Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары



Физиология – мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.
Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті - өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ӨСУ МЕН ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ
Жоспар:
1. Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері,
басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері.
2. Адам организмінің жалпы сызбанұсқасы.
3. Өсу мен даму заңдылықтары.
4. Жас кезеңдері.
 
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері,
басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
Физиология – мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері
туралы ғылым.
           Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы
ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен
даму заңдылықтарын зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және
нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе
жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті -
өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін
жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын
ала жасау.
         Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы
психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен
оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар
физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың
әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
            Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты
физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық
физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының
теориялық түп негізін құрайды.
            Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми
зерттеу әдістерін қолданады:
1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;
2)  табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты
зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда
қолданады.
3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды
өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның 
сан мен сапалық сипатын анықтайды.
Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:
-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;
-эргометрия;
-есепті шығару әдісі;
-телеметрия;
-антропометрия.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы
түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай
тудыруды көздейді.
 
Адам организмінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы.
Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша
біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе
элементі болып жасуша табылады. Шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі
ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалардың негізгі түрлері:
жабын, дәнекер, сүйек, бұлшықет және жүйке. Ұлпалар мүшелерді, мүшелер
мүшелер жүйесін құрайды.
Жасушадан басталып, мүшелер жүйесінен аяқталатын ағзаның барлық
құрылымдарының қызметі келісіп жұмыс істеп бір тұтастық принципіне
бағынады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған
кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі
ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады.
Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады.
Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын
сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады.
Осы тұрақтылықты сақтау үшін ағзада өзін-өзі реттеу процесі үздіксіз
жүріп жатады.
Өзін-өзі реттеудің 2 түрі бар:
1)гуморальдық реттелу;
2) жүйке арқылы реттелу.
 
Өсу мен даму заңдылықтары
Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.
Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына
байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.
Организмнің негізгі 3 дене ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсу даму антропометриясы жайлы
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
Өсу даму антропометриясы
Балалар мен жас жасөспірімдер өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Өсу мен даму антропометриясы
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Пәндер