1836 – 38 ж. Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі



Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

І тарау. 1836 . 38 ж. Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.
1.1. Бөкей ордасындағы халық көтерілісің себептері.
1.2. Көтерілістің өрлеу кезеңі
1.3. Шаруалар көтерілісінің соңғы кезеңі

ІІ тарау. Көтерілістің жеңілу себептері
2.1. Ақбұлақ маңындағы шешуші шайқас және Исатайдың қаза табуы.
2.2. Махамбет Өтемісұлының қаза табуы.

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

V Сілтемелер тізімі.
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Бөкей ордасындағы озбырлыққа көнбеген кең даладағы қазақ шаруалары 1836 – 38 ж. Көтеріліске шықты. Шаруалар көтерілісін И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы елін, жерін қорғау мақсатында күреске шықты. Көтеріліс және мәселелеріне туындады. Бұл тарихи оқиға өте өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Көтерілістің шығу себептері мен барысы , қозғаушы күштер, жеңілу себептерін баяндау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Бөкей ордасындағы халық көтерілісінің себептерін ашу.
Көтерілістің өршу кезеңі
Шаруалар көтерілісінің соңғы кезеңіне тоқталу
Ақбұлақ маңындағы шешуші шайқасқа сипаттама беру.
Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Совет өкіметі тұсында ғана Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің тарихи ғылыми тұрғыдан тыңғылықты зерттеле бастады. Бұдан кейін , Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс туралы совет тарихшысы А.Ф. Рязанов өзінің Исатай Тайманов көтерілісі жайында бірсыпыра дұрыс баяндап, оны қазақ халқының ардагер ұлдарының бірі деп көрсетеді. Халқының қамын жеп, намысын ту етіп көтерген Исатай мен Махамбеттің ұрпаққа үлгі болар ерліктерін И. Кенжалиев «Исатай – Махамбет атты еңбегінде жазған сонымен қатар К. Сейдехановтың күрес» пен жеңіс мырылары атты еңбегі, Ж. Тілеповтың елім деп еңіреген.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспе,екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер, сілтемелер тізімінен тұрады.


Бөкей ордасында өзі құрылған алғашқы 25 жыл ішіндегі орын алған (1803—1892) бүкіл халықтық толқын — Жайық сыртындағы кең байтақ даланы қоныстанған, өз жамағайындарына сонау Нарын құмынан қайтып оралып, қосылуды көздеген халық талпынысынан туған еді.
Жәңгір хан көшпелі халық тұрмысына мүлдем сай келмейтін феодальдық меншік жүйесін орнықтырып, Ордадағы әлгі қазақы құрылысты қүйрете бастады. Рулық-патриархалдық қатынасты феодальдық құрылыспен алмастыру тек қана қазақтардың отырықшылық жағдайында жүзеге асуы мүмкін еді. Бірақ жердің қуаң әрі құнарсыз болуы — егін өсіруге жарамсыздығымен ол кездегі ауыл шаруашылығы техникасының болмауы себепті мүмкін болмады. Мал өсіру үшін аса қажетті көші-қон бостандығынан айрылып қалу қаупі, шаруаларға белгілі бір жерді бөліп беріп, басыбайлы жасау қаупі, бірінен-бірі туындап жатқан міндетті әскерге алу қаупі — осының бәрі қазақтарды өздерінің тұрмыстарын өзгертуге бағытталған шаралардың қандайына болса да аса сергек әрі шектен тыс күмәнмен қарауға мәжбүр етті.
Дамудың төменгі сатысында жүрген халық Ордадағы неғұрлым танымал әрі ықпалды адамдардың залымдық ниетпен таратқан әрқилы сыбыстарына жете түсінбегендіктен, көбісіне шын екен деп сеніп қалды. Мұның үстіне орыс үкіметінің халыққа әділетсіздікпен қарауы, олар жүргізген алдау саясаты мен сатқындық, бұқараның орыс тілі мен орыс заңын білмеуі — осының бәрі халықтың Ресейге деген сенімсіздігін барған сайын өршіте түсті. Әрбір мазасыз сыбысқа құлақ түріп, оны шын деп қабылдаған халық бұқарасы өздерінің тиісті шұғыл шарасын қолдана бастады. Әйтпесе, егер де оларға зорлық зомбылық көрсету, Еділдің ар жағына қоныстандыру, әскерге қызметке тарту, қала берді ауыр алым-салық салу қаупі төнсе, олар мұндай қорлықтан қайтіп құтылмақ?
Халық санасында бір ғана нәрсе тұрды: сібір топалаңы, оба мен холера шыққан жерден қалай қашатын болса, бұл секілді қауіп-қатер төнген жерден
Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Тайманұлы Исатай» И. Кенжалиев «Қазақстан» 1977 ж. Алматы 57 – 87 б.
2. «Исатай Тайманұлы» А.Ф. Разанов Алматы «Қазақтан» 1996 ж. 6 – 12 б.
3. «Күреспен жеңіс жырлары» К. Сейдеханов Алматы «Рауан» 1991 ж. 40 – 43 б.
4. «Қазақ совет энциклопедиясы» 1 том 530 – 531 ж.
5. «Қазақ СССР тарихы 3 том» Алматы 1982 ж.
6. «Қазақстан тарихы 3 том» Алматы 2002 ж. 337 – 343 б.
7. «Исатай- Махамбет» И. Кенжалиев Алматы «Қазақстан» 1991 ж. 88 – 104 б.
8. «Исатай – Махамбет» Ы. Шаренов жазушы баспасы Алматы 1976 ж. 11 – 12 б.
9. «Елім деп ерлер жыры» Ж. Тілепов «Білім» Алматы 1995 ж. 116 – 121 б.
10. «Ұлы тұраның ұлдары» А. Асқаров 116 – 118 б. «Нұрлы Әлем» 199-408 б.
11. «ІІ Қазақ әдебиеті» 1998 ж. 21 тамыз 212 – 13 б.
12. «Жұлдыз» 1996 ж. №4 21 – 63 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

І тарау. 1836 – 38 ж. Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.
1. Бөкей ордасындағы халық көтерілісің себептері.
2. Көтерілістің өрлеу кезеңі
3. Шаруалар көтерілісінің соңғы кезеңі
ІІ тарау. Көтерілістің жеңілу себептері
2.1. Ақбұлақ маңындағы шешуші шайқас және Исатайдың қаза табуы.
2.2. Махамбет Өтемісұлының қаза табуы.

ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
V Сілтемелер тізімі.

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Бөкей ордасындағы озбырлыққа көнбеген кең даладағы
қазақ шаруалары 1836 – 38 ж. Көтеріліске шықты. Шаруалар
көтерілісін И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы елін, жерін қорғау
мақсатында күреске шықты. Көтеріліс және мәселелеріне туындады.
Бұл тарихи оқиға өте өзекті мәселе.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Көтерілістің шығу себептері мен барысы , қозғаушы күштер, жеңілу
себептерін баяндау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Бөкей ордасындағы халық көтерілісінің себептерін ашу.
• Көтерілістің өршу кезеңі
• Шаруалар көтерілісінің соңғы кезеңіне тоқталу
• Ақбұлақ маңындағы шешуші шайқасқа сипаттама беру.
• Курстық жұмыстың тарихнамасы:
Совет өкіметі тұсында ғана Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар
көтерілісінің тарихи ғылыми тұрғыдан тыңғылықты зерттеле
бастады. Бұдан кейін , Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс туралы
совет тарихшысы А.Ф. Рязанов өзінің Исатай Тайманов көтерілісі
жайында бірсыпыра дұрыс баяндап, оны қазақ халқының ардагер
ұлдарының бірі деп көрсетеді. Халқының қамын жеп, намысын ту
етіп көтерген Исатай мен Махамбеттің ұрпаққа үлгі болар
ерліктерін И. Кенжалиев Исатай – Махамбет атты еңбегінде жазған
сонымен қатар К. Сейдехановтың күрес пен жеңіс мырылары атты
еңбегі, Ж. Тілеповтың елім деп еңіреген.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Кіріспе,екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер, сілтемелер
тізімінен тұрады.

Бөкей ордасында өзі құрылған алғашқы 25 жыл ішіндегі орын алған
(1803—1892) бүкіл халықтық толқын — Жайық сыртындағы кең байтақ даланы
қоныстанған, өз жамағайындарына сонау Нарын құмынан қайтып оралып, қосылуды
көздеген халық талпынысынан туған еді.
Жәңгір хан көшпелі халық тұрмысына мүлдем сай келмейтін феодальдық меншік
жүйесін орнықтырып, Ордадағы әлгі қазақы құрылысты қүйрете бастады. Рулық-
патриархалдық қатынасты феодальдық құрылыспен алмастыру тек қана
қазақтардың отырықшылық жағдайында жүзеге асуы мүмкін еді. Бірақ жердің
қуаң әрі құнарсыз болуы — егін өсіруге жарамсыздығымен ол кездегі ауыл
шаруашылығы техникасының болмауы себепті мүмкін болмады. Мал өсіру үшін аса
қажетті көші-қон бостандығынан айрылып қалу қаупі, шаруаларға белгілі бір
жерді бөліп беріп, басыбайлы жасау қаупі, бірінен-бірі туындап жатқан
міндетті әскерге алу қаупі — осының бәрі қазақтарды өздерінің тұрмыстарын
өзгертуге бағытталған шаралардың қандайына болса да аса сергек әрі шектен
тыс күмәнмен қарауға мәжбүр етті.
Дамудың төменгі сатысында жүрген халық Ордадағы неғұрлым танымал әрі
ықпалды адамдардың залымдық ниетпен таратқан әрқилы сыбыстарына жете
түсінбегендіктен, көбісіне шын екен деп сеніп қалды. Мұның үстіне орыс
үкіметінің халыққа әділетсіздікпен қарауы, олар жүргізген алдау саясаты мен
сатқындық, бұқараның орыс тілі мен орыс заңын білмеуі — осының бәрі
халықтың Ресейге деген сенімсіздігін барған сайын өршіте түсті. Әрбір
мазасыз сыбысқа құлақ түріп, оны шын деп қабылдаған халық бұқарасы
өздерінің тиісті шұғыл шарасын қолдана бастады. Әйтпесе, егер де оларға
зорлық зомбылық көрсету, Еділдің ар жағына қоныстандыру, әскерге қызметке
тарту, қала берді ауыр алым-салық салу қаупі төнсе, олар мұндай қорлықтан
қайтіп құтылмақ?
Халық санасында бір ғана нәрсе тұрды: сібір топалаңы, оба мен холера
шыққан жерден қалай қашатын болса, бұл секілді қауіп-қатер төнген жерден де
солай қашып құтылу басты мақсат болды.
Халық толқуының тарихында ең елеулі тұлға, сұлтан Қайыпқали Есімов
болды да, ол 1816, 1827 және 1829 жылдарда халықты Нарын құмынан Жайық
сыртына алып кетуге әрекет жасады. Буған дейін Қаратай сұлтан да қимылдап
көргенді, бірақ ақыр аяғында халықтың бұл талпынысын Исатай ғана іске асыра
алды.
Тек арада 10 жыл өткесін барып, халық наразылығының басына қара
халықтан шыққан көсемдер келген кезде ғана жаңа көтерілістің жалыны бұрқ
ете түсті де, Жәңгір хан әкімшілік аппаратының кеселі мен басқарушы
партиялардың (топтардың) бүкіл халыққа көрсеткен қиянаты мен қысымы
жарасының аузын ашты. Бұл адамдар не сұлтан тұқымдары, не ақсүйектер емес,
қарапайым халық ортасынан шыққан батыр, көсемдер болатын. Көтерілісші
халықпен таптық дәнекер арқылы біте қайнасқан олар күрестің басқа бір
неғұрлым батыл әдісін таңдап, тап жаулары мен қанаушыларды құртудың
революциялық жолына түсті. Осынау жол бастаушы көсемдер жігерлендірген.
Бөкей ордасының қазақтары өздерінің тоттанған қаруларын жақсы жаттыққан әрі
жақсы қаруланған орыс әскеріне шімірікпестен қарсы ұстап, қолдарында тек
қана садақ пен сойыл болғанына да қарамастан, соғысқа батыл кірісіп кетті.
Жаңадан пайда болған көсемдер халықты өздерінің ұлттық бостандығы
жолындағы күреске бастап шықты. Бұл —1836 жылы басталған даңқты батыр
Исатай Тайманұлы мен М. Өтемісұлының көтерілісі болатын! Ақсүйектер табы өз
ұрпақтары алдындағы айырықша хұқын пайдаланып қалуға әрі халық есебінен
баюға барынша тырысып бақты. Помещиктер үшін жеке-дара баюдың көзі, әрине
жер болатын, сол арқылы олар өз туыстарынан да жалға ақы алып отырды.
Мұндай жағдай осы кезге дейін жерге меншік дегенді білмей келген халықтың
сана-сезіміне ешқандай орныға қоймаған еді. Осылайша енді помещиктер мен
қарапайым халық арасында дау-жанжал, қақтығыс, тіпті барымта дегендер өріс
ала бастады. Бұл секілді қақтығыстарда, әрине, саяси және экономикалық
күшті топ ретіндегі помещиктер әрқашан жеңіп отырды, өйткені заң солардың
жағында болды. Халықтан түскен ұсыныс-шағымдарға олар үкіметке қарсы ашу-
ыза, бүлік ретінде қарады, ал бұқара халық өз мүдделерің қорғайтын
адамды ешқайдан іздеп таба алмады.
Міне, осы жағдай, негізінен Бөкей ордасындағы халық көтерілісінің
басты себептерінің бірі болды.
Ханның әрбір кеңесшісінің, оған жақын жүрген әрбір сұлтанның ежелгі
арманы — ханға қажетті алым-салықты жинаушы болу ғана еді, өйткені бұл
қызметтен түсетін пайда аз еместі. Бізге бұрыннан белгілі — хан халықтан
салықтың екі түрін өңдіріп отырды. Оның бірі: жалпы мемлекеттік салық —
зекет те, екіншісі: хан ордасын асырауға арналған — соғым.
Сондай старшындардың қатарында Ордадағы өрескел тәртіпке батыл қарсы
шыққан Исатай батыр болды. Оның жолын қуушылар елде аз еместі. Сондықтан ол
хан мен шенеуніктердің бүлдіргі қызметін батыл әшкерелеп, қатты сынаудан
ешқашан қорыққан жоқ.
Ақыр аяғында ол байтақ Орданы қамтыған орасан күрделі бүкілхалықтық
көтеріліске ұласты.

1.2. КӨТЕРІЛІСТІҢ ӨРЛЕУ КЕЗЕҢІ
Исатай 1836 жылдың жазында өз төңірегіне патша өкіметіне және үстем тапқа
наразы шаруаларды топтастыра береді. Байлар мен билерден зорлық көрген
шаруалар бір-бірлеп, тіпті тобымен кейде ауыл болып келіп, оған қосыла
бастайды. Қарауыл қожа мен Балқы, Төлеген Тыныштықов пен Шомбалдың, Қонажан
мен Мүсәпір, Айғана мен Қаракөбен сияқты озбыр билер және байлардың
қарауындағы шаруаларға қоса бүкіл Самар даласындағы ауылдардан, Жайық
бойынан көптеген адамдар келеді.
Исатай мен Мақамбет шаруалармен үнемі кеңес өткізеді. Бұл шындық.
Көтерілген шаруалар өз мүдделеріне қажет мәселелерді бірлесіп талқылап,
жер, су, жайылым, ат, көлік, адам тағдырын шешіп отырған. Ел аузында осы
күнге дейін айтылып жүрген бір жырда мынадай:
...Басында Мыңтөбенің кеңес болды, ...Хан ұлы ақша жинат дегеннен соң, Хан,
төре Нарындағы егес болды,—
деген жолдар бар.
Мұндағы Мыңтөбе Исатайдың қонысы. Көтерілісшілер сол жерге жиналып,
олардың жоғарғы органы кеңес, мәслихат болғанын көрсетеді. Сонымен
көтерілісшілердің күресі тоқталмайды.
1836 жылдың ноябрь, декабрь айларында да көтерілісшілердің қимылы
тоқтамады. Олардың жалпы саны 700—800 адам шамасында болады. Олар Қарауыл
қожа мен Балқының, т. б. бистаршина, қожа мен сұлтандарға шабуыл жасап, өз
теңдігін алуға тырысты. Ең алдымен Қарауыл қожаның сыбайластарына, оның
баласы Қөп-болсынның өзіне шабуылдады. Жәңгір хан 1836 жылғы 25 декабрьде
тағы губернаторга хат жазып, Исатай мен Мақамбеттің қимылын барынша сұрқия
етіп суреттеп, Қарауңл қожаның шағымына кеңіл бөлу қажеттігін айтады.
Көтерілістің барысында Исатай мен Мақамбет өз халдерінше әлеуметтік-
шаруашылық мәселелерді шешуге талпынады. Жерсіз, жайылымсыз ауылдар мен
шаруаларға жер тауып береді. Көліксіз жаяу шаруаларға бай мен билердің
жылқысын тартып алып береді. Сол сияқты киім, қару-жарақ, тамақ, жататын
орын жайын әзірлейді.
Сөйтіп, арпалыста 1836 жыл да өтті. Көтерілісшілер бір жағынан қарулы
күресте жүрсе, екіншіден патша тергеушілерінің тіміскісінде де болды.
Губернатордың айтуымен тергеушілер ауысып, басқалары келді, бірақ одан
істің мәні өзгермейді. Патша әкімшілігі өзінің жергілікті хан, сұлтандар,
старшиналар секілді қызметкерлерін тәртіпке шақырады. Тергеушілер бар
кінәны Исатайлықтарға жабуға күш салды. Мұны білген көтерілісшілер жауап
беруге келмеді, келсе де дұрыс жауабын бермеді.
1837 жылы көтерілістің жаңа кезеңі басталды. Егер де өткен 1836 жылы
кетеріліс негізінен Каспийдің солтүстігіне жайылып, тиіп-қашты
қақтығысулармен шектелсе, 1837 жылы көтеріліс көп жерді қамтыды. Сондай-ақ,
1836 жылы көтерілісшілер қатарында 700—1000 қарулы адам болса, ал 1837 жылы
олардың саны 3—5 есе артты. Енді кетерілісшілер үлкен күшпен және ашық —
Қарауыл қожа, Балқы, Шомбал, Мәкен, Бос сияқты билер мен ру басқарушы
сұлтандарға қарсы шығып, шабуылдап, ақырында ханның өзіне ұмтылды.
Сондықтан мұны 1837 жылғы көтерілістің екінші кезеңі, шарықтау шегі деп
айтуға болады.
1837 жылдың февраль айында көтерілісшілердің бір тобы Қарауыл қожаға
қарсы арнайы ұйымдастырғаннан ауылы қай жерде болғаны айтылмайды.
Содан соң Исатай, Мақамбет, Бекмұқамбет Өтемісұлдары және Үбі, Тінәлі — 60
кісі болып ханның сыбайласы Т. Тыныштықовқа барып, оның 60 жылқысын
айдан әкетіп, көтерілісшілер мен шаруаларға таратып береді.
Исатай көтерілісінің бір ерекшелігі — шаруалар бұған дейінгі рулық,
аталастық, ағайындық түсінікті жайына қалдырып, өздерінін, таптық мүддесін
ұстайды. Қөтерілісшілер құрамы Байұлы мен Жеті рудың, Әлім-ұлы тайпаларының
25 руының, Төлеңгіт пен Ноғай-қазақтардың езілген шаруаларынан тұрады.
Тіпті көтеріліс жеңіліп Исатай қуғынға түскен ауыр, азапты күндерде де
жоғарғы атылған шаруалардың көбі оны тастамай, бірге болып қорғап,
өздерінің рухани беріктігін, таптық мүддеге шын, ақырына дейін
берілгендігін ісімен, қимылымен дәлелдеп, көтеріліс пен Исатай үшін өмірін
құрбан етуге дейін барады. Сонымен көтерілісшілердің қатары көбейе
береді. 1837 жылдың апрель айында Байбақты руының бір биі Жүніс Жантелии
өзінің 200 адамымен Исатайға қосылып, Жасқұстан 60—70, шақырым Керіқатқыл
деген жерде ұзақ кеңес өткізді.
Бұл кезде көтеріліс басшылары тергеушіге баруды қойған және оған
ешкімді жібермейтін.
Исатай мен Мақамбет бастаған 260 адам 16 сентябрьде Қарауыл қожаның
ауылына таң сәріден тағы да шабуыл жасады. Айқас ұзаққа созылды.
Көтерілісшілердің қару-жарағы, күші аз болса да аяусыз, өршелене соғысты.
Санының аздығына қарамастан, көтерілісшілер батыл кірісіп, жау жағына есе
бермейді. Кульпинский мен Қокарев кордондарының аралығындағы Қарауыл қожа
ауылын жан-жақтан қоршап алып, еппен соғыса келе көтерілісшілер ауылдың
ішіне жарып кіріп, қожаның өз үйіне бет бұрады, Исатай бұл соғыста 50 шақты
қожа адамдарын қолға түсіріп, қожалар ауылының 550 жылқысын, 95 түйесін
алып, кедейлерге үлестіреді.
Қарауыл қожа бұл ұрыстан кейін тез арада кісі жинайды және қасындағы
Көкдос әскери кордонының қазақтарын алып, 300 адаммен Исатайлардың соңынан
өкшелей қуады. Рейім деген жерде көтерілісшілерді қуып жетіп, тағы да қанды
соғыс болады. Қарауыл қожа күші басым болса да тағы ойсырай жеңіліп қалып,
кері қашады. Бұл екі айқастан кейін сұлтаңдардың, би мен байлардың зәресі
кетіп, естері шығады. Олардың енді ұйымдасып қайрат көрсетуге батылы
бармайды. Ал бұл шайқастардың жеңісті нәтижесі Ішкі хандықтағы халыққа
түгел жайылып, шаруалар еңсесін көтере түседі де, қанаушыларға қарсы
күреске бұрынғыдан да жұмыла, біріге түседі. Сөйтіп, кетерілісшілердің
қатары көбейе берді.
Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар 15 октябрьде Балқы бидің
қонысы Теректіге тағы шабуыл жасап, оларды қуып шығады да, сол жерде
көтерілісшілер орталығына айналады. Исатай батыр енді көтерілісшілерді хан
ордасына қарай бағыттады. Өзі жолдастарымен Нарындағы ауылдарды, қоныстарды
аралап, Шомбал бидің ауылына барады. Батыр шаруаларды өз қосынына қосылуға
шақырып, Темірбек, Мәжит құмдарында болып, Жәңгір ханның Ордасы деп
аталатын Жасқұстың шилеуіне аттанды. Ротмистр Акутиннің өз тыңшыларының
мәліметіне сүйеніп, 13 октябрьдегі жазған мәлімдемесіндс: Исатай өз
адамдарын бәлімдерге бөліп, бүкіл Самар даласын кезіп жүр делінген. Батыр
кетерілісшілер қатарын күннен-күнге көбейтіп, енді 1500 адамнан астам
қарулы жігіттер құрайды. Сөйтіп, ол үкіметтен келетін күшке қарсы — күш
қоймақ болады.
Сол жылғы август— октябрь айларында Жәңгір Орынбор, Астрахань
губернаторларына жиі хат жазып, Мені қорғап қалуларыңды өтінемін,— деп
жалынады.
Губернатор Перовский Орал әскерінің дайын екенін біліп, үкімет
басшыларымен ақылдаса отырып, Исатайға қарсы екінші, үшінші және төртінші
Орал қазақ полктарын жинақтап, үлкен күш шығармақ болды. Оларды басқаруды
подполковиик Гекеге міндеттеді. Губернатор атаманға 18 октябрьде Геке
біріккен әскери күштердің командашасы болып тағайындалғанын хабарлап,
дайын әскерді соның қарамағына беруді бұйырды.
Көтеріліс басшылары екі жікке бөлінеді. Жеке өздері түсінісі алмағасын,
Мақамбет ақырында, атына міне шауып, қалың қолды 2—3 рет айпалып: Хан
бізді алдап отыр, тілегін бермейік,— деп айқай салады. Мәселе қалың
көтерілісшілердің талқысына түседі.
Көтерілісшілер Жасқұс төнірегіндегі озбыр билер мен байлардың ауылдарына
үздіксіз шабуыл жасауды тоқтатпайда.
Көтерілісшілерге қарсы бұл кезде жан-жақтан жазалаушы әскер келе
бастайды. Полковник Меркульев бастаған 400 қазақ Жайық лйниясынан тура
Жаманқұмға тартады да, бұларды естіп қаша кешкен Исатаймен, т. б.
көтерілісшілердің семьяларын қолға түсіреді. Бұл хабар жетісімен Жасқұстағы
көтерілісшілер арасы қожырай бастайды. Енді әйел, бала-шағаны қорғау қажет
болды. Бұл барлық шаруалар көтерілісінің осал жері. Исатай 5 ноябрьдегі
түнде Жасқұсты тастап, 300 кісімен Жаманқұмға кетеді.
Мұнан кейін көтерілісшілердің сейілген қатарын Исатай қайта біріктіріп,
құрамақ болады. Бірақ хандықтың әр жерінде өзінше әрекет етіп жүрген шағын
топтарды бір жерге жию қиынға түседі. Соғыс тактикасы мен техникасынан
хабары жоқ қазақтар жазалаушы отрядтармен күресу амалын білмейді, өзара
бірігу қажеттігін жете түсіне алмайды.
Исатай төңірегінде Махамбет, Тінәлі, Уса, Сарт, Қабыланбай, Төлеген,
Есенгелді семьялары мен Тәші, Үбі, Мәстек Ахметұлы сияқты шын берілген
кетеріліс жауынгерлері қалады. Олар жан-тәнімен өз басшыларын қорғауға күш
салады.
Бұл қиын жағдайды талқылап, әр жерде бытыраған тонтарын біріктіруге амал
табу үшіи көтеріліс басшылары 26 ноябрьде Қаныш моласы жанына жиналады.
Исатай бұл кезде Төменгі Орал линиясының қарауылының күшті екенін сезіп,
оған жақындамайды. Бұл жазалаушы отряд бастығы мен генерал Покотиловқа
Исатай линияға жоламас деген пікір туғызады. Жазалаушылар үскірік суықта
Исатайларды Самар даласынап іздейді.
Ал Исатай Жайық бойында отырып, қолайлы бір кезеңді күтеді. Исатай мен
Махамбет өздерінің аздаған сенімді жолдастарымен көптеген қиындықтарды
бастан өткізе отырып, ауыр азаппен, астыртын суыт жүріспен Баймағанбет және
Мұқаметқали Тәукин кісілеріне жеткізбей, адастырып кетеді.
Сонымен Исатай мен Мақамбет бастаған Ішкі тараптағы феодализмге қарсы
шаруалар көтерілісінің бірінші кезеңі жеңіліспен аяқталады.

1.3.Шаруалар көтерілісінің соңғы кезеңі.
Кіші жүздің шығыс жағына Исатаймен бірге елу шақты көтерілісшілер және өз
алдына жеке, топ-тобымен Жайық өзенінен, теңіздің көк мұзының үстімен
жүздеген адам етеді. Олардың көбі ішкі тарапқа көп қиындық көріп, толмас
қазаға ұшырап, қажып келсе де, В. И. Ленин айтқандай, олар жазалау мен
оқтан қорыққан жоқ. Теңдік, бостандық үшін, шаруалар біресе ана жерде,
біресе мына жерде көтеріліс жасады.
Қазақ шаруалары түгелдей дерлік сауатсыз, саяси күрестен хабары жоқ
әрі тәжірибесіз болды. Ең бастысы бұларға басшылық ететін жұмысшы табының
болмауы.
Міне, Исатай мен оның тобы араласқан кезеңде Кіші жүздегі нақты
жағдай осылай еді. Исатай тобы Ішкі тарапта жеңіліс тапса да, патшаға,
ханға, Баймағанбетке қарсы көтеріліске шақырған, сол мақсатқа, бет бұрған
жұртты жұмылдыра бастаған тәжірибелі тұлға еді. Исатайлар Жайықтан өтіп,
Кіші жүздің кең даласында топ-тобымен жеке-дара әрекет етіп жүрген
көтерілісшілердің басын біріктіруге, сөйтіп куш жинап алып,
патша мен хан әскеріне қарсы қайта күреске шығуға бел байлайды.
Исатайларды ұстай алмай, патша әкімшілігі әлек болады. Баймағанбет
бұл кезде жап-жаққа әскери команда, топ-топ би, сұлтандарын жіберіп
аласұрады. Ал көрген ел көтерілісшілерді ұстап бермек түгіл, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Әтемісұлы бастаған көтеріліс
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ (1791—1838 шілденің 12-сі)
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ (1791 -1838)
Исатай мен Махамбет басқарған көтеріліс
ИСАТАЙ ТАЙМАНОВ
Пәндер