Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері


Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.
- Есімше түрлері, мағынасы мен қызметі.
- Есімшенің түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі мен жіктелуі.
- Көсемше түрлері, мағынасы мен қызметі, жіктелуі.
- Тұйық етістік, түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі.
Әдебиетер:
- Маманов. ҚҚТ, 89-116-б.
- Ысқақов. ҚҚТ, 310-316-б.
- ҚТГ, 178-189-б.
- Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. А, 1985
- Исаев С. М. Из истории розвития послелогов дейін, шейін и аффиксов -ша/ше, -дай/дей в казахском языке. ҚТ мен әдебиеті. 1970. VII шығуы. 114-125-б.
Академиялық грамматикада: «Есімше - етістік пен сын есім арасындағы аралық категория», -деп көрсете отырып, мынадай анықтама берілген: «іс-әрекеттік мәнін заттың сапалық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма». (ҚТГ, 178)
Есімшенің етістіктен басқа түрлерінен айырмашылығы - оның атрибуттық, субъектілік мағынасына байланысты. Есімшелер есім тобындағы сөздермен мынадай ерекшеліктері арқылы жақындасып тұтасады:
- Есім сөздер сияқты тәуелденеді, көптеледі, септеледі.
- Есімше сөйлем құрамында анықтауыш, толықтауыш, бастауыш қызметін атқарады.
- Есімшелерді басқа етістік формаларынан ажыратудың бір критерийі - оның сын есім сияқты анықтауыш ретінде қолданылуы. Есімше, мәні жағынан заттың белгісін білдіреді. Бірақ есімше арқылы көрсетілген белгі мен сын есім арқылы көрсетілген белгі бір емес. Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін білдірсе, есімше оның іс-әрекетіне байланысты көшпелі, динамиканың белгісін білдіреді.
- Есімшелер, есімдер сияқты, болымсыздық мағынаны жоқ, емес сөздері арқылы да білдіре алады.
Есімшелерді етістікпен жақындастыратын белгілер.
- Етістік сияқты, іс-әрекет, жай-күйді білдіреді, яғни, заттың, нәрсенің динамикалық белгісін білдіреді, ал есімдер, статистикалық мәнді білдіреді.
- Есімше, етістік сияқты, шақтық мағынамен ерекшеленеді.
- Есімше жақтық мағына білдіреді.
Есімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағына білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категориясының (шақ) көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады.
Семантикалық жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да, тұлғалық жағынан да тіліміздегі басқа категориялардан өзіндік ерекшеліктері бар етістіктің ерекше түрі. Мысалы: (Біл ген ге маржан, Біл мес ке арзан. А) . Осындағы есімшелер қай шақта тұр? Бұдан нақты шақтық мәнді аңғару қиын. «Есімше есім сөз мәндеріңде қолданылғанда, категориялық сипаттан айрылып қалады да, етістік мәнінде қолданылғанда, етістіктің белгілі кетегориясын (шақ) жасауға негіз болады. Сондықтан да оны бір категорияның шеңберінде қарауға болмайды да, етістіктің ерекше түрі деп атаймыз» (Исаев, ҚҚТНГҰ. 139-140-б) .
Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Есімше етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, етіс, болымсыз етіс тұлғаларына мынадай жұрнақ қосу арқылы жасалады:
1) -қан, -кен, -ған, -ген арқылы өткен шақ есімше жасалады: бар+ған, кел+ген.
2) -ар, -ер, -р, с - болжалды келер шақ: барар.
3) -мақ, -мек - мақсатты келер шақ: бармақ.
4) -атын, -етін - өткен шақ.
Түрленуі .
- Көптік жалғау: -ған/-ген, -атын/-етін тұлғалық жалғау.
- Есімшенің барлық түрі тәуелденеді.
- Барлық түрі септеледі.
- Барлық түрі де тікелей жіктеледі.
- Сөйлемнің барлық мүшесі бола алады.
Көсемше түрлері, мағынасы мен қызметі.
Көсемшенің грамматикалық сипаты есімшеге ұқсас, яғни көсемшеде де екі түрлі мәнді білдіріп, екі жақты қызметте жұмсалады. «Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында (негізгі етістік болып), қимыл, іс-әрекеттің өзін емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде (бірі етістік, екіншісі - үстеу мәніңде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз».
Мысалы: Үйге сөйлей кіріпті. Кіріпті - деген көсемше формасы шақтық мағына білдіріп, жіктеліп келіп етістіктің грамматикалық категориясын (шақ) жасауға негіз болса, «сөйлей» дегенде ондай категориялық мән де, сипат та жоқ, тек -й тұлғасы арқылы ғана бұл сөзді етістіктің көсемше түрі дей аламыз, ал грамматикалық мағынасы да, сөйлемдегі қызметі де бұл жерде етістікке жат. Мысалы: Көре-көре көсем боласың (м) .
Көсемше етіс түрлеріне немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
1) а, е, й - осы шақ.
2) ып, іп, п - өткен шақ.
3) ғалы, гелі - келер шақ.
4) ғанша, генше - келгенше (барғанға дейін) .
5) -мастан, -пастан.
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі.
- Баяндауыш: Білікті бірді жығады. (м)
- Пысықтауыш: Олар әңгімені қызығып тыңдады. Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды.
-ғанша, (-генше) жұрнағы етістік негізіне жалғанып, контекске қарай, оған келер шақ мәнін жамайды. Бұл форма арқылы белгілі шекке дейін жүзеге асырылмақшы амал аталады және одан бұрын, әдетте, басқа бір амал жүзеге асады. Мысалы: Таз таранғанша, той тарқайды.
Тілімізде етістік негіздеріне - майынша, (- мейінше) жұрнағы жалғану арқылы да көсемшенің ерекше бір түрі жасалады. Бұл форма Орта ғасыр ескерткіштерінде -мадын, -мазын, -майын тұлғаларында кездеседі. «Тарихи жағынан күрделі: -ма, болымсыз етістігі мен Орхон жазбаларында кездесетін -йын -көсемшесі», - деп көрсетілген. М. Томанов (ҚТТГ, 227) . Соңғы мезгіл мәнін беретін -ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы - Алтын Орда жазбаларында ұшырасады екен. Бұл аффикстің дейін, шейін шылауымен синонимдес екенін ескерсек (келгенше - келгенге шейін, барғанша - барғанға дейін), профессор Исаевтың көрсеткеніндей, «дейін, шейін шылауымен -ша, -ше, аффикстерінің шығу төркіні жақындығы талас тудырмаса керек. Осы жұрнақ арқылы: алмайынша, жазбайынша, төзбейінше, бітпейінше тәрізді көсемшелер көп жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz