Бөгенбай батыр (1690 - i778)



Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан...
Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бөгенбай батыр
(1690 - I778)

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық
жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі –
Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім
болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі
қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі
қашан...

Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты
батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен.
Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі
етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет
қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы сарбаздан тұратын әскерін
басқарыпты. Үмбетей жыраудың: Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай деуі
де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.

Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап,
есте сақтап келуі – оның ерлік, әскер басылық қазақ ауылдарына шабуылдап,
мазасын алып, әбден титықтатып біткен казак-орыстармен шайқастан басталады.
Жиырма сегіз жасында 30 мың қолды бастап барып, казак-орыстардыдүркіретіп
қуып, Еділден әрі асырып салады. Осы кезден батап, қашан қазақ жері
жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай,
Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың аты шулы батырларымен тізе қосып, ел
тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға енеді. Осы шайқастардағы көрсеткен
ерлігі, жағдайды дұрыс бағалап, тез шешім қабылдап, шабуылды шебер
ұйымдастыра білуі – оның даңқын асқақтата көтереді. Шығыс Түркістанға
келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында Бөгенбай батырдың
жауынгерлері қытай әскерлеріне ойсырата соққы беріп, оларды Үрімжіден асыра
қуады.

Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорығының бірі – Аягөз өзені бойында
болған. Қазақ қолына төтеп бере алмаған жоңғарлар да жеңілгенін мойындап,
келісімге келуге мәжбүр болған. Осы арада батыр жоңғарлардан ақ аманатын
алып, олардан бұдан бұлай жауласпауға ант алады.

Бөгенбай белгілі бітімші мәмілегер де болған. Ол Абылай ханның Қытайға
жіберген елшілігін басқарып барып, екі елдің арасында бейбіт қарым-
қатынастың орнауына үлкен үлес қосады.

Бөгенбай батыр Қанжығалы қарт Бөгенбай атанып дәуірлеп тұрған
шағында өз ажалынан дүние салып, сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет
Яссауи күмбезіне жерленеді.

Көзсіз батырлығы мен ғажайып қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай
үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. XVIII
ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда Бөгенбай батыр қамал
бұзар қайратымен көзге түсті. Олжабай, Қабанбай, Малайсары секілді
дарабоздармен қоян-қолтық Көксерке атын борбайлап, қазақ халқының
тәуелсіздігі жолындағы талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың
қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда
көрсеткен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі
өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.

1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын
басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсон қалмақ әскері
Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.

1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш
рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол
қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды.

XVIII ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдары Бөгенбай батыр, көрші
елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне етене араласқан. Оның Кіші жүз
елімен жиірек қатысуында да бір мән бар.

Біріншіден, орыс әкімшілігі арқылы қалмақ-башқұрт елдерінде тұтқында
жүрген сарбаздарын қайтарып алу мәселесі болса, екіншіден, Ресей патшасымен
одақ құрудың келешегі қалай болар екенін бағдарлау. Бұл тұста қазақ елінде
іргелі хан ретінде Әбілқайыр ғана белгілі еді. Оның орыс әкімшілігімен
жүргізіп жүрген келіссөздері бірде нәтижелі, бірде аяқсыз қалып келе
жатқанын Бөгенбай батыр секілді қолбасшылар бақылап отырды. Бұл кездің тағы
бір ерекшелігі – ел ішінен жиналған саңлақ сарбаздарды халық арасында
абырой-беделі бар батырлар басқарды. Қолбасы батырлар халықтың ұлы жиын,
үлкен кеңесінде жалпы бұқараның ұсынысымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр
Бөгенбай батыр
Қазақтың билерімен батырлары
БӨГЕНБАЙ БАТЫР (1690 - 1775)
Қазақ батырлары таихы
Есіркеп сұлтан
Қазақ батырлары туралы
XVIII ғасырдың басындағы қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылуының алғышарты
Ақшаұлы Бөгенбай
Алаштың алдаспаны
Пәндер