Сертиффикаттау. Сертификаттаудың даму тарихы


12 СЕРТИФФИКАТТАУ. СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Сертификаттау деген сөз латын тілінен аударғанда «бекіту, куәліктеу» (certificate- куәлік) дегенді білдіреді. Өнімнің сапалы, «дұрыс жасалынғандығына» көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сай екенін және оның сәйкестігі туралы ақиқатты айғақтарды қалай алуды білу керек. Осындай айғақтың баршаға танымал әдісі сәйкестік сертификаты. Бүгінгі күні сертификаттау деп, үшінші бір жақтың ұқсастырылған өнімнің, процесс немесе қызметтің нақты бір стандартқа, нормативті құжатқа сәйкестігін дәлелдейтін іс-әрекетін айтамыз. Өнім өндірушілер мен оларды тұтынушыларға тәуелсіз «үшінші жақтың» жүргізген сынақтарының нәтижелері ақиқатты деп саналады. Үшінші жақ деп өндірушіге (бірінші жақ), тұтынушыға (екінші жақ) тәуелсіз деп танылған тұлға немесе органды айтамыз.
Сонымен, сертификаттау - дегеніміз өнімнің, қызметтің, процестің белгіленген талаптарға сәйкестігін растап, жазбаша кепілдік беретін іс реті. ИСО/МЭК «сәйкестік» (Assurance of conformity -сәйкестігін дәлелдейді ) деген терминді ұсынып, нәтижесінде өнімнің (қызметтің, процестің) бекітілген талаптарға сәйкестігін растайтын өтінім берілетін іс реті екенін нүсқайды. Бұлар өнім өндірушінің сәйкестік туралы өтінімі (supplier's declaration -өндіруші өтінімі), өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша кепілдігі, өнімге қатысты ақпараттарда, каталогтарда, пайдалану туралы нұсқауларда жазуға болатын өтінім, этикетка, жапсырылған жазба қағаз және т. б. болады.
Әртүрлі факторларға қатысты сертификаттау процесін құрайтын ережелер, іс реттері, сынақтар және тағы да басқа іс-әрекеттер әрқилы болып келеді. Егерде сертификаттау жүйесі нақты бір өнімнің (процестің, қызметтің) сәйкестігін дәлелдейтін болса, онда ол біртектес өнімдерді сертификаттау жүйесі деп аталып, тәжірибеде тек қана осы өнімдерге қатысты стандарттарды, ережелерді және іс ретін пайдаланады. Осындай бірнеше біртектес өнімдердің сертификаттау жүйесі өздерінің органдарымен және құрылымдық құрамымен жалпы сертификаттау жүйесіне кіруіне болады. Белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәрежесін жүйелік түрде тексеруді сәйкестікті бағалау (conformity assessment) деп атаймыз. Өнімнің нақты бір көрсеткіштерін өлшеу арқылы анықтап, сәйкестігін бағалауды тексеру (inspection) деп айтамыз. Сертификаттау стандарттарға сүйенеді және оның негізінде сертификаттау нормалары бойынша сынақ жүргізу жатыр. Өнімнің, қызметтің сапасын жоғарылату, олардың тұтынушыға қауіп төндірмеуін қамтамасыз ету объективті қажеттілік болып табылады. Бүгінгі күні, нарықтық қатынас шартында сертификаттау өнімнің нормативтік құжаттардағы талаптарға сәйкестігіне кепілдік беретін негізгі кұрал болып түр.
12. 1. Сертификаттаудың даму тарихы
Өнеркәсібі дамыған елдерде сертификаттау процестерін XX ғасырдың 20-30 жылдарында дамытыла бастаған.
1917 жылы Германиядағы ұлттық стандарттау жүйесінің құрылған уақыты
деп, жалпы машина жасау саласындағы нормальдардың Комитетінің құрылған уақытын айтамыз. Комитет атын екі рет өзгертті: 1926 жылы Германияның стандарттар комитеті және 1975 жылы Неміс стандарттау институты. 1920 жылы Неміс стандарттау институты (DIN) Германияда стандарттарға сәйкестігі жөніндегі белгі тағайындады (12. 1-сурет), бұл белгі газ құрылғылары мен кейбір өнімдерден басқа өнімдердің барлығына тарайды. DIN белгісі сауда белгісін қоргау жөніндегі заңға сәйкес тіркелген. Фирмалар (кәсіпорындар) немесе басқа да мүдделі заңды тұлғалар, мамандар, ғалымдар DIN мүшелері бола алады. 1991 жылдан елде сапасыз өнімді өндіргендердің жауапкершілігі туралы заң күшіне енген, ол заң ЕО мүше- мемлекеттер заңдарымен үйлестірілген және ортақ на-рық қарамағындағы сертификаттау негізі болады. Заң кішкентай ойыншықтардан бастап үлкен қүрылғыларға дейін қамтиды.
12. 1 -сурет
Германиядағы аккредиттеу жүмыстарымен, заңмен қамтылатын саладағы аккредиттеумен Неміс аккредиттеу кеңесі (DAR), айналысады. Заңмен қамтылмаған саладағы аккредиттеуді Басшы аккредиттеу қогамы (TGA) жүргізеді. Сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарын аккредиттеу 45000 сериялы еуропалық EN стандарттарына сәйкес жүргізілді.
Францияда 1938 жылы NF белгісінің (француздық стандарт) ұлттық сертификаттау жүйесі құрылды. Сертификаттауды жүргізу жауапгершілігі стандарттау бойынша Француз ассоцияциясына (AFNOR) жүктелді. NF белгісі өнімнің француз стандарттарының талаптарына толық жауап беретінін көрсетеді Жапонияның ұлттық стандарттау органы - өндіріс стандарттарының Жапон комитеті (JISC) 1949 жылы құрылған.
12. 2-сурет
Бұл Өндіріс пен сыртқы сауда министірлігі қарамағындағы JISC жұмыстарын бекітетін, Ғылым мен техника басқармасына бағынатын, кеңес беруші орган. JISC жұмыстары мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Жапонияда сертификаттаудың үш пішімі жұмыс жасайды: заңнамалық сәйкестікті растайтын, міндетті сертификаттау; үкімет өкілдендірген орган жүргізетін, ұлттық JISC стандарттарына сәйкестігін растайтын ерікті сертификаттау; жеке сертификаттау органдары жүргізетін ерікті сертификаттау.
¥лыбританияда Германиядағы секілді сертификаттау өндірістің көптеген саласын және тауар түрлерін қамти бастады. Бүл жерде бірнеше ұлттық сертификаттау жүйелері жұмыс жасайды, соның ішінде ең үлкені Британдық стандарттар институты. 1901 жылы инженер-механиктер, кеме жасаушы инженерлер, инженер-электриктер мен инженер-металлургтер қоғамдарының бастауымен Британдық стандарттар институты (В SI) құрылды. Британдық стандарттар сәйкестік белгісі «қағаз жылан» деп аталады (12. 2 - сурет) және тіркелген тауар белгісі болып саналады. Ұлыбританияда сертификаттау көбіне ерікті, тек стандарттарды қолдану міндетті деген салаларда ғана міндетті болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz