқарудың концепциясына талдау
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Сапа менеджментінің принциптері
Сапа менеджменті жүйесін құжаттау
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Өнім сапасын басқару бойынша ғылыми мәліметтерді қарастыру мен нақты кәсіпорынның сапа жүйесіне талдау жасау («Сауыр» ЖШС мысалында)
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
Стандарт- сапалыққа сенім
Пәндер