Есімдік туралы
Сөздерді топтастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш принципіне сай, қазақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып табылады.
Есімдік – заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі.

Есімдік
Сөздерді топтастырудың белгілі жүйеге түсіп қалыптасқан негізгі үш
принципіне сай, қазақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалық
сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне
байланысты жеке бір дербес сөз табы болып табылады.
Есімдік – заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей,
олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі.
А. Ысқақов
Есімдік - лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері
және синнтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз тым
табы. Есімдіктер мағынасы тым жалпы сөздер.
Қазақ грамматикасы
Есімдіктер – сөз таптарының бірі. Белгілі бір заттың атын, санын,
сынын атап көрсетпегендіктен, осы сөз табына енетін сөздердің нақтылы
мағыналары, көбінесе, контексте, яғни өздерінен бұрын не соң айтылатын
сөздермен байланысты айқындалады.
Ә. Төлеуов
Лексика-семантикалық сипаты
Есімдіктерді дербес сөз табы деп тануда негізінен лексика-
семантикалық принцип басшылыққа алынады. Өйткені есімдіктердің
мағыналары өзге сөз таптарының мағыналарына көптеген өзгешелік
ерекшеліктерімен оқшауланып, айрықша көзге түсіп тұратын сөз мағыналары
болып келеді. Бірақ есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі
принципі олардың лексика-семантикалық белгісі дегенде, есімдіктердің
өзіндік кейбір грамматикалық ерекшеліктерін сырт қалдыруға болмайды.
Есімдіктер мағынасы жағынан тым жалпы сөздер.
Есімдіктер сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда немесе сөйлем
ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан
бөлек алынғанда, мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте
жалпылама қалыпта кездесіп отырады. М.: мен, сен, ол, кім?не?өзі, бәрі,
біреу, ештеңе.
Өзіндік белгісі – олардың әрқашан субъектімен байланысты болуы.
Есімдік сөздер әрқашан сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің
субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары мен қасиетіне
қатынасын көрсетуші сөздер болып табылады. Бұл қатынастар тікелей
нұсқау, аралық қатынас, белгісіздік т.б.болып табылады.
Морфологиялық ерекшеліктері
Есімдіктердің заттық және заттық белгісі деген ұғымдарды жалпылама
болса да, бойына сақтау қасиетіне байланысты, есімдіктер атауыш сөздер
қатарына жатқызылады. Есімдіктер түгел алғашқы жалпы сөздер болып
табылады да, ол атаулық қасиет ішінара күрделі екі жікке бөлінеді. М.:
мен, сен жіктеу есімдіктерінен бұл, сол сілтеу есімдіктерін,
кім?не?қай?сұрау е сімдіктерін алайық.
Егер осы есімдіктердің негізгі атаулық мағыналарын таптастырып
қарайтын болсақ, заттық ұғымдағы сөздер және заттың белгісі ұғымындағы
сөздер болып іштей күрделі екі жікке бөлінеді.
Мен, сен, кім?не?заттық ұғымдағы сөздер заттық атаулар, бұл, сол,
қай?заттық белгісі ұғымындағы сөздер – белгі атаулары болып шығады.
Мағыналық жіктер тарапынан заттық ұғымдағы сөздер – субстантивтік
есімдіктер, заттың белгілі ұғымындағы сөздер – атрибутивтік есімдіктер
деген екі салаға бөлінеді. Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін
сөздердің тобына қосылады.
Есімдіктерді өзге сөз таптарынан бөліп, жеке даралап тұратын
морфологиялық ерекше белгісі – есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең
ортақ заңдылық деп қарауға болатын белгілі бір формалар немесе өзгеру
тәсілдерінің жоқтығы.
Ерекшелігі: - Есімдіктердің көптелу және септелу жүйелерінде.
Көптік мағынаны білдіруші з морфемасы(біз, сіз) және жіктеу, сілтеу
есімдіктерінің септелу жүйесінде түсіп қалатын барыс септігінде пайда
болатын н дыбысы жатады. Бірен-саран қосымшалар арқылы жасалған кейбір
көне сөздер жасалмайды(Қазақ акдемиялық грамматикасы).
Бір есімдігі бір сан есімінен пайда болған. Біреу сөзі бір және
–еу қосымшасынан құралған.
Әр есімдігі һәр деген парсы сөзінен пайда болған.
Әлде есімдігі араб тілінде іллә сөзінің алғы і дыбысының ә
дыбысына және екінші дыбысының д дыбысына алмасып қолданылуы негізінде
пайда болған.
Пәлен есімдігі араб тілінен енген.
Бірдеңе(немесе бір-деңе), бір-неше, кей-бір, кейбіреу –кей –біреу,
әлде-қай, әлдеқайда, әлде-қашан, әлде-қалай, әр-кім, әр-не, әр-қайсы.
1. Түрік тілдерінің лексикасында араб-парсы тілдерінің тікелей қарым-
қатынасының нәтижесінде ауысып келген сөздер жиі кездеседі. Осындай
сөздердің бірі – парсы тілінен ауысқан еш сөзі. Еш парсы тілінде
анықтау(определ.) есімдіктері қатарында аталады. Бірақ онда еш сөзінің
болымсыз мәнді есімдік екендігі арнайы түрде ескертіледі. М.: Н.
Берензин құрастырған Парсы тілінің грамматикасында анықтау
есімдіктері тобында аталған.
Бұдан, ең алдымен, еш сөзі парсы тілінің өзінде болымсыз мәнде
қолданылатын есімдік екенін көреміз. Осы болымсыз мәнді еш сөзі қазақ
тіліне ауысқанда да сол ежелгі болымсыз қалпын сақтап, тек ғана жеке
айтылу емес, соеымен бірге ешбір, ешқандай сияқты аттрибутивтік
болымсыз есімдіктің жасалуына себепкер болды.
2. Түк сөзі адамның, малдың т.б.тірі жәндіктердің тәніне, денесіне шығатын
өте нәзік уақ қылшықтар, жүндер дегенді білдіруші түк сөзінен пайда
болған. Түк - өзге түрік тілдерінде де осы мәнде қолданылатын сөз.
М.: қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ тілдеріндегі түк; тува тіліндегі
дук, татар тіліндегі төк т.б.
3. Дым сөзі не құрғақ деп айтуға, не су деп айтуға келмейтіндей болып,
белгілі бір заттың болар болмас қана сулану дәрежесіне түсудің атауы
дым (дымқыл) сөзінен пайда болды. Дым өзге түрік тілдерінде де осы
влага, сырость мәнінде қолданылады. М.: Башқыр, татар, қарақалпақ
тілдеріндегі дым; түркімен тіліндегі кем; ұйғыр тіліндегі нэм; қырғыз
тіліндегі ным-ым т.б.
Міне осы түк пен дым сөздері сөйлеу қажеттігіне сай қолданылу
ретіне қарай, өзіне тән реалдық мағыналарын осалдату негізінде есімдік
сөздер мағынасына ие болады. Былайша айтқанда, түк пен дым сөздері
өзінің негізгі лексикалық мағыналарынан айырылып, тиянақсыз жалпылық
мағынадағы ешнәрсе, ештеңе, дәнеңе сияқты болымсыз есімдіктер
дәрежесіне ауысып, солармен мәндес қалыпқа түскен.
4. Дәнеңе сөзі де және неңе тұлғаларынан құралған мұндай неңе сөзі туралы
сілтеу, сұрау есімдіктерінің тұсында айтылады. Ал де тұлғасының пайда
болуы туралы мынаны айтуға болар еді. Біріншіден, дә- тұлғасы туыстық
атаулар қатарында қолданылатын атадан-атаға ауысып, үрім-бұтақты қуалай
келе жатқан немене(не-мене) сөзіндегі не тұлғасымен ұштасуға болатын
сияқты. М.: ата қуып санағанда егер әкеден төмен қарай түсетін болсақ:
1) әке өзі болады да, 2) өз баласы өзіне бала болады, 3) баласының
баласы немере болады, 4) немеренің баласы шөбере болады, 5) шөберенің
баласы немене болады. Немене деген енді әкеге дәнеңе де емес, оның
жақындығы ткыстығы болмашы ғана жоқ есебінде. Әкеге түк те емес,
ешкім де емес деген сөз.
Демек, немене сөзіндегі не қосымшасын дәнеңе сөзіндегі де
қосымшасымен тектес, негіздес, соның бір варианты деуге болады.
Екіншіден, бұл де- тұлғасын, немене сөзіндегі не- тұлғасын еске ала
отырып, чуваш тіліндегі болымсыз есімдіктер тудырушы ни қосымшасымен
ұштастыруға болады. Чуваш тілінде болымсыз есімдіктер тек ни (частица)
арқылы ғана жасалады. М.: нимен – ни что, никам –никто, нименлә -
никакой, никамен – ничей т.б. Осындағы ни- қосымшасы түп негізінде
қазақ тіліндегі де, не қосымшаларымен тектес, бірақ әр тілдің өз
ерекшеліктеріне байланысты айтылу жүйелерінің өзгеше болып
келетіндігінен дыбыстық алмасуға(дн немесе нд, ие немесе еи)
ұшыраған тұлға болу керек.
Мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінен –мын, -мін, -сың, -сін сияқты
жіктік жалғаулары және –м, -ң, -ы сияқты тәуелдік жалғаулары; біз, сіз
жіктеу есімдіктерінен –мыз, -міз, -сыз, -сіз сияқты көптік сыпайылық
мәндегі жіктік жалғаулары және тәуелдік жалғаулары.
Есімдіктер – түгелдерлік туынды сөздер. Олардың қайсы бірі
біріккен сөздер болса, кейбірі қосымшалар арқылы жасалынған.
Есімдіктерді қалыптасу процесіне қарай ежелгі есімдіктер және бертінде
пайда болған есімдіктер деп күрделі екі топқа бөлінеді. А)–н, -м, -з
элементтері арқылы жасалған мен, сен, ол (онан), біз (бі - сі),
сіз(сі-сі), қай (қан), кім(кі-м) сияқты және –дә элементі арқылы
жасалған дәнеңе (дә-неңе дым-неңе) сияқты сөздер; Б) байырғы сілтеу
мәнді тұлғаларының бірігуі арқылы жасалынған бұл (б-ол), міне(мін-е),
мына(мын-а), әне(ән-е), ана(ан-а), осы(ош-бу); сол(-ош-ол),
қане(қан-е) сияқты көне тұлғалы сөздер жатады. Екінші топқа жататын
сөздер іштей екі саладан құралады.
1. Лексикалық тәсіл арқылы пайда болған сөздер. Бұған: а)өзге сөз
таптарынан ауысқан бар, бүкіл, бір, біреу, түк, дым сияқты есімдіктер;
ә)басқа тілдерден ауысқан күллі, таман, әлде, әр, еш сияқты сөздер
жатады.
2. Грамматикалық тәсіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz